Тұлғаға үздіксіз білім беру – қоғамның тұрақты дамуы-ның шарты.Қазіргі қоғам дамуындағы саяси, әлеуметтік, мәдени өзге-рістер білім беру саласына тікелей әсерін тигізіп, оның маңыздылығын әлемдік деңгейде арттыра түсті. Осындай өзгерістер еңбек нарығында әр адамның бәсекеге қабілеттілігін сақтай алу үшін жаңа талаптарға бейім-деліп, тәжірибесі мен іс-әрекет түрлерін үздіксіз жетілдіріп отыруды та-лап етуде.
Әлемдік деңгейде өмір бойы үздіксіз білім беру (Lifelong Edu-cation) үдерісі өзектене түсті, себебі тек үздіксіз білім алу арқылы ғана адамның кәсіби іс-әрекеті табысты бола алады. Үздіксіз білім берудіңмәні ғылымның, техниканың, экономиканың дамуына байланысты адам білімінің үздіксіз және жүйелі түрде жетілдіріліп отыруымен анықталады. Үздіксіз білім беру идеясыәр адам үшін өзінің және қо-ғамның қажеттіліктері мен сұраныстарына байланысты әр жастық ша-ғында білім алуға мүмкіндігі бар екенін көрсетеді. Демек, адамның бі-лім алуы уақыт интервалдарымен шектелмейді, ол өз қалауы бойынша өмір бойы өзінің білім деңгейін жетілдіре алады.
Үздіксіз білім беру – тұлғаның шығармашылық әлеуетін және рухани әлемін жан-жақты үздіксіз жетілдіруге бағытталған көпсатылы үдеріс. Үздіксіз білім беру - тұлғаның жалпы жә-не арнайы оқу-тәрбие мекемелерінде, сондай-ақ, өздігінен алған білім, білік, дағдыларын жетілдірудің жүйелі танымдық іс-әрекеті.