Тәуекелдерді бағалау критерийлері



Дата12.07.2016
өлшемі24.93 Kb.
#193012


Тауар биржалары саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау

критерийлерінің қосымшасы



Тәуекелдерді бағалау критерийлері


п / п



Критерийлер

Балдар

1.

Тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы, биржа мүлкін пайдаланғаны, сондай-ақ биржалық мәмілелерді, заңнамада тыйым салынбаған басқа түсімдерді тіркегені және ресімдегені үшін бекітілген төлемдер мөлшерлерінің жоқ болуы

10

2.

Тауар биржасы мүшелерінің үштен кем болуы

10

3.

Биржа саудасы ережелерінің жоқ болуы

10

4.

Сауданы ұйымдастыру және клиенттерімен жұмыс жүргізу бойынша құрылымдық бөлімшенің жоқ болуы

20

5.

Тауар биржасы қызметкерлерінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі

20

6.

Нақты уақыт режимінде клиринг өткізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің

20

7.

Тауар биржасының биржалық тауарларға күн сайынғы белгілеулерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша міндеттемелерді орындамауы

20

8.

Клирингтік орталықтың немесе клирингтік орталығының қызметтерін пайдалану туралы шарттардың жоқ болуы

30

9.

Нақты уақыт режиміндегі биржалық сауда-саттықты және электронды биржалық сауда-саттықты өткізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің жоқ болуы

30

10.

Құпиялылық (жасырын) режимін, сондай-ақ тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жарақталған құрылымдық бөлімшенің жоқ болуы

30

11.

Тауар биржасында биржалық төреліктің жоқ болуы

30

12.

Тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастырумен байланысты емес сауда және өзге де қызметті жүзеге асыруы

60

13.

Тауар биржасы қызметкерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуы немесе коммерциялық ақпаратты өз мүдделерінде пайдалануы

60

14.

Биржалық мәмілелердің тауар биржасының атынан және оның есебінен жасалуы

60


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет