«Тауар таңбасын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



Дата03.07.2016
өлшемі219.84 Kb.
#174349




Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2015 жылғы « »

№ бұйрығына

3-қосымша
Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 251 бұйрығына

4-қосымша
«Тауар таңбасын тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Тауар таңбасын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:

1) қызмет берушінің кеңсесі;

2) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – сараптама ұйымы);



3) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) және сараптама ұйымының www.kazpatent.kz ресми сайты арқылы жүзеге асырылады.



  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі




  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 9 (тоғыз) ай ішінде:

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.

3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде тіркелген тауар таңбасын тіркеу, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электронды, қағаз түрінде.

Портал арқылы өтініш берген кезде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «жеке кабинетіне» қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күнін және орнын көрсетумен электронды құжат нысанында хабарлама жіберіледі.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қызмет алушыға ақылы негізде көрсетіледі.

Өтінімдерді қабылдау мен сараптама жүргізу үшін «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағаларға сәйкес белгіленген мөлшерде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес ақы алынады.

Тауар таңбасын тіркеу үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық өтінім портал арқылы берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылу мүмкін.

Мемлекеттік баж және сараптама ұйымының қызметі төлеу үшін қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының


2-қосымшасында көрсетілген.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;

2) сараптама ұйымының – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат


13-00-ден 14.30-ға дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

3) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

сараптама ұйымына:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

2) патенттік сенім білдірілген өкіл, немесе өзге де өкіл арқылы өтінім берілген жағдайда сенімхат;

3) белгіленген мөлшерде тиісті төлемді растайтын құжаттар;

4) (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, бұл таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқылы субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысының көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін беріледі);

5) Конвенциялық немесе көрмелік басымдық құқығын пайдаланғысы келетін өтінім беруші мұны тауар тауар таңбасына өтінім берген кезде немесе өтінім сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап екі ай ішінде көрсетуге және осындай талаптың заңдылығын растайтын тиісті құжаттарды тапсыруға міндетті.

Порталда:


  1.  көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысандағы өтініш;

2) патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл арқылы өтініш берілген жағдайда сенімхаттың электрондық көшірмесі;

3) ЭҮТШ арқылы төленгенін қоспағанда, белгіленген мерзімдегі төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

4) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, бұл таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқылы субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысының (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда) электрондық көшірмесі;

5) Конвенциялық немесе көрмелік басымдық құқығын пайдаланғысы келетін өтінім беруші мұны тауар тауар таңбасына өтінім берген кезде немесе өтінім сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап екі ай ішінде көрсетуге және осындай талаптың заңдылығын растайтын тиісті құжаттарды тапсыруға міндетті;

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәлімет, ЭҮТШ арқылы мемлекеттік бажды төлеу туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.



Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - оның көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылдағанын растау болып табылады.

Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолдайды.

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың:

1) егер тауар таңбалары айыру қабілетіне ие емес белгiлерден ғана тұратын;

тауарлардың белгiлi бiр түрiн белгiлеу үшiн жалпыға ортақ қолданысқа енген;

жалпыға ортақ қабылданған символдар мен терминдер болып табылса;

тауарлардың түрiн, сапасын, санын, қасиетiн, мақсатын, құндылығын, сондай-ақ олардың шығарылған немесе өткiзілген орны мен уақытын көрсетсе;

дәрі-дәрмектердің халықаралық патенттелмейтін атаулары ұсынатын;

тауарларды немесе көрсетiлетін қызметтердi белгiлеу үшiн пайдаланылатын, олармен тiкелей сипаттық байланысқа ие болса;

2) мемлекеттiк елтаңбаларды, тулар мен эмблемаларды, халықаралық ұйымдардың қысқартылған немесе толық атауларын және олардың елтаңбаларын, тулары мен эмблемаларын, ресми бақылаулық, кепiлдiк және сынамалық таңбаларды, мөрлердi, олимпиадалық символиканы, наградаларды және басқа да айырым белгiлерiн белгілеу, сондай-ақ араласып кеткен дәрежеге дейiн соларға ұқсас белгiлердi жасаса;

3) тауарға немесе оның дайындаушысына, оның iшiнде тауар шығарылған жерге қатысты жаңылыстыруға қабілетті географиялық объектiлердiң атауларына қатысты жалған болып табылса немесе жаңылыстыруға қабілетті болса;

4) тауар нақты шығарылған жерін формальды көрсетеді, бiрақ тауар басқа аумақтан шығарылғаны туралы қате түсiнiк берсе;

5) егер мәлімделген тауар таңбалары минералды суларды, шараптарды немесе күштi спирт ішімдiктерiн сәйкестендіретін географиялық объектілердiң атаулары болып табылатын немесе оларды қамтитын, сол жерден шығарылмаған сондай тауарларды белгiлеу үшiн, сондай-ақ егер аударма пайдаланылса немесе белгiде "түрiнде", "үлгiсiнде", "стилiнде" деген немесе басқа да осындай сөздер қоса жазылса;

6) өзiнiң мазмұны бойынша қоғамдық мүдделерге, iзгiлiк пен мораль қағидаттарына қайшы келсе;

7) дәрілік заттардың патенттелмейтін халықаралық атауларын білдіретін;

8) араласып кеткен дәрежеге дейiн бiрдей немесе ұқсас:

бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты басқа тұлғаның атына неғұрлым ертерек басымдықпен Қазақстан Республикасында тiркелген және халықаралық шарттарға орай қорғалатын тауар белгілерімен немесе сол тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты сол тұлғаның бірдей тауар белгілерімен;

тауарлар мен қызметтердiң кез келген түрiне қатысты Қазақстан Республикасында белгiленген тәртiппен жалпыға бiрдей белгiлi деп танылған тауар таңбаларымен ұқсас болса;

біртектес тауарларға неме көрсетілетін қызметтерге (қайтарып алынғандарынан басқа) қатысты басқа тұлғаның атына неғұрлым ертерек басымдықпен тіркеуге мәлімделген белгілемелермен немесе сол тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты сол тұлғаның ұқсас белгілерімен ұқсас болса;

егер тауар таңбасын тіркеу дараландыру үшін тауар шығарылған жердің атауы тіркелген тауарларға қатысты жүзеге асырылса, тауар шығарылған жердiң осы атауын пайдалану құқығы иесiнiң атына тiркелетiн тауар таңбасының қорғалмайтын элементi ретiнде олар енгiзiлуi мүмкiн жағдайларды қоспағанда, кез келген тауарларға қатысты Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар шығарылған жер атауларымен ұқсас болса;

9) олардың неғұрлым ертерек басымдығы болған жағдайда басқа адамдардың атындағы Қазақстан Республикасында қорғалатын өнеркәсiптiк үлгiлермен ұқсас болса;

10) өтiнiм берiлген күнге авторлық құқықтарды бұзушылықпен Қазақстан Республикасында белгiлi әдебиет, ғылым және өнер туындыларының, белгiлi өнер туындылары мен олардың фрагменттерiнің атауларын қамтыса;

11) осы адамдардың, олардың мұрагерлерiнiң немесе құқық мирасқорларының жеке мүлiктiк емес құқықтарын бұза отырып, олардың тектерiн, есiмдерiн, бүркеншiк аттарын және солардан таралатын есiмдердi, портреттерi мен факсимилелерiн қамтыса, сондай-ақ, егер бұл белгiлер Қазақстан Республикасы тарихы мен мәдениетiнiң игiлiгi болғанда, тиiстi құзыреттi органның рұқсатынсыз тіркелмесе, Қазақстан Републикасының заңдарында белгіленген негіздемесі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайға жіберіледі.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Қажетті жағдайларда қызметті алушы қызметті берушімен көрсетілетін сапасыз мемлекеттік қызмет көрсетуді растайтын, құжаттарға шағымды қоса тіркейді.

Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Шағымда қызметті алушының қолы болуы тиіс.



Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.



Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www. adilet.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

14. ЭЦҚ болса, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: (1414).

«Тауар таңбасын тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына



1-қосымша


Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

«Ұлттық зияткерлік меншік институты» шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүзеге асыратын жұмыстары мен қызметтерінің бағалары

4. Тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және

тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын қорғау саласындағы қызметі



Тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын қорғау саласындағы жұмыстардың және қызметтердің атауы

Бағасы (БҚС есепке ала отырып, теңгеде)

1

Тауар таңбалары және қызмет көрсету бойынша өтінімдерді қабылдау және формальді сараптама жүргізу

 

1)

өтінімді қағаз тасымалдағышта қабылдау кезінде

16 599,52

2)

өтінімді электрондық қабылдау кезінде

14 109,59

2

Ұжымдық тауар таңбаны тіркеуге өтінімді қабылдау және формальді сараптама жүргізу

-

1)

өтінімді қағаз тасымалдағышта қабылдау кезінде

36 300,32

2)

өтінімді электрондық қабылдау кезінде

30 855,27

3

тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын тіркеуге өтінімдерге сараптама жүргізу

44 000,32

1)

үштен астам әр жіктелім үшін қосымша әр жіктелім үшін тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын тіркеуге өтінімдеріне сараптама жүргізу

9 800,00

4

ТШЖА пайдалануға құқық тіркеу және/немесе тіркеуге материалдарды сараптама жүргізу

17 400,32

5

Өтінім берушінің бастамасы бойынша тауар белгісіне өтінімді сыныптар бойынша бөлу

10 299,52

6

Тауар таңбасын өтінімді ұжымдық тауар таңбсын қайта құру және керісінше

12 200,16

7

Тауар таңбаларды, қызмет көрсету таңбаларды, тауар шығарылатын жерлердің атауларды тіркеуге

24 000,48

8

Қорғаудағы тауар таңбалардың, қызмет көрсету таңбалардың және тауар шығарылатын жерлердің атауларының Мемлекеттік тізілімдеріне өзгерістер енгізу

13 900,32

1)

Қорғаудағы тауар таңбалардың, қызмет көрсету таңбалардың және тауар шығарылатын жерлердің атауларының Мемлекеттік тізілімдеріне бір типтік өзгерістер енгізу

4 400,48

9

Мемлекеттік тізілімінен көшірмелерді, анықтамаларды беру (әр объект үшін)

4 599,84

10

Тауар шығарылатын жердің атауын пайдалануға құқығын тіркеу әрекетінің, тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын тіркеу мерзімін ұзарту және ұзарту туралы мәліметтерді жариялау (Заңның 15-бабының 2-тармағы)

27 200,32

1)

үштен астам әр жіктелімі үшін

13 900,32

11

Әр ай үшін үндеуге жауап беру мерзімін ұзарту

6 500,48

12

Тіркеуге алдын-ала бас тарту туралы шешіміне қарсылықты қарастыру

17 999,52

13

Әр ай үшін сараптаманың шешіміне қарсылық беру мерзімін ұзарту

5 200,16

14

(Басымдық құжаттың) өтінімінің көшірмесін куәландыру

1 199,52

15

Сұрау салуға жауап қайтарудың, төлемнің, қарсылық берудің өтінім беруші өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру (Заңның 15-бабының 3-тармағы)

31 299,52

16

Өтінім материалдарына түзетулер мен өзгерістер енгізу (Заңның 15 бабының 3-тармағы)

9 000,32

1)

- өтінімнің материалдарына біртиптік өзгерістер енгізу үшін

3 899,84

17

Іздеу туралы есебін ұсынуымен тапсырыс берушімен көрсетілген тіркеуге мәлімделген белгілерді және тауар таңбалардың дерекқорында белгілерді алдын-ала іздеу:

-

1)

Тауарлар мен қызметтер бойынша бір сынып бойынша сөз және бейнелеу белгісіне қатысты алдын ала іздестіру (сөз және бейнелеу элементтері бар белгілер бойынша іздестіру жүргізу үшін 2 коэффициенті қолданылады) бір ай мерзімінде іздестіру туралы есеп ұсынылады (тапсырыс берушінің өтініші бойынша 10 күн барысында жедел іздестіру жүргізу үшін 2 коэффициент пайдаланады)

11 599,84

2)

бір ай ішінде іздеу туралы есебін ұсынуымен тапсырыс берушісімен көрсетілген тауарлардың және қызметтердің жіктелімі жөнінде тіркеуге белгілінген белгілердің және тауар таңбаларының дерек қорында бірнеше сөз белгілері (транслитерация) бойынша бір мезгілде алды-ала іздеу (10 күн барысында 2 коэффициенті пайдаланады)

700,00

3)

Таңба көшіресі, таңба иеленушісі туралы мәліметтері бар іздестіру жөніндегі есептегі белгілер бойынша басылымдарды және іздестіру есебіндегі ір белгі жөнінде ТҚХЖ сыныптары бойынша тауарлар мен қызметтер басылымын ұсыну

1 400,00

4)

ТҚХЖ әр жіктелімдерінен бірден артық қосымша жіктелімін алдын ала іздестіру жұмыстарын жүргізе отырып, Іздестіру жұмыстары туралы есепті ұсыну (10 күн барысында 2 коэффициенті қолданылады)

1 400,00

18

тауарлардың және қызметтердің жіктелімдерінен бірден артық, әр қосымша жіктелімді алдын-ала іздеу (10 күн барысында 2 коэффициент пайдаланады)

-

19

Толық сараптама жүргізуді алты айдан ерте емес толық сараптаманы жедел және шұғыл жүргізу

30 400,16

20

Халықаралық өтінімге өзгерістер енгізу туралы өтінімді рәсімдеу, жолдау

9 300,48

21

Тауарлар мен қызметтерді халықаралық жіктеліміне сәйкес тауарлар мен қызметтердің тізімін дайындау

1 850,24

22

Мадрид келісіміне сәйкес халықаралық өтінім қабылдау

7 799,68

23

Тауар таңбасына құқық беру туралы шартына, лицензиялық (сублицензиялық) шартына, кепіл шарттарына, бір өнеркәсіптік меншік объекті жөнінде комплексті кәсіпкерлік лицензия ұсыну туралы шартына сараптама жүргізу

45 000,48

1)

Өнеркәсіптік меншік объектілерінің тобы жөнінде, қосымша бірден астам өнеркәсіптік меншік объекті үшін

9 232,38

24

өнеркәсіптік меншік бір объекті немесе объекттерінің топтары жөнінде тауар таңбасына куәлік алуға құқық өзгеге беру туралы шартына сараптама жүргізу және мәлімет жариялау

-

25

шартқа қосымша келісімді сараптау және оның тіркеуі туралы мәлімет жариялау

12 999,84

26

Төлемдерді қайта есептеу (1 төлем)

549,92

27

Төлемдерді растау (1 өкім)

549,92

28

CD-дискте «Өнеркәсіптік меншік Ресми бюллетень» (электрондық нұсқасы), (1 диск)

3 000,48

«Тауар таңбасын тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша



Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері
Бенефициар – ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы РММ
БСН – 081240013779

ЖСК – KZ24070105KSN0000000

БСК – KKMFKZ 2 A

Бенефициар банкі – «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» МБ

КБЕ-11

Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108118



Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін

Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін



Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк деректемелері


Қабылдаушы:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК



Мекенжайы

010000, Астана қ., Сол жағалау, Орынбор к-сі, 8,

1 корпус, № 1, № 2 кіреберіс

БИН:

020940003199

Банктің атауы:  

"Нұрбанк" АҚ

ЖСК

KZ8584905KZ006015415

БСК

NURSKZKX

КБЕ:

16

КНП:

859

«Тауар таңбасын тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша


Нысан
ҰЗМИ РМК толтырылады




Түскен күні

Берілген күні


Өтінім N

Тауар таңбасын тіркеуге арналған ӨТІНІМ



Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК


010000, Астана қ., Сол жағалау, Орынбор к-сі, 8,

1 корпус, № 1, № 2 кіреберіс




Қазақстан Республикасында тауар таңбасы (қызмет көрсету белгісі) ретінде көрсетілген белгінің тіркелу сұратылады.







 Ұжымдық тауар таңбасы



Ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын көрсетумен өтінім берушінің толық атауы (немесе егер өтінім беруші жеке тұлға болса, аты, тегі, әкесінің аты (бар болса).


ДЗМҰ st. 3 стандарты бойынша елдің коды (егер орнатылған болса)








Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді (ҚР өтінім берушілері үшін)
мемлекеттік тіркеу туралы мәлімет



Өтінім берушінің мекенжайы**, телефон, мобильді телефон, телефакс, E-mail



Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл




Хат- хабар алмасу мекенжайы, (адресатты көрсете отырып толық пошта мекенжай) телефон, мобильдік телефон, телефакс, E-mail



 Бұрын берілген өтінім (өтінімдер) бойынша конвенциялық басымдық сұратылады



Бірінші өтінім нөмірі

Сұратылған басымдық күні

ST.3 бойынша берілген елдің коды


 Көрмелік басымдық сұратылады



Ашық көрсетілімнің басталу күні






Мәлімделетін белгі:








Стандартты қаріптік орындаудағы тауар таңбасы

Транслитерация

Аударма

Көлемді тауар таңбасы

Түсті белгідегі тауар таңбасы
Түстерді көрсету:





* Қазақстан Республикасының өтінім берушілері үшін қазақ және/немесе орыс тілдерінде толтырылады; ** Шетелдік өтінім берушілері үшін транслитерация орыс тілінде толтырылады; шетелдік өтінім берушілері үшін латын әрпімен толтырылады қажеттісін белгілеу 




ТҚХК сыныптары бойынша топтастырылған тауар таңбаларын қорғау сұратылатын тауарлар мен қызметтер






Мәлімделген белгі Қазақстанда неғұрлым ертерек тіркелген. Тіркелу №___________





Қоса берілетін құжаттар тізбесі: Дара кәсіпкердің Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат

  • Мәлімделетін белгінің бейнесі: ақ-қара саны_____, түрлі- түсті саны _____

  • Белгі сипаттамасы


  • Тауар/қызмет тізбесі (егер ол бланкке сыймай қалса)

  • Өтінім берушілер тізбесі (егер олар бірнешеу болса)

  • Төлем туралы құжат: есеп/төлем тапсырысы №___ _____________

  • Сенімхат

  • Бұрын берілген өтінім(дер)нің куәландырылған көшірмесі

  • Бұрын берілген өтінім аудармасының көшірмесі

  • Ұжымдық белгі туралы келісім

  • Басқа құжаттар (көрсету), соның ішінде белгіленгендер_____________

  • Барлығы __________________бет

_______Қоса берілетін құжаттар тізбесі



Мәлімделетін белгіні тіркеуге беру басқа тұлғалардың зияткерлік меншік құқығын бұзбайтындығын растаймын



Қолы
Лауазымы (Т.А.Ә. (бар болса)

МО
Күні

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.


Қолы Күні

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет