Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық деректері. Негізгі себептері



бет45/78
Дата19.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#486949
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   78
Аурулар-Ветеринария

Гломерунефрит.

Гломерулонефрит (Glomerulonephritis) — көбіне бҥйрек тҥйнектерінің, аз дәрежеде каналшықтары мен интерстициалдық ҧлпасын зақымдау тҥрінде өтетін иммундық қабыну сипатындағы ауру. Этиологиясы. Аурудың себептеріне көбіне бактерияларды, әсіресе А тобындағы гемолитикалық стрептококк, вирустар, бҥйректерде аутоиммундық реакциялар тудыру қабілетіндегі эндогендік агенттер, пестицидтер, улы заттар мен шӛптерді жатқызуға болады. Нефрит лептоспироз, етқоректілер обасы және басқа инфекциялық аурулар кезінде екіншілік ауру түрінде байқалуы ықтимал. Ауру ағаш бҧтақтарын азық ретінде пайдалану жиілігіне орай да байқалына алады.
П а т о г е н е зі . Этиологиялық факторлар бҥйректерде қабынуаллергиялық реакцияларын, аутоантиденелер, иммундық кешендер тудырады. Қабыну ошағында қан айналымы мен бҥйрек тҥйнектерінің фильтрациялау функциясы бҧзылады. организмде азоттық алмасу ӛнімдері мен ӛзге де зиянды заттектері жиналады, токсемия байқалады. Несепте ақуыз, глюкоза, эритроциттер пайда болады.
Симптомдары. Көбіне ауру белгілері бастан өткерілген инфекциялық аурудан соң біршама уақыт өткен соң барып білінеді. Бұ кезеңді латентті кезең деп атайды, ол организмнің иммунологиялық қайта қҧрылып, өзгеруімен байланысты болады. Ауру суыну, стресс, организмге токсиндер тҥсуі салдарынан дамиды. Жылдам жабығу, шаршау, бҥйректер маңындағы ауырсынулар білінеді. Несеп қҧрамында эритроциттер болуына орай ол қызыл реңденеді - гематурия. Несепте ақуыз, кейде – қант пайда болады. Кейінірек қабақтар, аяқтар және ӛзге дене бӛліктері маңында домбығып ісінулер байқалады. Домбығып ісіну - нефриттің басты белгісі.
Д и а г н о зы. Жалпы кҥйі ауыр, гематурия, протеинурия, домбығып ісінулер, азотемия белгілеріне қарап қойылады. Ағымы мен болжамы. Орташа дәрежедегі ошақтық қабынулар кӛбіне 10...20 тәуліктен соң сауығумен аяқталады, жедел диффузды тҥрі кӛбіне жануар ӛліміне әкеліп жатады.
Ем і . Жылы қҧрғақ ғимарат қажет етіледі. Жедел нефритте 1...2 тәулік аралығында аштық диетасы қажет етіледі. Сосын рационға С, А және В тобы витаминдерімен байытылған диеталық азықтар енгізіледі, айқын домбығулар кезінде ондағы ас тҧзы мен су мӛлшері шектеледі. Кӛбіне жедел нефрит басталуы инфекцияға байланысты болуына орай бірінші 10.. 15 тәулікте антибиотиктер, сульфаниламидтер немесе қиылыстырылған препараттар, нитрофурандар беріледі, тек нефротикалық препараттарды қоспаған жӛн (тетрациклин, неомицин). Аскорбин қышқылымен, рутинмен (Р витамині) қиылыстыра отырып гистаминге қарсы препараттар, несеп айдағыш заттар (фуросемид, диакарб, аммоний хлориді, қайың бҥршіктерінің қайнатпасы т.б.) беріледі. Жҥрек жеткіліксіздігі кезінде оймақгҥл препараттарын беру ҧсынылған (дигитоксин, дигоксин). Жедел бҥйрек жеткіліксіздігі кезінде су берілуін шектейді, венаға 20% глюкоза ерітіндісі енгізіледі. Созылмалы ағымда ем тек асқыну кезеңдерінде ғана жасалынады; димедрол, супрастин, аскорбин қышқылын, рутин, преднизолон дәрілерін беру ҧсынылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет