Тест спецификациясы Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын геометрия



Дата17.07.2016
өлшемі102 Kb.
#205995
Тест спецификациясы
1. Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын геометрия пәні бойынша мемлекеттік аттестациялауға арналған тест.

2. Мақсаты: жалпы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациядан өткізу.

3. Міндеттері: жалпы білім беретін орта мектептердің 11-сынып оқушыларының геометриядан білім деңгейлерін анықтау.

4. Тест мазмұны.

Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгей – 10 тапсырма, екінші деңгей – 6 тапсырма, үшінші деңгей – 4 тапсырма.



Тест мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалған орта мектеп бағдарламасына сай мына бағыттағы тапсырмалардан тұрады.




Тақырып



Тақырыпша

01


Стереометрия аксиомалары

01

Cтереометрияның негізгі ұғымдары мен аксиомалары

02

Aксиомалардың салдарлары

03

Кеңістіктегі нүктелер, түзулер және жазықтықтар; нүктелер мен түзулердің жазықтықтарға тиістілігі туралы түсінік.

02



Түзулер мен жазықтықтардың параллельдігі

01

Кеңістіктегі екі түзудің өзара орналасуы. Қиылысқан, параллель және айқас түзулер

02

Кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттері. Айқас түзулердің белгісі

03

Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы. Түзу мен жазықтықтың параллельдік белгісі

04

Екі жазықтықтың өзара орналасуы. Жазықтықтардың параллельдік белгісі

05

Параллель жазықтықтардың қасиеттері

06

Параллель проекциялау, оның қасиеттері

07

Кеңістіктік фигуралардың жазықтықтағы кескіндері

08

Призмалар мен пирамидалардың жазықтықпен қималарын салу

03


Түзулер мен жазықтықтардың перпендикулярлығы

01

Кеңістіктегі түзулердің арасындағы бұрыш. Түзулердің перпендикулярлығы

02

Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы. Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлық белгісі

03

Перпендикуляр түзу мен жазықтықтың қасиеттері

04

Перпендикуляр мен көлбеу. Нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтық

05

Үш перпендикуляр туралы теорема

06

Параллель түзулер мен жазықтықтардың арақашықтығы. Айқас түзулердің арақашықтығы

07

Түзу мен жазықтықтың арасындағы бұрыш

08

Екі жазықтықтың арасындағы бұрыш. Екіжақты бұрыш

09

Перпендикуляр жазықтықтар, екі жазықтықтың перпендикулярлық белгісі

04

Кеңістіктегі координаталар және векторлар

01

Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі

02

Кесіндінің ортасының координаталары

03

Екі нүктенің арақашықтығы

04

Кеңістіктік геометриялық фигуралардың теңдеулермен және теңсіздіктермен берілуі

05

Кеңістіктегі векторлар

06

Компланар және компланар емес векторлар, векторды үш компланар емес векторлар бойынша жіктеу

07

Кеңістіктегі вектордың координаталары, координаталары берілген векторларға амалдар қолдану

08

Векторлардың скалярлық көбейтіндісі.

09

Есептерді шешуде векторларды қолдану

05

Үшбұрыштарды шешу

01

Синустар және косинустар теоремалары

02

Үшбұрыштарды шешу

03

Геометриялық есептерді және практикалық мазмұнды есептерді шешуде тригонометрияны қолдану

04

Аралас есептер

06

Көпбұрыштар, шеңбер, дөңгелек

01

Шеңберге іштей және сырттай сызылған үшбұрыштар мен төртбұрыштар

02

Дұрыс көпбұрыштар. Ііштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын, қабырғаларды, периметрді және ауданды байланыстыратын формулалар

03

Шеңбердің ұзындығы. π саны шеңбердің доғасының ұзындығы. Бұрыштың радиандық өлшемі

04

Дөңгелектің және оның бөліктерінің (сегменттің және сектордың) ауданы

05

Аралас есептер

07

Көпжақтар

01

Көпжақтар. Дұрыс көпжақтар. Үшжақты және көпжақты бұрыштар. Көпжақты бұрыштардың қасиеттері

02

Призма және оның қасиеттері. Призманың жазбасы, призма бетінің ауданы

03

Параллелепипед және оның қасиеттері

04

Пирамида және оның қасиеттері. Пирамиданың бетінің ауданы

05

Қиық пирамида және оның бетінің ауданы

06

Көпжақтардың қималары

08

Айналу денелері





01

Цилиндр. Цилиндрдің қимасы

Цилиндрдің жазбасы және бетінің ауданы



02

Іштей, сырттай сызылған призмалар

03

Конус. Конустың жазықтықпен қимасы. Конустың жазбасы, бетінің ауданы

04

Іштей және сырттай сызылған конус

05

Қиық конус және оның бетінің ауданы


5. Тест жоспары:

1 жартыжылдық: Стереометрия аксиомалары - 1 тапсырма

Түзулер мен жазықтықтардың параллельдігі - 4 тапсырма

Түзулер мен жазықтықтардың перпендикулярлығы - 5 тапсырма

Кеңістіктегі координаталар және векторлар - 4 тапсырма

Үшбұрыштарды шешу - 3 тапсырма

Көпбұрыштар, шеңбер, дөңгелек – 3 тапсырма

2 жартыжылдық: Стереометрия аксиомалары - 1 тапсырма

Түзулер мен жазықтықтардың параллельдігі - 2 тапсырма

Түзулер мен жазықтықтардың перпендикулярлығы - 2 тапсырма

Кеңістіктегі координаталар және векторлар - 2 тапсырма

Үшбұрыштарды шешу - 1 тапсырма

Көпбұрыштар, шеңбер, дөңгелек – 2 тапсырма

Көпжақтар – 6 тапсырма

Айналу денелері – 4 тапсырма


6. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

– фигуралардың моделдері бойынша оларды ажырата білуге, олардың негізгі элементтерін берілген суреттерден дұрыс анықтау;

– көпжақтардың қасиеттерін пайдаланып, бүйір және толық беттерінің аудандарын табуға есептер шығаруға пайдалану;

цилиндрдің, конустың, қиық конустың анықтамаларын және олардың элементтерін, бүйір және толық беттерінің аудандарын табуға есептер шығаруға пайдалану;

– іштей және сырттай сызылған призмаларға, конустарға есептер шығару.

7. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт – 1,5 минут. Тесттің толық орындалу уақыты – 30 минут.



8. Нұсқалар мен тапсырмалар саны:

Бір нұсқада 20 тест тапсырмасы беріледі.

Тест нұсқаларының баламалылығы:

- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;

- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.

9. Тапсырмалар формасы:

Тест тапсырмасында берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.

Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

10. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін 1 балл беріледі. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған жағдайда оқушы 20 балл алады.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет