«Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі №375 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы №857 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі №375 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №30, 376-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесінде және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерінде реттік нөмірлері 9, 10 және 11-жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Достарыңызбен бөлісу: |