Газдың күйін сипаттайтын үш параметрлердің
( p,V,T) процесс кезінде әйтеуір біреуі тұрақты болып отырса,
онда мұндай процестерді изопроцестер деп атайды. Термодинамиканың мысалдарында: жылу қозғалтқыштарының жұмысын есептеуде, суыту машиналарының жұмысы кезінде газдардағы процестер туралы көбірек айтуға болады.
Изохоралық процесс
Берілген көлемі
(V = const) тұрақты болғанда жүретін процесті айтамыз. Сонда ешқандай көлем өзгерісі болмайды да
(d = 0), газ сыртқы күштерге қарсы жұмыс жасамайды.
dA = = 0. Осы (1) процестің диаграммасын былайша кескіндеуге болады (2.19-сурет).
2.19-сурет
мұндағы: 1-2газдың
изохоралық қыздыру процесін, ол әдетте, изохоралық процесс көлемі өзгермейтін қабырғалары қалың ыдыстың ішінде газды суыту немесе қыздыру арқылы орындалады.
Яғни, идеал газдың ішкі энергиясының өзгерісі оның абсолют температурасының өзгерісіне тура пропорционал болады.
Сонда 1-2 кесіндісі газдың изобаралық ұлғаюын көрсетеді де, штрихталған аудан изобаралық жұмыстың шамасын анықтайды
мұндағы: - изохоралық жылу сыйымдылығы.
Сонымен, газдың изобаралық ұлғаюы кезіндегі жұмысы оның қысымы мен көлемінің өсімшесінің көбейтіндісіне тең және ол диаграммада V112 V2 тік төртбұрыштың ауданына тең. Изобара 1-2 түзу сызықпен кескінделеді.