Теориялық ЖӘне симуляциялық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚаулық



бет43/56
Дата13.05.2023
өлшемі0.71 Mb.
#473657
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   56
Акушерия теориялық және симмуляция

Бақылау сұрақтары:
* Жүктілік кезіндегі жүрек айнуды жеңу
* Ісіктердің алдын алыңыз
* Төменгі холестерин


1.24. Сабақтың тақырыбы: Босанудың клиникалық ағымы.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Тақырып бойынша білімдерін бекіту, тереңдету, кеңейту, бір жүйеге келтіру.
ә) тәрбиелік: Адамгершіліккешыншылдыққа, тапсырылған іске жауапты түрде қарауға тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Қосымша деректермен таныстыру арқылы ой-өрісін дамыту, студенттің бойында логикалық және клиникалық ойлау қабілетін дамыту, оқыс жағдайда дер кезінде шұғыл шешім қабылдауға дағды жасау.

Сабақтың түрі: Практикалық.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастырушылық кезеңі
ә) Үй тапсырмасын сұрау
б) Жаңа сабақты түсіндіру


Босанудың клиникалық ағымын үш кезеңге бөледі:
Бірінші кезеңде ретті толғақ басталып, жатыр мойны жайылып, толық ашылады(10-12см). Алғаш босанушыда 6-7 сағат уақытты алады. Жатыр мойнының ашылуы алғаш босанушы мен қайталап босанушы арасында бірдей өтпейді. Алғаш босанушыда ішкі ашылу, тегістелу, сыртқы ашылу болады, қайталап босанушыда бұл процесс бір уақытта болады. Жатыр мойнының ашылуына әсер ететін негізгі механизм- жатыр бұлшықеттерінің жиырылуы. Контакция – жатыр бұлшықет талшықтарының жиырылуы; ретракция –бұлшықет талшықтарының бір –бірімен жанама жылжуы; дистракция-бұлшықет талшықтарының созылуы. Толық ашылғаннан кейін, қағанақ суы шығады, көлемі - 250 мл.
Босануды жүргізу жоспары
Босанудың I кезеңін жүргізу:
1. Босанудың I кезеңінде әйелдің жалпы жағдайын, АҚҚ, пульсін, толғағын, ұрықтың жүрек соғысын бақылау.
2. Ұрықтың жүрек соғысын 25-30 минут сайын тыңдап отыру керек. Қалыпты жағдайда ұрық жүрек соғысы 120-160 рет минутына, тамыр соғуы 145 рет минутына.
3. Босану ұзақтығын, толғақ аралығын бақылаймыз.
4. Қағанақ суын бақылаймыз және қағанақ суы кеткеннен кейін ұрықтың жүрек соғуын анықтаймыз. Егер жүрек соғысы қалыпты болса, босану ағымын жалғастырамыз. Егер өзгерістер анықталса , қынаптық зерттеу жүргіземіз.
5. Жыныс мүшелерінен бөлінген бөліністерге мән беру керек. Егер бөлініс пайда болса , қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын ажырауына күдік туғызады.
6. Зәр шығару функциясын және тік ішек жағдайын бақылау қажет. Қуықты екі сағат сайын босату қажет, себебі қуықтың толы босану ағымын төмендетеді.
7. Жатыр мойнының ашылуын қадағалау қажет. Ұрықтың кіші жамбас қуысына түсуін қадағалау және акушерлік зерттеу, толғақ және үзіліс кезіндегі жатыр консистенциясын зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет