ӘӨЖ 004
Л. Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАЗАСЫНДАҒЫ «ҒАРЫШТЫҚ БАҚЫЛАУ ОРТАЛЫҒЫ»АҚ-ДА ЖЕРДІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ЗОНДТАУ АРҚЫЛЫ АЛЫНҒАН ДЕРЕКТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Темирбаева А. С., Оразбаева Ұ. М., Нысанбаева А. Б.
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ-сы
Ғылыми жетекшісі – Тулегулов А. Д.
Серіктік байланыс – ретранслятор түрінде жердің жасанды серігін пайдалануға негізделген радиобайланыс түрі. Серіктік байланыс жер станцияларының арасында іске асады, олар стационарлы және қозғалмалы болады. Ретрансляторлар сигналды қабылдау, өңдеу, күшейту және ретрансляциялауға арналған электронды аппаратуралармен жабдықталған [1].
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасындағы «Ғарыштық бақылау орталығы»АҚ-да ретрансляторға негізделген серіктік байланыс арқылы түсірілген кескіндер қабылданады. Алынған кескіндерді өңдеу арқылы жерді қашықтықтан бақылау әдістерін жүргізуге болады.
Жерді қашықтықтан зондтау – жер үсті және ондағы объектілер: атмосфера, мұхит, жер қабығының жоғарғы қабаты туралы электромагниттік сәулеленудің әсерінен тіркеуші құрылғының зерттелетін объектіден айтарлықтай қашықтықта болатын түйіспесіз әдістер арқылы ақпарат алу. Түсірілімдік аппаратуралардың қабылдайтын толқын ұзындықтарының жұмыс диапазондары микрометрден (көрінетін оптикалық сәуле) метрге (радиотолқындар) дейін болады. Жерді қашықтықтан бақылаудың жалпы физикалық негізі объектінің өзіндік және шағылысқан сәулеленуінің тіркелген параметрлерінің арасындағы функционалдық тәуелділік және оның биогеофизикалық сипаттамалары мен кеңістіктік орналасуы болып табылады [2].
Бүгінгі таңда Жерді қашықтықтан бақылау – электромагнитті спектрдің толқын ұзындығының барлық диапазонында және радиодиапазонда бейнені алудың сан түрлі әдістері, бейнені әр түрлі жағынан шолу – бүкіл жарты шарды қамтитын метеорологиялық геостанциялық спутниктердің суреттерінен жүздеген квадрат метр участоктардағы аэросъемкаларға дейін.
1-сурет. Ретранслятор арқылы қабылданған кескін ( 06.03.2012, 03:30)
1-суретте көрсетілген кескінді Modis-L1-Viewer көмегімен ашып көре аламыз, себебі мұндай қабылданған суреттердің кеңейтілімі кең және жадта көп орынды алады, сондықтан да осындай арнайы бағдарламаны пайдаланамыз.
2-сурет. Ретранслятор арқылы қабылданған кескін ( 06.03.2012, 17:30)
Жоғарыда көрсетілген кескін белгілі бір уақыт аралығында жаңартылып және толықтырылып отыратындықтан, MSG-2 Cycle бағдарламасының көмегімен оларды қабылдану уақыты, жиілігі, жарамсыз кескіндеріне және т.б. параметрлеріне байланысты сараптап, кескіндерді жеке папкаға жинақтаймыз.
Сондай-ақ деректерді өңдеудің кескіндерді мозаикалау арқылы берілген объектіні зерттеу әдісі 3-суретте көрсетілген. Бұл әдістің негізі – бірнеше түсірілген фотосуреттерді жинап, бір кескін шығару болып табылады [3].
3-сурет. Мозаикалау әдісі арқылы өңделген кескін
Адам баласы Жердің қол жетпес үлкен еместігін түсінді: ғарыш кемелері оны бір жарым сағат ішінде айналып өтеді. Ғарыштан түсірілген Жер кескіні планетада болып жатқан процесстерді зерттеуге, кешендік зерттеудегі мәселелерді шешуге, табиғи ресурстарды рационалды пайдалануға зор мүмкіндік туғызады. Ғарыштық түсірілімдер Жер бетін глобальды тұрғыда зерттеу үшін дәйекті ақпарат көзі болып табылады, Жер бетін картографиясын жүргізуге тиімді және жылдам мүмкіндіктер береді. Ғарыштан бақылау адамзат баласына метеорологиялық болжамға маңызды атмосфера циркуляциясына өте үлкен қашықтықта нақты уақытта бақылауға болады. Арктикалық аймақтар үшін қашықтықтан бақылаудың спутниктік әдістері негізгі, тіпті кейде көлдердің мұз жамылғысын бақылау үшін жалғыз мүмкін әдіс болып табылады. Әсіресе, қашықтықтан бақылау әдістері ұзақ уақытты мұз навигациясын қамтамасыз ету үшін маңызды болып табылады. Ғарыштық ақпараттар федеральды және жергілікті администрациялардың экономиканы жоспарлау, территорияны басқару, табиғи және техногенді апаттардың алдын алуында кеңінен қолданыс табады. Осылайша, Жерді қашықтықтан бақылау әдістері Жер бетіндегі барлық процесстерді бақылап және зерттеп отыру үшін өте маңызды құрал болып табылады.
Әдебиеттер
-
Dennis Roddy. Satellite Communications. McGraw-Hill Telecommunications, 2001, p. 167
-
Кашкин В.Б., Сухинин А. И. Дистанционное зондирование Земли из космоса. Цифровая обработка изображений: Учебное пособие. - М.: Логос, 2001.-264с
-
Тулегулов А. Д., Нысанбаева А.Б., Оразбаева Ұ.М., Темирбаева А.С. Жерді қашықтықтан зондтау арқылы кескіндерді өңдеу// Электроэнергетика и приборостроение: современное состояние, перспективы развития и подготовка кадров: Материалы международной научно-практической конференции. Т.1. – Петропавловск: СКГУ им.М. Козыбаева, 2011. – с.258-261
Достарыңызбен бөлісу: |