Жаһандау
ү
рдісіндегі
Қ
азақстан
Орындағанан:Орынбек
Мағжан.
Тексерген:Шанбаева
Арайлым.
Жаһандану дегеніміз не?
Жаһандану,
немесе
Глобализация
(ағылш.
Global
—
«әлемдік»,
«дүниежүзілік», «жалпы») — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық,
мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми
айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор
Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың
ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер
Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға
“интеллектуалдық
индустриялар
экономикасы”,
“ақпараттық
қ
оғам”,
“техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс, “ғаламдық ауыл” деген
ұғ
ымдарды енгізді.
Жаһандану саясатын қалай
түсінеміз?
Біздің мемлекетіміз көп ұлтты мемлекет болса да, бейбіт, тыныш
ө
мір сүріп жатырмыз. Бұл біз үшін өте үлкен мақтаныш. Жаһандану
заманында әлемдегі мемлекеттер арасында барлық салаға
байланысты бәсекелестіктер туындай бастады. Әр мемлекет өзін
ә
лемге таныту үшін қолынан келгенін істеп бағуда. Кейбір
мемлекеттер
ө
з
тілдерін
насихаттауда,
ал
енді
біреулері
экономикасын насихаттауда. Мысалы, соңғы жылдары Қытай елінің
экспансиясы көріне бастады. 2004 жылы Қытай үкіметі қытай тілін
АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Жапония мен Кореяда насихаттау
мен тарату туралы бағдарлама қабылдады. Соңғы 3 жылда 1 млн.-
нан астам шетелдік қытай тілінен емтихан тапсырды. Сонымен
бірге, аталған елдермен мәдени және ғылыми ақпарат алмасу
мақсатында
«Конфуций
институттары»
құ
рылды.
Қ
ытай
басшылығының мақсаты – қытай тілін дамыған елдер мен
стратегиялық маңызды, табиғи ресурстары мол дамып келе жатқан
Қ
азақстан сияқты елдерге енгізу. Енді 10-15 жылда ол елдерді қытай
тілінде сөйлету, Қытайды сыйлату Қытайдың басты мақсатына
айнала бастады. Қытай мемлекеттері
тілін ғана насихаттап
қ
оймай, шығарған тауарларын әлемге танытты.
Қ
азақстан жаһандану
ү
рдісінде.
Біздің Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев та Қазақстан тауарлары
мен
қ
ызметтерінің
озық
халықаралық
стандарттардың
деңгейіне шығуын басты мақсат етіп қойып отыр. Себебі,
елімізде соңғы жылдары терең де күрделі өзгерістер жүріп
жатқанымен, экономикалық саладағы келбетімізді анықтап,
дамыған елдердің ортасынан өз орнымызды алуға енді бағыт
ұ
стандық. Жаһандану тұсында тауарлар, ақша шексіз
алмасқан тұста ұлт туралы көзқараста өзгеруде, жаңа
теориялар пайда болуда. Ұлт дегеніміз бүгін тілдік, мәдени,
діни қауымдастық қана емес, ол бренд, оның бәсекелестікке
сай өндіретін тауары. Ұлттық мемлекет сол тауарды өндіретін
корпорация ғана. Бұл теориямен келісейік не келіспейік,
мәселе онда емес, ұлттың беделі, жақсы аты (имиджі) оның
ө
ндіретін тауарларымен де өлшенетіні анық, ал ол өлшем
ұ
лттың халықтар арасындағы орнын, беделін анықтайтыны
ақиқат. Ол бренд шұжық па, қазы ма, компьютер ме,
автомобиль ме, онда тұрған ештеңе жоқ. Бір ұлт бірнеше
брендтің иесі бола алады. АҚШ-та жасалған авиалайнер
десе, кинофильм десе, оған барлық елден сұраныс түсетіні
айдан анық. Әрбір елдің өзіне тән өзіндік бренді бар. Ал бізде
ше?
Біз
«Қазақ
кім?»
деген
сұраққа
біз
рухани
байлықтарымызды алға тартамыз, ал мақтанарлық, әлемді
қ
ызықтыратын тауарларымыз жоқ. Сондықтан, қазақ сияқты
халықты белгілі бір санаулы өндіріске ғана бейімдеп, әлем
елдерін дамыған және дамымаған деп жікке бөліп,
соңғыларын тәуелді етіп қойып, тауар өндіре алмайтын
кемшіл ұлттардың сұранысын қанағаттандыру – көнеден келе
жатқан саясат. Бренд тауар шығарған мемлекеттің тауары
мен бірге оның тарихы, дәстүрі, ұлттық мәдениеті бірге
тарайды. Тауарға жол ашу, болмаса оны шеттеу, оған
төреші болушылар да «алтын миллиард» елдері. Жөн сілтеп
ықылас көрсететін де – жаһанданудың қозғаушы моторы –
Батыстың қаржылық, сауда, өнеркәсіп және басқа да
компаниялары.
Сонымен,
біздің
жас
мемлекетіміз
жаһандану тұсында өз тауарымен танылмайынша, бәсекеге
қ
абілетті ұлттардың қауымдастығына ене алмайтыны белгілі.
Ә
рине, бұл мақсатқа жету экономикалық, әлеуметтік
қ
атынастарды жетілдіру, бүгінгі заманғы технологияға қол
жеткізумен қатар, ұлттық психологияның жаңа заманға
бейімделуіне де байланысты.
Қ
азақстан жаһандану
ү
рдісінде.
2012 жылдың Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Президент Н.Ә. Назарбаев Халыққа
жаңа Жолдау жасады. Бұл – тарихи маңызы зор құжат «Қазақстан – 2050
Стратегиясы-қалыптасқан Мемлекеттің жаңа саяси бағыты» - деп аталады.
Елбасы жаңа Жолдауында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған 20 жыл
ішіндегі зор табыстарын саралап, 1997 жылы қабылданған «Қазақстан - 2030»
Стратегиясында белгіленген межелерге жеткенімізді мақтанышпен атап өтті. Жаңа
Жолдау «Қазақстан - 2030» Стратегиясының заңды жалғасы болып табылады. Себебі
33 жылға арналған ұзақ мерзімді бағдарламадағы негізгі мақсаттар мен міндеттер
уақытысынан бұрын жүзеге асты.
Қ
азақстан тәуелсіздік алған 21 жылдың ішінде аса елеулі табыстарға жетті. Ел
танымастай өзгерді. Бүгінде біз экономикасы дамып келе жатқан, сыртқы және ішкі
саясатта өзіндік ұстанымен дараланған іргелі елге айналдық. Жаһандық
дағдарыстар бізді де жағадан алғаны мәлім. Бірақ, біз одан сескенбедік.
Белгіленген Стратегиялық бағдарламаларымызды жүзеге асыра білдік.
Дағдарыстар экономикамызға тосқауыл бола алмады. Бірлігіміз бен
татулығымыздың арасында қуатты бола түстік. Жан басына шаққанда ішкі жалпы
ө
нім 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы 12 мың долларға жетіп, 7 елден астам
ө
сті. Мемлекетіміздің мүмкіндігін әлемге көрсету үшін оның
ә
леуетін пайдалана білдік. Соның нәтижесінде Халықаралық Қауымдастық
Астананы ЭКСПО – 2017 Халықаралық Көрмесін өткізу орны ретінде таңдады.
Мемлекетіміз «Қазақстан-2030» Стратегиясын қабылдаған 15 жылдың ішінде әлемдегі
ең серпінді дамушы елдердің бестігіне кірді.
Елімізде үдемелі индустриялық-инновациялық даму стратегиясы жүзеге асуда.
Қ
азір дүниежүзілік экономикалық форумның рейтінгісі бойынша 51-орында тұрмыз.
Елбасы өзінің жаңа жолдауында біздің алдымызда тұрған жаға міндеттерді толық
анықтап береді. Жолдаудың алға қойған мақсаты – таяу жылдары Қазақстанды
ә
лемнің ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосу. Бұл ауқымды міндетті жүзеге
асыруға еліміздің әлеуеті толық жетеді.
Қ
азақстан халқының болашаққа деген нық сенімін қалыптастыратын ұзақ мерзімге
арналған Елбасының «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы жүзеге асу
ү
стінде. Осы стратегия Қазақстанның тәуелсіздігін мәңгілік етуге арналған деуге
болады.
Біз іргелі ел болып, күштілерге бас имей. Қазақстанның егемендік жолымен жүріп
келеміз. Қазіргі Қазақстан экономика, әлеуметтік - саяси даму қарқыны жөніне ТМД
елдері арасында ең алдыңғы орында келеді.
Біз ертеңгі күнімізге үлкен үмітпен қараймыз. Болашағымыз жарқын. Ұлы Отанымыз
Қ
азақстанның экономикалық және рухани байлығын молайтуға, қауіпсіздігі мен
қ
орғаныс қуатын күшейтуге ұмтылу - баршамызға ортақ міндет. Осы жолда біліміміз
бен қайратымызды, қабілетімізді, қажет болса жанымыз бен қанымызды аямай
жұмсау - біздің басты парызымыз.
, «жаһандану барысында қазақ халқы менталитетіндегі басты топтастырғыш
құ
ндылықтарымыз қандай?» деген сұрақ туындайды. Біздіңше, олар мыналар:
қ
азақтың дәстүрлі менталитетінде демократия тек биліктің бір түрі ғана емес, сонымен
бірге сыйласудың да көрінісі. Сыйласу — өзара түсінік, мәмілелік, ашықтық, сөз
бостандығы, ар, ұлттық намыс бүгінгі жаһандану заманында қалыптасып жатқан
демократияның институциялық құрлымдарының негізінде жатуы керек. Демократия
саяси топтардың билік жолындағы «саяси ойыны» емес, керісінше, олардың халық
алдындағы саяси, моральдық, рухани жауапкершілігі. Ол үшін «саяси жүйенің бірігуі»,
«қоғамның бірігуі» негізінде «менталдық бірігу» идеясы жатуы керек. Менталдық бірігу
негізінен тысқары жүргізілген «бірігулер» қашанда күштеу, қинау, жасанды, жалған
екенін есте ұстағанымыз абзал;
қ
азақтың жақсы бір қасиеті — өзгені тыңдай білетіні. Өзгені тыңдау мен өзіңді танудың
айырмашылығы бар. Өзгені тыңдау негізінде үйрену бар. Қазақ менталитетінің бір
ерекшелігі, өзін танығаннан өзгені тыңдағанды жақсы көріп тұратыны. Өзгені үнемі
тыңдап, бөтеннің ақылымен өмір сүру жақсы қасиет емес. Өзіңді тану арқылы өзгені
тыңдау — даналық, өзгені тыңдау арқылы өзіңді тану — кемістік. Бүгінде бізге жетпей
жатқаны өзіңді тану. Өзін таныған халық қана басқамен терезесін тең ұстайды,
жалтақтамайды, біреудің айтқанымен жүре бермейді. Кезінде қазақтың еліктегіштік
психологиясын жақсы білген Абай: «Орыстың ғылымы, өнері — дүниенің кілті, оны
білгенге дүние арзанырақ түседі. Бірақ осы күнде орыс ғылымын баласына үйреткен
жандар соның қаруымен тағы қазақты аңдысам екен дейді. Жоқ, ондай ниет керек
емес. Малды қалай адал еңбек қылғанда табады екен, соны үйретейін, мені көріп және
ү
йренушілер көбейсе, ұлықсыған орыстың жұртқа бірдей законы болмаса, законсыз
зорлығына көнбес едік деген ниетпен үйрену керек» деп еді [5]. Орыс тілін білгендерге
шынында да дүние арзанға түсті. Билік пен байлыққа жетуде жолдары болды, айы
оңдарынан туды. Бірақ біртұтас халық (орыс және қазақ тілді) болып екіге бөлінді. Тілдік
негізде ыдырау басталды, қазақ бірін-бірі түсінуден қалды. Осы жағдайда қазақ халқы
ү
шін тілдік бірлік ауадай қажет. Оның үстіне діндік құндылықтар негізінде ыдырауды да
естен шығармаңыз. Қысқаша айтқанда, тілің мен дініне, діліне берік болу қандай да
болмасын рухани бірліктің басты кепілі болып қалмақшы. Сонда ғана басқаға үлгі-
ө
неге көрсете аламыз;
мәмілелік менталитетті қалыптастыру қоғамдағы азаматтық, ұлтаралық, саяси
келісімдерді тереңдету кепілі. Мысалға, Қытай, Өзбек, Ресей мемлекеттерімен шекара
мәселесін мәмілелік тұрғысынан шешуі сырт көзге сыртқы саяси дипломатияның жеңісі
тәрізді. Ал, түптеп келгенде, бұндай күрделі мәселені даусыз, жанжалсыз, сабырлылық
тұрғысынан шешу қазақ халқы менталитетінің мәмілелік сипатының шынайы көрінісі
екені сөзсіз. Қазақ менталитетіндегі мәмілелік ұстанымын қоғамдық, саяси мәселелерді
шешудегі басты қағида ретінде ұстануға болатынын өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |