Темір жол көлігі туралы 2001 ж. 8 желтоқсандағы №266-іі



бет2/8
Дата27.02.2016
өлшемі485.5 Kb.
#27814
1   2   3   4   5   6   7   8
Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды

11) транзиттік және халықаралық тасымалдауларды кеңейту болып табылады.

3. Темір жол көлiгi саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру уәкiлеттi органға және құзыретiне сәйкес өзге де мемлекеттік органдарға жүктеледi.



 

3-бап. Темір жол көлiгiнде жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтілімдерi тасымалын ұйымдастыру негiздерi

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Темір жол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтілімдерiн тасымалдау Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртiппен және шарттарда жүзеге асырылады.

2. Тасымалдаушы осы Заңда және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделгеннен басқа жағдайларда, ақысын төлеген және жол жүру немесе багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтілімдерi тасымалдарына арналған тасымалдау құжаттарын дұрыс ресiмдеген қызмет пайдаланушыларға тасымал жасаудан бас тартуға құқығы жоқ.

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3. Өзiнiң жылжымалы құрамы жоқ тасымалдау процесiне қатысушылар шарттың негізінде локомотивтiк тартқыш операторының және вагондар (контейнерлер) операторының қызметтерін пайдаланады.

 

210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



4-бап. Темір жол көлiгi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы

1. Темір жол көлiгi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3. Әскери және арнайы тасымалдарды ұйымдастыру, қамтамасыз ету және орындау ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.

 

5-бап. Темір жол көлiгiнiң ортақ және жеке пайдаланылатын объектiлерi



ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Магистральдық теміржол желісі - жекешелендіруге жатпайтын және заңнамада белгіленген тәртіппен кейіннен Ұлттық теміржол компаниясына беру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттарда және тәртіппен ұлттық басқарушы холдингке берілетін, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ортақ пайдаланылатын теміржол көлігі объектісі.

2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді

2. Магистралдық темір жол желісіне жатпайтын темір жолдар жеке пайдалану объектiсi болып табылуы және жеке меншiкте болуы мүмкiн.

Магистральдық темір жол желісіне жатпайтын темір жолдарды салу (қайта жаңарту), сондай-ақ кейіннен пайдалану концессия шарттары негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен  3-тармақпен толықтырылды



3. Концессионерге концессия шарттары бойынша темір жолдарға және темір жол көлігі объектілеріне концессия шартының мерзіміне иелену мен пайдалану құқығы беріледі.

Концессия шарттары бойынша темір жолдар және темір жол көлігінің объектілері концессия шартының мерзімі аяқталғанға дейін магистралдық темір жол желісінің құрамына енгізілмейді.

 

210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды



5-1-бап. Темір жолдарды сыныптау

Темір жолдарды сыныптау тәртібін уәкілетті орган жолаушы және жүк поездары қозғалысының жүк сыйымдылығы мен рұқсат етілетін ең жоғары жылдамдықтарының үйлесімділігіне қарай айқындайды.

 

6-бап. Магистралдық темір жол желісі



210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Тасымалдаушылар магистралдық темір жол желісі бойынша тасымалдарды Магистральдық темір жол желісін пайдалану қағидасында сәйкес жүргiзедi.

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Тасымалдаушы магистралдық темір жол желісі көрсеткен қызметтер үшiн магистралдық темір жол желісінiң операторына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мөлшерде ақы төлейдi.



ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Магистралдық темір жол желісінiң операторы магистралдық темір жол желісі көрсететiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткізудi қамтамасыз етуге және тасымалдаушыларға магистралдық темір жол желісін пайдалануға бірдей құқық беруге мiндеттi.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, өткізу қабiлетiнiң шектелуiне байланысты тасымалдаушыларға поездар қозғалысының нақты бағытында магистралдық темір жол желісін пайдалануға беру мүмкiндiгi болмаған кезде, тасымалдау Магистральдық темір жол желісін пайдалану қағидасында көзделген тәртiппен конкурстық негiзде жүзеге асырылады.

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 4-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)

4. Ұлттық темір жол компаниясы магистралдық темір жол желісін салуды, күтiп ұстауды және жаңғыртуды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен бағдарлама бойынша жүзеге асырады.

Жаңа магистралдық жолдар салу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

 

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 6-1-баппен толықтырылды; 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 6-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



6-1-бап. Магистралдық темір жол желісін пайдалану кезiнде туындайтын мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауаптылық

Магистралдық темір жол желісін пайдалану кезiнде туындайтын мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, Магистральдық темір жол желісін пайдалану қағидасында, сондай-ақ осылардың негiзiнде жасалатын шарттарда белгiленген негiздер бойынша және мөлшерде жауаптылықта болады.



 

210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 6-2-баппен толықтырылды

6-2-бап. Темір жол қатынастарының түрлері

1. Темір жол қатынастары мынадай түрлерге:

1) жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау;

2) жүк тасымалдау болып бөлінеді.

2. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау:

1) халықаралық - Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен тасымалдау;

2) республикаішілік - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жөнелту және межелі станциялар арасындағы тасымалдаулар болып бөлінеді.

3. Әкімшілік-аумақтық белгісі бойынша республикаішілік жолаушылар мен жүк тасымалдау:

1) облысаралық - әртүрлі облыстардағы жөнелту және межелі станциялар арасында жүзеге асырылатын немесе республикалық маңызы бар қалалармен, астанамен елді мекендерді жалғастыратын тасымалдау;

2) ауданаралық (облысішілік қаларалық) - бір облыс шегіндегі жөнелту және межелі станциялар арасындағы тасымалдау;

3) қала маңындағы - елді мекеннің белгіленген шекарасынан бастап есептелетін, ұзақтығы елу километрге дейінгі қала маңындағы аймақты қаламен жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдау болып бөлінеді.

4. Жүктерді тасымалдау:

1) халықаралық - Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен тасымалдау;

2) республикаішілік - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жөнелту және межелі темір жол станциялары арасындағы тасымалдау болып бөлінеді.



 

210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



7-бап. Темір жол қатынасын тоқтату

Мемлекеттік меншiк болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтатуды Қазақстан Республикасы Yкіметі белгілеген тәртіппен уәкiлеттi орган жүзеге асырады.



 

8-бап. Темір жол көлiгіндегі шарттар

1. Тасымалдау шарттарының мiндеттi талаптары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда және соларға сәйкес шығарылған тасымалдау ережелерiнде белгiленедi. Тараптар тасымалдау шарттарының өзге де талаптарын белгiлеуге ерiктi.

2. Жолаушылар тасымалын ұйымдастырған кезде Ұлттық темір жол компаниясы мен тасымалдаушылардың мемлекеттік басқару органдарымен өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарт талаптарымен жүзеге асырылады.

3. Тасымалдаушы өздерiнiң құзыретiне сәйкес мәлiмделген ерекше маңызды тасымалдарды жүзеге асыру туралы мемлекеттік органдардың жазбаша нұсқауларын (шешiмдерiн) орындауға мiндеттi. Тиiстi нұсқауларда (шешiмдерде) осындай тасымалдар үшiн есеп айырысу тәртібі мен мерзiмдерi туралы мәлiметтер болуға тиiс.

4. Темір жол көлiгiмен халықаралық қатынаста және транзитпен жолаушыларды, багажды, жүктi және жүк-багажды тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Локомотивтiк тартқыш операторы шарттар негiзiнде және уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен локомотивтiк тартқыш қызметтерiн көрсетедi.



Локомотивтiк тартқыш операторы шартқа сәйкес локомотивтік инфрақұрылым операторының қызметтерін пайдаланады.

Локомотивтік тартқыш операторы бірiншi кезекте арнайы және әскери тасымалдарды орындау үшiн Ұлттық тасымалдаушыға локомотивтiк тартқыш көрсететiн қызметтердi ұсынуға мiндеттi.

 

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



9-бап. Жылжымалы құрамды тiркеу

Жылжымалы құрам Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртiппен мiндеттi мемлекеттік тiркелуге тиiс.

 

10-бап. Лицензиялау



Темір жол көлiгіндегі қызметтiң жекелеген түрлерi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес берiлетiн лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)



11-бап. Сәйкестікті растау

1. Темір жол көлігінің қызметіне жататын өнімдердің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Шет мемлекет берген сәйкестікті растау саласындағы құжат мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес танылған жағдайда, ол Қазақстан Республикасында жарамды болып саналады.

 

12-бап. Тарифтер және ақы төлеу



ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен  1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Магистралдық темір жол желісінiң операторы көрсететiн қызметтердің және концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдар қызметтерінің бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгерді

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жолаушылардың халықаралық және облысаралық қатынастарда жол жүру бағаларына (тарифтерiне) жеңiлдiктер беруге құқылы. Жергiлiктi өкiлдi органдар жолаушылардың ауданаралық (облысiшiлік қалааралық) және қала маңындағы қатынастарда жол жүру бағаларына (тарифтерiне) жеңiлдiктер беруге құқылы.



ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2005 ж. 1 қаңтардан күшіне енеді); 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-1. Әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша барлық жүру жолында жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру жөнiнде қызметтер көрсететiн тасымалдаушының залалдары Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен субсидияланады.

3. Халықаралық қатынаста тарифтi (тасымалдау ақысын) қолдану ережесi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленедi.

 

13-бап. Тасымалдауға талап қою құқығын беру

Жүк жөнелтушiге байланысты себептер бойынша жүзеге асырылмаған (толық көлемiнде жүзеге асырылмаған) тасымалға алдын ала ақы төленген жағдайда, жүк жөнелтушi ақша қаражатын қайтарып алуға немесе тасымалдаушының келісімiмен осы тасымалға талап ету құқығын басқаға беруге құқылы.

 

2-тарау. Темір жол көлігіндегі басқару



 

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен; 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 14-бап өзгертілді; 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді

14-бап. Темір жол көлiгіндегі мемлекеттік басқару

1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң темір жол көлiгi саласындағы құзыретiне:

1) темір жол көлiгiн дамыту тұжырымдамасы мен бағдарламаларын бекіту;

2) Ұлттық темір жол компаниясының мәртебесiн белгiлеу;

3) Ұлттық темір жол компаниясы мен тасымалдаушылардың тасымалдауды жүзеге асыру кезiндегі мемлекеттік органдармен өзара iс-қимылының тәртібін белгiлеу;

4) Магистральдық темір жол желісін пайдалану қағидасын бекіту;

5) Магистральдық, станциялық және кiрме жолдарда қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексеру қағидасын бекіту;

6) магистральдық темір жол желісіне кiретiн магистральдық жолдардың тiзбесiн бекіту;

7) Темір жол көлiгiнiң қауiптілігi жоғары аймақтарда жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектiлерді орналастыру, оларда жұмыс жүргiзу, темір жолдар арқылы жүру және өту қағидасын бекіту;

8) арнаулы тасымалдауларды жүзеге асыру тәртібін белгiлеу;

9) жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидасын бекіту;

10) темір жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде жүктердiң әскерилендiрiлген күзетiн қамтамасыз ету тәртібін айқындау;

11) Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау қағидасын бекіту;



12) әлеуметтiк мәнi бар облысаралық жолаушы қатынастарын айқындау;

13) Залалдары республикалық бюджеттен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасын бекіту;



14) әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту;

15) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жолаушылар қатынасына тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;

15-1) темір жол көлiгiндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерiн нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту;

16) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) тасымалдауды шектеу туралы, багаж, жүк және жүк-багаж әкелуге, әкетуге, олардың транзитiне тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;

17) темір жол көлiгіндегі техникалық реттеу объектілеріне және оның тiршілiк циклiнiң процестерiне қойылатын техникалық регламенттердi бекіту;

18) Темір жол көлiгіндегі қауiпсiздiк қағидасын бекіту;

19) Жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен салынған объектілерді магистральдық темір жол желісі құрамына беру



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет