Технологиялық жабдықтарға қойылатын негізгі талаптар


Технологиялық жабдықтарға қойылатын негізгі талаптар



бет2/2
Дата27.05.2023
өлшемі22.68 Kb.
#474330
1   2
Ет өндірісіндегі жабдықтарға қойылатын талаптар

Технологиялық жабдықтарға қойылатын негізгі талаптар


1. Технологиялық жабдықтар табиғи жоғарғы сападағы дайын өнімнің неғұрлым жоғары өнімділігін қамтамасыз етуі қажет.

2. Технологиялық жабдықтардың жұмысшы органдары шикізат пен өнімге шектен тыс үйкелмеуі тиіс.
3. Технологиялық жабдықтардың жұмысшы органдары коррозияға тұрақты материалдардан дайындалуы тиіс.


4. Технологиялық жабдықтардың, әсіресе жұмысшы органдардың конструкциясы күнделікті санитарлық тазалау мен жуу үшін жеңіл ажыратылып құрастырылуы қажет.
5. Жұмысшы органдарда тазалау мен жуу кезінде киындық тудыратын саңылаулар, ойықтар мен дөңестер болмауы керек.


6. Технологиялық жабдықтардағы барлық электрқұрылғылары ылғалдан сақтандырылуы тиіс.
7. Технологиялық жабдықтар техника қауіпсіздігі талаптарына сәйкес болуы қажет.


Дәріс 4. Икемді тартқыш жұмысшы органдар және олар пайдаланылатын жабдықтар
1. Аспалы жолдар мен конвейерлер


2. Аспалы жолдар мен конвейерлерге қызмет көрсетуге арналған жабдықтар
3. Ет комбинаттарындағы едендік құрылғылар
4. Тері сыдыруға арналған машиналар
Икемді тартқыш жұмысшы органдар (құралдар) алдымен қозғалыс мақсатында, яғни өнімдерді тасымалдау үшін қолданылады:
  • жабдық ішінде;


  • жеке машиналар арасында (машиналар арасында конвейермен);


  • жұмыс орындары арасында (конвейермен).


Икемді тартқыш жұмысшы органдар ретінде:




  • шынжырлар (жәй калибрленген шынжырлар, пластиналы шынжырлар, төлкелі-шығырлы шынжырлар және т.б.);


  • тростар мен арқандар;


  • таспалар мен белдіктер (резеңкеленген, резеңкелі және былғары);


  • торлар (металл және металл емес) және т.б.


Икемді тартқыш жұмысшы органдар ет өнеркәсібіндегі конвейерлердің негізін құрайды.


Конвейер - бұл механикаландырылған аспалы жол. Конвейерлер орта және жоғары қуаттылықта жұмыс істейтін ет комбинаттарындағы технологиялық ағынның негізін құрайды. Олар шикізатты (не өнімді) алдымен жеке жұмыс орындары мен машиналар арасында тасымалдайды.
Малды аз көлемде сойғанда (кіші мал сою орындары) конвейерсіз (механикаландырылмаған аспалы жолдарды) пайдалану экономикалық жағынан тиімді болып табылады.
Олар да орта және жоғары қуаттылықта жұмыс істейтін ет комбинаттарында кеңінен қолданылады. Әсіресе, тоңазытқыштарда, шұжық цехтары мен зауыттарында, сондай-ақ техникалық фабрикаттар өңдеу цехтарында пайдаланылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет