Теодолиттік түсіріс өндірісі



Дата29.11.2023
өлшемі15.96 Kb.
#484882
12 Теодолиттік түс. өнд


Теодолиттік түсіріс өндірісі
Теодолиттік түсірісті жергілікті жерде нақты құрылысты салуда қолданады. Мензулдық және тахеометрлік түсірістерді инженерлі геодезиялық ізденістерде, ауыл құрылыстары сонымен қатар жерге орналастырудақолданады. Теодолиттік түсіріс келесі этаптардан тұрады: 1) құжаттарды камералды дайындау; 2) жергілікті жерді рекогносцировкалау және белгіленген пункттерді геодезиялық белгілермен бекіту; 3) далаық өлшем жұмыстары; 4) түсірілген нәтижелерді өңдеу. Рекогносцировка жергілікті жерді алдын-ала байқауды түсіріс объектісімен танысуды, геодезиялық тірек пунктерін іздеп табуды, теодолиттік жүріс орнын соңғы рет таңдау және құрылған жобаны дәлірек анықтауды білдіреді.
Теодолиттік жүрістердің нүктелері көзге көрінетін қолайлы жерде орналасуы қажет; теодеолиттік жүрістің шектес нүктелерінің аралары көзге көрінетіндей болуы қажет. Мерлік лентамен арақашықтықты өлшеу кезінде жүріс жақтарын тегіс, қатты граунтта және өлшеу қолайлы жерге орналастыру керек. Теодолиттік жүріс жақтарының ұзындығы 350 м артық, 20 м кем болмауы, ал жүріс көлбеулігінің бұрышы 50 аспауы керек. Теодолиттік жүріс нүктелерінің орнын көбіне уақытша белгілермен – ағаш қадалармен қағады да, центріне белгі жасап немесе шеге қағады. Уақытша белгілер ретінде темір қадалар, костыльдар және трубка немесе кесілген ағаш түбіне шеге қағылады, сонымен қатар майл бояумен белгі қойылған валундар. Орнатылған нүктелерді оңай табу үшін жанына жер бетінен 30-35см шығып тұрған ағаштан жасалған күзетшілер орнатады; бұл күзетшілерге нөмір немесе басқадай белгілер қояды. Бекітілген нүктелерді 29 топырақпен үйіп немесе диаметрі 0,8м тастармен қалайды. Шамамен 1 км сайын теодолиттік жүріс нүктелерін ұзақ уақытты сенімді белгілермен бекітеді. Теодолиттік жүрістерді бекіткен соң схемлық сызбасын құрып онда нүктелердің және жергілікті жердің ситуациясына қарай жүріс жақтарының орналасуын көрсетеді. Теоедолиттік жүріс жақтарын таңдалып бекітілгеннен кейін, горизонталь бұрыштарды және арақыштықтарды өлшейді. Нүкте аралық горизонталь бұрыштарды теодолитпен өлшейді. Өлшейтін теодолиттерге байланысты өлшем нәтижелерінің дұрыстығын жартылай тәсілдер арасында бұрыштардың айырмашылығы бойынша бақылайды. Горизонталь бұрыштарды өлшеу журналында теоедолиттік жүріс нүктелерінің схемалық сызбалары және жазбалар үшін орын қалдырады (абрис). Абрис негізгі құжат болып табылады, ол арқылы жергілікті жерде теодолиттік жүіріс нүктелерін табады. Теодолиттік жүріс нүктелеріне координата беру үшін жоғарғы класты геодезиялық пунктерге байланыстырады. Жүріс нүктелерін байланыстыру алдында жоғарғы класты бір геодезиялық пункты анықтайды: олардың арасындағы арақашықтықты өлшеп және қабыстыру (примычный) бұрыштарды өлшейді. Пландық байланыстыру деп пунктардың координаттары мен дирекциондық бұрыштарын жүріс нүктелеріне байланыстыруды айтады. Горизонталь түсірісті 1:2000,1:1000 және 1:500 масштабтарында орындайды. Түсіріске ғимарат фасадтар және жол ситуациялары жатады, сонымен қатар квартал ішіндегі құрылыстар және ситуация. Түсірісті теодолит жүрісінің түсіріс негізінен бастайды. Абристі кез келген масштабта қатты қағазда сызады, пландарды құруға арналған шартты белгілерге сүйенбейді. Түзу сызықты сызғышпен сызып, қиысқтарды қолмен сызады. Ситуацияны қалың сызықпен, қосымша сызықтарды жіңішкемен сызу. Абристі жүргізу кезінде кейбір детальдарды үлкен масштабта сызады. Перпендикуляр және қиылыструларды үзік немесе жіңішке түзу сызықпен сызады, ал оларды ұзындығын олардың астына ортадан бастап жазады. Түсіріс жүрісінің аралығы ұлғайған сайын перпендикуляр табанына немесе қарама-қарсы жақтан жазады. Надписты өлшеу кезінде фасад сызықтарына перпендикуляр орнатады. Фасад бойынша нөлдік есептерді арнайы нүктемен алады, басқа есептерді нөлдің өсуіне байланысиы жазады. Аралық есептерді жақша ішінде жазылады. Далалық жұмыстарды аяқтағаннан кейін ғылыми өвдеуге және теодолиттік түсірістің планын жасауға кіріседі. Теодолиттік жүрістерді ғылыми өңдеудің түпкі мақсаты нүктенің тікбұрышты координаталарының х және у мәнін және олардың биіктігін шығару болып табылады. Теодолиттік жүрістерді жүргізгендегі алынған өлшеулерді ғылыми өңдеу мынадай жолмен жасалынады: далалық журналдағы жартылай тәсілдерден алынып есептелген бұрыштардың дұрыстығы тексеріледі; жүрістің өлшенген қабырғаларының ұзындығына (сызықтың горизонтқа көлбеулік бұрыштары 1,5°-тан артық болса) көлбеулігі үшін түзетулер енгізіледі. Енді тұйықталған теодолиттік жүрістегі нүктелердің координаталарын есептеп шығару жолын қарастырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет