боратория, ассистент, институт, экспедиция, лаборант,
эскпери-мент тəрізді толып жатқан термин сөздерінсіз
толық түсінікті етіп жазып, айта алар ма едік? Бұлардың
105
Əбілқасымов Б., Қарашева Н., Сұбханбердина Ү., Бекхожин Қ. т.б.
еңбектерін қараңыз.
243
көбі дерлік халықаралық қалпын, яғни орыс тіліндегі
кейпін сақтап, тілімізге енді. Көпке түсінікті, көңілге
қонымды, барлық халыққа ортақ осы тектес нақты ұғым-
дар тұрғанда, кейде оны аударып əлекке түсіп жатамыз.
Аударма нақты да дөп түсіп жатса, қабылдамасқа не шара.
Алайда бұрын тілімізде болмаған мұндай ғылыми ұғым-
дарды осылайша қабылдағанның өзі əлдеқайда ұғымды да
орынды болды ма деген ойға қаласың. Қазір бұлар əдеби
тіліміздің, əсіресе, ғылыми шығармаларда, түрлі оқымыс-
тылардың жазуында, тіпті ғылыми қызметкерлердің сөйлеу
тілінде кеңінен қолданылып, ұлттық тілімізге мол қазына
ретінде еніп, өріс тауып отыр. Яғни, қысқаша айтқанда,
қазақ əдеби тілі сөздік құрамындағы ғылымға байланыс-
ты ұғымдарды білдіретін бұл сөздер мен атауларды, сөз
тіркестерін қазақ əдеби тілінің қарымын күшейтіп отырған
ғылыми терминдер деп тануға əбден болады.
Ана тіліміздің осыншама дəрежеге көтерілуі қазақ əде-
биетінің классигі М. Əуезовтің мынадай ой өрбітуінен бай-
қалады: «Қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамы мейлінше
толықты, біздің ұрпақ бұл жағынан əлдеқайда бай»
106106
.
Бұл ойды Мұхтар Омарханұлы сонау 50-жылдардың
басында айтқан болатын. Содан бергі өткен 40 жыл уақыт
ішінде тіліміздің болмысында бұл тектес неше алуан
құбылыстар болып өтті. Қаншама сөздер жасалды, қаншама
термин қабылданды?! Бұларды жай тізіп шығудың өзі
мүмкін емес. Мұның бəрі ғылымның, техниканың, өнердің,
халық шаруашылығының бұрын болмаған дəрежеде дамып,
мүлде басқаша сапаға көтерілуіне байланысты болып отыр.
Қарап отырсақ, техника саласында көптеген терминдерді
орысша жазылуы бойынша қабылдаумен бірге, байырғы
106
Ауэзов М. Некоторые вопросы развития казахского литературного языка //
Литер. газета, 1951. 4 октябрь.
244
қазақ сөздерінің де толып жатқан мүмкіндік көзі ашылған.
Яғни ол сөздердің көбі техниканың дамуына сəйкес жаңа
мағыналық жүк арқалап, жаңаша қызмет атқара бастаған.
Сөйтіп, қазақ тілі сөздік құрамындағы өнеркəсіп,
техникаға байланысты ұғымды білдіретін сөздер мен сөз
тіркестерін техникалық термин деп атаймыз. Бұлардың
ғылыми терминдерге қарағанда өрісі кеңдеу болып келеді.
Осы салада қызмет ететін мамандар, инженерлер жəне
қалың жұмысшы қауымның күнделікті сөйлеу тілінде
бұлар ылғи қолданылып отырады.
Қазақ халқының өмір сүру ерекшелігіне тəн ерекше
құбылыстың бірі – олардың ежелден жермен байланысты
кəсіп еткені. Яғни олар түрлі шаруашылықпен (мал өсіру,
егін салу, аң аулау, балық аулау т.б.) айналысып кел-
ген. Соның ішінде мал шаруашылығы ерекше орында
тұрады. Міне, сондықтан қазақ тілінің сөздік құрамында
ауылшаруашылығына байланысты сөздер бұрыннан да көп-
теп кездеседі. Ал кейіннен қосылған сөздер осы шаруа-
шылықты үнемі жетілдіріп отырумен байланысты, меха-
низация, мелиорация т.б. шараларға орай жасалып, пай-
да болған. Бұлардың арасында да жалпы əлемге ортақ
халықаралық терминдер, солардың үлгісімен жасалған атау
сөздер һəм сөз тіркесімдері бар. Шөп машинасы, трак-
тор, агрегат, молотилка, ауыспалы егіс тəрізді толып
жатқан сөздерді қараңыз. Шаруашылық саласына байла-
нысты терминдердің құрамы əр алуан. Республикамыздың
жер-жердегі жергілікті кəсіптің түріне байланысты кəсіби
терминдер түгелге дерлік əдеби тілімізге енді. Жер суару,
бақша ісіне жəне түрлі техникалық дақылдарға байла-
нысты, балық өндіру кəсібі, аңшылыққа қатысты көптеген
сөздер қалыпты қолданысқа енді.
Ғылымның, техниканың, экономиканың, жалпы мəде-
ниеттің жəне əлеуметтік өмірдің əр алуан салаларының
мейлінше дамып, жандана түсуі адамның рухани жан
дүниесіне де үлкен қозғау салып отырды. Мұны біз өткен
245
70 жылдың өмір болмысынан айқынырақ аңғарамыз. Мы-
салы, өнердің театр, опера, балет, живопись, скульптура,
хореография, кино, телевидение, драма, проза, поэзия
тəрізді сан түрлі саласы бұл күндері кең қанат жайып,
өзімен бірге осы тектес неше алуан ұғымдар жəне солар-
ды күнделікті тірлігінде үздіксіз қолданып отыратын ма-
мандар, мамандық атауларын ала келді. Бұлардың əрқай-
сысының өзіне тəн лексикасы жəне бəріне ортақ терми-
нологиялық жүйесі бар. Яғни өнердің барлық салаларына
бірдей ортақ сөздермен қатар, бұлардың əрқайсысы өзіндік
терминдік жүйесін жасап дамытып отыр.
Қай тілде де терминология мəселесі аударма жұмы-
сынсыз өрістеген емес. Қазақ тілінде де солай. Қазақ тер-
минологиясының тарихын тексеріп қарағанымызда, мұның
аудармасыз күн кеше алмайтынын анық байқадық. Алдыңғы
тарауларда əңгіме болған алғашқы қазақ газеттері мен жур-
налдар бұл жөнінде неше алуан мысалды алға тосады. Сон-
да қазақ сөзі терминдік мəнде таза қазақша мақалалардан
гөрі, аударма материалдарда жиірек кездеседі екен. Ауыл-
шаруашылығы, мал дəрігерлік, медицина, оқу-ағарту, мə-
дени мəселелерге байланысты қажет деген дүниелерді
қазақ оқығандары ең алдымен орыс ортасынан алып, ау-
дарып беріп отыруға тырысқан. Осының нəтижесінде көп-
теген қазақ сөздері нақты мамандық түрлеріне сəйкес
терминдік қызметте жұмсала бастайды.
«Мың бір түн», «Шахнама», «Калила мен Димна» тəрізді
шығыстың дана туындыларын алып келген арғы жердегі
арабы үлгілерді қоспағанның өзінде, бертіндегі, яғни
XX ғасырдың екінші жартысынан бастау алатын аудар-
малар терминжасам процесіне едəуір ықпал етті деп ойла-
мыз. Бұл құбылыс XX ғасырдың басында күрт даму жолына
түсті.
Аударманың термин қалыптастырудағы рөлін, негізгі
белгі, шарттарынсыз түрлерін анықтау мүмкін бола бер-
мейді. Осы тұрғыдан аударма тəсілдеріне де баруға тура
келеді. Сонда байқалғаны, айналасы жүз жыл шамасын
қамтып жатқан бұл өнердің басты-басты тəсілдері сара-
ланып шыққан екен. Олар – еркін аударма, баламалы ау-
дарма, дəлме-дəл аударма, сөзбе-сөз аударма, калька т.т.
Тарауда бұлардың əрқайсысына кезеңдік тақылетіне орай
баға беріледі, сараланады. Сөйтіп, жалпы аударманың
терминология процесінде едəуір рөл атқаратыны баян-
далады.
247
Достарыңызбен бөлісу: |