«Технология және стандарттау» кафедрасы бт-231 тобында өткізілген кураторлық сағаттың хаттамасы



Дата11.10.2023
өлшемі20.24 Kb.
#480427
Тәрбие сағаты хаттамасы


«Технология және стандарттау» кафедрасы

БТ-231 тобында өткізілген кураторлық сағаттың хаттамасы




ХАТТАМА № 1

Кураторлық сағаттың отырысы «4» қыркүйек 2023 ж.


Куратор: Нармандах Ж.


Хатшы: Дильдабаева А. (топ старостасы)


Қатысқандар: БТ-231 тобының студенттері


КҮН ТӘРТІБІ:


1. «Білім күні»
2. Бірінші курс студенттерін университет Жарғысымен, ішкі тәртібімен және Академиялық адалдық ережелерімен, Корпаративтік этика Кодескмен, Студенттік ар-намыс кодексімен таныстыру
3. Білім алушыларды үйірмелер мен шығармашылық үйірмелерге қатысуға тарту

ТЫҢДАЛДЫ:


Адамды адаммен, халықты халықпен, ұлтты ұлтпен теңестіретін нәрсе ол – білім. Білім ол адам баласының өмірілік азығы іспеттес. «Оқу инемен құдық қазғандай» - деп дана халқымыз айтпақшы білімді болу адам баласының ұлы мұраты. Университетте алынған білім адамның болашақта өмірде өз орнын тауып, ұлы Абай айтқандай дүниенің бір кетігін тауып, кірпіш боп қалануының басты шарты. Университет қабырғасында алынатын білім ол болашақ мамандық ірге тасы, адамның өмірдегі мансабының тиісті бөлшегі. Тәрбисіз білімнің адамзат баласына пайдасынан қасіреті мол болары сөзсіз.

Кураторлық сағатта жасалған баяндаманы тақылай отырып


ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:


1. Білім адам баласының өз өмірінде ұмтылар ұлы мұраты болып табылады. Болашақта өмірде кездесер асулардан сүрінбей өту үшін білім жолында аянбай тер төгу әрбір студенттің басты міндеті болуы тиіс. Білімнің сапасын арттыруға, оны өз өмірінің азыға етуге талпыну қажет.
2. Шешімінің орындалысына бақылау жасау кураторға тапсырылсын.
3. Үйірмелер мен шығармашылық үйірмелерге, КДМ құрамына кірген студенттер тізімі өткізілсін.

Төрағасы (куратор) Ж. Нармандах


Хатшы (староста) Ә. Әшім.

«Технология және стандарттау» кафедрасы


БТ-231 тобында өткізілген кураторлық сағаттың хаттамасы




ХАТТАМА № 2

Кураторлық сағаттың отырысы «5» қазан 2023 ж.


Куратор: Нармандах Ж.


Хатшы: Дильдабаева А. (топ старостасы)


Қатысқандар: БТ-231 тобының студенттері


КҮН ТӘРТІБІ:


1. «Ұстаздар күні»
2. Әртүрлі мәселелер.

ТЫҢДАЛДЫ:


Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білі нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі ұшан-теңіз. Білім көшін алға жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына қандай құрмет көрсетсе де лайықты. Жоғарғы оқу орынындағы ұстаздың өзіндік ерекшелігі - ол студенттің әрдайым қасынан табылар кеңесшісі, әріптесі және ақылшысы. Жоғарғы оқу орынындағы бар ауыртпалықтар қатардағы оқытушылар мен аға оқытушылардың мойынына жүктеледі. Ұстаздар қауымын өздерінің кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, осынау абыройлы және қоғам үшін аса қажет мамандықтың иелеріне біз әрдайым құрметпен қарайтындығымызды білдіргіміз келеді. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» - деп ұлы Абай айтқандай ұстаз қоғам үшін басты тұлға.
Жоғарыда аталғандардың негізінде тәрбие сағаты

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:


1. Ұстаздар күніне арналған мерекелік шараларға белсене атсалысқан топ студенттеріне алғыс жариялансын.
2. Топ студенттеріне университеттің ішкі тәртібін қатан сақтау тапсырылсын және университетте рұқсаттық жүйенің енгізілуіне байданысты турникетке өту картасы өздерімен алып жүру міндеттелсін.
Төрағасы (куратор) Ж. Нармандах
Хатшы (староста) Ә. Әшім.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет