Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандығы №2136 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



Дата05.07.2016
өлшемі161.19 Kb.
#178902


Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандығы № 2136 Қаулысы


      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 7) тармақшасына және 34-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2008 - 2009 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 853 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 35, 397-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2136 қаулысымен   
бекітілген      
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі
      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.01.2014 № 29 қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
      1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға ұсынылады және барынша дәлелденген тиімді профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтиды.
      2. ТМККК-ге:
      1) жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация;
      2) мыналарды:
      медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (бұдан әрі – МСАК);
      медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті (бұдан әрі – КДК) қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек;
      3) шұғыл айғақтар бойынша – жолдаманың бар-жоғына қарамастан, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындайтын жоспарланған көлем шеңберінде МСАК маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша стационарлық медициналық көмек;
      4) МСАК маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;
      5) қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту;
      6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халық санатына паллиативтік көмек және мейіргер күтімі кіреді.
2. ТМККК тізбесі
      3. ТМККК шеңберінде жедел медициналық көмек:
      1) шұғыл айғақтар бойынша медициналық көмек көрсетуді;
      2) шұғыл айғақтары бойынша пациенттерді медициналық ұйымдарға жеткізуді;
      3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен немесе жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар бұқаралық іс-шараларды (қоғамдық, мәдени-бұқаралық, спорт және басқа) медициналық қамтамасыз етуді қамтиды.
      4. ТМККК шеңберіндегі санитариялық авиация:
      1) пациенттің тұрған жеріндегі медициналық ұйымда қажетті ресурстардың болмауына байланысты медициналық көмектің тиісті деңгейін көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетуді;
      2) авиакөлік және автокөлік құралдарымен білікті мамандарды межелі жерге жеткізуді немесе пациентті тиісті медициналық ұйымға тасымалдауды қамтиды.
      5. ТМККК шеңберіндегі амбулаториялық-емханалық көмек МСАК, КДК қамтиды және осы ТМККК тізбесіне қосымшаға сәйкес көлемде ұсынылады.
      6. Жоғары мамандандырылған және жаңа технологиялар пайдаланылатын медициналық көмек денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекітетін тізбеге сәйкес амбулаториялық-емханалық ұйым (бұдан әрі – АЕҰ) маманының жолдамасы бойынша көрсетіледі.
      7. ТМККК шеңберіндегі стационарлық көмек уәкілетті орган белгілеген стандарт палаталарда қосымша сервистік қызметтер (теледидар, телефон, тапсырыс бойынша тамақ және т.б.) ұсынусыз жүзеге асырылады.
      8. Стационарлық көмек түрінде көрсетілетін ТМККК уәкілеттік орган бекітетін түрлер мен көлемдерге сәйкес:
      1) мамандардың, оның ішінде телемедициналық коммуникацияларды пайдалана отырып, тексеріп-қарауын, консультация беруін;
      2) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес зертханалық және аспаптық зерттеулерді;
      3) медициналық қызметтерді (ақылы қызметтерді қоспағанда), медициналық айғақтар бойынша дәрілік формулярларға сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді;
      4) медициналық айғақтар бойынша қан және оның компоненттері препараттарымен қамтамасыз етуді;
      5) үш жасқа дейінгі, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтіп-бағуға мұқтаж ересек, науқасы ауыр балаларды күтіп-бағуды тікелей жүзеге асыратын анасына (әкесіне) немесе өзге адамға еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ бере отырып, онымен медициналық ұйымда бірге болу мүмкіндігін жасауды;
      6) бір жасқа дейінгі баланы емізетін ана баланы күтіп-бағу үшін медициналық ұйымда болған барлық кезеңде тегін тамақпен қамтамасыз етуді;
      7) балалар және азаматтардың әлеуметтік тұрғыдан осал санаттары үшін кеш оңалтуды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес ерте және жалғастырылатын медициналық оңалтуды;
      8) балалар стационарлық медициналық ұйымдарында ойнау, демалу және тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасауды;
      9) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халық санаты үшін паллиативтік көмек және мейіргер күтімін қамтиды.
      9. ТМККК шеңберінде стационарды алмастыратын медициналық көмек:
      1) мамандардың тексеріп-қарауын, консультация беруін;
      2) медициналық қызметтерді (ақылы қызметтерді қоспағанда), медициналық айғақтар бойынша дәрілік формулярларға сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді;
      3) стандарттарға сәйкес физио ем-шараны және емдік дене шынықтыруды қоса алғанда, айғақтар бойынша азаматтардың барлық санаттары үшін ерте және жалғастырылатын медициналық оңалтуды қамтиды.
      10. ТМККК шеңберінде патологоанатомиялық бюроның (бөлімнің) қызметтері:
      1) паталогоанатомиялық ашуды;
      2) операциялық және биопсиялық материалдарды гистологиялық зерттеуді;
      3) цитологиялық зерттеулерді қамтиды.
      11. ТМККК тізбесінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және айғақтар болған кезде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емдеу қамтылады.
      12. ТМККК көрсету үшін дәрілік заттармен қамтамасыз ету медициналық ұйымдар бекіткен және белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісілген дәрілік формулярларға сәйкес:
      1) жедел/кезек күттірмейтін/шұғыл медициналық жәрдемді;
      2) эпидемиялық айғақтары бойынша жұқтыру қаупі кезінде антирабикалық көмекті;
      3) айғақтар бойынша санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы көмекті;
      4) иммунопрофилактиканы/вакцинациялауды;
      5) стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады.
      13. ТМККК шеңберінде амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету уәкілетті орган бекіткен айғақтар және МСАК маманының рецептісі бойынша белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      14. ТМККК шеңберіндегі медициналық көмек кіші инвазивтік технологияларды пайдалана отырып, емдік-диагностикалық қызметтерді де қамтиды.
Тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемінің тізбесіне   
қосымша              
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің
шеңберіндегі амбулаториялық-емханалық көмек
1. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек



Іс-шаралар

Көрсетілетін қызметтердің атауы

Қызметтерді көрсету жиілігі

1

2

3

Қабылдау және консультациялар

Қабылдау, консультация (МСАК мамандары - жалпы практика дәрігері, учаскелік дәрігер/терапевт/педиатр, учаскелік мейірбике/жалпы практика мейірбике, фельдшер, акушер)

Келуі бойынша

МСАК мамандарының үйде қызмет көрсетуі

Айғақтар бойынша

Профилактика

Денсаулықты сақтау және нығайту, саламатты өмір салтын қалыптастыру, оңтайлы және дұрыс тамақтану мәселелері бойынша консультация беру

Қаралуына қарай және мамандардың жолдамасы бойынша

Отбасын жоспарлау мәселелері бойынша консультация беру

Келуі бойынша және мамандардың жолдамасы бойынша

Жатырішілік спиральді, контрацептивтік инъекцияны енгізу/алып тастау

Келуі бойынша және мамандардың жолдамасы бойынша

Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеріп-қараулар (скринингілік зерттеулер) жүргізу

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткен тәртіпке сәйкес кезеңділікпен

Инфекциялық аурулар ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар

Айғақтар бойынша

Иммунизациялауды жүргізу

Ұлттық екпе күнтізбесі шеңберінде және эпидемиологиялық айғақтар бойынша белгіленген кезеңділікке сәйкес

Профилактикалық кабинеттерде, сауықтыру мектептерінде оқыту

Келуі бойынша және мамандардың жолдамасы бойынша

Созылмалы ауруларды басқару бағдарламаларына сәйкес науқастарды және оның отбасы мүшелерін өзін-өзі бақылауға, өзіне өзі және өзара көмек көрсетуге оқыту

Келуі бойынша және мамандардың жолдамасы бойынша

Созылмалы аурулары бар адамдарға телефон арқылы консультация беру

Келуі бойынша және мамандардың жолдамасы бойынша

Медициналық-әлеуметтік және психологиялық қызметтер

Айғақтар бойынша

Балалардың, соның ішінде жаңа туған нәрестелердің патронажы

Уәкілетті орган белгілеген кезеңділікке сәйкес және айғақтар бойынша

Жүкті әйелдердің патронажы

Уәкілетті орган белгілеген кезеңділікке сәйкес және айғақтар бойынша

Аурудың созылмалы түрлері бар науқастарды динамикалық бақылау жолымен аурулар мен олардың асқынуының қайталама профилактикасы

Уәкілетті орган бекіткен кезеңділікпен стандарттарға сәйкес

Балаларды тісті және ауыз қуысының сілемейлі қабығын күту бойынша санитариялық-гигиеналық дағдыларға оқыту

профилактикалық мақсатта жылына 1 рет

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың, жүктілігі бойынша есепте тұрған әйелдердің ауыз қуысын профилактикалық тексеріп-қарау

Профилактикалық мақсатта жылына 1 рет

Диагностика

Есту және көру өткірлігін өлшеу

Белгіленген кезеңділікке сәйкес профилактикалық мақсатта, қалған жағдайларда айғақтары бойынша

Көз ішінің қысымын өлшеу

Белгіленген кезеңділікке сәйкес профилактикалық мақсатта, қалған жағдайларда айғақтар бойынша

Лейкоформуламен жалпы қан талдауы, гемоглобин, эритроциттер, түсті көрсеткіш, лейкоциттер, ЭТЖ, тромбоциттер.
Ақуызды және глюкозаны анықтай отырып, несепті жалпы талдау

Келуі бойынша жылына 1 рет
қалған жағдайларда айғақтар бойынша

Қанның ұю уақыты, безгек плазмодиясына қан алу, Нечипоренко бойынша несеп, несептегі өт пигменттері

Айғақтар бойынша

Микрореакция

Келуі бойынша жылына 1 рет
қалған жағдайларда айғақтар бойынша

Копрограмма

Профилактикалық мақсатта жылына 1 рет, қалған жағдайларда айғақтар бойынша

Туберкулезді айқындауға қақырық алу

Айғақтар бойынша

Микробиологиялық зерттеуге материал алу

Айғақтар бойынша

АИТВ инфекциясына және Вассерман (RW) реакциясына қан алу

Келу кезінде ерікті анонимді және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау, қалған жағдайларда айғақтары бойынша

Алу және биохимиялық зерттеу: холестерин, триглицеридтер, қандағы глюкоза, оның ішінде тест-жүйені пайдалана отырып экспресс әдістер жүргізу

Уәкілетті орган белгілеген кезеңділікке сәйкес профилактикалық мақсатта, басқа жағдайларда айғақтар бойынша

Алу және биохимиялық зерттеу: АЛАТ, АСАТ, жалпы билирубин, несепнәр, креатинин

Айғақтар бойынша

Зерттеудің басқа түрлеріне биологиялық материал алу

Айғақтар бойынша

Қынаптық сүртіндінің микроскопиясы және қынапты санациялау

Профилактикалық мақсатта жылына 1 рет, басқа жағдайларда айғақтары бойынша

Иммундық химиялық зерттеулер (экспресс әдісімен гемокульт-тест)

Уәкілетті орган белгілеген кезеңділікке сәйкес профилактикалық мақсатта, басқа жағдайларда айғақтар бойынша

Безгек плазмодиясына қан талдауы

Айғақтар бойынша

Электрокардиограмма

Уәкілетті орган белгілеген кезеңділікке сәйкес профилактикалық мақсатта, қалған жағдайларда айғақтар бойынша

2 ТЕ ППД-Л-мен Манту сынамасын «қауіп» тобындағы балаларға және балаларда туберкулезге күдік болған кезде қою (оның ішінде БЦЖ девакцинация және ревакцинация мақсатында)

Уәкілетті орган белгілеген кезеңділікпен, қалған жағдайларда айғақтар бойынша

15 жастан бастап флюорография

Профилактикалық мақсатта жылына 1 рет, қалған жағдайларда айғақтар бойынша

Емдеу, манипуляциялар және емшаралар

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету

Айғақтар бойынша

Иммобилизация (қатты дәке таңғышты, шиналарды салу)

Айғақтар бойынша

Дәрі-дәрмекпен емдеуді тағайындау

Айғақтар бойынша

Венаға, бұлшық ет астына, тері астына инъекциялар жүргізу

Айғақтар бойынша

Стационарды алмастыратын, соның ішінде үйде көмек көрсету

Айғақтар бойынша

18 жасқа дейінгі балаларға физиоемшара және 1 жасқа дейінгі балаларға массаж жасау

Айғақтар бойынша


2. Консультациялық-диагностикалық көмек





Көрсетілетін қызметтердің атауы

Қызметтерді көрсету жиілігі

Қабылдау және консультациялар

Бейінді мамандардың, оның ішінде телемедицина коммуникациясын пайдалана отырып:
МСАК мамандарының жолдамасы бойынша;
бейінді мамандардың жолдамасы бойынша, басқа ағзалардың зақымдануымен асқынулар болған жағдайда сараланған диагностика жүргізу бойынша қабылдауы және консультациясы, үйде консультация беру

Айғақтар бойынша

Маманның жолдамасы бойынша жүкті әйелдерге және 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық-генетикалық консультация беру

Айғақтар бойынша

Диагностика

Уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес халықтың нысаналы тобына скринингілік зерттеулер жүргізу

Уәкілетті орган белгілеген кезеңділікке сәйкес

Зерттеулердің зертханалық және аспаптық әдістері

МСАК мамандарының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша

Жалпы клиникалық талдаулар

Айғақтар бойынша
МСАК мамандарының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша

АИТВ инфекциясына және Вассерман (RW) реакциясына қанды зерттеу

Келген кезде ерікті анонимді және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау, қалған жағдайларда айғақтары бойынша

Маманның жолдамасы бойынша гормондық зерттеу

Айғақтар бойынша

Ағзаны транспланттаудан кейінгі пациенттің қанындағы иммундық супрессивті концентрацияны анықтау

Айғақтар бойынша

Биохимиялық талдаулар

Айғақтар бойынша
МСАК мамандарының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша

Операция жасауға стационарға емдеуге жатқызылатын адамдар қанының тобы мен резус факторлары

Айғақтар бойынша

Биологиялық материалды (бактериялық себінді) микробиологиялық зерттеу

Айғақтар бойынша

УДЗ, рентгенография, фиброгастродуоденоскопия, ректороманоскопия, дуоденальды зондтау, колоноскопия, МСАК мамандарының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша функционалдық диагностика әдістері және биопсияға материал алумен эндоскопияның басқа түрлері

Айғақтар бойынша не жылына 1 реттен жиі емес және пациенттің келу кезінде профилактикалық мақсатта

«В» және «С» вирустық гепатиттерін диагностикалауға (иммуннды-ферментті талдау, полимераздық тізбекті реакция):
анамнезінде операциялық араласу болған, қан және оның компоненттері құйылған қан ауруларымен және қатерлі ісік ауруларымен ауыратын гемодиализдегі балаларға;
анамнезінде операциялық араласу болған, қан және оның компоненттері құйылған қан ауруларымен және қатерлі ісік ауруларымен ауыратын гемодиализдегі ересектерді, сонымен қатар «В» және «С» вирустық гепатиттерін жұқтыру қаупі жоғары медициналық қызметкерлерге скринингілік зерттеу жүргізу

Уәкілетті орган белгілеген кезеңділікке сәйкес

Психикалық белсенді заттарды тұтыну тұрғысынан медициналық куәландыру

Құқық қорғау органдары, тергеу және анықтау органдары жолдама берген кезде

Сот-наркологиялық сараптама

Сот органдарының шешімі бойынша

Сот-психиатриялық сараптама

Сот органдарының шешімі бойынша

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал санаттары үшін: (18 жасқа толмаған балаларға; жүкті әйелдерге, Ұлы Отан соғысына қатысқандарға; 1, 2, 3-топтағы мүгедектерге; «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға; атаулы әлеуметтік көмек алушыларға; жасы бойынша зейнеткерлерге; инфекциялық, әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын науқастарға және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратындарға) маманның жолдамасы бойынша қымбат тұратын диагностикалық зерттеулер түрі

Айғақтар бойынша

1. Полимеразды тізбекті реакция (ПТР)

Айғақтар бойынша

2. Иммуннды фенотиптеу

Айғақтар бойынша

3. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген көлемде және мерзімдерде жүкті әйелдерді медициналық-генетикалық зерттеу (ультрадыбыстық скрининг, ұрықтың анатомиясын бағалау, инвазивті пренатальдық емшаралар, цитогенетикалық зерттеулерге биохимиялық скрининг)

Айғақтар бойынша

4. Компьютерлік томография

Айғақтар бойынша

5. Магниттік-резонансты томография

Айғақтар бойынша

6. Позитрондық-эмиссиялық томография

Айғақтар бойынша

7. Бір фотонды эмиссиялық компьютерлік томография

Айғақтар бойынша

8. 8. Ангиография

Айғақтар бойынша

Емдеу, манипуляциялар және емшаралар

Пациенттің қаражаты есебінен немесе ерікті медициналық сақтандыру шарты шеңберінде, оның ішінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрілік заттарды пайдалана отырып, хирургиялық, гинекологиялық, отоларингологиялық, урологиялық, офтальмологиялық және басқа амбулаториялық емшаралар

Айғақтар бойынша
МСАК мамандарының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша

Уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес экстракорпоральдық ұрықтандыру

Айғақтар бойынша, бірақ ЭКҰ 2 циклынан көп емес

Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары үшін шұғыл стоматологиялық көмек (жіті ауырсыну): ауырсынуды басу, тісті тазалау және химиялық қатырылған құрама материалдан жасалған пломбаны салу, ауырсынуын баса отырып тісті жұлу, периостотомия, абсцестерді ашу

Айғақтары бойынша

Ауырсынуды басу, тісті тазалау және химиялық қатырылған құрама материалдан жасалған пломбаны салу, ауырсынуын баса отырып тісті жұлуды қоса алғанда, маманның жолдамасы бойынша балаларға және жүкті әйелдерге (ортодонтикалық және ортопедиялық көмектен басқа) жоспарлы стоматологиялық көмек

Айғақтар бойынша

Тіс-жақ аномалиясын жоюға арналған (ортодонтикалық пластинка) аппаратты пайдалана отырып жақ-бет саласының туа біткен патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек

Айғақтар бойынша

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал санаттарын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен стандарттарға сәйкес ерте және жалғастырылатын медициналық оңалту

Айғақтар бойынша


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет