Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2009 жылғы «27»шілдедегі
№ 176 бұйрығымен
бекітілген
Технологиялық құбыр өткізгіштерді пайдалану кезіндегі
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
1-тарау. Жалпы талаптар
1. Бұл Талап жұмыс температурасы-196ºС бастап 700ºС дейін және қалдық қысымы (вакуумы) 0,001 МПа (0,01 кгс/см2) шартты қысымы 320 МПа (3200 кгс/см2) дейінгі мөлшерде газ, бу түріндегі заттарды және сұйық заттарды тасымалдауға арналып жобаланған, жаңадан дайындалған, жетілдірілген және қауіпті өндірістік нысандарда пайдаланылатын болат құбыр өткізгіштерге таратылады.
2. Құбыр өткізгіштердің құбырларының және олардың бөлшектерінің қабырғаларының қалыңдығы құбырлардың қолданыстағы сұрыптарына тиесілі құқықтық-техникалық құжаттар бойынша ортаның коррозиялық және эрозиялық қасиеттерінің есепті мөлшерлеріне байланысты беріктігін есептеумен анықталады. Құбырлардың және олардың бөлшектерінің қабырғаларының қалыңдығын таңдау кезінде оларды дайындау технологиясының (ию, жинау, пісіріп-қосу) ерекшеліктері ескеріледі.
Құбыр өткізгіштердегі есепті қысым ретінде:
1) құбыр өткізгіш жалғанған аппаратқа арналған есепті қысым;
2) қысымдағы құбыр өткізгіштер үшін (сорғылардан, компрессорлардан, газ айдағыштардан кейін)-айдалу жағынан ысырмалы бекіткіш жабық кезіндегі сыртқа тебуші машинамен дамитын ең жоғарғы қысым; ал поршенді машиналар үшін-қысым беру көзіне орнатылған сақтандырғыш қақпақша іске қосылатын қысым;
3) сақтандырғыш қақпақша орнатылған құбыр өткізгіштер үшін сақтандырғыш қақпақшаны реттеу қысымы алынады.
Аппаратпен бірге беріктілік пен тығыздыққа сыналатын құбыр өткізгіштер аппараттың сынақ қысымын есептей отырып беріктілікке есептеледі.
3. Құбырлардың қабырғасының қалыңдығын есептеген кезде қабырғалардың есептелген қалыңдығына коррозиялық жемірленудің орнын толтыруға арналған қосымша қалыңдықты, құбыр желісінің пайдалануының есептелген мерзімін қамтамасыз етуіне және коррозиялық жемірлену жылдамдығына байланысты таңдалады.
Коррозиялық жемірлену жылдамдығына байланысты орта мынадай түрлерге бөлінеді:
1) агрессиялы емес және аз агрессиялы-коррозиялық жемірлену жылдамдығы 0,1 мм/жыл дейін (берік болат);
2) орташа агрессиялы-коррозиялық жемірлену жылдамдығы 0,1-0,5 мм/жыл;
3) жоғарғы агрессиялы-коррозиялық жемірлену жылдамдығы 0,5 мм/жыл жоғары.
Коррозиялық жемірлену жылдамдығы 0,1-0,5 мм/жыл және 0,5 мм/жыл жоғары болған жағдайда болаттың беріктігі төмен болып саналады.
4. Құбыр өткізгіштерге арналған материалдар мен бұйымдарды таңдау кезінде:
1) тасымалданатын ортаның есепті қысымы мен есепті температурасы;
2) тасымалданатын ортаның қасиеттері (бұзылушылығы, жарылыс және өрт қауіпсіздігі, зияндылығы және соларға ұқсастары);
3) материалдар мен бұйымдардың қасиеттерін (беріктілігін, суыққа төзімділігін, жемірлікке қарсы беріктілігін, пісіріліп жалғануын және соларға ұқсастарын);
4) қоршаған ортаның, ашық ауада немесе жылытылмайтын ғимараттарда орналасқан құбыр өткізгіштерге әсер ететін жағымсыз температурасы есепке алынады. Құбыр өткізгіштерге арналған материалдар мен бұйымдарды таңдау кезінде қоршаған ауаның есептелген температурасы мынадай көрсеткіштерде қабылданады:
егер қысыммен немесе вакуумда жұмыс істейтін құбыр өткізгіш қабырғасының жұмыс кезіндегі температурасы оң болса, қамтамасыз етілуі 0,92 тең осы аумақтың ең суық бескүндігінің орташа температурасы;
егер қысыммен немесе вакуумда жұмыс істейтін құбыр өткізгіш қабырғасының жұмыс кезіндегі температурасы, оны қоршаған ортаның әсер етуіне байланысты теріс болатын болса, осы аумақтың абсолютті ең кіші температурасы.
5. Құбыр өткізгіштер мен жобалау ұйымдардың арматураларына жобалау құжаттарында көрсетілген пайдалану мерзімдері тағайындалады.
2-тарау. Шартты қысымы 10 МПа (100 кгс/см2) дейінгі
технологиялық құбыр желілері
1-параграф. Құбыр өткізгіштердің классификациясы
6. Қысымы 10 МПа (100 кгс/см2) қоса есептегендегі құбыр өткізгіштер тасымалданатын заттардың қауіптілік сыныбына (жарылысқа және өртке қауіптілігі мен зияндылығы) байланысты А, Б және В топтарына және ортаның жұмыс көрсеткіштеріне (қысымға және температураға) байланысты-бес санатқа (I, II, III, IV, V) бөлінеді.
Құбыр өткізгіштердің классификациясы осы Талаптың 1-қосымшасында көрсетілген.
7. Құбыр өткізгіштердің санаттары құрылымға техникалық талаптың, жөнделуі және құбыр өткізгіштерді бақылау көлемінің жиынтығын анықтайды.
8. Технологиялық ортаның қауіптілік сыныбы технологиялық ортадағы заттардың қауіптілік сыныбы мен олардың қатынасы негізінде жобаны дайындаушылармен анықталады.
9. Құбыр өткізгіштердің санаттары жобаны дайындаушылармен әрбір құбыр өткізгішке жеке-жеке белгіленіп, жобалық құжаттарда көрсетіледі.
10. Құбыр өткізгіштердің пайдалану шарттарына байланысты жоғары санатты құбыр өткізгішті (ортаның жұмыс параметрімен анықталғанына қарағанда) пайдалануға жол берілетін болады.
Белгілі бір тасымалдау ортасының топтарының белгісіне ортаның топ белгілері (А, Б, В) және заттардың қауіптілік сыныбын көрсететін кіші топ белгілері (а, б, в) кіреді.
Жалпы көріністегі құбыр өткізгіштердің топтарын белгілеу тасымалданатын ортаның топ белгілеріне сәйкес болады. «А(б) тобының құбыр өткізгіші» белгісіне құбыр өткізгіш бойымен А(б) тобындағы орта тасымалданатынын білдіреді.
Әртүрлі қоспалардан тұратын ортаны тасымалдайтын құбыр өткізгіштердің тобы жауаптырақ топқа жататын қоспаның топ белгісі талап ететін қатынаста қойылады. Қоспа құрамында 1, 2 және 3-сыныпты қауіпті топтарға жататын заттар болса және егер олардың біреуінің шоғырлануы неғұрлым қауіпті болса, қоспаның тобын осы зат бойынша анықтайды.
Егер физикалық-химиялық қасиеттеріне байланысты неғұрлым қауіпті зат қоспаның құрамына елеусіз мөлшерде кіретін болса, онда құбыр өткізгіштің жауапкершілігі кемірек топқа немесе санатқа жатқызылуын жобалаушы ұйым шешеді.
Құбыр өткізгіштің дәрежесі оның неғұрлым жауапты санат талабына жауап беруі бойынша белгіленеді.
Вакуумдық құбыр өткізгіштер үшін шартты қысым көрсеткіші емес, жұмыс кезіндегі абсолютті қысым көрсеткіші есептеледі.
Заттарды жұмыс температурасымен тасымалдайтын, өзінен-өзі тұтану температурасына тең немесе одан жоғары немесе жұмыс температурасы-40ºС төмен, сонымен қатар қалыпты жағдайда сумен немесе оттегімен сәйкес келмейтін құбырөткізгіштер I санатқа жатқызылады.
2-параграф. Құбыр өткізгіштерге қолданылатын материалдарға
қойылатын талаптар
11. Құбыр өткізгіштерде қолданылатын құбырлар, түрлі жалғау бөлшектері, ернемектер, езілгіштер мен бекіткіш бұйымдар сапасы, техникалық сипаттамасы мен материалдары бойынша тиісті нормативті-техникалық құжаттардың талаптарына жауап береді.
Құбыр өткізгіштерді дайындауда қолданылатын материалдар мен дайын бұйымдардың сапасы мен техникалық сипаттамасы дайындаушылар берген сертификаттарымен расталады. Сертификаттары жоқ материалдар мен бұйымдар олардың нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестігі тексерілгеннен және сыналғаннан кейін II және одан төмен санатты құбырөткізгіштерге қолдануға рұқсат етіледі.
Құбыр өткізгіштердің бөлшектерінің материалдары жалғанатын құбыр материалдарына сәйкес келеді. Әртүрлі құбырларды қолданғанда және оларды пісіріп жалғау кезінде тиісті нормативтік-техникалық құжаттардың талаптары басшылыққа алынады.
12. Құбыр өткізгіштің құбырлары мен әртүрлі бөлшектері құбыр элементтерінің қабырғаларының ең кіші есептелген температурасында ағу шегінің беріктілік шегіне ара-қатынасы 0,75 аспайтын, бес еселік үлгілерінде айыру кезінде металдың салыстырмалы ұзаруы 16 % кем емес және соққылы тұтқырлығы 30 Дж/см2 (3,0 кг·м/см2) төмен болмайтын, технологиялық пісіріліп жалғануға жарайтын болаттан дайындалады.
13. Құбырлар тасымалданатын ортаның көрсеткіштеріне байланысты нормативті құқықтық құжаттардың талаптарына сәйкес таңдалады.
14. Құйып дайындалған тігіссіз құбырларды, сонымен қатар осы құбырларға арналған әртүрлі бөлшектерді, оларды ультрадыбысты ақаукөргіш (бұдан әрі-УДА) тәсілімен барлық бет бойынша 100 % көлеміне бақылау жүргізген жағдайда, бірінші және екінші дәрежелі құбыр өткізгіштердің А және Б топтарына пайдалануға рұқсат етіледі.
15. Сығылған көмірсутекті газдарды (бұдан әрі-СКГ), сонымен қатар А (а) тобына жататын заттарды тасымалдауға арналған құбыр өткізгіштерде ыстық және салқын түрде соғылған тігіссіз құбырлар пайдаланылады. Нормативтік-техникалық құжаттардың сілтемелеріне сәйкес, А (а) тобына жататын заттарды және жұмыс қысымы 2,5 МПа (25 кгс/см2) және температурасы 200ºС дейін болатын металдың таттануы жылына 0,01 мм болғанда сығылған көмірсутекті газдарды тасымалдау үшін, термоөңдеуден, пісіріп жалғанған тігістері жүз пайыздық бақылаудан (УДА немесе сәуле өткізу тәсілін пайдаланып) өткен, пісіріп жалғанған тігістерінен алынған үлгілерін механикалық және сонымен қатар, соғылмалы ағуға толық көлемде сынау жұмыстарының оң нәтижелері алынған, шартты диаметрі 400 мм жоғары электрлі пісіріліп дайындалған құбырларды пайдалануға рұқсат етіледі.
Құбыр ретінде шартты қысымы 2,5 МПа (25 кгс/см2) дейін қысымда жұмыс істейтін ыдыстардың құрылымы мен оларды пайдалану талаптарына сәйкес дайындандалған орама қаңқалар пайдалануға рұқсат беріледі.
16. Құбыр өткізгіштерге металдарының химиялық құрамы және механикалық қасиеттері қалыпқа келтірілген (В тобына жататын) құбырлар пайдаланылады.
17. Құбырлар құбырға арналған нормативтік-техникалық құжаттарда көрсетілген гидравликалық қысымды дайындаушымен сыналады немесе сынау қысымының кепілдік үлкендігі көрсетілген сертификатында көрсеткіші болады.
Егер тігіссіз дайындалған құбырлар барлық бойына бұзылмайтын тәсілмен бақылаудан өтсе, оларға гидравликалық сынақ жүргізуге рұқсат берілмейді.
18. Шиыршықты тігісі бар электрлі пісіріліп дайындалған құбырлар құбыр өткізгіштердің түзу бөліктерінде пайдаланылуға рұқсат беріледі.
19. А(б), Б(а), Б(б) топтарындағы (1-қосымшада көрсетілген) заттарды тасымалдауға арналған электрмен пісіріліп дайындалған құбырлар жұмыс температурасы 300ºС жоғары, қысымы 1,6 МПа (16 кгс/см2) жоғары қысылған газ бен 2,5 МПа (25 кгс/см2) қысымнан жоғары Б(в) және В топтарын қоспағанда олардың пісіріліп жалғанған тігістері жүз пайыздық бұзбай бақылау түрімен (УДА немесе радиолық сызықтық тәсілін пайдаланып) бақыланып, иілуге немесе соғылмалы ағуға сыналады.
Термо өңделмеген құбырларды қолдануға сыртқы диаметрінің қабырғаларына қалыңдығы 50 не одан артық болған жағдайда металдың таттану шытынауын болдырмайтын орталарды тасымалдауға рұқсат беріледі.
20. Металдың таттану шытынауын тудыратын ортамен әрекеттесетін электрлі дәнекерленген құбырлар, қысым мен олардың қабырғаларының термо өңделу қалыңдығына қарамастан, олардың пісіріліп қосылған тігістері негізгі металға бірдей берік және бұзбай бақылау әдістерімен (УДА немесе радиолық сызықтық) жүз пайыз бақылануға тартылады.
21. Жартылай тыныш көміртекті болаттан жасалған құбырлар қабырға қалыңдығы 12 мм артық болмағанда В тобы ортасы үшін пайдалану барысында құбыр өткізгіш қабырғасы-20ºС температурадан төмен болмауды қамтамасыз еткенде сыртқы ауаның есепті температурасы-30ºС төмен болмайтын аумағында пайдалануға рұқсат беріледі.
Қайнайтын көміртекті болаттан жасалған тұрбалар В тобы ортасы үшін қабырға қалыңдығы 8 мм артық және қысым 1,6 МПа (16 кгс/см2) артық болмағанда ауаның есепті температурасы-10ºС төмен болмайтын аумақта пайдалануға рұқсат беріледі.
22. Олар үшін ернемектер мен материалдар құрылысын нормативтік-техникалық құжаттар бойынша жұмыс ортасының параметрлерін есепке ала отырып таңдайды.
23. Тегіс ерітіп жабыстырылған ернемектер шартты қысым 2,5 МПа (25 кгс/см2) артық болмағанда және орта температурасы 300ºС артық болмағанда жұмыс істейтін құбыр өткізгіштер үшін пайдаланылады. А және Б тобындағы 1 МПа (10 кгс/см2) дейінгі шартты қысымды құбыр өткізгіштер үшін 1,6 МПа (16 кгс/см2) шартты қысымға қарастырылған ернемектер қолданылады.
24. Температураға қарамастан 2,5 МПа (25 кгс/см2) артық шартты қысымда жұмыс істейтін құбырөткізгіштер үшін, сонымен қатар 300ºС артық жұмыс температуралы құбыр өткізгіштер үшін қысымға қатынасы болмайтын қыспаққа ерітіліп жабыстырылған ернемектер пайдаланылады.
25. Ерітіліп жабыстырылған ернемектер бандажды дайындаулардан немесе шыңдалған темірлерден дайындалады.
Ерітіліп жабыстырылған ернемектерді дайындауға 2,5 МПа (25 кгс/см2) артық шартты қысымда жұмыс істейтін құбыр өткізгіштерге арналған беттің тегістігі бойынша жаншып қақтау жолымен немесе 6,3 МПа (63 кгс/см2) артық шартты қысымда жұмыс істейтін құбыр өткізгіштер үшін соғылған жолақтың иілуімен, пісіріліп қосылған тігістерін радиографиялық немесе ультрадыбыстық тәсілмен жүз пайыздық бақылау шартында рұқсат беріледі.
26. Ернемектердің тығыздалатын беттерінің түрін таңдаған кезде осы Талаптың 2-қосымшасы басшылыққа алынады.
27. І санатты жарылыс қауіпті технологиялық объектілердің А және Б топтарындағы заттарды тасымалдайтын құбыр өткізгіштер үшін шектегішті сақиналы тығыз шиыршықты төсемдерді қолданудан басқа тығыздау бетті ернемек арқылы жалғастырғышты қолдануға рұқсат берілмейді.
28. Ернемекті байланыстар үшін бекіту бөлшектер мен оларға арналған материалдар ернемек болатының маркасы мен жұмыс жағдайына байланысты таңдалады.
300º С артық және-40ºС төмен температурада ернемек арқылы жалғастыру үшін қысымға қарамастан өзек пайдаланылады.
29. Өзек, бұранда, сомындарды дайындаған кезде өзектің немесе бұранданың қаттылығы сомын қаттылығы 10-15 НВ кем болмайтындай жоғары болады.
30. Тіреу өнімдерін қайнайтын, жартылай тыныш, автоматты бессемер болаттан дайындауға рұқсат берілмейді.
31. Дайындау материалы немесе сапалы көміртекті, жылу ұстағыш және ыстыққа берік қоспалы болаттардан жасалған дайын тіреу өнімдері термо өңделеді.
1,6 МПа (16 кгс/см2) дейінгі қысымда және 200ºС дейінгі жұмыс температурасында қолданылатын тіреу өнімдеріне көміртекті болаттан дайындалған 48 мм диаметрлі тіреу бөлшектеріне термо өндіру жүргізуге рұқсат берілмейді.
32. Аустенитті сыныпты болаттан дайындалған тіреу бөлшектерін қолданған жағдайда ортаның жұмыс температурасы 500ºС артық болғанда айналдыру тәсілімен бұранда дайындауға рұқсат берілмейді.
33. Тіреу бөлшектерінің материалдары желілі кеңею мәні бойынша ернемек материалының желілі кеңею коэффициентінің желілі кеңею материалы 10 % артық болмағандағы айырмашылығы мәніне жақын коэффициентімен таңдалады.
Беріктігі мен экспериментті зерттеулеріне негізделген есебі жағдайында ортаның жұмыс температурасы 100ºС артық болмағанда ернемек арқылы жалғастыру үшін мәні 10 % артық айырылатын тіреу бөлшектері мен ернемек материалдарын желілі кеңею коэффициентімен қолдануға рұқсат беріледі.
34. Ернемек арқылы жалғастырғыштар үшін төсемдер мен төсем материалдар тасымалданатын орта мен оның нормативтік-техникалық құжаттама жобасына сәйкес жұмыс өлшемдеріне байланысты таңдалады.
35. Құбыр өткізгіштердің үлгі бөлшектері тасымалданатын ортаның өлшемдері мен пайдалану шарттары нормативтік-техникалық құжат бойынша таңдалады.
36. Құбыр өткізгіштердің үлгі бөлшектері тігіссіз және тік тігісті дәнекерленген болат құбырлардан немесе металы жалғанатын құбыр материалымен дәнекерлену шартымен нормативті-техникалық құжат жобасының талабына жауап беретін жапырақты илемдеуден дайындалады.
37. Металдың таттана шытынауын туғызатын ортаға арналған құбыр өткізгіш бөлшектері құрылымына, болат маркасына және дайындалу технологиясына қарамастан термо өңделуге жатады.
Секциялы бұрғыштар мен құбырлардан жасалған үш тармақты дәнекерлеуіштерге дәнекерленген жалғастырғыштардың термо жергілікті өңделуіне, егер олардың дайындалуына термо өңдегіш құбырлар қолданылған болса рұқсат беріледі.
38. Құбыр өткізгіштердің дәнекерлеу бөлшектерін таңдауда ортаның агрессиялығына, температура мен қысымға байланысты нормативтік-техникалық құжат басшылыққа алынады.
39. Фитингті дәнекерлеу мен дәнекерлеу қыспақтарының сапасын бақылау нормативті-техникалық құжат пен жобалық құжаттама талабына сәйкес жүргізіледі.
40. Құбыр өткізгіштен тармақталу осы Талаптың 3-қосымшасында көрсетілген тәсілдердің бірімен жүргізіледі. Үш тармақты жалғастырғыштарды қаттылату қабырғасы көмегімен қатайтуға рұқсат берілмейді.
41. «а» (3-қосымша) тәсілімен тармақталуды қосу негізгі құбыр өткізгіштің босауы жалғастырғыштың беріктігінің бар қорымен өтеледі.
42. Негізгі құбыр өткізгішке тармақталуды қосу тәсілін таңдаған кезде айрықша назар «б», «в», «е» тәсілдеріне аударылады (3-қосымша).
43. Тармақталатын құбыр өткізгішке бастырма негізгі және тармақталатын құбыр өткізгіштің диаметрі 0,5 мм кем болмаған қатынаста орнатады (3-қосымшаның «е» тәсілі бойынша қосу).
44. Дәнекерлеуші үш тармақ Ру -10 МПа (100 кгс/см) дейінгі қысымда қолданылады.
45. Dу=150÷400 мм шартты өтумен дәнекерлеуші бұрғыларды технологиялық құбыр өткізгіштер үшін Ру 6,3 МПа (63 кгс/см) артық емес қысымда қолдану ұсынылады.
Dу=500÷1400 мм шартты өтумен дәнекерлеуші бұрғылар технологиялық құбыр өткізгіштерде Ру 2,5 МПа (25 кгс/см2) қысымда қолдануға рұқсат беріледі.
46. Dу=250÷400 мм шартты өтетін жерлі дәнекерленген орталықты және эксорталықты өтетін жерлер технологиялық құбыр өткізгіштер үшін 4 МПа (40 кгс/см) дейін Ру, ал Dу 500÷1400 мм бастап Ру болғанда 2,5 МПа (25 кгс/см).-дейін қысымда қолдануға рұқсат беріледі.
Ортаның агрессиялығы мен температураға байланысты болат өтетін жерлерді қолдану шегі болаттың сәйкес маркасы үшін жалғастырылатын құбырларға қолдану шегіне сәйкес болады.
Өтетін жерлердің дәнекерленген тігістері ультрадыбыстық немесе радиографикалық жүз пайыздық бақылауға жатады.
47. Технологиялық құбыр өткізгіштер үшін Ру 1,6 МПа (16 кгс/см) артық емес және шартты диаметрі Dу=100÷500 мм шартты қысымды күлтелі өтетін жерлерді қолдануға рұқсат беріледі.
Күлтелі өтетін жерлерді сығылған газдар мен А (а) тобының заттарын (1-қосымша) тасымалдауға арналған құбыр өткізгіштерде орнатуға жол берілмейді.
48. Күлтелі өтетін жерлерді ультрадыбыстық немесе радиографикалық тәсілмен соңынан жүз пайыздық бақылаумен дәнекерленеді.
Дайындалғаннан кейін күлтелі өтетін жерлер жоғары температуралы жіберілуге тартылады.
49. Көміртекті болаттан жасалған құбыр өткізгіштерде дәнекерлеуші айқастырғыштарды қолдануға жұмыс температурасы 250ºС артық болмағанда рұқсат беріледі.
Электр дәнекерлеуші құбырлардан жасалған айқастырғыштарды 1,6 МПа (16 кгс/см2) артық болмағанда Ру қысымда қолдануға рұқсат беріледі, бұл жағдайда олар 2,5 МПа (25 кгс/см2) кем болмағанда Ру қысымда қолдану үшін ұсынылған құбырлардан жасалады.
Тігіссіз құбырлардан жасалған айқастырғыштарды 2,5 МПа (25 кгс/см2) артық болмағанда Ру қысымда қолдануға тек 4 МПа (40 кгс/см2) төмен болмағанда Ру қысымда қолдану үшін ұсынылатын құбырдан дайындалған шартта рұқсат беріледі.
50. Технологиялық құбыр өткізгіштер үшін тігіссіз және түзу тігісті дәнекерленген құбырлар ыстық қалыптау немесе тарту тәсілімен дайындалған шұғыл иілетін бұрғыштар, бүгілген және қалыпты дәнекерленген бұрғыштар қолданылады.
51. Тігіссіз құбырлардан дайындалған бүгілген бұрғыштар ортаның ағынды өтуі бар құбыр өткізгіштерде (дірілді төмендету мақсатында), 25 мм кем Dу өтетін жері бар шартты құбыр өткізгіштерде құбыр өткізгіштің гидравликалық қарсыласуының барынша көп азайту талап етілген жағдайда шұғыл иілетін және дәнекерленген бұрғыштардың орнына қолданылады.
Қолданыстағы сортты құбырдан жасалған бүгілу радиусы R≥2Dн тең тегіс бүгілген бұрғыштарды қолдану шегі олар дайындалған құбырларды қолдану шегіне сәйкес келеді.
52. Тегіс бүгілген бұрғыштарды бүгу радиусын таңдаған кезде жобалық және нормативтік-техникалық құжаттама басшылыққа алынады.
Құбырдың соңынан дөңгелену басына дейін тура телімнің барынша аз ұзындығы 100 мм кем болмай Dн құбырының диаметріне тең қабылданады.
53. Тұншықтырғыларды ортаның жұмыс параметрі мен пайдаланудың нақты шарттарына байланысты таңдау ұсынылады.
54. Ернемекті тұншықтырғылар немесе ернемек арасында орнатылған тұншықтырғы материалдарын қолданудың температуралық шегі ернемек материалдарын қолданудың шекті температурасы есебімен қабылданады.
55. Жылдам ағытылатын тұншықтырғыларды жобаға сәйкес шығарады және орнатады.
Дәнекерленген, тегіс және қабырғалы тұншықтырғыларды 2,5 МПа (25 кгс/см2) дейін Р қысымда А және Б тобындағы заттарды тасымалдайтын технологиялық құбыр өткізгіштер үшін қолдануға рұқсат беріледі.
56. Ернемектер арасында орнатылған тұншықтырғыларды, жылдам ағытылатын тұншықтырғыларды араласуы мүмкін болмайтын, екі түрлі орталы екі құбыр өткізгішті бөлу үшін пайдалануға рұқсат берілмейді.
57. Тұншықтырғылардың материалы мен сапасы сертификатталады.
Әрбір ағытылатын тұншықтырғыда (соңында, ол болмаған кезде-цилиндрлі бетінде) тұншықтырғы номері, болат маркасы, Ру шартты қысымы Dу шартты өтуі көрсетіледі.
58. Тұншықтырғыны орнату мен түсіруді журналда белгілейді.
3-тарау. 10 МПа (100 кгс/см2) артық 320 МПа (3200 кгс/см2) дейінгі жоғары қысымды технологиялық құбыр өткізгіштер
1-параграф. Жалпы талаптар
59. Құбыр өткізгіш құрылымын пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және оның толық босатылу, тазалану, жуылу, үрлену, ішкі және сыртқы қаралу, бақылану мен тексерілу, гидравликалық сынау кезінде одан ауаның және ол жүргізілгеннен кейін судың толық шығарылу мүмкіндігін қарастырады.
60. Егер құбыр өткізгіш құрылымы сыртқы және ішкі қарау, бақылау және сынау жүргізуге мүмкіндік бермесе, жобада ақаулардың уақытылы табылып жөнделуін қамтамасыз ететін бақылау мен жөндеу көлемі, кезеңділігі, әдісі көрсетіледі.
61. 35 МПа (350 кгс/см2) дейінгі қысымда жұмыс істейтін құбыр өткізгіш элементтерін жалғастыру төсем сақинасынсыз, дәнекерленген тігістерсіз тоғысқан жерді дәнекерлеумен жүргізіледі. Ернемек арқылы жалғастыру құбыр өткізгіштердің аппаратқа, арматураға және жауап беретін ернемегі бар басқа да жабдыққа жалғанған орындарында, пайдалу кезінде ұдайы жөндеуді не алмастыруды талап ететін құбыр өткізгіштердің телімдерінде болуы қарастырылады. 35 МПа (350 кгс/см2) дейінгі жоғары қысымдағы құбыр өткізгіштерді жалғау осы шарттар үшін нормативтік-техникалық құжаттар бойынша орындалады.
62. 35 МПа (350 кгс/см2) дейінгі қысымда жұмыс істеуге арналған құбыр өткізгіштерде жалғастықты тура телімдерде дәнекерлеуге, құбырлардан дәнекерленген үш тармақтарды, екі ұзартылған тігісті қалыпты дәнекерлеу тізелерін бұзылмайтын әдістермен дәнекерлеу жалғастырғыштарын жүз пайызды бақылау жүргізу шартында қолдануға рұқсат беріледі.
63. Құбыр өткізгіштердің дәнекерлеу тігістеріне, бүгілген элементтерге жалғастықтарды дәнекерлеуге рұқсат берілмейді.
35 МПа (350 кгс/см2) қысымда жұмыс істейтін құбыр өткізгіштердің бүгілулерінде өлшеу құрылғысы үшін бір жалғастықты дәнекерлеуге ішкі диаметрі 25 мм артық болмағанда рұқсат беріледі.
64. 650 МПа (6500 кгс/см2) және одан артық тілінуге уақытша қарсыласатын жоғары беріктіліктегі болаттардан жасалған құбыр өткізгіш элементтерін жалғастыру үшін бұрандада жалғастырғыш пен ернемек арқылы жалғастыру қолданылады.
65. Неғұрлым кернеулі дәнекерлеу жалғастырғыштар мен металдың жылжуынан жинақталған қалдық ақауларды өлшеу нүктелері орналасқан орындарда оқшаулауды түсіру телімдері қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |