1.21. Сурет.Астыңғы жақтың бірінші үлкен азу тісі: а — вестибулярля
беті; б — оральді беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д, е —
өзектердің көлденең кесіндісіндегі түбір өзектерінің сағасының орналасу
нұсқалары;
ж — тігінен кесінді;
АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ ЕКІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ ( 1.22сурет)
Тіс сауыты
Негізінен екінші үлкен азу тістің пішіні бірінші азу тіске ұқсас.
Көп жағдайда окклюзиялық бетінде 4 төмпешік орналасады: екі
оральді және екі вестибулярлы. Вестибулооральді және
медиодистальді бағытта төмпешіктер арасынан сайлар өтеді.
Сайлар крест тәріздене орналасады.
Тіс қуысы
Тіс қуысының табаны окклюзиялық жағынан
дөңестеу және тіс
мойынынан төмен орналасады. Тіс қуысы табанында өзектердің
үш сағасы орналасады.
Нұсқалар
Кейде 3 тен 6 ға дейін төмпешіктер болуы мүмкін. Үштөмпешікті
нұсқа кезінде сайлар Y
әріпі секілді, ал 4 төмпешікті нұсқа
кезінде сайлар Х тәрізді.
Тіс түбірі Тіс екі түбірлі- алдыңғы және артқы. Дистальді түбір медиальді
түбірге қарағанда қысқа және тарлау.
Тіс
түбірінің
өзегі
Көп жағдайда үш өзек болады. Бір дистальді екі медиальді.
Соның ішінде дистальді өзек ең кең өзек болып келеді.
Нұсқалар
Түбірлер көп дәрежеде толықтай қосылып кетуі мүмкін. Ең
жақсы дистальді түбір бейнеленеді. Өте
аз екі өзектің қосылуы
байқалады.