Тілдің қызметі мен мәні Тіл-адам өміріндегі ең маңызды құрал деп түсінемін. Неліктен? Себебі,тіл біздің өміріміздегі күнделікті сөйлеу қарым-қатынасы



Дата10.10.2022
өлшемі13.76 Kb.
#462348
Айжан эссе


Тілдің қызметі мен мәні
Тіл-адам өміріндегі ең маңызды құрал деп түсінемін.Неліктен? Себебі,тіл біздің өміріміздегі күнделікті сөйлеу қарым-қатынасы.
Тіл арқылы біз бір-бірімізді түсінеміз,сөйлесеміз,түсіндіреміз. Жалпы тұрғыда біздің нан тауып жеп отқанымыз тікелей тілдің қатысы деп айтсам қателеспеймін.”Тіл бар да қоғам бар,қоғам бар да тіл бар”, деп бекер айтылмаса керек.Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп еңбек етуі,өмірді дамытуы,яғни,өсуі мүмкін емес.Сондықтан да,қоғамның өмір сүруі үшін,адамдардың қаншалықты өмір сүруі маңызды болса да,тілдің соншалықты өмір сүруі маңызды.Тіл-адам баласының өмірі мен санасының дамуы үшін ең алғашқы шарты екенін білеміз.Тарихта мұндай алғашқыда ру, тайпа түрінде болса,кейіннен халық тілі,ұлт болып өмір сүрді.Мейлі қандай адамдар ұжымы болса да олардың бәріңе де тіл қатынас құралы болды.
Біріншіден,кумулятивтік ұғымды ұмытпауымыз қажет.Кумулятивтік-тілдің атадан-балаға беретін құндылықтарын айтамыз.Тілдің табиғатының мәнін айқындайтын басты қасиеттерді жоғарыда айтып кеткендей бәріңе мәлім.Тіл не деп сұрақ қойғанда,біз ең алдымен оның әлеуметтік қызметі яғни,қоғамдағы қатынас құралы деп жауап береміз.Адамның тілі арқылы ойы жеткізіліп,тілдегі сөздермен сөйлемдер арқылы белгі бере алады.Демек,тіл мен ойдың арасында тікелей байланыс бар деп түсінемін.Әрбір тілдің дыбыс жүйесі,сөздік құрамы және грамматиклық құрылысы болады.Осылайшы,ұлы тұлғалардың сөздері бар.Мысалы,Ленин “Дүниежүзінде ешбір жерде марксистер ана тілінде оқытуды бекерге шығарған емес”,-деп айтады.Осы сөйлемді оқып-ақ тілдің,оның ішінде ана тілдің өмір қаншалықты маңызы көп екенін біліп отырмыз.Себебі,бір тұлғаның сөйлегені оның бүкіл елінің сөйлегені,елінің рухы көрінгені.
Екіншіден,экспресивті атқаратын қызметі.Экспресивті қызмет деп,әдетте,адамның көңіл-күйі,сезімі мен эмоциасы айтылады.Тілдің экспресивті қызметінің,ондағы эмоциальды құралдар мен тәсілдердің ойды көркемдеп әсерлеп жеткізуі,әсіресе көркем әдебиетте маңызы айрықша күшті.Адам сөйлегенде оның түріне қарап,бет пен жақтарына қарап тұрып оның эмоциясын аңғара аламыз.Мұны тіл біліміндегі таным теориясына да жатқызуға болады.Тіл біліміндегі таным теориясы-адамның айналадағы заттар мен құбылыстарды,дүниені тануы,түсінуі,ол туралы ұғымдарды санада тіл арқылы қалыптастыру әрекеттерін,оның ұстанатын ұғымдарын,ерекшеліктерін,әдістерін зерттейді.Осы әдістертер арқылы адамның экспресивті қызметі дамыған.
Үшіншіден,тілдің ғылымдар жүйесінде де алатын мәні зор деп ойлаймын.Себебі,кез-келген ғылым тіл арқылы түсіндіріледі,тіл арқылы игеріледі.Ғылым атаулы екіге бөлінеді:қоғамдық ғылымдар және жаратылыстану ғылымдары.Тіл-дербес ғылым деп айтсақ қателеспеймін деп ойлаймын. Яғни,тіл барда тарих,археология,психология,логика, педагогика,әдебиеттану,тіпті философия да бар.
Менің ойымша,тіл қатысы осы өмірдегі барлық дүниелермен сәйкестендірсек болады.Мысалы,қарапайым адам мүшелері.Адам миының сәулелендіруші әрекеті арқылы құбылыстармен байланысқа түседі,мұнсыз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы қатынас мүмкін болмаған еді.
Мен өз ойымды қорытындылай келе,тілдің адам өмірі үшін мәні мен қызметі қандай құнды екенін ұқтым.Мен ойлана келе,егерде тіл болмасақ біз болар ма едік? Деген сұрақ ойыма келді.”Қолда бар алтынның қадырін біліп” бойымыздағы тілімізді қадірлей білейік!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет