Технология оқу пəнінің мақсаты — техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісі негіздері жөнінде алған білімі жүйесінің нəтижелігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамтамасыз ету, сонымен қатар технологиялық ойлау



Дата13.06.2023
өлшемі81.39 Kb.
#475012
Презентация2


Технология» оқу пəнінің мақсаты — техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісі негіздері жөнінде алған білімі жүйесінің нəтижелігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамтамасыз ету, сонымен қатар технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық көзқарасын дамыту болып табылады.
Пəннің оқыту бағыты оқушыларды материалдық кұндылықтардың заманауи өндірісінің негізгі технологиялық үрдістерімен таныстыруға, кейінгі кəсіптік білім алуға жəне еңбек етуге қажетті дайындықтарын қамтамасыздандыруға негізделген. Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы жəне қоғамның қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымының жетістіктерін ескере отырып, белгіленген
Қазіргі таңда өндірістік еңбек технологиясы саласында жеті жүйе қолданылады, олар «пəндік»,«операциялық», «операциялық-пəндік», «операциялық-кешенді», «моторлы жаттығулы»,«проблемалық-аналитикалық» жəне «конструкторлық-технологиялық».
«Технология» пəнін оқыту үрдісін ұйымдастыру барысында міндетті түрде оқытудың дидактикалық жүйелері анықталуы тиіс. Себебі оқыту мазмұнына сəйкес оқушылар бойында қалыптасатын іскерлік пен дағдыны белгілі бір анықталған жүйе негізінде жүргізілуі керек.
Технология пәні мұғалімі оқушыларды еңбек объектілерін даярлау процесіне қатыстырады.
1. Еңбек объектісінің технология пәні бағдарламасына сәйкестігін.
2. Еңбек объектісін дайындауда оның тәрбиелеу және дамыту функциясын
3. Еңбек объектісін дайындауда сабақтастықты жүзеге асыруды.
4. Еңбек объектісін дайындауда шамаға лайықтылық пен қажетті күрделіліктің
5. Еңбек объектісінің педагогикалық мақсаты мен қоғамдық мақсаттылықпен үйлесімділігін.
6. Еңбек объектіліерінің оқушы шығармашылығы бастамасын дамытуды жүзеге асыруын.
7. Еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет