Дәріс 3.
Тұқымның жарақаттануы (зақымдануы) және оны азайтудың шаралары
3 Тұқымның себу (егістік) сапасы
4. Тұқымның зақымдануы және оны азайтудың шаралары.
5. Тұқымның егістік өңгіштігі бойынша сараптама жүргізу жолдары
Тұқымның жарақаттануы. Астық бастыру, екпе дақылдардың тұқымың өңдеу жұмыстары негізінен механикаландырылған. Қомбайндар мен молотилкалардың, тұқым тазалағыш және сорттағыш машиналардың, кептіргіштердің әртүрлі тиеу құралдарының сепкіштер мен басқа машиналардың жұмыс органдары тұқымдармен түйісу және оларға әсер етудің нәтижесінде белгілі-бір дәрежеде оларды жарақаттайды. Әсіресе астық бастырғанда тұқымның ең көп жарақаттануы байқалады.
Зақымдану дәрежесіне қарай тұқым жарақаттануының екі түрі ажыратылады:
а) Макро-жарақаттар - тұқымның бір бөлігінің шығынына байланысты анық көрінетін зақымдар (уатылған, ұрылған, езілген, ұрықтың толық немесе бір бөлігінің болмауы). Тұқым тіршілігіне ең қауіптісі осылар, көбінесе өнгіштікті жоғалтуымен байланысты. Макрозақымданған тұқымдардың 8 түрі ажыратылады:
1. Ұрық толығымен ұрып шығарылған. Тұқымның өну қабілеті жоғалған.
2. Ұрықтың бір бөлігі ұрылған. Тұқым қалыпты өсімдік қалыптастыра алмайды, алайда лабороториялық жағдайда олардың кейбіреулері өнуі мүмкін.
3. Ұрықтың бір бөлігі ұрылған және эндосперм макрожарақат алған. Себілген тұқым опат болады.
4. Ұрықтың бір бөлігі ұрылған және микрожарақат алған. Тұқым көктей алмайды.
5. Эндоспермнің бір бөлігі ұрылған (жоғалған), лабораториялық жағдайда тұқым тез өнеді, бірақ танаптық (далалық) жағдайда әлсіз өсімдіктерді қалыптастырады.
6. Эндоспермнің бір бөлігі ұрылып жоғалған және ұрық микрожарақат алған, бұлар тұқымның өнуін және өскіннің әрі қарай дамуын әлсіретеді.
7. Тұқым қабығының бір бөлігі (немесе толық) жоғалған. Тұқым өнеді, бірақ тыңғылықты дәрілеуді қажетсінеді.
8. Тұқым кеміргіш зиянкестермен жарақаттанған. Мұндай жарақаттар өте қауіпті, өйткені әдетте оның қоректік ткані ғана жарақаттанады.
ә) Микрожарақаттар — көрінбейтін, көзге шалынбайтын зақымдар. Бұл қабықтар мен ішкі тканьдердің жарықшағы, олар микроорганизмдер мен ішкі зиянкестердің әсерінен пайда болады. Микрозақымдардан олардың айырмашылығы сол, қазіргі тұқым тазалағыш машиналармен оларды бөліп алуға болмайды. Олардың тұқым сапасына тигізетін теріс әсері, айтарлықтай, әсіресе ұрықтың зақымдары қауіпті.
Микрожарақаттардың 9 түрі ажыратылады. Оның үстіне микробтар және сорушы энтозиянкестердің жарақаттары ерекше орын алады:
1. Микроағзалармен (микробтармен) жарақаттанған ұлпалар өлі күйге айналады да тұқымнан ажыратылмайды және оның тіршілігіне қатынаспайды. Мұндай жарақаттар әруақытта микроағзалардың тіршілік әрекеттерінен интоксикация құбылысына ұрындырады., өсімдіктер тез арада опат болады.
2. Тұқымның сорушы және кеміргіш зиянкестермен жарақаттануы механикалық әсерден ғана емес, сонымен қатар физиологиялық үрдістердің бағыттылығы бұзылады да ұрықтың опат болуына ұрындырады.
3. Аналық өсімдіктен тұқымдардың ажырауынан болған жарақаттарда ерекше орын алады. Оның мәні мынада:тұқымның аналық өсімдіктен ажыраған орнында тоз (қорғаныс) қабығының түзіліп үлгермеуі себеп болады.
4. Ұрықтың жекелеген немесе көптеген жарақаттары. Мұндай жарақаттардан тұқымның көктеуі жиі түрде өзгермейді, алайда танаптық өнгіштік айтарлықтай төмендейді.
5. Эндоспермнің микрожарақаттары, олар өсімдіктердің дамуына көп әсер етпейді.
6. Бір мезгілдегі ұрық және эндоспермнің микрожарақаттары, олар жалғыз ұрық жарақатындай салдарға келтіреді (жарақаттайды).
7. Тұқым қабығының жарақаты, бұл қауіптірек, әсіресе ұрықта болғанда, эндосперм маңындағы жарақаттың қаупі азырақ.
8. Ішкі жарықшақ, бұл жарақат температура әсерінен ткандердің үзілуінен пайда болады.
9. Жоғары ылғалдылықта соққылардан туындайтын әртүрлі жаншулар (вмятина).
Тұқымның жарақаттануы, тек қана олардың қабығы жарақаттанса да, тұқымның қоректік заттарына микроорганизмдердің кіруіне жол береді. Зақымданған тұқымдардың тыныс алу қуаты да жоғары. Мұның өзі сақтауға қойған тұқымның көгеріп зеңденуіне, өздігінен қызуына және басқа бүлінулерге әкеліп соғады.
Аталған жарақат түрлерін агрономдардың, бірінші кезекте тұқымтану мен тұқым шаруашылығы мамандарының, білгені дұрыс, өйткені оларды біле отырып дақыл өнімінен болатын мүмкін шығынды болжай алады және өндегенде тұқым жарақатын азайту жөнінде кепілдемелер бере алады.
Достарыңызбен бөлісу: |