Мамандық: БӘД, ДШжС – 4 топ Тексерген: Сеитова А. Л. Орындаған: Ахмет Р.
Педагогикалық ұжымның дарынды балалармен мектеп шеңберінде жүргізілетін жұмыстар жүйесі
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Дарындылықты анықтаудың дайын үлгісі, әдіс-тәсілдері жоқ. Дарындылық, жеке қабілеттілікті дамыту, интеллектуалдық, шығармашылық мәселесіне педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде кездеседі. Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі- Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе. Мысалы, Әл-Фараби «Бақытқа жету трактаты» еңбегінде этикалық мәселелермен қатар, адам қабілеттілігіне білім беруде түрлі озық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі. Сондықтан қай уақытта да дарынды тұлғаны дамыту өзекті мәселе болып келеді. Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Дарынды балалармен жұмыс істеу дарындылықты айқындаудан басталады. Ол үшін алдымен бала бойындағы қабілеттікті, бейімділікті тани білуіміз қажет. Ғылыми зерттеулерде баланың әр кезіндегі қабілеті, белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі жас кезінен белгілі бола бастайтынын дәлелдеген.
Достарыңызбен бөлісу: |