Тәрбие сағатының тақырыбы: «Алғыс айту ен асыл сөз»



Дата03.04.2024
өлшемі14.35 Kb.
#497502
Тарбие сагаты (копия)


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Алғыс айту – ен асыл сөз»

Мақсаты: Студенттердің «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту


Міндеттері: а) ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;
ә) үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту;
б) әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу

1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті.


Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.


Алғыс айту куніне орай олен жолдары окылады:Акатай Айнель,Сейтказиева Томирис,Маннап Данна,Ерболат Елдана


Алғыс – қуаныш үстінде, жиын, мереке, той-томалақта адамдардың бір-біріне білдіретін игі тілектің этикалық мәнді атауСонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу…


Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін..

Проблемалық сұрақ:


«Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар?
Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?»

Видео ролик: «Жақсылығың қайтар өзіңе»


Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.

Ойындар ұйымдастырылады:


«Автограф» ойыны: (Әр оқушыға артына қағаз бекітіледі. Осы қағазға басқа оқушылар тілектерін жазуы қажет)

Ризашылық пен алғыс сөздерінде көп мағына жатыр. «Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді. Ал өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз.»


Осымен «Алғыс айту ен асыл сөз»тәрбие сағаттын аяктаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет