Тыныс алу жүйесінің аурулары. Бронхиттер. Бронхит



бет70/105
Дата03.12.2023
өлшемі308.1 Kb.
#485263
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   105
Terapia

Аралас гломерулонефрит. Нефротикалық және гиертониялық синдромдардың қосарлануымен сипатталады. Бұл нефриттің классикалық түрі. Оның көрінісіне мол мөлшерлі протеинурия, олигурия, анасарка деңгейіне дейін баратын ісіну, биік гипертензия тән. Аралас гломерулонефрит науқастардың 10 %-да байқалады, тез өрістейді, ұзақтығы 3-5 жылдан артпайды.
Гематуриялық гломерулонефрит. Үнемі гематурияның сақталуы және оқта- текте макрогематурия эпизодтарының болып тұруы.
Емі. Емінің негізгі мақсаттары:

  1. гломерулонефриттің өрістеуін тоқтату, ең кемінде баяулату;

  2. бүйрек зақымдануын қайтаруға тырысу.

Дәрмектік ем. Емін клникалық түрлеріне қарап емдеу. Патогенездік ем.
Глюкокортикоидтар гипертониялық, аралас түрлерінде және бүйректің созылмалы шамасыздығында қолданылады.
Цитостатиктер нефротикалық түрінде қолданылады: азатиоприн, меркаптопурин,циклофосфан тәулігіне 150-200 мг.
Аниткоагулянттық ем: гепарин (қанның ұю ұзақтығын бақылап), курантил, ацетилсалицил қышқылы, трентал гематуриялық түрінде 1-1,5 ай бойы.
Стероидтық емес қабыгуға қарсы дәрмектер латентті және нефротикалық түрлерінде қолданылады. Индометацин 25 мг күніне 2 рет.
Нефротикалық синдромында: диуретиктер - гипотиазид немесе фуросемид.
Плазмаферез аптасына 1-2 рет. Ем курсы 7-20 сеанс
Алдын алу. Созылмалы гломерулонефритпен ауыратын науқастар ылғал суықтан, аса қыздырынудан, ауыр дене қызметінен, ұзақ уақыт аяқта тұрудан, бүйрекке әсер ететін дәрмектерді қолданудан сақтануы тиіс және вакцинация жасалмайды. Науқастар өмір бойы диспансерлік тіркеуге алынады.


Жедел және созылмалы гломерулонефриті бар науқастардың күтімі

Пациенттің проблемалары



Науқасты күтүде мейірбикенің ісі



1.Әлсіздік.
2.Дене қызуының көтерілуі.
3.Бас ауру.
4.Дизуриялық өзгерістер.
5.Тәбеттің төмендеуі.
6.Бетінде ісінулер.
7.Артериальды қысымның көтерілуі.
8.Бел аймағында ауырсыну.
9.Кейде жүрек айну, құсу.

1.Пациенттің тағайындаған тәртібін сақтауын бақылау.
2.Диета сақтауын(тұзбен ақуызды шектеу) және сұйықтық ішуін бақылау.
3.Науқасқа туыстарының әкелетін тамақтарын бақылау.
4.Дәрігер тағайындауын уақытымен орындау.
5.Үзбей АҚ,, пульсін өлшеп санау.
6. Диурезін бақылау
7. Дене салмағын бақылау
8.Науқасқа Зимницкий әдісімен зәрді жинауын түсіндіру.
9.Инъекция жасағанда қауыпсыздық шараларын сақтау
10. Әңгімелесу жүргізу;
- тамақтану тәртібін және емдәмді сақтау туралы,
- гломерулонефриттің алдын алуы туралы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет