«тарих» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет32/38
Дата23.10.2023
өлшемі3.11 Mb.
#481446
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38
Каналхан Е.Г. 2022 сонгы вариант (1)

Мешіттер. Сыр өңірінде ХVIII-XX ғасырларда тұрғызылған мешіттер 
мен медреселер көптеп кездеседі. Мешіт араб тілінен аударған сәжде немесе 
құлшылық ететін орын. Бұл мешіттерде араб, парсы тілдерінде хат танытқан. 
Кешегі кеңес үкіметі билігі тұсында бұл мешіттер қиратылған, казіргі таңда
архитектуралық ескерткіштер қатарына кіреді. Мешіттердің көбінесе ХІХ 
ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында саударгерлер мен көпестер, белгілі 
діни ғұлама ғалымдардың күшімен салынған мешіт орындары күні бүгінге 
дейін сақталған. Қазіргі таңда сәулет өнер ескерткіштері ретінде танылып 
мемлекеттік қорғау тізіміне алынған.  
Әзілхан ишан мешіті - Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би 
кентінде орналасқан.
Мешіттің ғимараты тікбұрышты күйдірілген кірпіштен тұрғызылған
бір қабатты, жоспары жағынан тікбұрышты. Ауқымды өлшемдері – 
17,33х12,14 м, биіктігі – 5,05 м, қабырғаларының қалыңдығы – 0,74 м. 
Ғимарат қапталды құрылысты және көлденең қабырғалармен үш секторға 
бөлінген.Пішіні ұзынша төртбұрышты, ұзындығы 20 метр, ені 13 метр, 
жалпы ауласы 110х88 шаршы аймақты алып жатыр. Мешіттің көлемі 
17,6х12,1 м, биіктігі 5,05 м. Қабырғасының қалыңдығы 0,74 м. Кіреберіс есігі 
солтүстік-батысқа қаратылған. Мешіттің ішкі құрылысы: намаз оқитын үлкен 
зал, кіре беріс дәліз, дәліздің сол жағы бала оқытатын бөлме, оң жағы тамақ 
дайындалатын бөлме, 4 пешпен жылытылады. Мешіттің кірпіші: бие сүтіне 
майдалап қиылған жылқының жалы мен ешкінің қылын қосып дайындаған 
[56].
Құрылыс анфилада құрылымды және көлденең қабырғалар арқылы үш 
бөлікке бөлінген: біріншісі кіреберіс дәлізден және оның екі жағында 
орналасқан қызметтік екі бөлмеден тұрады, ал қалған екеуінде – екі бөлікті 
намаз оқитын зал бар. Залдың бір бөлігі екіншісінен үш үлкен ойығы бар 
қабырғамен бөлінген. 
Кіреберіс ойығы бар қасбет солтүстік-батысқа, ал михрабы бар қасбет 
оңтүстік-батысқа бағытталған. Терезе ойықтары тек бүйірлік қасбеттерде 
ғана орналасқан. Ортаңғы үлкен терезеден және екі жұп кішірек терезеден 
тұратын олардың әрқайсысында симметриялық композиция құрылған. 
Қос терезе михрабқа жанасып залдың бөлігін және қызметтік 
бөлмелерді жарықтандырса, ал орталық терезе залдың екінші бөлігін 
жарықтандырады. Қос терезе ойықтары – тікбұрышты, жоғарғы бөлігі 
доғалданып келген, төменгі жағында терезе алды сәнді жақтауы бар. 
Орталық терезе ойықтары жарты циркульді аркамен көмкерілген, арканың 


81 
үсті кірпіштердің айшықты үш қатарымен, сондай-ақ жақтаулармен және 
терезе алды ернеулермен жиектелген. 
Ғимараттың бұрыштары, сонымен қатар орталық терезелер мен қос 
терезелердің арасындағы бөліктер жауырыншалармен безендірілген, іргесі 
шығыңқы. Төбесіне сәндік бағанашалардан қойылған «парапет» бар. 
Жабу құрылымына ағаш арқалықтар, жұқа тақтайшалар және саз 
балшық қолданылған. Мешіт іші толығымен сыланып, әктелген. 
Ескерткіштің архитектурасы «кірпіштік стилдің» көркемдік дәстүрін 
жалғастырған. Ол әсіресе, айшықты кірпіш қаландысының декорынан айқын 
аңғарылады. 
Қожа назар мешіті- Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде орналасқан.
Мешіт құрылысы. Құрылыс тікбұрышты күйдірілген кірпіштерден қаланған, 
жоспарындағы аумақтық өлшемдер 22,0х13,0 м, шатырының биіктігі 9 м, 
минареттің биіктігі 19,0 м. Ғимарат жоспарында тікбұрышты, бір қабатты, 
көлденең осі бойынша оңтүстік-батыстан-солтүстік шығысқа созылған, 
шатыры астында бөлмелері бар екі құламалы. Жоспарында тікбұрышты 
болып келген ғимарат екі көлденең қабырғамен үш бөлікке – кіреберіс және 
екі намаз оқитын залға бөлінген.Кіреберіс бөлік үш бөлмеден тұрады: 
орталық (дәліз) – үстіне ішінде баспалдағы бр минарет салынған және екі 
қосалқы бүйірлік бөлмесі бар. Орталық шаршы пішінді бөлме төрт жаққа 
шығатын есік ойықтары бар (далаға, намаз оқитын залға және бүйірлік 
бөлмелерге) «киоскі» түрінде шешімін тапқан.Бірінен кейін бірі орналасқан 
намаз оқитын екі зал үш аркалы ойықтары бар қабырғамен бөлінген, екі 
залдың да бүйірлік қабырғаларында екі екіден терезелер бар. «Түпкі» залдың 
оңтүстік-батыс қабырғасының ортасына жоспарында жарты шеңберлі апсид 
түріндегі михраб орналастырылған [56]. 
Мешіттің қасбеттері кірпіштің айшықты қаландылармен әсемделген, 
шығыңқы іргесі және күрделі-профилді ернеуі бар. Бұрыштары мен бүйірлік 
қабырғаларына рустовты жауырыншалар қолданылған. Кіреберіс бөлігі 
жарты шеңберлі пилястрлермен көмкерілсе, ал терезе ойықтарының жоғарғы 
бөліктері сандриктермен ерекшеленген. Шатырының үшкіл маңдайшалары 
мол безендірілген. 
Минарет үш бөлікті: негізгі діңінен кірпішті кронштейндермен 
бөлінген, діңнің жоғарғы бөлігінде намазға шақыратын тесіп өткен аркалы 
ойығы бар, төбесі күмбезшемен көмкерілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет