Тәрбие сағатының тақырыбы: Жас ұландар мақтанышы елімнің!



Дата11.05.2024
өлшемі16.73 Kb.
#500894
7 мамыр


Тәрбие сағатының тақырыбы: Жас ұландар - мақтанышы елімнің!
Мақсаты: Оқушыларға сарбаздар, Отан қорғаушылар жайында әңгімелеп беру. Дүниетанымдарын кеңейту. Ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыстануға баулу.Әр оқушының жетістігін көре білу, өнерлі, ақылды, білімді, ұйымшыл болуға баулу.
Барысы: І Ұйымдастыру.
ІІ.Кіріспе.
Сарбаздар жыры
Жас ұланбыз жаны жарқын,
Қайрат-күші құрыш мығым,
Тамылжыған жаны алтын,
Қорғаймыз ел тыныштығын.
Сарбаздармыз саптағы біз,
Қатарымыз сөгілмеген.
Туған елдің мақтанымыз,
Адымдаймыз сенімменен.
Желбіреген жалауымыз,
Ұлы Отанның ұланымыз.

Бейбітшілік қалауымыз,


Асқақтаған жыр-әніміз.
7-мамыр –ҚР Қарулы күштерінің Отанды қорғау күні.
Құрлықтағы әскери топтар;
Әскери әуе күштері;
Әскери теңіз флоты;
Ұлан тобы.
Қарулы Күштердің Бас Қолбасшысы –Н.Ә.Назарбаев.
18 жасқа толған әр ер азамат Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскер қатарына шақырылады.
Б.Момышұлы: «Әрбір азамат өз ұлтын сүюі тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі
мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды да сүйе білуге тиіс.»
М.Жұмабаев: « Елге ер қымбат, елге ердің адал жүрегі қымбат».

Сайысқа қош келдіңіз, бәріңіз де,


Дос, тума, ұстаз, ата-ана, кәріңіз де.
Елімнің жас ұланы алдыңызда
Тамашалап қол соғып көріңіздер!

Сайыс кезеңдері:


1.Мен атамның жалғасымын... (Таныстыру)
2.Күш-білімде... (Сұрақтар)
3. Өнерлі өрге жүзер...
4 Ойын: «Кім тапқыр?»
Енді ортаға сымбатты, өнерлі, ақылды, білімді жас ұландарымызды шақырайық. Қарсы алыңыздар!
І. Таныстыру.Сәлемдесу.
Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі.

ІІ. 2. Күш-білімде... (Сұрақтар)


1. Атақты билерді ата.
2. Жігіттің жұрты нешеу? Ата.
3 .Ұлттық ойындарды ата.
4 .Туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер айт.
5. Отанымыздың рәміздерін ата
6. 7 мамыр қандай мереке?

Білімменен бүгін міне, ән қосты,


Сұрақпенен жауаптарды талдасты.
Алғырлығын тағы бізге дәлелдер,
Ортамызға шақырайық жас досты.
ІІІ. Өнерлі өрге жүзер...
Ұландар биімен

Ойын: «Кім тапқыр?»


Берілген әріптерге сөздер айтып жауап бересіздер.

( Б, С, Д, Ж, Н, О, Қ, А, М)



Қорытынды.
Көз тойғысыз қазағымның жері бар,
Ну орман, тауы, өзені, көлі бар.
Қазағымның жерін, елін қорғайтын
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.
Міне, осындай егеменді еліміз,
Кең жазира, ұлан байтақ жеріміз.
Туған елін, туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.
Ән: «Солдат болам мен ертең!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет