Тәжірибелік жұмыс Тақырыбы: ұяшықтарға қорғаныс орнату Мақсаты



Дата12.10.2022
өлшемі206 Kb.
#462553
лаб№12


Тәжірибелік жұмыс
Тақырыбы: ұяшықтарға қорғаныс орнату
Мақсаты: Кесте редакторымен жұмыс жасау қабілеттерін жетілдіру


Берілгені:
Төменде көрсетілген негізгі қорларды қайта бағалау бойынша жиынтық ведомостьін құрастыру қажет. Обьектілердің баланстық, қалдықтық және қайта қалыптастыру бағаларының мәнін, сонымен бірге тозу бағасын млн. теңгемен есептеу керек. Есептеу алгоритмі келесідей:
Өндірістің негізгі құралдарын қайта бағалау ведомост 1.6 суретте көрсетілген
Ведомость жасауға байланысты кеңестер:
а) А1 ұяшығына ведомость атын енгізіңіз;
ə) А4:F4 ұяшықтарына ведомость өрістерінің аттарын енгізіңіз: Нысан аты, Баланстық құны (БҚ), Нысанның ескіруі (НЕ), Қалдық құны (ҚҚ),Қалпына келтіру толық құны (ҚТҚ), Қалпына келтіру қалдық құны (ҚҚҚ).


1.6-сурет – Өндірістің негізгі құралдарын қайта бағалау ведомосты


б) Есептеулер жасауға арналған формулалар:
ҚҚ = БҚ - НЕ
ҚТҚ = БҚ * К
ҚҚҚ = ҚҚ * К,
мұндағы К - коэффициент мәні: 3,3 - егер БҚ 650-ден кем немесе тең болса; 4,2 - егер БҚ 650-ден үлкен немесе 1000-нан кем болса; 5,1 - егер БҚ 1000-ға тең немесе одан үлкен болса.
Осы формулалар бойынша есептеулер жүргізу үшін төмендегі формулаларды көрсетілген ұяшықтарға енгіземіз:
D5 ұяшығына: = B5 - С5
E5 ұяшығына :
= В5*ЕСЛИ(В5<=650;3,3;ЕСЛИ(И(В5>650;В5<1000);4,2;5,1))
F5 ұяшығына:
= В5*ЕСЛИ(В5< =650;3,3;ЕСЛИ(И(В5>650;В5<1000);4,2;5,1))
в) Барлыгы жолындағы мәндерді есептеу үшін саймандар тақтасынан автоқосынды батырмасын басамыз, немесе В12 ұяшығына
= СУММ(В5:В11) формуласын жазамыз.
с) беттерге қорғаныс орнатыңыз және айырмашылығын көріңіз.
Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай логикалық функцияларды білесіз?

  2. Если функциясы қалай жазылады және орындалады ?

  3. И функциясы қалай жазылады және орындалады ?

  4. ИЛИ функциясы қалай жазылады және орындалады?

  5. Логикалық өрнектер қандай мәндер қабылдай алады?


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет