Тарихты оқыту әдістемесі курсының пәні және міндеттері



бет1/2
Дата03.03.2024
өлшемі23.35 Kb.
#494107
  1   2
Ожсөж 2


Тарихты оқыту әдістемесі» курсының пәні және міндеттері 

Әдістеме дегеніміз - методика. "Методика'' сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда 


— "таным тәсілі", "зерттеу жолы" деген ұғымдарды береді. Әдіс дегеніміз — 
нақты міндетті шешудің, әлдебір мақсатқа жетудің тәсілі. Сонда, әдістеме бұл 
әдістер жиынтығы, кешені. Тарих оқыту әдістемесі тарихы оқытудың міндеттері, 
мазмұны және әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық ғылымдардың бір саласы. Ол 
тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында тарихты оқыту процесінің заңдылығын 
зерттеу және оқып-үйренуге арналады. Сонымен әдістеме оқу процесін 
ұйымдастыру мен оның негізгі факторларын жетілдіруге бағытталады. XX 
ғасыр басындағы көрнекті әдіскер К.А.Иванов әдістеменің маңызды міндеттері деп 
сол ғылымды оқу пәні ретінде жақсы жолға қоюға алып баратын оқытудың айқыңдау, 
бағалау, бейнелеу тәсілдерін атайды. Әдістеме тарихты қалай оқыту мәселесін 
қарастырады және зерттейді. Осылайша әдістеме пәні - педагогикалық 
процесс, мұғалімнің тарихты оқытуы, оқушының тарихты оқуы. Ал әдістеменің 
нысаны - оқытудың әдістері, мазмұны, ұйымдастырылуы және түрлері. 
Тарихты оқыту — өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың 
басын біріктіретін өте күрделі процесс. Ол оқыту мақсаты оның мазмұны білім 
беру және оны игеруге басшылық жасау оқушылардың оқу әрекеті оқыту 
нәтижесі деген тізбекті құрайды. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ішкі 
қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол қайшылықтар оқыту мақсаты 
мен қол жеткен нәтиже арасында, қолданылуы жоспарластырылған және нақты 
қолданылған оқыту құралдары мен әдістерінің арасында пайда болады. Тарихты 
оқыту процесінің диалектикалығы сияқты әдістемені оқып-үйрену де үнемі 
даму үстінде болады. Тарихты оқыту әдістемесі қоғам алдында тұрған жас 
ұрпақты тәрбиелеудің кешенді міндеттерін іске асыруға қызмет жасайды. 
Тарихты оқыту әдістемесі тарих ғылымдарымен бірге философия, 
әлеуметтану, мәдениеттану, педагогика, психология, дидактика талаптары логика 
сияқты ғылым салаларымен де тығыз байланысты дамиды. Бұл салалардың 
материалдарын пайдалану шығармашылық сипат алады, өйткені әдістеме пәні 
оларды тарихты оқыту процесін жетілдіру мақсатында қорытып, жаңғыртып 
пайдаланады. Мұғалім мен оқушының оқу процесі күрделі және көп қырлы 
болып келеді. Оның тиімділігі оқушы әрекетінің сипатымен айқындалады. 
Мұғалім өз пәнін қаншалықты жетік білгенімен оқушылардың қызығушылығын 
оятып, шығармашылық әрекетін ұйымдастыра алмаса, айтарлықтай табысқа жете 
алмайды. Өмірде нашар мұғалімдерді көп кездестіреміз, олардың пайда болуы өз 
пәнін жетік білмеуіне байланысты емес, ең бастысы олар өз білімдерін 
өзгелерге оңай жолмен түсіндіре алмайды. Өйткені, олар оқушыларға тарихи 
материалды баяндаудың әдістемелік негіздерімен таныс емес, тіпті пәннің 
әдістемесінен жеткілікті хабары жоқ. Сондықтан пәннің әдістемесін не үшін 
оқытамын? Қалай оқытамын? Немен оқытамын? деген сұрақтарға жауап 
тақырыпта басты назарда болуы тиіс. 
Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері мен негізгі 
факторлары 
Тарихты оқытудың негізгі факторлары мына сұрақтардың жауаптарына 
байланысты: 
- мемлекет пен қоғам белгілеген мақсаттар; 
- стандарт пен бағдарламаларда бекітіліп, солардың негізінде 
оқулықтарда баяндалған тарихи білімнің мазмұны мен құрылымы; 
- оқыту процесінің ғылыми-әдістемелік ұйымдастырылуы (оқыту мен 
оқудың түрлері, әдістері мен әдістемелік тәсілдері, құралдары); 
- оқушылардың танымдық мүмкіндіктері; 
- оқыту нәтижелерімен айқындалады. 
1. Тарихты оқытудың мақсаттары мемлекет дамуының әр түрлі 
кезеңдерінде өзгеріп отырды. Кеңестік кезеңге дейінгі мектептерде тарихты 
оқытуда көптеген объективтік жетістіктер болғанымен, оның мазмұнында ұлы 
орыстың шовинизм, ұлы державалық астамшылық басым болды. 
Қазақстандағы мектептердің өзінде Қазақстан тарихына қатысты мәселелер 
оқытылмады. Кеңестік кезеңде тарих пәнінің мазмұнында жоғарыда аталған саяси 
белгілер коммунистік, таптық сипат алды. Дегенмен Қазақстан тарихы жеке пән 
ретінде оқу бағдарламасына енгізіліп, оқытыла бастады. Ол кезеңдегі тарих 
пәнінің мақсаты маркстік-лениндік дүниетанымға негізделіп, коммунистік 
идеяларға бағытталды. Қазіргі кезенде тарихи білім берудің мақсаттары былай 
айқыңдалған: 
— оқушылардың ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі адамзаттың тарихи 
даму жолы туралы тарихи білімдерді игеруі; 
— тарихи білім негізінде оқиғалар мен өмірлік құбылыстарды ой елегінен 
өткізе алу қабілетін дамыту; 
— отансүйгіштік, тарихи тәжірибе, гуманизм идеялары негізінде 
оқушылардың рухани құндылық бағдарлары мен көзқарасын қалыптастыру; 
—халықтардың 
тарихы мен 
мәдениетіне 
қызығушылық пен 
құрметін дамыту. Қазіргі кезде тарихты оқытудың мақсаттарын айқындау одан әрі 
жалғасуда. Соған сәйкес мынадай міндеттерді атауға болады. 
— Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, 
табиғаттың, мәдениеттің және қоршаған ортаның байланыстарын қорғау 
қажеттілігін сезіне білетін отансүйгіш азамат тәрбиелеу; 
— оқушыларды қоғам мен адамзаттың ежелгісімен, бүгінімен 
таныстырып, оларды өткен бабалардың әлеуметтік, адамгершілік тәлім-
тәрбиесін ұғынуға бейімдеу; 
— қазіргі қоғамға кіріккен және оны жетілдіруге ұмтылатын тұлға 
қалыптастыру; 
— тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке кіріктіруге бейімдеу; 
— әр түрлі көзқарастар жүйесін есепке ала отырып, оқушылардың пікірлер 
мен көзқарастарды еркін таңдау құқын қорғауын қамтамасыз ету, гуманистік 
және демократиялық құндылықтарға бағыттау; 
— тарихи білімдер мен әдістерді қолданып, қоғамдық ойдағы жаңа 
мағлұматтарды өз позициясы тұрғысынан сын көзімен бағалап, талдай алу 
дағдысын қалыптастыру. Тарихты оқытудың негізгі факторлары оқу 
процесінде кешенді түрде жүйемен іске асады. Жүйе дегеніміз — өзара 
әрекеттесіп, тығыз байланыста болып, белгілі біртұтастық, бірлік құрайтын 
бөліктердің жиынтығы. Оқу факторларының ішкі тұтастық қасиеті оқыту 
процесіне дұрыс ықпал жасап, оның сапасының жақсаруына жол ашады. 
2.


 Мектепте тарихты оқытудың мазмұны тарих ғылымының дамуы барысында 

өзгеріп отырады. Әдістеме отандық және жалпы тарихтың негізгі оқиғалары, 


фактілері мен құбылыстарын таңдауға; теориялық жинақтау мен анықтамалар 
қалыптастыруға көмектеседі. Мектепте оқыту үшін таңдап алынған тарихтың 
мазмұны мемлекеттік стандарт, бағдарлама, оқулық түрінде көрініс табады. 
Оқушылар ол мазмұнды сыныптық, сыныптан тыс және мектептен тыс оқу 
түрлерін қамтитын оқытуды ұйымдастырудың белгілі бір әдістемесі арқылы 
меңгереді. 
3. Әдістер (әрекет тәсілдері) әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, сөздік, баспа-
қолжазбалық (мәтінмен жұмыс). Көрнекі, практикалық деген сияқты. 
Олардың мәні қалай оқыту керек деген сұраққа жауап беріп, мұғалім мен 
оқушының екі жақты әрекетін айқындайды. Жақсы жолға қойылған 
оқытудың әдістемесі оқушылардың бойында тарихи білім мен танымдық 
дағдыларды, ғылыми көзқарас пен сенімді қалыптастырып, дамытуда тиімді 
нәтиже береді. Әдіс, тәсілдер мен оқытудың түрлері (жалпы сыныптық, 
топтық, дербес), сабақ типтері (қайталау-жинақтау, семинар, зертханалық, 
саяхат-сабақ), сабақ үстіндегі мұғалім әрекеті мен оқушының оқу құралдары 
тығыз байланысты. Оқу жұмысының құралдарына оқу процесін қамтамасыз 
етуге керекті оқулық, жұмыс дәптері, тарихи карта, оқу картиналары, 
диафильм т.б. сияқты заттарды жатқызамыз. Оқу материалы мазмұнының, 
тиісті оқыту әдістемесінің ұйымдастырылуы және оқушылардың танымдық 
қызметі формаларының біртұтастығы негізінде оқушылар оқыту мақсатына қол 
жеткізеді. 
4. Оқушылардың танымдық мүмкіндіктері оқушының жасына және 
соған сәйкес тарихи білім мен дағдыны игеру деңгейіне тікелей байланысты. 
Тарихи танымға ұмтылуға күш жұмсау тұлғаның ойлауын, қиялын, ерік-
жігерін және сезімдік қасиеттерін дамытуға айтарлықтай ықпал жасайды. 
Оқу процесінде оқушылардың тарихи білімді меңгеру және қолдану қабілеті 
дамиды. Қабілеттілік дегеніміз не? Ол тарихты оқып-игеруде табысқа 
жетуге алғы шарт болатын тұлғаның дербес ерекшеліктері. Ол қабілеттілік 
әрекеттің әдістері мен тәсілдерін тез, терең және оңай меңгеруден байқалады. 
5. Оқыту нәтижелері алға қойған мақсаттарды іске асырумен тікелей 
байланысты. Ол оқушылардың қол жеткізген білім мен дағдысының, 
олардың интеллектуалдық, эмоциялық және ерік-жігерінің деңгейін 
танытады. Білімін дәлелдеу және негіздеу, ең бастыны бөліп алу, себеп-
салдарлы байланыстарды анықтап, қалыптасқан мәселені шешуде қажетті 
білімді қолдана алудан көрінеді. Оқыту нәтижелері мына деңгеймен 
өлшенеді: 1) 5-11 сыныптардағы бір сабақта, бір тақырыптағы бірнеше 
сабақта немесе бөлімдегі, тараудағы, курстағы, бүкіл курстағы алған тарихи 
білім; 2) ғылыми көзқарастың қалыптасуы; 3) тарихты оқыту процесінде 
оқушыларды тәрбиелеу; 4) оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін дамыту. 
Осылайша оқыту нәтижелері алға қойған мақсаттың орындалғанын немесе 
тек сөз жүзінде қалғандығын танытады. Соңғы жылдары білім сапасы тест 
көмегімен бағалануда. Оның есесіне оқушылардың алған білімдерінің 
практикалық қызметте қолдану қабілетін бағалайтын тапсырмалар аз 
қолданылуда. Тарих сабақтарында мұндай тапсырмалар қарапайым дерек 
көздері және құжаттарды зерттейтін зертханалық сабақтар жүргізумен 
тікелей байланысты. Оқушылар сабақтан бос уақытында мұражай мен 
мұрағаттағы жұмыстары негізінде баяндама, реферат, ғылыми мақала 
дайындауы да тарихи білімін бағалаудың өлшемі болуы тиіс. 
Мектепте тарихты оқытудағы әдістеменің орны мен ролі 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет