Тыныс алу жүйесінің аурулары. Бронхиттер. Бронхит



бет73/105
Дата03.12.2023
өлшемі308.1 Kb.
#485263
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   105
Terapia

Бақылау сурақтары.

  1. Бүйрек тас ауруы дегеніміз не?

  2. Бүйрек тас ауруының себептері.

  3. Бүйрек тас ауруының симптомдары.

  4. Бүйрек тас ауруының емі.

  5. Зәр шығару жолдары ауруларының диагностикасы.

  6. Урография, науқасты зерттеуге дайындау,зерттеудің маңызы.

  7. Негізгі емдеу принциптері.

  8. Бүйрек тас ауруының алдын алуы.


Цистит
Цистит – қуықтың кілегейлі қабаты қабынып, тәуліктің әр уақытында бірдей, кіші дәретке жиі ауырсынумен отыру. Дәретке жиі отырғысы келіп, өзын ұстай алмай қысылады.
Этиологиясы.Даму тегінен - инфекциялық ауру. Қоздырғыштар: ішектік аутоинфекция (ішек таяқшалары, энтерококтар, алтын сары стафилококк) және экзоинфекция, стрептококтар, стафилококтар, басқада бактериялар.
Клиникалық көрінісі. Негізгі белгілері: жиі кіші дәретке отыру, отырғанда ауырсыну,зәрде ірін болу. Қуық аймағындағы ауырсыну кіші дәретке отырғанда, зәр бөлінуінің аяғында күшейіп, бірден басылады да, қуыққа зәр жиналған сайын пайда болады. Жиі әйелдерде жыныс мүшелер инфекциясы тарағанда кездеседі.
Зерттеу. Зәр анализінде – бактериурия, лейкоцитурия, пиурия, шырыш.Цистоскопияда – кілегейлі қабатының қабыну өзгерістері.
Емі. Төсек тәртібі, диетада өткәр, қоздырғыш заттарды шектеу, көп мөлшерде сұйықтық ішкізу – сілтілі сусындар,шырындар.
Дәрмектік ем: Антибактериальды терапия: фурадонин 0,1 г 3 рет,5-НОК 0,1 г 4 рет, левомицетин 0,5 г 4 рет.
Спазмолитиктер: папаверин, но-шпа.
Фитотерапия: зәр айдайтын шөптерді ішкізу (толокнянка, бүйрек шайлары), қуық аймағына жылытқыш, жылы ванналар.


Пиелонефрит
Пиелонефрит - бүйректің қуыстық жүйесінің және тостағаншалармен түбектердің зақымдануымен сипатталатын бейспецификалық инфекциялық қабыну процессі.
Пиелонефрит –кең тараған аурулардың бірі,статистика бойынша әр он адамның біреуі пиелонефриттен зардап шегеді. Пиелонефрит 40 жасқа дейінгі шақта әйелдерде, ал егде және кәрілеу шақта-жиілеу еркектерде кездеседі.Әйелдерде пиелонефрит балалық шақтан немесе тұрмыс құру кезінен басталады.Пиелонефриттің ерекше айырмашылығы – бүйрек зақымдануының ассиметриясы болып табылады,процесс көбіне бір жақты болады, ал екі жақты болса бір бүйректің зақымдануы басымды болады.
Клиникалық ағымы бойынша пиелонефрит жедел және созылмалы,біріншілік және екіншілік болып бөлінеді.
Этиологиясы.Даму тегінен – пиелонефрит инфекциялық ауру. Пиелонефриттің дамуында негізгі роль атқаратын қоздырғыштар: ішектік аутоинфекция (ішек таяқшалары, энтерококтар, алтын сары стафилококк) және экзоинфекция, стрептококтар, стафилококтар, басқада бактериялар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет