Тарих сабақтарында бала бойына азаматтылық пен патриотизм қалыптастыруы



Дата14.06.2016
өлшемі50 Kb.
#135976
Тарих сабақтарында бала бойына азаматтылық пен патриотизм қалыптастыруы

... Отанына, халқына, туған жеріне

деген сүйіспеншілігі болмаса,

қазақстандық патриотизмді шын

жүрегімен сезінбесе, онда темір қарудың ешқандай қауқары жоқ.

(Нұрсұлтан Назарбаев)


Отаншылдық – адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі. Көшпелі қазақ өркениетінде Отаншылдық ең қасиетті міндеттердің бірі саналды.

Төрт дыбыстан ғана тұратын «Отан» деген сөзді айтқан кезде қазақ тілін білетін кез-келген адам көз алдына өзінің атамекенін елестетеді.

Адамзаттың асылы да, ардақтысы да, қысылғанда тірек сүйенері де, қуанғанда сүйсінері де туған жері - өз Отаны. Ертеден ақындардың ел – жұртын, өзінің туып-өскен жерін жырға қосуы, батырлардың туған ел топырағында өлсем деп арман етуі тегін емес.

Бүгінгі күні жеке тұлғаны Қазақ­стан­дық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу барысында Қазақ­станның білім және ғылым қызметкер­лерінің ІІ съезінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: “Қазақстанның отан­шылдық сезімін тәрбиелеу білім беру­дің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орында­рына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің хал­қын сүюге тәрбиелеу – мұғалім­нің аса маңызды, аса жауап­ты да қадірменді парызы” – деген сөзіне үңілсек, онда Қазақстан мем­лекетінің егемен ел болып қалыпта­сып, дербес мемлекет болуы және өркен­деп гүлденуі ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады.

Оның басты құндылықтары – ана тілі, ұлттық рух, діни на­ным сенімдер­мен тығыз байла­ныс­ты. Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында “Білім беру жүйесінің міндеттері: …азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Респуб­ли­­касына сүйіспеншілікке, мем­лекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәр­биелеу” десе, ал орта білімді дамыту тұжырымдамасында “…тәрбиелік жұ­мыстарды қазақ­стандық патрио­тизм, азаматтық, ізгілікті интернационализм негі­зінде құру” – керек екендігі көрсетілген. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында “Білім беру жүйесінің міндеттері: …азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Респуб­ли­­касына сүйіспеншілікке, мем­лекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәр­биелеу” десе, ал орта білімді дамыту тұжырымдамасында “…тәрбиелік жұ­мыстарды қазақ­стандық патрио­тизм, азаматтық, ізгілікті интернационализм негі­зінде құру” – керек екендігі көрсетілген.


Бұл мақсатқа нағыз Мұғалімдердің қатысуымен ғана қол жеткізуге болады. Балаларды сүйетін және өзінің ісіне берілген Мұғалім ғана мейірбан адамның қалыптасуына баға жетпес көмек көрсетуге қабілетті.

Бүгінгі таңда үлкендерге балалардың ынтасы мен назарын өзіне аударуға қол жеткізу оңайға түспейді. Баланың рухани – адамгершілік тағылымына кері әсер етуші факторлар: соғыс ойыншықтары, жат қылықты жариялайтын фильмдер, бейнетаспалар және компьютерлік ойындар бар.Сондықтан мектептен тыс кездегі сабақтарды ұйымдастыруда мұғалім барынша тапқырлық танытқаны жөн.

Бұл жерде тарихи тұлғалардың ата-тегі, ортасы, сол кезеңдегі коғамдағы орны деректер негізінде айтылуы тиіс. Шежірені бала бойында рухани нәр қалыптастыратын күш деп қараған дұрыс.

Сонымен тарих-мәдени ескерткіштерге қатысты тақырыптарды өткенде мұғалім екі басты мәселені өз сабағына тірек еткені жөн.

1. Ауызша тарихнаманы яғни шежірелерді жүйелеп жеткізу және ескерткіштердің салыну мен тұрғызылу әдістерін көрнекіліктерді пайдаланып аша түсу;

2. Оқушыларды халықтың мәдениеті мен өнерін қадірлеуге үйрету, отансүйгіштік қасиетті өз бойларына тәрбиелеуге бастар бірден-бір жол болып саналады. Жас ұрпақты отансүйгіштікке және атамекенге деген жауапкершілік сезімге тәрбиелеу бүгінгі ұлттық негізде білім беру жүйесіндегі қоғамда маңызды орынды иеленіп отыр. Яғни, бұл тұрғыдан алғанда мектептің орны ерекше екенін айтқым келеді. «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады», - деген қағиданы берік ұстанған біздің мектеп жыл сайын «тілдер күні» мерекесін, наурыз мейрамын ойдағыдай етіп атап өтеді.

Мектеп шаңырағында оқушылармен жүргізілетін көптеген тағылымды шаралар ұлттық рәміздерге арналады. Қазақ елінің бет-бейнесін паш етер сән-салтанатта тұғырға көтерер ұлттық мақтанышымыз – рәміздер.

Егемендігіміздің енді бір белгісі ана тіліміз. Біле білгенге қазақ ұлты ешбір ұлттан, қазақ тілі ешбір тілден кем емес.

Біздің, яғни оқушылардың Отаншылдық түсінігін қалыптастыруда қазақcтан тарихы алатын орны ерекше. қазақcтан тарихы – халықтың рухани азығы. Бұл сабақта ұлттық салт-дәстүрлермен таныстыру және «Ұлттық патриотизм» және «Қазақстандық патриотизм». ұғымдарға анықтама беріп, олардың мазмұнын жасау, отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану және мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыру, т.б. тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерді кеңейте түсінеді.

Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білгеқаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғауда­ғы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар. Халқымыз­дың бойындағы отансүйгіштік құндылық­тарды ұрпақтан-ұрпақ­қа беріліп отыр­ған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі зама­нынан бастау алған патриоттық құн­ды­лық Күлтегін жазбаларын­да былай деп суреттеледі: “Елте­ріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді” – деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патрио­тизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден-ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатын­дығын көрсетеді

Жазбадан патриотизмнің – халықты көбейтіп, байыту үшін еңбек ету, ата-баба мекеніне ие бо­лып отыру жолында жан ая­мау, діл бірлігін қорғау екендігін аңғарамыз. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне жалаң қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы Отанына деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің қуатты күші.

Туған жерге деген ыстық сезім, ата­мекенге деген құрмет пен қадір қа­сиет тұтуды Ұлы дала ойшылдары Қор­қыт Ата, әл-Фараби, Жүсіп Бала­сағұни, Мах­мұд Қашқари, т.б. айтқан бола­тын.

Біздің туған еліміз, кең байтақ жеріміз, қазақтың жанымен, қанымен, ержүрек батырларының ерлігімен сақталған, қорғалған. Біздің атамекеніміз, қасиетті қазақ даласы бабаларымыздың ұрпағына қалдырып кеткен асыл мұрасы. Бүгінгі күні жеке тұлғаны Қазақ­стан­дық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу барысында. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне жалаң қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы Отанына деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің қуатты күші.

Ақын-жыраулар халыққа өне­ге­лі сөздерімен ықпал етіп, олар­ды іргелі ел, берекелі жұрт болуға шақырды. Жоңғар шапқыншылығы ке­зін­дегі халықтың береке бірлігін, Отанға адалдығын сақтау, намыс­ты қолдан бермеу, өз Отанын жаудан аянбай қорғау – ат жалын тартып мінуге жарайтын қазақ баласының қасиетті борышы екен­дігін Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Шал ақынның өлең-жырларынан көре аламыз.

Бұқар жырау:

Ер жігітке жарасар

Қолына алған найзасы,

Би жігітке жарасар

Халқына тиген пайдасы – деген екен.

Қазақтың айбынды ақын­дарының бірі Махамбет Өтеміс­ұлы қазақ шаруаларын бостандық үшін күреске шақырып, қара халықты бақытқа жеткізуді арман­дап өткен. Ол өзінің үзеңгілес серігі Исатай мен халықтың ерлі­гін, олардың адамгершілік қа­сиеттерін жыр етті.

Өз халқына, ұлтына деген пат­риоттық сезімді қазақ ағартушы­лары Ш.Уәли­ханов, Ы.Алтын­сарин, А.Құнанбаев шығармала­рынан да көруге болады.
Төле, Қазыбек, Әйтеке билер, Ақтамберді, Бұқар жыраулар және XX ғасырдың басындағы А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейхан, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров, М. Жұмабаев, т.б. ұлт зиялылары мен қайраткерлер Отаншылдықты сөзбен ғана емес, іспен де көрсете білді Отаншылдық сана – халықты топтастырушы рухани күш бола тұра, халықтың күш-жігерін тәуелсіздікті нығайтуға бағыттайды.

Қазақ халқы өз ұрпағының өнегелі-үлгілі, өнерлі, еңбексүйгіш азамат болып өсуін армандаған. Белгілі ғалым – педагог М. Жұмабаев: «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан сол ұлттың тәрбиесін алуға тиіс», - деген.

Біздің Отанымыздың, тәуелсіз Қазақстанның тарихында болашақ ұрпағы үшін «ақ найзаның ұшы мен ақ білектің күшін» аямай, туған елі, жері үшін жанын шүберекке түйген ерлер аз болмаған.

Аса көрнекті мемлекет қайраткері, саясаткер, дипломат, қазақ жерін біріктіруші Абылайдың өмір жолы, ерлік даңқы, ақылы мен айласы, қолбасшылық қабілеті бүкіл қазаққа аңыз болып тараған. Қазақтың бірде бір ханы оған дейін де, Абылайдан кейін де шексіз билікке ие болып, халық құрметіне бөленген емес. Абылай хан парасаты – атамекені үшін күрескен барша қазақтың ұраны болды.

Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Талай-талай қас батырлар жанын қиып қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!

Жас ұрпақтың өнегелі, өнерлі, елжанды, өз елінің мәдениетін құрметтей алатын абзал азамат болып өсуіне ықпал етуде ертегілер, батырлар жыры, мақал-мәтелдер, шешендік сөздердің алатын орны ерекше. Өзіміз төменгі сыныптарда оқыған батырлар жырындағы батырлар образы - халықтың алып қуатының, қажымас қайратының, сарқылмас күшінің көрінісі.

«Алпамыс батыр» жырындағы:

«Ақ сұңқар ұшар жем үшін

Туады ерлер ел үшін

Тоқтай алмай барамын,

Ағайын туған ел үшін», - деген жолдар осыған нақты дәлел емес пе!

Қазақ тарихын зерделеу барысында олардың табиғаты, әлеуметтік жағдайына, тұрмыс-тіршілігіне байланысты патриот халық екенін айқын аңғаруға болады. Бұны қазақтың тұңғыш ғалымдарының бірі Ш.Уәлиханов жақсы зерттеген және өзінің пат­риоттық сезімін: “Менің патриот­тық сезімім ірбіт сандығындай (матрешка сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір сандық) мен ең алдымен өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртым, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын қадірлеймін”, – деген екен. Қазақта ең алғаш қазақ бала­лары үшін халық мұрасына, салт-дәстүріне, ерлік, адамгершілік тәрбиесіне негіздей отырып, оқулық жазған Ы.Алтынсарин болды. Ол көшпенді елдің бала­сына ғылым-білім, өнер үйретуді армандады.

Өсіп келе жатқан жас буын­дар бойында ұлттық патриоттық сана-сезім қалыптастыруға зиянын келтіріп отырған, оларға рухани жұтаңдық әкеліп отырған ақпарат құралдары өте көп. Оның үстіне жақын шет елдер­ден әдейі шақырылып жатқан эстрада жұлдыздары ақша табуға жарайтын жеңіл-желпі құнды­лығы төмен өнер деп айтуға тұрмайтын шығармалармен жастарымыздың санасын жұта­туда. Көптеген жасөспірімдердің нашақор­лыққа, маскүнемдікке, қаңғыбастыққа берілуінің эконо­микалық себептерінен басқа саналарындағы рухани бостық­тың игерілмеуі деуге болады. Оның тағы бір дәлелі – жастардың патриоттық сана-сезімінің қалыптасуына тікелей немесе жанама түрде теріс ықпал ететін жайттар. Төл жәдігеріміз – ауыз әдебиеті, мақал-мәтелдер, қанатты сөз, өлең, жыр, терме, ана әлдиі, ата тілегі – ұлттық тәрбие бесігі.

«Қазақстандық патриотизм» ұғымы адам бойына өздігінен қалыптаса қоймайды. Ол ұғымды қалыптастыратын алғы шарттарға мыналар жатады:

- Ең алдымен тарихымызды – Қазақстан халықтарының тарихын білу;

- Туған халқымыздың тілін ардақтап, оның кәусар бұлағынан сусындау;

- Атадан балаға, баладан немереге, немереден ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жалғастыру.

- Өткен тарихымыздың жақсылықтары мен тәрбиелік мәні бар жақсы қасиеттерін сақтап, одан әрі жан-жақты дамыту, оның өркендеуі үлес қосу;

Қай заманда болса да адамзат өз алдына – есті, еңбек сүйгіш, қайырымды бала тәрбиелеуді қояды. Соның ішінде қазақ халқы өз ұрпағын, үлкенді құрметтейтін адал, инабатты, әділ, ержүрек, намысшыл, ізгі ниетті болып өсуін қалайды. Бұл қасиеттер дұрыс тәрбие арқылы қалыптасады.

Ұлтына қарамастан Қазақстанда тұратын әрбір азамат Қазақстанды туған Отаным деп түсінуі қажет. Тарихты зерделеу арқылы біз ұрпағымызға Отанымыз бен халқымызға шексіз берілгендік, қаһармандық патриотизмнің шынайы сабақтарын аламыз.



Әр нәрсені өз атымен атай білетін деңгейге жеткен ұлт қана алыс ертеңдерге аптықпай жетеді. Сондықтан ұлы Желтоқсан оқиғасының тарихи мәні өте зор. Бұл 1986 жылғы - әлемді дүр сілкіндірген қасіретті желтоқсан оқиғасы болатын.
Сонда ғана болашақ ұрпақ «Менің Отаным – Қазақстан» деген сөзді шынайы мақтанышпен айта алады.

Ақ тілекпен XXI ғасырда Қазақстанда бейбітшілік, тыныштық болып, еліміздің егемендігі ұзағынан болсын деп тілеймін!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет