Тәрбие негізі – ҚҰндылық



Pdf көрінісі
бет22/37
Дата18.09.2024
өлшемі2.09 Mb.
#503775
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ҚҰНДЫЛЫҚ

 аса маңызды. Оқушылардың 
жоба бойынша өзіндік қорытынды жасап, іс-әрекеттерін талдауы 


50 
олардың саналы әрекет етуге, өз ісіне жауапкершілігін арттыруға ықпал 
етеді. Қоршаған ортаның, қоғамның игілігіне қызмет етудің 
маңыздылығын түсінуіне әкеледі. 
Жоба қорытындысын таныстыру және нәтижесін бағалау оқушының 
еңбегінің жемісін көрсетеді. Оқушыларға қолайлы формада ауызша есеп 
дайындау, мақала жазу, презентация әзірлеу, фотоколлаж, буклет, 
альбом құрастыру, видеоролик түсіру, т.с.с. форманың бірін таңдауға 
ерік берген дұрыс. Оқушыларды мәжбүрлеп емес, ынталандыра отырып 
өз ісінің пайдалы, мықты тұстарын көрсетуіне жағдай жасау маңызды.
Рефлексияға арналған сұрақтар үлігісі: 
-
Жоба аясында жұмыс жасау ұнады ма? Неліктен? 
-
Жоба аясында не үйрендің? 
-
Жобаға қатысу барысында қандай әсер алдың? 
-
Жоба барысында кімдерге қолдау көрсете алдың? Саған кімдер 
қолдау көрсетті? 
-
Жобадағы сенің еңбегіңнің кімдерге пайдасы тиді деп ойлайсың? Оны 
қалай байқадың? 
-
Жоба аясында жұмыс істеуде қандай қиындықтар кездесті?
-
Кездескен қиындықтан қалай шықтың? 
-
Егер осындай жобаны қайта өткізетін болсақ, жұмыс жоспарымызда 
нені өзгертер едің? 


51 
Өзіндік рефлексия жасау барысында жобаның ұтымды тұстарымен 
қатар, егер қажеттілік туындаса, сәтсіз тұстарының орын алу себептерін 
талдау алдағы жобалардың дұрыс ұйымдастырылуына, қиындықтардың 
алдын алуға септігін тигізеді. Кез келген жобаны мұғалім тарапынан 
басынан соңына дейін дұрыс қадағалап, басқару маңызды. Яғни дұрыс 
жоспарлау, ұйымдастыру және үдерісті басқару. Жобаны ұйымдастыру 
үшін өмір қауіпсіздігі ережелерін, маусымдық ерекшеліктерді, ауа райы 
мен ресуртардың қолжетімділігін алдын ала ескеру маңызды. 
Төменде бастауыш сыныптағы пәндер бойынша жобаның 
тақырыптарының үлгісі ұсынылды. Әр мұғалім өзінің сынып 
оқушыларымен бірігіп тақырыптарды түрлендіре алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет