Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару



бет30/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   80
Курс лекции каз

Жүріс графигі дегеніміз пойыздардың уақыт пен кеңістіктегі жүріс сызығының координаталар осьтерінде графиктік бейнеленуі болып табылады.
Ресей Федерациясы АҚ РТЖ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» Акционерлік қоғамы жəне ТМД елдерінің жолдарында пойыздардың жүріс графигі үшін абсциссалар осі бойына уақытты, ординаталар осі бойына – қашықтықты түсіру қабылданған.



8.1-сурет. Пойыз жүрісінің графиктік бейнеленуі

Пойыздың t уақыт ішінде б-дан а-ға дейін жүріп өткен аралық қашықтығы l; жолдың əрбір телімдерінде аялдаудан кейін екпіндеуге, жылдамдықты үдетуге жəне баяулатуға жұмсалатын уақытты, аялдау алдында жылдамдықты азайтуға жұмсалатын уақытты ескергендегі пойыздың нақты жүрісі 8.1-суретте үзік сызықпен (1-нұсқа) көрсетілген.


Тартым күші есептеулерінде бұл сызық пойыз жүрісі уақытының қисық сызығы деп аталады. Сонымен қатар 8.1-суретте пойыз жүрісінің сызығы осындай жұмсалған уақыт пен ерекшеліктерді ескерместен, тұтас сызықпен (2-нұсқа) көрсетілген, яғни пойыздың жүрісі шартты түзу сызықпен бейнеленген (оны кейде пойыздың жүріс ізі немесе график тіні деп атайды), ол бүкіл аралық бойымен біркелкі жүріс жасауға сай келеді. Жүріс графигін жасауда екінші нұсқаны пайдаланады.
Пойыз жүрісінің сызығы мен жазық сызық (бөлім бекетінің осі) арасындағы бұрыш соншама аз болса, пойыздың жүріс жылдамдығы соншама баяу жəне оның осы аралық арқылы жүру уақыты соншама көп болады.
Пойыздың жүріс сызығының тиісті бөлім бекетінің осін қиып өтуіне қарай пойыздың əрбір бөлім бекетінен жүріп өту (келу, кету немесе тоқтамай жүріп өту) уақыты анықталады, ол тұтас ондықтан асатын минуты көрсетілген цифрмен белгіленеді. Пойыздардың келу, кету немесе тоқтамай жүріп өту уақытын пойыздың жүріс сызығы мен бөлім бекетінің осі түзетін доғал бұрышқа жазады.





8.2-сурет. Жүрiс графигiнде цифрларды қою тəртiбi

Пойыздың стансаға қабылданған уақытының ондықтан артық бөлiгi оның қабылданған жағындағы доғал бұрышқа қойылады.


Пойыздың стансадан жөнелтiлген немесе тоқтамай өткiзiлген уақыты-ның ондықтан артық бөлiгi, оның алдындағы аралықтағы доғал бұрышқа қойылады (8.2-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет