Тезисы лекций Мамандық: 5В090300 «Жерге орналастыру», 5В5090700 «Кадастр» Өскемен Усть-Каменогорск 2018


фактор өзгеріп отырса, ал нәтижелі көрсеткіш қисық сызықты түрде өсіп (төмендеп) отырса. Гиперболалық тәуелділік



бет8/8
Дата29.10.2023
өлшемі365.5 Kb.
#481914
түріТезисы
1   2   3   4   5   6   7   8
Лекция ЭММ КАЗ

: фактор өзгеріп отырса, ал нәтижелі көрсеткіш қисық сызықты түрде өсіп (төмендеп) отырса.
Гиперболалық тәуелділік: егер факторда көрсеткіш өсіп отырса, ал нәтижелі көрсеткіш төмендеп отырса қолданылады.
Полиноминалды тәуелділік: фактор бір қалыпты өзгеріп отырғанда, ал нәтижелі көрсеткіш тез өсіп немесе кеміп жатса қолданылады. Бұл тәуелділік жер үчаскесін тиімді (оптималды) ауданын анықтау үшін қолданылады.
Кинетикалық тәуелділік және асимтоталы өспелі тәуелділік: жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылады. Орман жолақтарының тоғай биіктіктерін кіріспе әсерін анықтау үшін қолданылады.
8 Корреляциялық регрессиондық анализді қолданып өнімділік функциясын бағалау

Құрылған өндірістік функцияның тәжірибе мәні жөніндегі, оның статистикалық дұрыстығын бағаланған соң айтуға болады. Ондай бағалау факторлары және нәтижелі көрсеткіштерге тығыз байланысатынын сипаттайтын әр түрлі статистикалық шамаларды коррелациялық қатынастарды және корреляциялық коэффициентін есептеу жолымен іске алады.


Өндірістік функцияның функционалды көрсетілуі ретіндегі регрессиялы тәуелділікті сұрыптау түрінде құруға болады. Көрсетілген сипаттамалардың бірі ретінде сұрыптаумен кескінделген сызықтыққа жақын тәуелділікті көрсететін корреляциялық коэффициент қолданылады. Қабылданған өндірістік факторлар және нәтижелі көрсеткіштер кездейсоқ шамалар түрінде қарастырылады. Жұп тәуелділік үшін (бір факторлы х=1) жұп корреляция коэффицентін сұрыптау манін анықтау бойынша келесі қатынаспен беріледі:


(1)

Геометриялық түсіндіруде корреляциялық коэффициент сұрыптаумен анықталған нүктелердің геометриялық орнының түзу сызыққа қаншалықты жақын екенін көрсетеді. Жұп корреляциялық коэффициентінің мәні – 1:1 кіреді, интервалында жатады. Практикада егер корреляциялық коэффициент моделі 0-0,15 шегінде болса, сызықтық байланыс болмайды; егер корреляция коэффициентінің модулі:



  •   байланыс нашар;

  •   байланыс әлсіз;

  •   байланыс біркелкі;

  •   байланыс орташа;

  •   байланыс жоғарғы;

  •   байланыс өте жоғарғы;

  •   байланыс толық.

Жұп корреляциялық коэфицентінің “+” болғанда түзу тікелей байланыс туралы, “-“ болғанда кері байланыс туралы айтуға болады.Көпше тәуелділік болу үшін к=3 (k>1) факторларының арақатынастығын сипаттайтын жеке факторлар жұбы үшін rx1x2, rx1x3 жұп корреляция коэффициенті қолданылады (тек қана сызықтық байланыс мағынасында). Көпше корреляция коэффициенті облысы 0-1 интервалы болады. Бұл коэффициент (к 1 байланысы ауыспалы (у;х1,x2….xn) кеңістігіндегі нүктелер геометриялық орны сұрыптаумен анықталғандай гипер жазықтыққа жақын.
Жұп тәуелділік жағдайы көпше корреляция коэффицинті формуласы үшін жоғарғы формулаға келтірілген. Екі факторлы өндіріс нәтижесінің тәуелділік жағдайы келесі формулада өңделеді:
Ryx1 x2=   (2)

Корреляция коэффициенті У пен х1,x2,x3…..xn байланысының тығыздығы емес, осы байланыстың сызықтық байланысқа жақындағаны көрінеді.


Сызықтық емес байланыстың тығыздығын корреляциялық қатынас сипаттайды.

R=  (3)


мұндағы; у,у- нәтижелі көрсеткіш мәні. Корреляциялық қатынас мәні   аралығында болады.


R – белгілі бір клсақа жататын £ - функцияның у – мен тең болады. £(x1,x2,….xn)
Регрессиялық тәуелділігі қаншалықты шын мәнінде статистикалық көрініске сай келетіндігін көрсетеді.
Сызықтық регрессия жағдайы үшін (функция - сызықтық болғанда): y=a0+a1x немесе көп факторлы R= ry,x1….xn – көпше байланыс жағдайы. R=  – жұп байланыс жағдайы.
Егер У пен Х12...Хn коэффициенттерінің мәндері сызықтық регрессияның жеке жағдайына тура келсе, жалпы жағдайда олар алғашқы статистикалық ақпараттарды әр түрлі аспектілермен сипаттайды.

9 ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ МЕН КАДАСТРДАҒЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ-СТАТИСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕР


Жер кадастры халық шаруашылығында есеп жүргізудің бір бөлігі ретінде жердің құқықтық, табиғаттық және шаруашылық жай-күйі туралы деректер алуда статистикалық әдістерге сүйенеді.


Математикалық-статистикалық әдістер жер кадастрлық көрсеткіштерді, бәрінен бұрын бағалау көрсеткіштерді есептеп шығару барысында қолданылады. Жерді бағалау барысында жер алқаптарының кұралы мен пайдалануы, дақылдардың өнімділігі, өндірістік шығындары, жалпы өнімділік, табыстылығы және т.б. туралы көптеген мөліметтерді жинау және жүйелеу жүргізіледі.
Статистикада белгілі объектерді зерттеуде алғашқы мәліметтерді алуды бақылау деп аталады. Бақылаудың мәні жоспарлы ғылыми-ұйымдастырылған көп көлемді деректер жинау. Мысалы, жерді экономикалық тұрғыдан бағалаудағы деректер: жер пайдаланушылар арасындағы жерді бөлу, ауыл шаруашылылық жерлер түрлері немесе алқаптар, топырақ жамылғысы, егіс көлемі, өнім, еңбек шығыны, осыларға сүйене отырып түрлі сапалы жерлерде табыс, шығын қайтымдылығы жайында қортынды шығару.
Статистикалық зерттеулер келесі кезендерден тұрады: дайындық жұмыстары, материалдарды тікелей алу, алынған мәліметтерге бақылау жасау, материалдарды дайындау және жүйелеу, оларды өндеу. Статистикалық зерттеудің негізгі формалары есеп беру және сынақ. Есеп беру - бұл бақылау жасаудың бір түрі, бұнда статистикалык органдар белгілі мерзімде кәсіпорындардан, ұйымдардан белгілі заңды құжаттар түріндегі керекті материалдарды алады.
Сынақ - бақылау түрі, бұнда статистикалық органдар тексеруді белгілі бір күнге арнайы ұйымдастыру жолымен материалдарды жинайды. Жер кадастрында жылдық есеп беру қарастырылған. Кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер жыл сайын 15-қарашадан кешіктірмей тиісті ауданның (қаланың) атқарушы органдарына бірыңғай бекітілген формасы, олардың пайдалануындағы жерлер құрамының жыл бойында болған өзгерістер туралы 1-қарашадағы жағдайы бойынша есептер береді. Тиісті мемлекеттік жерге орналастыру органдары Республика, облыстар, аудандар бойынша жерлердің қолда бар және бөлу туралы, 1- қаңтарға есептер жасайды. Жыл сайын бұл есеп беруге ауыл-шаруашылық алқаптарының бар болуы, (соның ішінде суарылатын және құрғатылатын жерлер туралы бөлек мәліметтер), олардың түрлері және жер пайдаланушылар бойынша үлестіру туралы мәліметтер мен өткен жылы жеке және занды тұлғаларға бөлінген жерлер туралы мәліметтер кіргізіледі.
Статистикалық бақылау жүргізу уақытына байланысты күнделікті (үздіксіз) және үздікті (үзілмелі) деп айырылады. Күнделікті бақылау барысында объект жағдайындағы өзгерістер мүмкіндігінше олардың пайда болуымен жүйелі түрде тіркеледі. Оған жер пайдалану құрамындағы және жер алқаптарындағы өзгерістерді де есепке алу жатады.
Үзілмелі бақылау барысындағы өзгерістер белгілі азды-көпті ұзақ мерзімнен кейін жүргізіледі. Олар өз кезегінде мерзімді (бірдей уақыт аралығынан кейін үнемі жүргізіледі) және бір уақытта (қажеттілігіне қарай орындалады) болып бөлінеді.
Үзілмелі бақылауға жерді бағалау жатады, оның мәліметтері бес жылда бір рет анықгалады, ал бір уақыттағыға – көп жылдық екпелердің сынағы, жерді түгендеу, топырактық, геоботаникалық, мелиоративтік тексерулер, жердің және жер пайдаланудың түсірістері жатады. Олар кажеттігіне қарай жүзеге асырылады.
Объектіні қамтуына қарай бакылау жаппай және жаппай емес болып бөлінеді. Жаппай қамтуда - объект бірліктері түгел тіркеледі. Бұған: жердің бастапқы есебі, бағаланатын территориялардың барлық шаруашылыктарының ақпараттарын пайдалану арқылы жер бағалау көрсеткіштерін анықтаудың жаппай әдісі жатады.
Жаппай емес қамтуда - объект бірлігінің бір бөлігі ғана белгіленеді. Статистикалық бақылаудың негізгі тәсілдері: тікелей бақылау, құжаттық тәсіл және сүрау салу деп бөлінеді. Тікелей бақылау барысында керекті жеркадастрлық мәліметтер мен құжаттарды толтыру, түсірістерді жеке қарап шығу және жергілікті жерде тексеру негізінде жер кадастрлық жұмыстарды жүзеге асыратын арнайы мамандар жүргізеді. Бүл тәсіл тым жетілдірілген және ең анық болады.
Бақылаудың құжаттық тәсілі барысындағы керекті мәліметтерді бірінше кезекте есеп беру және әр түрлі түрдегі құжаттар болады. Мысалы, ауданның (қаланың) жер кадастрлық құжаттарын толтыру барысында кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің есептері, ал жерді бағалау барысында ауыл шаруашылық кәсіпорындардың есепке алу және есеп беру құжаттары қолданылады.
Сұрау салу – арнаулы тұлғалардан сұрау салу арқылы, мысалы өте аз кездесетін дақылдардың өнімін, агрономдардан. Жер кадастырында есепке алу және бақылау жүргізу нәтижесінде көптеген ақпараттар алынады, оларды өңдеу және жинактап қорыту керек, сондықган жұмыстың келесі кезеңі жиналған мәліметтерді жинау және өндеу болады.
Жинақ (жинау-сводка) – қаншама көп мәліметтерді бір жүйеге келтіру, біріктіру, сипаттама жасау, қорытынды шығару, ал тыңғылықты талдау үшін топтастыру жасалады немесе тексерілетін жиынтықтардың әртүрлі түрлерін бөлу (топтар мен топшаларға).
Статистикалық мәліметтердің жинағы мен топтастырылуы статистикалық кесте ретінде рәсімдейді. Бұл бір кестеде бірнеше белгілер бойынша жинақталған өзара байланысты санды сипаттамасы. Құрастырылған топталу барысында белгілер саны өсуімен топтар саны тез көбейеді. Жалпы жер кадастрында абсолюттік, салыстырмалы және орта шамалар өлшеу мен сипаттау үшін кең қолданылады.
Абсолюттық шамалар зерттелетін құбылыстың мөлшерін (көлемін) көрсетеді және натуралды бірліктер (га, л, кг және т.б.), әртүрлі өнімдердің жиынтығын көрсету үшін және салыстыру үшін, шартты бірліктер қолданылады (балл, коэффициенттер).
Салыстырмалы статистикалық шамаларды бір бірімен өзара байланысқан абсолюттік шамаларды салыстыру нәтижесінде алады. Көпшілік жағдайларда салыстырмалы шамаларды процетпен көрсетеді. Базистік шама процетпен көрсеткенде 100 қолданылады. Жердің сапасын бағалау барысында балл осыған ұқсас анықталады. Салыстырмалы көрсеткіштер нені білдіруіне байланысы, олар бес түрге бөлінеді: жоспардың орындалуы, құрылыстың қарқындылығы, динамика және салыстыру. Орта шамалар анықталатын кұбылыстың типтік өлшемдерін білдіретін көрсеткіштері орта шамалар деп аталады. Орта шаманың мәні мынада, ол құбылысқа қорытынды сандык сипаттама береді. Сондыктан, ол көбірек таралған қорытынды көрсеткіштер болады. Орта шамалар бірнеше түрге бөлінеді: орта арифметикалық, орта гармониялық, орта геометриялық, орта квадраттық, мода және медиана.
Жер кадастрында көбірек кеңінен қолданылатыны орта арифметикалық (өлшелген). Есептеу барысында жер кадастрында орта арифметикалық, орта гармониялық және мода қолданылады. Жай орта арифметикалық белгінің жеке мәндері бір рет немесе бірдей сан кездесуіне орай қолданылады. Өлшенген орта арифметикалық белгілердің жеке мәндері қанша рет және бірі-жеке, екіншісі-сирек кездескен жағдайда қолданылады.
Жер пайдалану және оладры бағалау жөніндегі мәліметтерді өндеу және талдау барысында ең көбірек қолданылатыны орта арифметикалық өлшемдер. Орта арифметикалық өлшем - х мына формуламен есептеледі: х = ХI / n., мұнда п – белгілер саны, ХІ- белгілердің жекеленген мәндері. Орта арифметикалық өлшенген өлшем: х = Хf / f , мұнда f – жекеленген белгілердің жиілігі (салмағы), Х-белгілердің жекеленген мәндері. Орташаны есептеу барысында бір қатар жағдайларда белгілі жеке мәндері мен олардың жалпы көлемі белгілі. Белгінің нақгы мәндеріне бірліктің саны белгісіз. Бұндай жағдайларда орташа гармониялық шаманы табады. Орта гармониялық - бұл орта арифметикалық кері шама. Оны сол уақытта қолданады, онда салмақты көбейту емес, ал варианттарға бөлуге немесе олардың мөніне керісінше көбейтуге тура келген кезде.
Жердің пайдалануын және оның бағалануын сипаттау барысында кейде мода қолданылады. Мода да орташа сиякты вариациялық қатардан көп сан ретінде қайталанатын белгісінің шамасы түсініледі. Орта шамалар кұбылысқа түрлену белгілері бойынша қорытынды сипаттама береді. Бүл белгілерді бөлумен қатар орташа шамадан аутқуды үйренуде үлкен маңызға ие. Барлық ауытқулардың тек соңғысын ғана емес, жиынтығын да білу өте маңызды. Орташаны алу сенімділігі олардың түріне байланысты. Ауытқудың таралу (үлестірілу) түріне басқа арифметикалық көрсеткіш-орташа ауытку немесе орташа сызыкты ауытку түсінігін береді. Орташа арифметикалық ауытқу - бүл орташадан жеке варианттарды абсолюттық мәндері ауытқуының арифметикалық орташасы. Бұл көрсеткіш белгінің вариация шегі ретіңде сирек қолданылады. Бұл мақсаттар үшін жиірек қолданылатыны дисперсия (ауытқудың орта квадраты) және орта квадраттық ауытқу.
Дисперсия табу барысында орташадан ауытқуды квадратқа көтереді және енді оң белгілері бар ауытқудың квадратынан орташа шаманы есептеп шығарады. Орташа квадраттық ауытқу дисперсиядан түбірді шығару жолымен алынады. Орташа квадраттық ауытқу, орташа және түрленуші белгі өлшемдерімен көрсетіледі. Оның шамасы белгілінің вариация (түрлену) дәрежесі қандай болса, есептейтін белгінің және оның орташа санының абсолюттік өлшемдеріне сондай байланысты болады. Әр түрлі белгілердің өз түрі және өлшемдері бойынша вариациясын салыстыру үшін, ерекше салыстырмалы көрсеткіш - вариация коэффициенті қолданылады, бұл орташа квадраттың ауытқудың орташа арифметикалыққа қатнасын білдіреді және процентте көрсетіледі. Ол белгілі дәрежеде орташа өнімділігінің белгісі болады және вариациялық қатарда орташаның әр түрлі деңгейлерімен белгілі вариация дәрежесін салыстыру мүмкүндігін береді. Жалпы қағида болып сол вариация коэффициенті қанша кем болса, сонша керісінше және белгінің ауытқуы аз болады.
Динамика қатарлары жер сапасымен үлестірілуінде өзгерістер өз уақытыңца динамика қатарларын, яғни зерттелетін күбылысты өз уақытында бейнелейтін цифрлық көрсеткіштер қатарларын құру және талдау көмегімен аныкталған және бейнеленген болуы мүмкін. Олар абсолюттік салыстырмалы және орташа шамаларда белгіленген болу мүмкін, олар моменттік және интервалды болып бөлінеді. Уақыттың әртүрлі кезеңдерінде құбылыс жағдайын сипаттайтын қатарлар - моменттік қатарлар деп аталады. Осындай динамика қатарына мысалды, бірнеше жылдар ішіндегі 1-қараша жағдайы бойынша егістік жерлер аудандары туралы мәліметтер болуы мүмкін. Динамиканың интервалдық қатары деп уақыттың (ай, жыл т.б.) белгілі аралығында құбылыс өлшемін сипаттайтын сандық көрсеткіштер қатар аталады. Мысал ретінде, жылдар бойынша егістік астына жаңадан өзгертілген жерлер аудандары туралы сандық көрсеткіштер қатары келтіріуі мүмкін. Динамика қатарлары мәліметтері бойынша мынадай көрсеткіштерді, абсолюттік өсу, өсу шегі қарқыны және өсу қарқыны есептеліп шығарылады. Абсолюттік өсу (абсолютный прирост) - қатар деңгейінің айырмашылығы ретінде анықталады және қатар көрсеткіштерінің өлшем бірлігінде көрсетіледі. Ол әрбір келесі деңгейде қанша бірлік бар, бұрынғы деңгейден аз ба әлде көп па деген сұраққа жауап береді.
Жерлерді бағалауды жүргізу және де жерлерді пайдалану туралы есепке алу мәліметтерін өңцеу барысында, бір қатар жағдайларда, бір біріне факторлар белгілері және нәтиже (салдар) белгілері сиякты қатнастары бойынша шығатын белгілерді өлшеу қажеттілігі тууы мүмкін. Егер, салыстыру барысында бір бірінің басқа белгінің әсері нәтижесінде өзгеріс тенденциясы байқалса, онда бір бірімен байланысы бар екендігін ұғуға болады. Функционалдық және корреляциялық байланыстылығымен өзгешеленеді. Функционалдық деп - сол белгінің шамасы бір немесе бірнеше басқа белгілермен бір мәнде аныкталатын байланысты айтамыз.
Корреляция барысында өзара байланысқан белгілерде мәндер арасында нақты сәйкестік болмайды. Мысалы берілген тыңайтқыш мөлшері мен өнімділік шамасы арасында толық сәйкестік жоқ. Бірдей және сондай деңгейде тыңайтқыш беру өсімділіктің әр түрлі шамаларына сәйкес болуы мүмкін, дегенмен тыңайтқышты көбейту барысында орташа өнімділік те өсу тенденциясына ие болады.
Корреляциялық талдау барысында тәуелділіктің тығыздығы мен құрылысы туралы екі мәселе пайда болады. Тәуелділік формасы сызықтық регрессияны білдіреді. Тендеу белгініңаргументтің-өзгеруі барысында орта тәуелді айнымалының қалай өзгеруін көрсетеді. Тәуелділік тығыздығы қағида бойынша корреляциялық қатнастар деп аталатын, арнайы сипаттамамен өлшенеді. Корреляция шамалар арасындағы сандық катнастырды дәлелдейді, ол бір айнымалы шаманың басқа айнымалы шаманың көбеюі барысында, көбею немесе азаю тенденциясы түрінде көрсетеді. Корреляция салдар мен себептердің көптілік заңын бейнелейді. Ол бірдей емес күштермен әрекет ететін, әртүрлі себептердің үлкен санын әсер етуінің әрбірінде құбылыстың байланысы туралы сөз болып жатқанын білдіреді. Сондықган, бұл шамалардың көпшілігінен, олардың ең керектісі (негізісі) орташаны табу жолымен бөлінеді және есепке алынады.
Жердің экономикалық бағасын сипаттайтын көрсеткіштер арасындағы байланыс корреляциялық талдау әдісімен зерттеледі. Корреляция аналитикалық көрінуі тәсілі байланысты түзу сызыкты және қисық сызықты болып өзгешеленеді. Түзу сызықгы деп - түзу сызық түрінде регрессия теңдеуін көрсететін корреляцияға айтылады. Кисық сызық деп - регрессия теңдеуі қандай да бір қисық сызық түріне ие болған жағдайдағы корреляцияға айтылады.
Қазіргі уақытта корреляциялық тәуелділікті байланыс дисперсиясы мен тығыздығын есептеу компьютерге программа бойынша есептеледі, мәліметтерді еңгізу жолымен орындалады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі


Негізгі әдебиеттер



  1. Экономико-математические методы и моделирование. Слепцова Л.А., Панченко В.В. // ФГБОУ ВО Саратовский ГАУ. – Саратов, 2016

  2. Попов А.М., Экономико-математические методы и модели: учебник для бакалавров/А.М. Попов, В.Н. Сотников; под ред. проф. А.М. Попова. – М.: Юрайт, 2011. – 479 с.

  3. Стрелин, Б.В. Математическое моделирование производственно-экономических процессов: Методические указания и задания для студентов/ Б.В. Стрелин, Е.М. Куличкова, В.В. Панченко //ФГОУ ВПО «Саратовский государственный аграрный университет» им. Н.И. Вавилова. – Саратов, 2009. – 216 с.

Қосымша әдебиеттер



  1. Абчук В.А. Экономико-математические методы: Элементарная математика и логика. Методы исследования операций. – СПб.: Союз, 1999

  2. Волков С.Н. Землеустройство. Экономико-математические методы и модели. Т.4. – М.: Колос, 2001

  3. Гмурман Г.Е. Теория вероятностей и математическая статистика. – М.: Высшая школа, 1970

  4. Ферестер Э., Ренц Б. Методы корреляционного и регрессионного анализа. – М.: Финансы и статистика, 1988




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет