Странгуляниондық илеус
Странгуляциялык илеус (Stranqulatio, incarceratio, torsio, - invaginatio intestinorum) ішектердін тұзағы мен шажыркайы кысылуынан пайда болған әртүрлі механикалык бітелу. Жылкыларда, ірі қара малда және шошқаларда (ішектердін кысылуы, бұралуы және ширатылуы) жиі кездеседі. Негізгі ішектердін кысылуларына ішкі және сыртқы жарықтар жатады (кеңіген шап сакинасында шарбы май мен шажырқай, іш перде және көк ет санылауында, ортан жілік каналынын, уманын, кіндік сакинасы санылауында) ішек тұзағының қысылуы.
Себептері. Ішектердің қысылуы, бұралуы және ширатылуының негізгі себептері секірген кезде құрсақ қуысы қысымының күрт көтерілуі, ауыр жүк тартып келе жатып кенеттен тоқтау, күрт бұрылыс жасау, малды жығу немесе аудару, айғырлардын биеге шабуы, ұрғашы малда тууы кезінде қатты күшену (толгату), таудан төмен түсу жолы ұзарғанда ж.т.б.
Ішектердін инвагинациясы ішек тұзағы бөгде затпен рецепторлардың тітіркенуінен, суык су, үсіген азык катаральді энтеритте, энтералгияда ішектердің түйілмелі бұлтылдауынан туындайды.
Симптомдары. Странгуляциялык илеусте ауру үдей түседі. Тек алғашқыда мал аздап мазасызданады, жатады және аунайды. Кейінірек катты «шаншу» пайда болады. Мал калай болса солай жерге кұлап түседі, аунайды, арқасына жатып, аяқтарын аспанға көтеріп жаткысы келеді. Дене кызуы 39-39,5°C, ал аурудың аяғында калыптан төмендейді. Тамыр соғуы минутына 80-100, тынысы 30- 40, катан, азыққа тәбеті жоқ. Мал катты терлейді. Туындаған асқазанның созылуы мүмкін, жынның исі шірікті, сүт қышқылы мен өт пигменттеріне он реакция береді. Қанда плейхромия және эритроцитоз, нейтрофилия болады және ЭШЖ бәсендейді.
Өтуі. Аш ішектердің странгуляциялык бітелуінде жылкы алгашкы тәулікте өледі, ал басқа малдар - 2 тәуліктен соң, ал ток ішектердін странгуляциясы 2-4 күнге созылады.
Балау. Шаншу синдромына және тік ішек аркылы зерттеу нәтижелеріне байланысты қояды.
Емі. Шаншу синдромын басу үшін венаға 10 %-ды хлоралгидрат немесе анальгин ерітінділерін 30-50 мл немесе 0,5%- ды новокаин ерітіндісін 1 кг дене массасына 0,5 мл есебінде енгізеді. Малдын жагдайын жақсарту үшін газдар мен азык жынын шығару мақсатында зонд енгізеді. Ірі малдарда кейде ішектің бұралған, инвагинацияланған немесе қысылған жерін тік ішек арқылы қолмен түзеуге болады. Бірақ странгуляциялык илеустін барлық түрлерінде радикальді емдеу әдісіне хирургиялық операция жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |