Теориялық танымның методтары: формалдау, аксиоматикалық, гипотетикалық-дедуктивтік, абстрактылықтан нақтылықҚА ӨТУ, диалектика, ЖҮйелік әдіс және жүйелі талдау



бет2/4
Дата17.11.2023
өлшемі94.07 Kb.
#483532
1   2   3   4
методы

Аксиоматикалық әдіс – ғылыми білімді ұйымдастыруда көптеген ақиқат пікірлердің ішінен олардың осы саладағы болашақта нақты дамуына негіз бола алатын және тұрақты, өзгермейтін пікірін, яғни аксиоманы табудың жолы. Аксиома дегеніміз – дәлелдеуді қажет етпейтін, аса маңызды іргелі ұғым. Аксиомаға негізделіп қорытындыланатын теорияларға белгілі ережелер жүйесі пайдаланылады.

  • Аксиоматикалық әдіс – ғылыми білімді ұйымдастыруда көптеген ақиқат пікірлердің ішінен олардың осы саладағы болашақта нақты дамуына негіз бола алатын және тұрақты, өзгермейтін пікірін, яғни аксиоманы табудың жолы. Аксиома дегеніміз – дәлелдеуді қажет етпейтін, аса маңызды іргелі ұғым. Аксиомаға негізделіп қорытындыланатын теорияларға белгілі ережелер жүйесі пайдаланылады.
  • Гипотетикалық– дедуктивті методтың мәні бір – бірімен логикалық байланыстағы бірнеше тұжырымдардың жүйесін құру арқылы эмпириялық фактілер туралы қорытынды алынады. Бұл, әрине, болжамдық сипаттағы қорытынды.
  • Абстрактілеуден нақтылыққа өрлеу – ғылыми ойлаудың бастапқы жалаң абстракциядан бірте – бірте барлық зерттеу кезеңдерінен өтіп терең, біртұтастыққа, яғни нысан туралы нақты теорияға қол жеткізу. Өзінің алғашқы шарты ретінде бұл метод нысанды сезімдік тұрғыдан танудағы мәліметтерден абстракцияға өтуді алады, осы жолда нысанның жеке қасиеттерін, бөліп, анықтап, салыстырып, ең соңында ол туралы біртұтас, тиянақты нақтылыққа қол жеткізеді.

Жүйелік талдаудың негізгі міндеті жүйелік зерттеулердің қағидаларын, түсініктері мен әдістерін жалпы ғылыми әдістемелік деңгейде көрсетуге бағытталады.

  • Жүйелік талдаудың негізгі міндеті жүйелік зерттеулердің қағидаларын, түсініктері мен әдістерін жалпы ғылыми әдістемелік деңгейде көрсетуге бағытталады.
  • Жүйелік әдіс нысандарды жүйе ретінде зерттеуге, жобалауға және құруға тікелей қатысты әдістемелік білім түрлерінің бірінен саналады және өз табиғаты бойынша пәнаралық, жалпы ғылыми сипатқа ие болып табылады. Жүйелік әдістің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
  • зерттелетін нысандарды жүйе ретінде қарастырудың тұжырымдамалық (мазмұндық және формальдық) құралдарын әзірлеу;
  • жүйелердің қозғалысы, мақсатқа сай жүріс-тұрысы, дамуы, иерархиялық құрылысы, жүйелердегі басқару үрдістері жайлы жекелеген үлгілерді қамтитын жүйелердің жалпылама үлгілерін және әр түрлі топтары мен қасиеттерінің үлгілерін құру;
  • әр түрлі жүйелік теориялардың әдістемелік негіздерін зерттеу.
  • Жүйелік талдау әр түрлі функционалдық мақсаттағы күрделі нысандарды түзу мен зерттеуге бағытталған ғылыми-инновациялық іс-әрекет түрі және жүйені біртұтас құрылым ретінде қарастыратын тұжырымдамаға негізделген, күрделі мәселелерді шешу әдістемесі деп сипатталады.
  • Системологияда, яғни жүйелер туралы ғылымда қолданылатын жүйелік әдістің негізгі тәсілдерінің мән-маңызын ашып көрсету тұрғысынан жүйелік зерттеулердің кейбір жалпы әдістемелік қасиеттерін көрсететін бірқатар мынадай негізгі қағидаларды атап өтуге болады:
  • 1. Иерархиялық ұйым қағидасы немесе интегративтік деңгейлер қағидасы күрделі жүйелердің үлгісін құру барысында күрделі жүйелердің формальдық құрылым үлгілерін құрудың қайталанбалы қағидасы түрінде кеңінен қолданылады. Аталмыш қағида тікелей төменгі деңгейдегі күрделі жүйелердің қасиеттері мен өзара әрекеттерін сипатауды керек ететін жорамал ретінде қабылдауға және олардан осы деңгейдегі жүйелік қасиеттердің теориясы түрінде қорытынды шығаруға негізделеді. Келесі иерархиялық деңгейге “өрмелеген” сайын алдыңғы деңгейдегі жүйе бір жоғарғы деңгейдегі жүйенің элементіне айналады. Сондықтан, соңғысының формальдық құрылымын күрделендіру шарт емес. Осы қағида жоғарыда айтылған иерархиялық таным қағидасын қорытындылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет