Терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы халықаралық конвенция



Дата17.06.2016
өлшемі228.01 Kb.
#142891
Терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы
халықаралық конвенция
(Нью-Йорк 2000 ж. 10 қаңтар)

ҚР 2002 жылғы 2 қазандағы № 347-II Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының осы конвенцияға қосылды



Кіріспе

Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер,

Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға және мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастарды және тату көршілік пен ынтымақтастықты нығайтуға қатысты Жарғысының мақсаттары мен қағидаларын басшылыққа ала отырып,

терроризм актілерінің бүкіл дүние жүзіндегі барлық нысандары мен көріністерінің өршуіне аса алаңдаушылық білдіре отырып,

Бас Ассамблеяның 1995 жылғы 14 қазандағы 50/6 қарарында берілген БҰҰ-ның 50 жылдығына байланысты Декларацияны негізге ала отырып,

сондай-ақ осы мәселе бойынша 1994 жылдың 9 желтоқсанындағы 49/60 қарарын және оған қосымшаны қоса есептегенде, қай жерде және кімнің жасағанына қарамастан, соның ішінде мемлекеттер мен халықтар арасындағы қарым-қатынастарға қауіп төндіретін және мемлекеттердің аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін терроризмнің барлық актілерін, әдістері мен іс-тәжірибелерін қылмыстық және ақтауға жатпайтын әрекеттер ретінде сөзсіз айыптайтын осы мәселе бойынша Бас Ассамблеяның барлық тиісті қарарларына сүйене отырып,

халықаралық терроризм жою жөніндегі шаралар туралы декларацияда осы мәселенің барлық аспектілерін қамтитын барынша кең көлемді құқықтық шеңбердің болуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттер шұғыл тәртіпте терроризмнің барлық нысандары мен көріністерінің алдын алу, жолын кесу және жою туралы қолданылып жүрген халықаралық құқықтық ережелерді қолдану аясына шолу жасауды да ұсынатындығын атап көрсете отырып,

Бас Ассамблеяның барлық мемлекеттерді террористер мен террористік ұйымдарды қаржыландыруға тікелей немесе жанама жүзеге асыруына қарамастан терроризм іс-әрекеттерді қаржыландыру мақсатында адамдарды пайдалануды қоса есептегенде, әсіресе орынды жерінде құралдар террористік мақсаттарға арналған деген күдікке қатысты іс-әрекеттерге кедергі келтіруге немесе қарсы әрекет ету үшін бұл ретте заңды капиталдың айналымына ешбір кедергі келтірмей реттеу шараларын қолдану туралы мәселені қарауға және мұндай құралдардың айналымы туралы ақпаратпен алмасуды жандандыруға тиісті ішкі шаралар, барлық мемлекеттерді мұндай қайырымдылық, қоғамдық немесе мәдени мақсаттарды көздейтін болмаса көздейді деп сендіретін немесе қару-жарақты заңсыз жеткізіп беру, есірткілердің заңсыз айналымын, бопсалаушылық сияқты тыйым салынған іс-әрекет түрлеріне қатысы бар ұйымдар арқылы кедергі келтірулер мен қарсы әрекет ету қадамдарын жасауға шақырған 1996 жылғы 17 желтоқсандағы 51/210 қарары 3-тармағының (F) тармақшасына сүйене отырып,

сондай-ақ Бас Ассамблеяның мемлекеттерді, атап айтқанда 1996 жылғы 17 желтоқсандағы 51/210 қарарының 3-тармағының (а)-(ғ) тармақшаларында көрсетілген шараларын жүзеге асыру туралы мәселені қарауға шақырған 1997 жылғы 15 желтоқсандағы 51/165 қарарына сүйене отырып,

Бас Ассамблеяның 1996 жылғы 17 желтоқсандағы 51/210 қарарымен құрылған арнаулы комитет терроршылдықты қаржыландыруға қарсы күрес туралы қолданылып жүрген тиісті халықаралық құжаттарды толықтыратын, халықаралық Конвенцияның жобасын жасауға тиіс деп қаулы еткен,

терроршылдықты қаржыландыру жалпы алғанда халықаралық қауымдастыққа елеулі алаңдаушылық туғызатынын ескере отырып,

халықаралық террорлық актілердің саны мен ауырлығы терроршылардың қол жеткізулері мүмкін болатын қаржыландыруға байланысты болатындығын атап көрсете отырып,

сондай-ақ қолданылып жүрген көпжақты құқықтық құжаттарда мұндай қаржыландыру нақты қарастырылмайтындығын көрсете отырып,

терроршылдықты қаржыландыруға жол бермеу, сондай-ақ оларды жасаған адамдарды іздеу және жазалау арқылы олармен күресу бойынша тиімді шаралар әзірлеу және қолдану ісінде мемлекеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың шұғыл қажеттілігіне сенімді бола отырып, төмендегілер туралы келісті:

1-бап

Осы Конвенцияның мақсаты үшін:

1. "Қаражаттар" оларды алу тәсіліне қарамастан, кез келген түрдегі немесе жылжымалы, немесе жылжымайтын активтерді, сондай-ақ осындай активтерге немесе оларға қатысуға құқық беруді куәландыратын кез келген, соның ішінде электрондық немесе цифрлық, нысандағы заңдастырылған құжаттарды немесе актілерді білдіреді. Оларға банктік несиелер, жол чектері, банктік чектер, пошта аударымдары, акциялар, бағалы қағаздар, облигациялар, вексельдер, аккредитивтер жатады, бірақ бұлармен шектелмейді.

2. "Мемлекеттік немесе үкіметтік объект" мемлекет өкілдері, үкімет мүшелері, заң шығару немесе сот органының өкілдері немесе мемлекеттің яки кез келген басқа мемлекеттік органның немесе мекеменің лауазымды тұлғалары, яки қызметшілері, немесе үкіметаралық ұйымның қызметшілері немесе лауазымды тұлғалары өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты пайдаланатын немесе орналасатын кез келген тұрақты немесе уақытша объектіні, яки құралын білдіреді.

3. "Түсімдер" 2-бапта көрсетілген қылмыстарды жасау арқылы тікелей немесе жанама алынған кез келген қаражатты білдіреді.

2-бап

1. Осы Конвенцияның мағынасы бойынша кез келген адам қылмыс жасайды, егер ол кез келген тәсілмен, тікелей немесе жанама, заңсыз және алдын ала ойластырып төмендегі іс-әрекеттерді жасау үшін толық немесе ішінара пайдаланылады немесе олар пайдаланылатын болады деген ниетпен қаражат тауып берсе немесе оларды жинауды жүзеге асырса:

а) қосымшада көрсетілген және онда анықталған шарттардың бірін қолдану аясына сәйкес қылмыс тудыратын кез келген іс-әрекет;

ә) қарулы қақтығыс жағдайында әскери іс-әрекеттерге белсене қатыспаған кез келген азаматтығы бар адамды немесе кез келген басқа тұлғаны өлтіруге не болмаса оған ауыр дене жарақатын салуға бағытталған, іс-әрекеттердің мақсаты, оның сипаты мен мағынасы халықты қорқытуға немесе үкіметті не халықаралық ұйымды қандай да бір іс-әрекет жасауға немесе оны жасаудан қалыс қалуға күштеу болып табылатын кез келген басқа да іс-әрекеттер.

2. а) қосымшада көрсетілген шарттардың біріне қатысатын тарап болып табылмайтын қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы өздерінің бекітілген грамоталарын немесе құжаттарын сақтауға тапсырғаннан кейін осы конвенцияны қолдану кезінде осы қатысушы мемлекетке бұл шарт 1-тармақтың (а) тармақшасында аталған қосымшаға енгізілмеген деп саналатындығын мәлімдей алады. Мұндай мәлімдеме күшіне енгеннен бастап бұл бұзу фактісі туралы хабардар еткен осы қатысушы мемлекет үшін әрекет етуін тоқтатады.

ә) қатысушы мемлекет қосымшада көрсетілген шарттардың бірінің тарабы болуды тоқтатқан жағдайда ол осы бапта қарастырылғандай осы шартқа қатысты мәлімдеме жасай алады.

3. Кез келген іс-әрекеттің 1-тармақта көрсетілген қылмысты құрауы үшін қаражаттардың 1-тармақтың (а) немесе (ә) тармақшаларында көрсетілген қылмыстарды жасау үшін нақты пайдаланылуы міндетті емес.

4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қылмыстардың кез келгенін істеуге әрекет еткен кез келген адам қылмыс жасайды.

5. Егер:

а) осы баптың 1 немесе 4-тармақтарында көрсетілген қылмыстардың кез келгенін жасауға әріптес ретінде қатысса;

ә) осы баптың 1 немесе 4-тармақтарында көрсетілген қылмыстың кез келгенін жасау мақсатында басқа да адамдарды ұйымдастырса немесе оларға басшылық жасаса;

б) осы баптың 1 немесе 4-тармақтарында көрсетілген бір немесе бірнеше қылмысты бір мақсатта әрекет ететін адамдар тобымен жасауға ықпал етсе.

Мұндай ықпал қасақана сипатта және:

в) қылмыстық іс-әрекеттерді немесе қылмыстық мақсаттағы топтарды қолдау мақсатында, мұндай іс-қимыл немесе осы баптың 1-тармағында көрсетілген қылмыстардың бірін жасауға арналғанда;

г) топтың осы баптың 1-тармағында көрсетілген қылмыстардың бірін қасақана жасауын білген жағдайда кез келген адам қылмыс жасайды.

3-бап

Қылмыс бір мемлекетте жасалған, ұйғарылып отырған қылмыскер осы мемлекеттің азаматы болып табылған және осы мемлекеттің аумағында жүрген жағдайларда бұл Конвенция қолданылмайды және ешқандай басқа мемлекеттің осы Конвенцияның 7-бабының 1 немесе 2-тармақшаларына сәйкес өз юрисдикцияларын жүзеге асыруға негіз болмайды, бұл 12-18-баптар ережелерінің жағдайлары кезінде оны жоғарыда аталған жағдаяттарға қолдануды жоққа шығармайды.

4-бап

Әрбір мемлекет:

а) оның ішінде құқығына сәйкес 2-бапта көрсетілген қылмыстарды қылмыстық іс-әрекет деп мойындау үшін;

ә) осы қылмыстар үшін олардың ауырлығын ескере отырып, соларға сай жаза белгілеу үшін қажетті болуы мүмкін шараларды қолданады.

5-бап

1. Әрбір қатысушы мемлекет өзінің ішкі құқықтық принциптеріне сәйкес өз аумағындағы немесе оның заңдары бойынша құрылған заңды ұйымды осы ұйымды басқаруға жауапты жеке тұлғаның 2-бапта көрсетілген қылмысты жасауы немесе оған өзінің ресми сипатында күшіне енетін бақылау жасау жағдайында оны жауапкершілікке тарту мүмкін болатын қажетті шараларды қолданады. Мұндай жауапкершілік қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік сипат алуы мүмкін.

2. Мұндай жауапкершілік осы қылмыстарды жасаған жеке тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі үшін нұқсан келтірусіз келеді.

3. Әрбір қатысушы мемлекет, сондай-ақ жоғарыдағы 1-тармаққа сәйкес жауапты болатын заңды ұйымға тиімді, мөлшерлес және пәрменді қылмыстық, азаматтық-құқықтық немесе әкімшілік санкцияларды қолдануды қамтамасыз етеді. Мұндай санкцияларға қаржы санкциялары да кіруі мүмкін.

6-бап

Әрбір қатысушы мемлекет осы Конвенцияның күші қолданылатын қылмыстық іс-әрекеттердің қандай да бір саяси, философиялық, идеологиялық, нәсілдік, этникалық, діни немесе осындай сипаттағы өзге де ұйғарымдар бойынша қандай жағдаяттарда болсын, ақталмауын қамтамасыз ету үшін қажетті болатын ішінде ішкі заңнама саласындағы тиісті жағдайларда, шараларды қолданады.

7-бап

1. Әрбір қатысушы мемлекет 2-бапта көрсетілген қылмыстарға қатысты:

а) қылмыс осы мемлекеттің аумағында жасалғанда;

ә) қылмыс осы мемлекеттің жалауын қадап жүзіп жүрген кеме немесе қылмыс жасалған кезде осы мемлекеттің заңына сәйкес тіркелген ұшу аппараты бортында жасалғанда;

б) қылмысты осы мемлекеттің азаматы жасағанда олардың юрисдикцияларын белгілеу үшін қажетті шаралар қолданады.

2. Қатысушы мемлекет:

а) қылмыс 2-баптың 1-тармағының (а) немесе (ә) тармақшаларында көрсетілген қылмыстарды осы мемлекеттің аумағында немесе оның азаматының біріне қатысты жасауға бағытталғанда, немесе мұндай қылмыс оның нәтижесі болғанда;

ә) қылмыс 2-баптың 1-тармағының (а) немесе (ә) тармақшаларында көрсетілген қылмыстарды көрсетілген мемлекеттің шетелдегі осы мемлекеттің дипломатиялық немесе консульдық өкілеттігінің үй-жайын қоса мемлекеттік немесе үкіметтік объектіге қарсы жасауға бағытталғанда немесе мұндай қылмыс оның нәтижесі болғанда;

б) қылмыс 2-баптың 1-тармағының (а) немесе (ә) тармақшаларында көрсетілген қылмыстар осы мемлекетті қандай да бір іс-әрекетті жасауға немесе оны жасаудан қалыс қалуға мәжбүрлеуге бағытталғанда немесе мұндай қылмыс оны жасауға әкеліп соқтырғанда;

в) қылмысты осы мемлекеттің аумағында тұратын азаматтығы жоқ адам жасағанда;

г) қылмыс осы мемлекет үкіметі пайдаланатын әуе кемесінің бортында жасалғанда осындай кез келген қылмысқа қатысты өзінің юрисдикциясын анықтай алады.

3. Осы Конвенцияны бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе оған қосылу кезінде әрбір қатысушы мемлекет 2-тармаққа сәйкес оларға юрисдикция белгілеу туралы Біріккен ұлттар ұйымының Бас хатшысын хабардар етеді. Қандай да бір өзгеріс болған жағдайда тиісті қатысушы мемлекет бұл туралы Бас хатшыны тез арада хабардар етеді.

4. Әрбір қатысушы мемлекет қылмыс жасады деп ұйғарылған адам оның аумағында болған жағдайда 2-бапта көрсетілген қылмыстарға қатысты оның юрисдикциясын белгілеу үшін қажетті шараларды қолданады және ол оны 1 немесе 2-тармақтарға сәйкес өз юрисдикциясын белгілеген қатысушы мемлекеттердің ешқайсысына бермейді.

5. Қатысушы мемлекет біреуден көп болып, 2-бапта көрсетілген қылмыстардың біріне қатысты юрисдикция алуға үміткер болған жағдайда, тиісті қатысушы мемлекеттер өздерінің тиісті іс-қимылдарын, сондай-ақ қылмыстық тергеу тәртібіне және өзара құқықтық көмекті жүзеге асыру тәсілдеріне қатысты үйлестіруге ұмтылады.

6. Осы Конвенция жалпы халықаралық құқық нормаларына нұқсан келтірмей, қатысушы мемлекет белгілеген кез келген қылмыстық юрисдикцияны оның ішкі құқығына сәйкес жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

8-бап

1. Әрбір қатысушы мемлекет өзінің ішкі құқық принциптеріне сәйкес

2-бапта көрсетілген қылмыстарды жасау мақсатында пайдаланылған немесе бөлінген, сондай-ақ осындай қылмыстар нәтижесінде алынған кез келген қаражатты тәркілеу мақсатында анықтау, табу, қоршау немесе тыйым салу үшін қажетті шаралар қолданады.

2. Әрбір қатысушы мемлекет өзінің ішкі құқық принциптеріне сәйкес 2-бапта көрсетілген қылмыстарды жасау мақсаты үшін пайдаланылған немесе бөлінген, осындай қылмыстардың нәтижесінде алынған қаражаттарды тәркілеу үшін тиісті шаралар қолданады.

3. Әрбір тиісті қатысушы мемлекет тұрақты негізде немесе әрбір нақты жағдайда осы бапта қарастырылған тәркілеулер нәтижесінде алынған қаражатты басқа да мемлекеттермен бөлісу туралы мәселені қарай алады.

4. Әрбір қатысушы мемлекет осы бапта көзделген тәркілеу нәтижесінде алынған қаражаттар көмегімен 2-баптың 1-тармағының (а) немесе (ә) тармақшаларында көрсетілген қылмыстардың құрбандарына немесе олардың отбасы мүшелеріне өтемақы төлеу үшін пайдалануға болатын тетікті жасау мүмкіндігін қарастырады.

5. Осы баптың ережелерін қолдану басқа адал адамдардың құқықтарын сақтау жағдайында жүзеге асырылады.

9-бап

1. 2-бапта көрсетілген қылмысты жасаған немесе қылмыс жасады деп ұйғарылған адам аумағында болуы мүмкін деген ақпарат алған тиісті қатысушы мемлекет осы ақпаратта көрсетілген фактілерді тергеу үшін оның ішкі заңдарына сәйкес қажет болуы мүмкін шараларды қолданады.

2. Жағдаяттар бұл үшін негіз беретіндігіне сенген, қылмыс жасаған немесе қылмыс жасады деп ұйғарылған адам аумағында жүрген қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңдарына сәйкес қылмыстық тергеу немесе беру мақсатында осы адамның қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі тиісті шараларды қолданады.

3. 2-тармақта көрсетілген шаралар қолданылатын кез келген адамның:

а) өзі азаматы болып табылатын немесе өзге жолмен оның құқығын қорғауға өкілетті мемлекеттің жақын тиісті өкілімен немесе егер ол азаматтығы жоқ адам болса, өзі аумағында тұратын мемлекет өкілімен кейінгі қалдырмай байланысуға;

ә) оның өкілімен осы мемлекетке баруға;

б) (а) және (ә) тармақшаларына сәйкес өзінің құқықтары туралы хабардар болуға құқығы бар.

4. 3-тармақта көрсетілген құқықтар қылмыс жасаған немесе қылмыс жасады деп ұйғарылған адам аумағында жүрген мемлекеттің заңдарына және қаулыларына сәйкес аталған заңдар мен қаулылар осы баптың 3-тамағына сәйкес құқықтар берілетіндерге мақсатына толық жетуіне мүмкіндік беруді қамтамасыз етуге тиіс екендігі туралы ережелерді ескере отырып жүзеге асырылады.

5. 3 және 4-тармақтардың ережелері 1-тармақтың (ә) тармақшасына немесе 7-баптың 2-тармағының (ә) тармақшасына сәйкес юрисдикцияға үміткер кез келген қатысушы мемлекеттің құқығына нұқсан келтірмейді, халықаралық Қызыл Крест комитетіне қылмыс жасады деп ұйғарылған адаммен байланыс жасауды және оған барып тұруды жүктейді.

6. Қатысушы мемлекет осы бапқа сәйкес қамауға алғаннан кейін ол тікелей немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы арқылы 7-баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес юрисдикция белгілеген қатысушы, егер ол орынды деп санаса, кез келген басқа да мүдделі қатысушы мемлекеттерді осындай адамдарды қамауда ұстау фактісі туралы және осындай адамдарды ұстау үшін негіз болатын жағдайлар туралы кейінге қалдырмай хабардар етеді.

1-тармаққа сәйкес тергеу жүргізетін мемлекет оның нәтижелері туралы аталған қатысушы мемлекеттерге жедел түрде хабарлайды және ол өз юрисдикциясын жүзеге асыру ниеті туралы көрсетеді.

10-бап

1. Қылмыс жасаған немесе қылмыс жасады деп ұйғарылған адам аумағында жүрген қатысушы мемлекет, қылмыскерге 7-бап қолданылған жағдайда, егер бұл адамды бермейтін болса, ешқандай жағдайларға, қылмыс оның аумағында жасалған жасалмағанына қарамастан өзінің құзыретті органдарына осы мемлекеттің заңдарына сәйкес қарау арқылы сотта тергеу мақсатында жіберуге міндетті. Бұл органдар осындай жол арқылы да, осы мемлекеттің заңдарына сәйкес ауыр сипаттағы басқа да кез келген қылмыстар жағдайында да шешім қабылдайды.

2. Қатысушы мемлекеттің ішкі заңдары оған өз азаматтарының бірін қайтаруға немесе өзге жолмен беруге мүмкіндік беретін барлық жағдайларда бұл адам осы мемлекетке сотта қарау немесе істі қарау нәтижесінде осы адамды қайтарып беру немесе беру сұралған адамға шығарылған үкім бойынша жазаны өтеу үшін қайтарылатын шарттарда ғана осы мемлекет те, осы адамды беру туралы өтініш жасаған мемлекет те осы нұсқалармен және осындай шартты түрдегі қайтарып берулер мен берулерді орынды деп есептейтін басқа да жағдайлармен келіскенде 1-тармақта айтылған міндеттерді орындауға жеткілікті болады.

11-бап

1. 2-бапта көрсетілген қылмыстар осы Конвенция күшіне енгенге дейін қандай да бір қатысушы мемлекеттер арасында жасалған беру туралы кез келген шартқа берілуге тиіс қылмыстар ретінде енгізуге жатады деп есептелінеді. Қатысушы мемлекеттер осындай қылмыстарды соңынан олардың арасында жасалатын беру туралы барлық шарттарға берілуге тиіс қылмыстар ретінде енгізуге міндеттенеді.

2. Шарт болған жағдайда беруге шарт қоятын қатысушы мемлекет беру туралы шарт жасаспаған басқа қатысушы мемлекеттен беру туралы өтініш алған жағдайда, сұрау салынып отырған қатысушы мемлекет өзінің қалауы бойынша 2-бапта көрсетілген қылмыстарға байланысты беру үшін құқықтық негіз ретінде осы Конвенцияны қарастырады. Беру сұрау салынып отырған мемлекеттік заңдарында көзделген басқа да шарттар сақтала отырып жүзеге асырылады.

3. Шарт болған жағдайда беруді көрсетпеген қатысушы мемлекеттер өз арасында 2-бапта көрсетілген қылмыстарды сұрау салынып отырған мемлекеттің заңдарында көзделген шарттар сақтала отырып берілетін қылмыстар ретінде қарастырады.

4. Қажет болған жағдайда 2-бапта көрсетілген қылмыстарды, егер бұл қылмыстар оларды жасаған жерде ғана емес, 7-баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес өз юрисдикцияларын белгілеген мемлекеттер аумағында да жасалған болса, қатысушы мемлекеттер оларды беру мақсатын да қарастырады.

5. 2-бапта көрсетілген қылмыстарға байланысты қатысушы мемлекеттер арасында жасалған беру туралы барлық шарттар мен уағдаластықтардың ережелері осы Конвенциямен дәл болмаған жағдайларда, олар қатысушы мемлекеттер арасында өзгертілген болып саналады.

12-бап

1. 2-бапта көрсетілген қылмыстарға байланысты қылмыстық іздеулерде, қылмыстық тергеулерде немесе беру рәсімдерінде қатысушы мемлекеттер бір-біріне барынша көмек көрсетеді, бұған қарау үшін қажет болатын, оларда бар дәлелдерді алуда көмек көрсету де жатады.

2. Қатысушы мемлекеттер банктік құпияны негізге алып, өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтінішпен бас тартпауға тиіс.

3. Сұрау салынып отырған тарап сұрау салып отырған тарап берген ақпаратты немесе дәлелдерді өтініште көрсетілген тергеулерді, қылмыстық тергеулерді немесе сотта қарауларды жүргізу үшін сұрау салып отырған тараптың алдын ала келісімінсіз ешкімге бермейді және пайдаланбайды.

4. Әрбір қатысушы мемлекет 5-бапқа сәйкес қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік жауапкершілікті белгілеу үшін қажетті ақпаратты немесе дәлелдерді басқа қатысушы мемлекеттермен бөлісу тетіктерін құру туралы мәселені қарастырады.

5. Қатысушы мемлекеттер өзара құқықтық көмек немесе олардың арасында болуы мүмкін ақпаратпен алмасу туралы кез келген шарттарға немесе басқа да уағдаластықтарға сәйкес 1 және 2-тармақтар бойынша өз міндеттерін орындайды. Мұндай келісім немесе уағдаластықтар болмаған жағдайда қатысушы-мемлекет олардың ішкі заңнамаларына байланысты бір-біріне көмек көрсетеді.

13-бап



2-бапта көрсетілген қылмыстардың ешқайсысы беру мақсаты немесе өзара құқықтық көмек үшін салыққа байланысты қылмыс ретінде қарастырылмайды. Қатысушы мемлекеттері беру немесе өзара құқықтық көмек туралы өтінішті ол салыққа байланысты қылмыстарға қатысты деген негізде ғана сүйеніп орындаудан бас тартпауға тиіс.

14-бап



2-бапта көрсетілген қылмыстардың ешқайсысы беру мақсаты немесе өзара құқықтық көмек үшін қатысушы мемлекеттер арасында саяси қылмыс немесе саяси қылмысқа байланысты қылмыс, немесе саяси себептерге байланысты жасалған қылмыс ретінде қарастырылмайды. Осының салдарынан осындай қылмыстарға байланысты беру немесе өзара құқықтық көмек туралы өтінішті саяси қылмысқа немесе саяси қылмысқа байланысты қылмысқа, немесе саяси себептерге байланысты жасалған қылмысқа қатысты негізде ғана орындаудан бас тартпауға тиіс.

15-бап

Егер сұрау салынып отырған қатысушы мемлекеттер 2-бапта көрсетілген қылмыстарға байланысты беру немесе осындай қылмыстарға қатысты өзара құқықтық көмек өтініш соттық тергеуді немесе осы адамды оның нәсілі, діні, азаматтығы, этникалық шығу тегі немесе саяси көзқарасы бойынша жазалауды мақсат етеді, немесе бұл өтінішті қанағаттандыру осы себептердің кез келгені бойынша осы адамның жағдайына нұқсан келтіреді деп ойлауға себепті дәлелдері болса осы Конвенцияда кез келген адамды беру немесе өзара көмек көрсетуде жазасын міндеттеу ретінде талқыланбауы керек.

16-бап

1. Бір қатысушы мемлекетте қамауда болған немесе түрмедегі мерзімін өтеген адам және басқа қатысушы мемлекетте болуы 2-бапта көрсетілген қылмыстарға байланысты тергеулер үшін жеке басын анықтау, жауап беру немесе дәлелдеме алу өзге де көмектер көрсету мақсатында қажет болса, ол мына шарттарды сақтай отырып берілуі мүмкін:

а) бұл адам толық ақпарат негізінде оған өз келісімін берсе;

ә) екі мемлекеттің де құзыретті өкіметтері осы мемлекеттер қолайлы деп есептейтін жағдайларға келісім алса.

2. Осы баптың мақсаты үшін:

а) адам берілетін мемлекет, егер осы адамды берген мемлекет басқаша сұрамаса немесе басқаша рұқсат етпесе, берілген адамды қамауда ұстауға өкілетті және міндетті;

ә) адам берілген мемлекет бұл алдын ала келісілгендей немесе екі мемлекеттің құзыретті өкіметтері өзгеше келісілгендей ешқандай кешіктірусіз бұл адамды бұрын осы адамды берген мемлекеттің қарауына қайтару туралы өз міндеттемесін орындайды;

б) адам берілген мемлекет осы адамды берген мемлекеттен оны қайтару үшін беру рәсімдерін қозғауды талап етпеуі тиіс;

в) берілген адамның өзі берілген мемлекетте өтеген жазалау мерзіміне ол берілген мемлекетте қамауда ұстау мерзімі есептеледі.

3. Осы бапқа сәйкес кез келген адам одан берілуге тиіс қатысушы мемлекеттің келісімінсіз бұл адам оның азаматтығына қарамастан, оны берген мемлекеттің аумағынан ол кеткенге дейін оған қатысты шығарылған үкімге немесе іс-әрекетке байланысты тергелуге немесе қамауда ұсталуға тиіс емес және бұл адам берілген мемлекеттің аумағында оның жеке бостандығына қатысты ешқандай шек қойылуы мүмкін емес.

17-бап

Қамауға алынған немесе оған қатысы кез келген басқа да шаралар қолданылған немесе осы Конвенцияға сәйкес қарастырулар жүзеге асырылған кез келген адамға әділеттікпен қарауға, соның ішінде өзі аумағында жүрген мемлекеттің заңдарына сәйкес барлық құқықтар мен кепілдіктерді, адам құқығы саласындағы халықаралық стандартты қоса есептегенде қолданылып жүрген халықаралық құқық ережелерін пайдалануға кепілдік беріледі.

18-бап

1. Қатысушы мемлекеттер 2-бапта көрсетілген қылмыстардың алдын алуда осы қылмыстарды олардың аумағында немесе олардың аумағынан тыс жерлерде олардың тиісті аумақтардың шегінде жасау дайындығына қарсылық ету немесе қарсы іс-әрекет жасау үшін іс жүзінде жүзеге асырылатын барлық шараларды қолдану жолы арқылы, сондай-ақ қажет болғанда олардың ішкі заңдарын өзгерту жолы арқылы ынтымақтасады. Соның ішінде:

а) олардың аумағында 2-бапта көрсетілген қылмыстарды қасақана ұлғайтатын, ұйымдастыратын және жасайтын адамдардың немесе ұйымдардың заңсыз іс-әрекетіне тыйым салатын шаралар;

ә) қаржы мекемелерін және қаржы операцияларын жасауға қатысатын басқа да ұйымдарды олардың тұрақты немесе кездейсоқ клиенттерін, сондай-ақ олардың пайдасына есептер ашылған клиенттерін сәйкестендіру үшін олардың иелігіндегі шаралардың ең тиімдісін қабылдауға, кәдімгі немесе күдікті операцияларға ерекше назар аударуға, қылмыстық іс-әрекетке байланысты деп ұйғарылған операциялар туралы хабарлауға міндеттейтін шаралар. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер мынадай мүмкіндіктерді қарастырады:

б) иелері немесе бенефициары бірдей емес немесе бірдей болуы мүмкін емес есеп-шоттарды ашуға тыйым салатын ережелерді және осындай мекемелердің осындай операцияларға нақты қатысушыларының жеке басын тексеруді қамтамасыз ету шараларын қолдану;

в) заңды ұйымдарды сәйкестендіруге қатысты қаржы мекемелеріне талаптар қою, қажет болғанда, мемлекеттік тіркеуден өткен органнан, клиенттен немесе екеуінен де клиенттің заңды ұйым ретінде ресімделуі туралы, клиенттің атауы, оның заңды нысаны, мекен-жайы, басшылары және осы заңды ұйым атынан қабылданған міндеттемелер жөніндегі өкілеттіктерді реттейтін ережелер туралы мәліметтерді қоса есептегенде, дәлелдемелерді алу жолы арқылы клиенттің заңды мәртебесін және құрылымын тексеру бойынша шаралар қолданады;

г) құзыретті өкіметтерге жедел хабарлау міндеттерін жүктейтін ережелерді қабылдау қаржы мекемелеріне барлық күрделі, ерекше үлкен операциялар туралы және көрінеу экономикалық немесе көрінеу заңды себептері жоқ операциялардың ерекше динамикасы туралы, егер олар бұл ретте ақпаратты жариялауға қойылған кез келген шектеулерді бұзу үшін қолданылатын қылмыстық немесе азаматтық жауапкершіліктен қорықпай, өздерінің күдіктері туралы адал түрде хабарласа;

д) қаржы мекемелеріне ішкі де, халықаралық та операциялар жөніндегі барлық қажетті құжаттарды кем дегенде бес жыл бойы сақтау талаптарын қою.

2. Қатысушы мемлекеттер 2-бапта көрсетілген қылмыстардың алдын алуды:

а) ақша аударылымдарын, бұған мысалы, лицензия беруді де қоса отырып жүзеге асыратын барлық агенттіктердің жұмысына бақылау жасау бойынша шаралар қолдану;

ә) ақпаратты тиісінше пайдалану және қандай нысанда болсын шектеу қоймай, капиталдың еркін қозғалысына берілетін кепілдіктерді қатаң сақтай отырып, шекара арқылы көрсетушіге қолма-қол және айналымдағы құжаттарды нақты аударуларды анықтау немесе соңына түсу бойынша жүзеге асырылатын шараларды қолдану мүмкіндіктерін қарастыра отырып, одан әрі ынтымақтастық жасайды.

3. Қатысушы мемлекеттер 2-бапта көрсетілген қылмыстардың алдын алуда олардың ішкі заңдарына сәйкес анық және тексерілген мәліметтермен алмасу және 2-бапта көрсетілген қылмыстарды жасаудың алдыналу мақсатында қажет болған жағдайларды қолданылатын әкімшілік және басқа да шараларды үйлестіру жолы арқылы одан әрі ынтымақтастық жасайды. Атап айтқанда:

а) 2-бапта көрсетілген қылмыстардың барлық аспектілері туралы ақпараттарды қорғауға және олармен жедел алмасуға ықпал ету мақсатында олардың құзыретті мекемелері мен қызметтері арасындағы байланыс жолдарын құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

ә) 2-бапта көрсетілген қылмыстарға байланысты тергеу жүргізуде бір-бірінен;

б) осындай қылмыстарға қатысты деген негізді күдіктері бар адамдардың жеке басы, мекен-жайы және жұмысына;

в) осындай қылмыстарды жасауға қатысы бар қаржы қаражаттарын аударуға қатысты ынтымақтастық жасайды.

4. Қатысушы мемлекеттер Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы (Интерпол) арқылы ақпараттармен алмаса алады.

19-бап

Аумағында ұйғарылып отырған қылмыскерге қатысты қылмыстық тергеу жүргізілетін қатысушы мемлекет өзінің ішкі заңдарына немесе қараудың соңғы нәтижелері туралы қолданылатын рәсімдерге сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына хабарлайды. Ол бұл ақпаратты басқа қатысушы мемлекеттерге жібереді.

20-бап

Қатысушы мемлекеттер осы Конвенция бойынша өз міндеттемелерін мемлекеттің егеменді теңдігі мен аумақтық тұтастығы принциптеріне және басқа мемлекеттің ішкі істеріне араласпау принципіне сай дәрежеде орындайды.

21-бап

Осы Конвенциядағы ештеңе Халықаралық құқыққа, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы мақсаттарына, халықаралық гуманитарлық құқыққа және басқа да тиісті конвенцияларға сәйкес мемлекеттер мен жекелеген тұлғаларының басқа құқықтарын, міндеттемелері мен міндеттеріне ықпал етеді.

22-бап

Осы Конвенциядағы ештеңе қатысушы мемлекетке басқа қатысушы мемлекеттің аумағында осы басқа қатысушы мемлекеттің ішкі заңдарына сәйкес оның өкіметінің құзыретіне ғана кіретін юрисдикциялар мен функцияларды жүзеге асыру құқығын бермейді.

23-бап

1. Қосымшаға:

а) барлық мемлекеттердің қатысуына болатын;

ә) күшіне енген;

б) Конвенцияның жиырма екі қатысушы мемлекеті бекіткен, қабылдаған, мақұлдаған немесе тым болмағанда біріккен осы шарттарды қосу арқылы түзетулер енгізуге болады.

2. Осы Конвенция күшіне енгеннен кейін кез келген қатысушы мемлекет түзетулер ұсына алады. Түзетулер енгізу туралы кез келген ұсыныс жазбаша депозитариймен ресімделеді. Депозитарийлер 1-тармақтың талаптарына сай барлық ұсыныстар туралы барлық қатысушы мемлекеттерді хабардар етеді және ұсынылып отырған түзетуді қабылдауға бола ма деген пікір сұратады.

3. Ұсынылып отырған түзету қатысушы мемлекеттердің үштен бірі оған қарсы болған, ол туралы бұл түзуге хабарланғаннан кейін 180 күн ішінде жазбаша хабардар еткен жағдайлардан басқа жағдайда қабылданған болып саналады.

4. Қосымшаға енгізілген түзету жиырма екінші бекітілген грамотаны немесе сақтауға осындай құжат тапсырған барлық қатысушы мемлекеттер үшін осындай түзетулерді қабылдау немесе мақұлдау туралы құжат сақтауға тапсырылғаннан кейін күшіне енеді. Түзетуді бекіткен, қабылдаған немесе мақұлдаған әрбір қатысушы мемлекет үшін жиырма екінші бекітілген грамотаны сақтауға тапсырғаннан кейін түзету осындай қатысушы мемлекеттің өзінің бекітілген грамотасын немесе қабылдау немесе мақұлдау туралы құжатын тапсырған соң отызыншы күні күшіне енеді.

24-бап

ҚР 2002 жылғы 2 қазандағы № 347-II Заңын қараңыз

1. Осы Конвенцияны түсіндіруге немесе қолдануға қатысты екі немесе одан да көп қатысушы мемлекеттер арасындағы белгілі бір уақыт ішінде келіссөздер арқылы реттелмейтін кез келген даулы мәселе олардың бірінің өтініші бойынша төрелік сотқа беріледі. Егер төрелік сотқа өтініш білдірілген күннен бастап алты ай ішінде тараптар оны ұйымдастыру туралы келісе алмаса, осы тараптардың кез келгені сот мәртебесіне сәйкес өтініш білдіре отырып, даулы мәселені Халықаралық сотқа береді.

2. Әрбір мемлекет осы Конвенцияға қол қою, бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе оған қосылу кезінде өзінің 1-тармақтың ережелеріне қатысы жоқ деп санайтындығы туралы мәлімдей алады. Басқа қатысушы мемлекеттер осындай мәлімдеме жасаған кез келген қатысушы мемлекетке 1-тармақтың ережелері қатысты болмайды.

3. 2-тармаққа сәйкес мәлімдеме жасаған кез келген мемлекет кез келген уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысын хабардар ету жолы арқылы біл мәлімдемеден бас тарта алады.

25-бап

1. Барлық мемлекеттердің осы Конвенцияға 2000 жылдың 10 қаңтарынан 2001 жылдың 31 желтоқсанына дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі Орталық мекемелерінде қол қоюына болады.

2. Осы Конвенция бекітілуге, қабылдауға немесе мақұлдануға тиіс. Қабылдау немесе мақұлдау туралы бекітілген грамоталар немесе құжаттар сақталу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына тапсырылады.

3. Осы Конвенцияға кез келген мемлекеттің қосылуына болады. Қосылу туралы құжаттар сақтау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына тапсырылады.

26-бап

1. Осы Конвенция қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы жиырма екі бекітілген грамота немесе құжат сақтау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға бергеннен соң отызыншы күні күшіне енеді.

2. Осы Конвенцияны бекітетін, қабылдайтын, мақұлдайтын немесе оған қосылатын әрбір мемлекет үшін қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы жиырма екі бекітілген грамота немесе құжат сақтауға тапсырылғаннан кейін Конвенция осы мемлекеттің өзінің қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы бекітілген грамоталарын немесе құжаттарын сақтау үшін тапсырғаннан кейін отызыншы күні күшіне енеді.

27-бап

1. Кез келген қатысушы мемлекет осы Конвенцияны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысын жазбаша хабардар ете отырып күшін жоя алады.

2. Күшін жою Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы хабарламаны алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін күшіне енеді.

28-бап

Осы Конвенцияның мәтіні ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдерінде жазылған бірдей тең түпнұсқасы болып табылады, сақтау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына тапсырылады. Ол барлық мемлекетке осы Конвенцияның куәландырылған көшірмелерін жібереді.



Мұны куәландыру үшін төменде қол қоюшылар тиісті түрде үкіметтерінің өкілеттілігімен қол қою үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерінде Нью-Йоркте 2000 жылдың 10 қаңтарында ашылған осы Конвенцияға қол қойды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет