Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет73/124
Дата07.02.2024
өлшемі1.84 Mb.
#491029
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   124
зобпен ауыру, ревматизммен ауыру т.б. Бірақ осы үлгідегі 
меңгеріле байланысқан тіркестер жарты ғасырдан артық 
уақыт жазба тілімізде қолданылып келсе де, оны қазіргі 
əдеби тілімізде толық орнықты деуге болмайды. Өйткені 
оның жасандылығы бірден байқалады жəне бұлар бұрын 
тілімізде қолданылмаған үлгінің негізінде жасалған. Қазақ 
тілінде ауыру етістігі тірек болатын конструкция көбіне-
көп меңгеру болып келмей, кейбір көмекші етістіктер 
арқылы қабыса байланысып тұратын. Қазіргі сөйлеу тілінде 
де шаншу тиіп ауыру, тымау тиіп ауыру, суық тиіп ауы-
ру, қылтамақ болып ауыру, жөтел тиіп ауыру т.б. тəрізді 
үлгіде жиі айтылады. Бірақ қазіргі белгілі болған көптеген 
ауру атауларымен ауыру сөзі сөйлеу тіліндегі бұл үлгі 
негізінде сол көлемде, сол шеңберде ғана тіркесе бермейді, 
яғни мұндай конструктивті үлгі мүмкін болатын тіркес-
терді толық қамти алмайды. Сондықтан да медициналық 


217
əдебиет тілінде жоғарыдағы көрсетілгендей калька тіркес-
тер пайда болып отырады.
Ал аурудан (обадан, чумадан, қышымадан, маңқадан т.б.) 
ауыру тіркесінің тұлғасы да қазақтың əдеби тілінде əдетте 
үлгі деп айтуға келмейді. Бұл жерде ол тіркес үлгісінің 
табиғатын дəл басу қиын. Мысалы, орыс тілінен дəлме-дəл 
калька арқылы аударылып алынған емес. Дегенмен, бұл 
тіркестің тууына орыс тіліндегі «болеть (заболеть) чем» 
конструкциясының кейбір əсер-ықпалы бар болу керек. Ол 
ықпал, ең алдымен, айтылмыш кітапшалардың орыс тілінен 
аударма екендігінде болса, екіншіден, ауыру сөзінің орыс 
тіліндегі «болеть, заболеть» сияқты əрқашан белгілі бір 
сөзді, көбіне ауру аттарын меңгеріп тұруға ыңғайлануы 
болса керек. Осының үстіне бұл тіркес үлгісінің осындай 
тұлғада пайда болуының тағы бір көзі, яғни ауыру етістігінің 
шығыс септікті меңгеруі қазақ тіліндегі қолданылып жүрген 
аурудан, кеселден өлу тəрізді байырғы тіркес үлгісінің де 
əсер еткенінен болу керек. Ауыру жəне өлу етістіктерінің 
синтаксистік қызметі жағынан бір ұқсас жері өлуде ауыру 
етістігіндей кейде көсемшелі сөзбен қабыса байланысады: 
ауырып өлу, ауырмай өлу. Демек, аурудан ауыру тіркес үлгісі 
тұмау... болып (тиіп) ауыру немесе орыс тілі əсерінен туған 
аурумен ауыру жəне аурудан (кеселден) өлу тəрізді екі кон-
струкциядан контаминация арқылы жасалған деп жобалауға 
болады. 
Бұл кезеңдерде техниканың кейбір саласына байла-
нысты да бір сыдырғы еңбектер жарық көрді. Олардың 
кейбіреулерін көрсете кетейік: «Торгайский сельско хо-
зяйственный обществоның уставы», Орынбор, 1903; «Ино-
родистер школдары үшін шыққан жаңа правилелер», 
Орынбор, 1906; «Қолменен май алатын машинаны пайдаға 
енгізу жөні», Троицк, 1914; «Қазақ-қырғыз съезі (Кн. «Му-
сульманского бюро»), Орынбор, 1917; «Нұсқа кітаб. Зеңгір 
компаниясының істігетұғын машинелеріне», Орынбор, 
1914 ж. т.б. 


218
Бұл шығармалардың тілінде де медицина, биологияға 
байланысты орыс тілінің əсер-ықпалы бірқыдыру бар екенін 
байқаймыз. Осы əдебиеттер, негізінен, орыс тілінен аударма 
болғандықтан, сөйлем құрылысында стильдік кемшіліктер
əсіресе, сөздердің орнын орыс тілі ыңғайында ауыстырып 
қолдану жиі кездесіп отырады. Бір-ақ мысал келтірейік: 
«Анықтай есебтейік шотқа салыб, сүт машинасы бар үйдің 
файдасы: бір үйдің 10 сиыры бар, һəр сиыры береді күніне 
15 қадақ сүт» («Қолменен майалатын машинаны файдаға 
енгізудің жөні», 1-б.). 
Сонымен бірге машиналардың кейбір тетіктеріне бай-
ланысты, оқу-өнер істеріне, жалпы халық шаруашылығы
экономика салаларына қатысты жаңа сөздер, терминдер 
қолданылып отырған. Олардың көбі-ақ орыс тілінен сол 
күйінде қабылданған лексемалар. Мысалы, «Публичнай, 
яғни һəркімдерге болуға жарайтұғұн жилысдар советдін 
постановлениесі бойынша құрылады, сол жилысдарға іске 
кірісмесден тек кіруб отыруға рұқсат беру председательдің 
қарамағында болады» («Торгайский сельско хозяйствен-
ный обществоның уставы», 23-б.). «Члендікке язылған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет