Техника негіздері



бет5/11
Дата27.09.2022
өлшемі0.81 Mb.
#461413
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Микропроцессорлы техника негіздері

a

b

1.14 Сурет
1.2.3.3.1 Мультиплексор негізінде қиыстырма құрылғы құру
Дешифраторлар сияқты мультиплексорлар негізінде де қиыстырма құрылғылардың жұмысын жүзеге асыруға болады. Біз оның екі жолын (тәсілін) қарастыралық.
Бірінші тәсілде жүзеге асырылуы қажетті функцияның сәйкесті аргументтер жинағындағы мәндері мультиплексордың дерек кірістеріне, ал аргумент мәндері оның адрестік кірістеріне беріледі. Бұл жерде мультиплексордың сілтеу (адрестік) кірістерінің саны функцияның аргументтерінің санымен (n) бірдей болу керек, демек, оның дерек кірістерінің саны 2n болады. 1.10-кестеде берілген функцияның осы тәсілмен, яғни сегізкірісті мультиплексор негізінде жүзеге асырылуы 1.15, a-суретте көрсетілген. Бұндағы жеке блок түрінде суреттелген мультиплексордың дерек кірістерінің шықпалары сол жағына, ал сілтеу кірістерінің шықпалары оның үстіңгі жағына орналастырылған.
1.10 К е с т е

X2

X1

X0

Y

0

0

0

1

0

0

1

0

0

1

0

0

0

1

1

1

1

0

0

1

1

0

1

1

1

1

0

0

1

1

1

0

Екінші тәсіл, функцияның аргументтерінің саны мультиплексордың сілтеу кірістерінің санынан артық болған жағдайда қолданылады. Бұл кезде мультиплексордың сілтеу кірістеріне аргумент сигналдарының бір бөлігі беріледі де, қалғаны оның дерек кірістерін реттеуге пайдаланылады. Келтірілген функцияның осы тәсілмен төрткірісті мультиплексор негізінде жүзеге асырылуы 1.15, b-суретте келтірілген. Бұнда A2 және A1 аргументтері мультиплексордың сілтеу сигналдары ретінде, ал A0 аргументі оның дерек кірістерін реттеуге пайдаланылған.





a

b

1.15 Сурет
1.2.3.4 Демультиплексорлар
Демультиплексор дерек кірісіндегі сигналды сілтеу коды арқылы анықталған шығысына жіберетін құрылғы. 
Демультиплексордың дешифратор арқылы құрылған сұлбасы 1.16, a-суретте, ал оның шартты сызба белгілемесі 1.16, b-суретте келтірілген.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет