«Теңдеулер және оны шешу тәсілдері» (мектеп компоненті) Құрастырған: Таңжарықова Роза Самалқызы



бет1/3
Дата16.06.2016
өлшемі1.95 Mb.
#138815
  1   2   3
«Теңдеулер және оны шешу тәсілдері»

(мектеп компоненті)
Құрастырған: Таңжарықова Роза Самалқызы
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,

Құйлыс орта мектебінің

математика пәнінің мұғалімі

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,

Құйлыс орта мектебі

Құрастырушы: Таңжарықова Роза Самалқызы – математика пәнінің мұғалімі
Ұсынылып отырған жинақта математика пәнінің мұғалімінің шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі таңдау курсының бағдарламасы мен сабақтар үлгілері келтірілген. Мұғалімнің шығармашылық ізденістерінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен шәкірттерінің білім алуына жол салған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді көруге болады.

Бұл жинақты математика пәнінің мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.



Түсінік хат

10-сыныптарға арналған « Теңдеулер және оны шешу тәсілдері» таңдау курсының бағдарламасын басшылыққа ала отырып математикадан алған білім, білік дағдыларын, танымдық қабілеттерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Тереңдетілген бағытта алынған бағдарлама құрлымында оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейі ескеріледі.

-Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау бөлімінде берілетін курс материалдарының көлемі,реті мен тізбегі.Оларды оқытуға жұмсалатын сағат

саны көрсетілген.

-Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар бөлімінде оқушылардың математикалық дайындығының міндетті деңгейі сипатталады.
Кіріспе

Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін ,ойлауға қабілетті болуын талап етеді.Сондықтан да оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту,ғылыми көзқарасы мен белсенділігін,өз бетінше білім алу дағдысын қалыптастыру,математикалық білім деңгейін тереңдету және оларды болашақ маман ретінде даярлау үшін математика ғылымының салаларын тереңдетіп оқытудың жолы ерекше.

Математиканы оқытудың әрбір кезеңінде оқушылардың проблемалық материалдарды оқып үйренуі олардың курсты оқып.үйренгенде қабылдаған тереңде берік білімдеріне, іскерліктеріне және дағдыларына сонымен бірге математиканы оқытудағы қызығушылығын дамытуға да байланысты болады.


Курстың өзектілігі

Курсты оқып үйрену оқушылардың белсенділігін арттыратын әртүрлі формалар мен әдістер арқылы жүзеге асады.

Өткен сабақта оқып үйренген оқу материалдарын саралауды,қайталауды, пікір алмасу түрінде өткізу. Осындай сабақ түрлері оқушының мұғалім мен оқушы ролінде болып,өзінің және басқа оқушылардың білімін бағалай білуге үйретеді.

Топтық, жеке дара жұмыс арқылы өздігінен тапсырмалар орындау.

Шығармашылық қызметін ,ізденісін дамытатын тапсырмаларды өздігінен орындау.

Бағдарламаның мақсаты

Есептерді математикалық моделдеудің ,оқушылардың функционалдық дайындықтарын жүзеге асырудың негізгі құралдары ретінде пайдалана отырып ,теңдеулерді шешу аппаратын меңгерту, оқушылардың логикалықойлауын дамыту.



Бағдарламаның міндеті.

Теңдеу шешудің әр түрлі тәсілдерін қарастыру.

Есеп шығару арқылы игерген білімдерін тереңдету.

Тереңірек білім беру.

Ойлау есте сақтау қабілетін арттыру.

Игерген білімдерін болашақта қолдана білу, жетілдіру.



Курстың практикалық мазмұны

Жоғары математика теорияларын оқып үйрене отырып, қиындығы жоғары есептер шығаруға үйрету.

Оқлшылардың шығармашылық ізденістерін дамыту.

Курстың құрылымы

Бағыты : жаратылыстану математика

Жиелігі: курс бағдарламасы 10 сынып оқушылары үшін аптасына бір сағатқа есептеліп барлығы 34 сағатқа жоспарланған.

Пәнаралық байланыс: физика. сызу, информатика



Біліктіліктері;
Курсты оқып үйрену нәтежесінде оқушылар төмендегідей дайындықтың міндетті деңгейі болып табылатын біліктерді меңгеруі тиіс;

Бір айнымалысы бар екінші дәрежелі теңдеулерді ажырата білу:

Бір айнымалысы бар екінші дәрежелі теңдеулерді шешу

Күрделі емес рационал теңдеуге келтіретін теңлеулер құру әдісімен мәтінді есептер шығару


Оқушылар білімін бағалау
1.Тест тапсырмалары

2. Математикалық диктант

3. Сынақ
Күтілетін нәтиже:

бағдарлама мен оқулықтағы білім негіздерін оқытып үйрету

оқу қорытындысын білім бағытын және мазмұнын жетілдіру

оқушының білімін объекьивті түрде айқындау, бағалау

теңдеулер мен теңсіздіктерді түрлі әдістермен шығара білу


ТАҚЫРЫПТЫҢ МАЗМҰНЫ:

I.Бір белгісізі бар бірінші дәрежелі теңдеу. (4 сағат)

Теңдеулер жүйесіне түсінік .Бірінші дәрежелі бір белгісізі бар теңдеулерді шешу.Теңдеулер жүйесіне түсінік. Бірінші дәрежелі бір белгісізі бар теңдеулерді шешу. Теңдеу құру арқылы шығарылатын есеп. Екі белгісізі бар бірінші дәрежелі

II.Екі теңдеуден құралған теңдеулер жүйесі. (4 сағат)

Теңдеулер жүйесіне түсінік.Ауыстыру тәсілі.Қосу тәсілі.Теңдеулер жүйесін шешудің графиктік тәсілі.Теңдеулер жүйесін құрып,оны шешу арқылы шығарылатын есептер.

III. Квадраттық теңдеу.(8 сағат)

Квадраттық теңдеудің анықтамасы .Толымсызквадрат теңдеулер.Квадраттық теңдеулерді формула бойынша шешу.Квадраттық теңдеулерді пайдаланып есептер шұығару.Виет теоремасы.

IV.Бөлшек рационал теңдеулер.(4 сағат)

Бөлшек рационал теңдеулерді шешу.Рационал теңдеулер арқылы есептер шығару.

V. Екі айнымалысы бар теңдеулер және олардың жүйелері.(8 сағат)

Екі айнымалысы бар теңдеулер.Екі айнымалысы бар теңдеулердің геометриялық мағынасы сызықтық теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері.Екінші дәрежелі теңдеулер жүйесін шешу. Теңдеулер жүйелерін құру арқылы шығарылатын есептер.

VI.Тригонометрия теңдеулер.( 4 сағат)

Қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шешу.Тригонометриялық теңдеулерді және теңдеулер жүйелерін шешу.

Қорытындылау 2 сағат

Теңдеулер және оларды шешу тәсілдері.



Тақырыбы

Сағат саны


Күні

Білім нәтижелігі

Әдіс-тәсілдері

Лекция

Практиа

1

Квадрат теңдеу.Квадрат теңдеу түрлері

1

1





Бір белгісізі бар теңдеу.шешу әдістерін меңг.

Түсіндіру

Топпен жұмыс



2

Квадрат теңдеу.Квадрат теңдеу түрлері тақырыбына есептер шығару.




2




Есептер шығарту

Топпен жұмыс

3

Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулалары

1

1





Ауыст.Қосу тәсілдерін қолдануға есептер шығарту.

Жеке жұмыс.

4

Квадраттық теңдеу түрлерінің формулаларын қолданып есептер шығару.



2





Түсіндіру.Есептер шығару.

Топпен жұмыс

5

Квадрат теңдеулерге есептер шығару.

1

2





Квадр теңдеу түрлері туралы түсінік беру есептер шығарту

Сұрақ-жұмыс

Топпен жұмыс



6-7

Виет теоремасы




2




Формулаларды қолд.арқ.шешуге үйрету.

Формула қолдану

8

Виет теоремасы тақырыбына есептер шығарту




1




Өз бетінше жұмыс

Жеке жұмыс

9

Қорытындылау сабағы

1







Түбі.табу есептер шығару

Топпен жұмыс

10

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер

1

1




Рационалтеңд.тур.

Топпен жұмыс

11

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу графигі.

1

1




Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешуді меңгерту.

Топпен жұмыс

12-13

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелерін графигтік тәсілмен шешу.

1

1




Есептер шығарту

Топпен жұмыс

14-15

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелерін алмастыру тәсілмен шешу.

1

1




Алмастыру тәсілін тиімді қолдану.

Топпен жұмыс

16

Қарапайым тригонометриялық теңдеуге есептер шығару

1

2




Тригонометриялық формулаларды тиімді қолдану.

Жеке жұмыс

17

Рационал теңдеулерге есептер шығару




2




Бөлшект.жұмыс,оларға амалд қолдану еске түсіру.

Топпен жұмыс

18

Бүтін теңдеу түбірі,квадраттық теңдеуге келтірілген теңдеулер.

1

1




Квадрат теңд.келт.теңд.Шешу әдістерін меңг.

Топпен жұмыс

19

Екі айнымалысы бар теңдеулер

1

1




Екі айным.бар теңд. түсінік

Топпен жұмыс

20

Сынақ жұмысы,Қорытындылау




2




Өз бетінше жұмыс

Топпен жұмыс

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

Мұғалімдер үшін:

1.Миндюк Н.Г.,Баймұханов Б.Алгебра.

2.Бүркібаева К.О. Теңдеулер мен теңсіздіктер.

3.И.Т. Бородуля.Тригонометрические уравнения и нравенства.

4.Интернетпен жұмыс.

5.Электрондық оқулық.

6.Тесттер.
Оқушыларға ұсынылатын әдебиеттер:

1.Әбілқасымова А.Е. Алгебра және анализ бастамалары.

2.Бүркібаева К.О. Теңдеулер мен теңсіздіктер.

3.Тест тапсырмалары.

4.Электрондық оқулық

5.Интернетпен жұмыс.


Толымсыз квадрат теңдеулер былай жазылады.

1. , мұндағы с=0.

2. , мұндағы в=0.

3. , мұндағы в=0, с=0.

Егер толық квадрат теңдеудегі бірінші коэффициент 1-ге тең болса (а=1), онда ол келтірілген квадрат теңдеу деп аталады.



.

Толымсыз квадрат теңдеулерді шешу жолдары.

1. . х(ах+в)=0

х1=0, ах+в=0, х2=

Мысалы, .

2. ,

Мысалы,

3. , теңдеудің сол жақ бөлігі х=0 болғанда ғана нөлге тең болады. Сондықтан теңдеудің бір ғана түбірі бар, және ол нөлге тең.

Мысалы,



    1. Жаңа материалды меңгергенін тексеру.

Оқулықта: №113, №114 (ауызша), №115, №116 (1,2), №117 (1,2 )

    1. Қорытынды. Сонымен сабақта біз не үйрендік? (балалар жаауп береді.

    2. Үй жұмысы. №116 (3;4), №117 (3;4;5;6)

    3. Бағалау.

Сабақ №2

Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеу. Квадрат теңдеудің түрлері тақырыбына есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: оқушылардың толымсыз квадрат теңдеулерді шеше білу бейімділіктерін одан әрі дамыту. Есеп шығаруға машықтандыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту. Есептеу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, тез

ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнерін тәрбиелеу.



Сабақтың типі: жаңа материалды тереңдету..

Сабақтың әдісі: Деңгейлеп саралап оқыту. Түсіндірмелі сұрақ – жауап.

Практикалық жұмыс.



Көрнекілігі: Кестелер, формулалар, компьютер.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру.

  2. Үй жұмысын тексеру. №116 (3;4), №117 (3;4;5;6)

  3. Ой-толғау.

  1. Квадрат теңдеу деген не?

  2. Келтірілген квадрат теңдеу деген не?

  3. Мысал келтір.

  4. , , қандай теңдеулер беріліп тұр. Олардың шешу жолдары.

  5. Тақтада тапсырмалар жазылады. Жауабын оқушылар шешеді. Сәйкестендіру тесті.

2 -9 = 0

х=0

х2 – 3х = 0

х=0, х=

2=0

х=

2-4х=0

х=0, х=3

  1. Есептер шығару.

Оқулықтан: №120, №122, №123, №125

  1. Қорытынды. Сонымен сабақта біз не үйрендік? (балалар жаауп береді.

  2. Үй жұмысы. №118, №119

  3. Бағалау.


Сабақ №3

Тақырыбы: Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулалары.

Типі: жаңа материалды меңгеру.

Мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларды «дискриминант» ұғымымен таныстыру, дискриминанттың мәніне байланысты квадрат тендеудін түбірлер санын анықтауды, түбірлердің формулаларын қолданып квадрат тендеуді шешуді үйрету.

2.Дамытушылық: Танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім және оқушы білімнің тереңдігі мен тиянақтылығын дамыту.

3.Тәрбиелік: Өз білімдерін бағалау.

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру: Қызығушылықты ояту кезеңі (миға шабуыл стратегиясы)

  • қандай тендеу квадраттендеу деп аталады?

  • қандай жағдайда тендеу толық квадрат теңдеу деп аталады?

  • толымсыз квадрат теңдеулер деп неліктен аталады?

  • толық квадрат теңдеуінен келтірілген квадрат тендеуді қалай алуға болады?

Ассоциациялау – топтастыру әдісі

  1. Мағынаны ажыртау кезеңі (оқушыларды үш топқа бөлу)

І топ- кетірілген квадрат теңдеу түбірлерінің жалпы формуласы 1- мысалды талдау.



ІІ топ - квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласын талдау.

ІІІ топ. Дискриминант 3-мысалды талдау.

ІІІ. Есептер шығару.

№128(1,3,5,7) №129 (1;3), №131



IV. Қорытынды.

Квадрат теңдеу.

Дискриминант








D>0



D=0



D<0

Шешімі жоқ

V. Үй жұмысы. №128 (2,4,6,8), №129(2,4), №130

VI. Бағалау.
Сабақ №4

Тақырыбы: Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулаларына есептер

шығару

Типі: білімді бекіту қайталау сабағы

Мақсаты:

Білімділік: есептер шығару арқылы формуланы дұрыс қолдана білуге

қалыптастыру;



Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, атематикалық тілін және

логикалық ойлау қабілеттеріндамыту;



Тәрбиелік: сабаққа оқушылардың өз еркімен белсене араласуы, білімдерін

көрсете алуы, топпен ұйымдасып жұмыс істеу қабілеттерін

дамыту.
Сабақ түрі: практикалық

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық.

Сабақ барысы:


  1. Ұйымдастыру.

  1. оқушыларды түгендеу;

  2. оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

  3. сабаққа назарын аудару;

  4. сабақтың мақсаты мен міндетін баяндау;

  5. сынып оқушыларын 2 топқа бөлу




  1. Үй тапсырмасын тексеру.

2 топтан 2 оқушыдан тақтаға шығарып үй тапсырмасын тексеру.


  1. Топтармен жұмыс

1) Теориялық сайыс ( әр топқа теория сұрақтары жазылған слайд

ашылады)


1 топтың тапсырмасы:

1. Қандай теңдеу квадрат теңдеу деп аталады?

2. Теңдеуді шешу дегеніміз не?

3. Квадрат теңдеудің неше түбірі бар?

4. Квадрат теңдеудегі а,в, с – сандары қалай аталады?

5. Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не?

6. Толымсыз квадрат теңдеу дегеніміз не?

7. D>0, D=0, D<0 болғанда, неше түбірі бар?


2 топтың тапсырмасы:

1. Квадрат теңдеудің формуласын жаз

2. Дискриминантты қандай әріппен белгілейміз және формуласын қандай?

3. Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулаларын жаз

4. Келтірілген квадрат теңдеудің формуласын және оны шешу жолдары.

5. Толымсыз квадрат теңдеудің формуласын және шеу жолдарын жаз.

6. Квадрат теңдеудің нақты түбірлері неге байланысты?

7. D>0, D=0, D<0 болғанда, неше түбірі бар?


2) Практикалық сайыс ( әр топқа слайд арқылы есептер беріледі)

Квадрат теңдеулерді шешу.



1- топтың тапсырмасы

1. х2-7х+10 =0

2. у2-12у+32 = 0

3. 3х2-12х = 0


2- топтың тапсырмасы

1. х2 -9х+18 = 0

2. у2 + 8х+12 =0

3. 4х2-28 = 0


3) «Білгенге маржан» логикалық есептер шешу. ( слайд бойынша тапсырмаларды топ таңдай отырып жауабын береді)
1. Архимед Герон патшасының тәжінің таза емес екендігін қайдан білген?

( тығыздығын салыстыру арқылы)


2. Дорбадағы 10 асықты 10 балаға бір бірлеп үлестіргенде дорбада бір

асық қалып қояды.Бұл қалай?

( бір балаға дорбасымен береді)
3. Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұр. 36 сағат өткен саң күннің

жарқырып тұруы мүмкін бе?

(Мүмкін. 36 сағаттан соң таңғы 10 болады)
4. 2 қола он саусақ. 10 қолда неше саусақ?

( 50 саусақ)




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет