Тербелістерді қосу. Өшетін және еріксіз тербелістер



бет1/4
Дата15.06.2023
өлшемі112.77 Kb.
#475099
  1   2   3   4
Тербелістерді қосу


Жоспар

  1. Тербелістерді қосу. Өшетін және еріксіз тербелістер

  2. Бірдей бағыттағы тербелістерді қосу

  3. Өзара перпендикуляр тербелістерді қосу

  4. Еркін өшетін электромагниттің тербелістер

  5. Еріксіз электромагниттік тербелістер. Резонанс


Тербелістерді қосу. Өшетін және еріксіз тербелістер
Тербелмелі жүйенің бірмезгілде бірнеше тербелмелі процестерге қатысып, жүйеде өтетін қорытқы тербелістің заңдылығын анықтауды тербелістерді қосу деп қарастырады. Екі шекті жағдайлар қарастырылады: бірдей бағыттағы және өзара перпендикуляр бағыттағы тербелістерді қосу.
Бірдей бағыттағы тербелістерді қосу
Гармоникалық тербелісті айналатын амплитуда векторы (4.1 суретті қара) ретінде қарастыруға болады.
(4.1) заңдылығымен х осі бойымен өтетін тербелісті қарастырайық.
Тірек осі ретінде  х осі алынады.
Гармоникалық тербелісті ұзындығы тербеліс амплитудасына А тең, ал вектордың бағыты х осімен тербелістің бастапқы фазасына тең бұрыш жасайтын вектор көмегімен берілсін делік.   векторының  х осіне проекциясы
.
4.1 Сурет
Егер осы векторды  бұрыштық жылдамдықпен айналдырсақ,  векторының оське проекциясы (4.1) теңдеуімен сипатталатын +А дан –А  аралығында гармоникалық тербеліс жасайды. Осы тербелістердің циклдік жиілігі айналудығ бұрыштық жылдамдығына, ал бастапқы фазасы  - векторының бастапқы уақыт мезетінде тірек осімен жасайтын бұрышына тең.
Егер жүйе бірмезгілде:
,  , (4.2) теңдеулерімен сипатталатын екі тербеліске қатысса,
Онда қосуды векторлық диаграмма әдісін қолданып, жүргізуге болады (4.2 суретті қара). Қорытқы  векторының х осіне проекциясы қосылғыш векторлардың проекцияларының қосындысына тең
.
4.2 сурет бойынша қорытқы вектор косинустар теоремасымен  , (4.3)
ал қорытқы тербелістің бастапқы фазасы тангенс бойынша анықталады:
. (4.4)
Қорытқы гармоникалық тербелістің теңдеуі
.
4.2 Сурет
(4.2) және (4.3) теңдеулерін талдайық.
4.1.1 Бірдей жиіліктегі және фаза ығысуы  тербелістерді қосқанда қорытқы амплитуда  . Тербелістер бірдей фазада (синфазды) тербеледі. Егер фаза ығысуы  , онда  ,тербелістер қарама-қарсы фазада тербеледі. Екі жағдайда да қорытқы тербелістің амплитудасы уақыт бойынша өзгермейді. Егер екі тербеліс фаза айырмасы тұрақты болып, уақыт бойынша үйлесімді өтетін болса, оларды когеренттік тербелістер деп атайды.
4.1.2 Жиіліктері әр түрлі тербелістерді қосқанда  және  векторлары әр түрлі бұрыштық жылдамдыққа ие болады. Қорытқы  векторы шама жағынан өзгереді және айнымалы жылдамдықпен айналады. Бұл тербелістер когерентті емес, гармоникалық емес, күрделі құбылыс байқалады.
4.1.3 Бірдей бағыттағы, бірақ жиіліктерінің айырмасы аз шама болатын тербелістерді қосқанда амплитудасы қандай да бір максимал мәннен нөлге дейін периодты түрде өзгеретін тербеліс пайда болады. Мұндай тербелістер соғу деп аталады.
Бір тербелістің жиілігі  , ал екіншісінің жиілігі  , бастапқы фазалары нөлге тең, амплитудалары тең  болсын, онда  ,  . Қорытқы тербеліс (4.5)
қатынасты қанағаттандырады.
шамасы 0 ден 2А дейінгі шекте соғудың циклдік жиілігі деп аталатын  циклдік жілікпен өзгереді. Соғудың жиілігі  болғандықтан, жоғарыда көрсетілген айнымалы шаманы соғудың амплитудасы (шартты) деп атайды. Соғудың периоды  .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет