Тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды пайдалану жолдары
Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім.Ал бүгінгі таңда мектептің ,мұғалімнің ең қасиетті міндеті-рухани бай,жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны қалыптастыру.Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі.Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына түрткі жасауымыз қажет.
Еліміздің болашағы-ұрпақ тәрбиесінде, еліміз егемендік алып,өз алдына отау тігіп өзінің ішкі-сыртқы саясатын өзі шешетін болды. Бүгінде баршаның міндеті-әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру.
Қазақ ағартушысы М.Жұмабаев «...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген.Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына,оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты.
Мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы,маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы,жарқын үлгісі,бала қиялын самғатып,арманын көкке ұсындырушы басты тұлға.Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік –саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі.Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып,биік адамгершілік қасиеттерге баулу,тәрбиелеу-мұғалімнің басты міндеті.Мұғалім жан-жақты жетілген білімді,әдістемелік шығармашы- лық шеберлік иесі,халықтық дәстүр,әдет-ғұрып пен салт-сана ерекшеліктерін әлеумет- тік қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Әсіресесе осы кәсіби білік дағ- дыларын шыңдауы оның ұстаздық тәжірибе жинақтауының ең басты алғы шарты болып табылады.
Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай,мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару үшін сынып жетекші ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып тәрбие жұмысын жүргізген абзал.
Қазіргі таңда мұғалім болу,тәрбиеші болу оңай жұмыс емес.Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды.Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Оның сапасы сызғышпен өлшеп,әрбір мысқалына дейін таразыға тартатын дүние емес
Я.А.Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады: « Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі.Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп,нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.Оларға тамаша қызмет тапсырылған,күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес».Балалардың санасы мен мінез- құлқының қалыптасуына тәрбиешінің жеке басының ,оның моральдық бейнесінің атқаратын ролі орасан зор.Бұл әсерді өзінің күші жағынан ешнәрсемен салыстыруға болмайды. Бұл- ерекше құдіретті күш. Орыстың ұлы педагогі Д.К.Ушинский « Тәрбие де барлығы да тәрбиешінің жеке басына негізделуге тиіс.Ешқандай жарғы және бағдарлама,ешқандай оқу орнының жасанды орталығы қаншалықты жетілдірілгенімен тәрбие ісінде жеке адамды алмастыра алмақ емес.Тәрбиешінің тәрбиеленушіге тікелей әсерінсіз мінез-құлыққа сіңерліктей шын тәрбие беру мүмкін емес.» деп жазды.Сондықтан тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар жүктеледі.Ерік-қайраты күшті, мінезге бай жас өспірімдерді қалыптастыру үшін мұғалімнің жеке басы сол талаптарға сай болу керек.Мұғалімнің жеке басында сөз бен істің арасында алщақтық болмау керек.[3]
Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. С.А.Назарбаеваның « Ұстаздан ұлағат»атты кітабында: «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен,баланың сезімін оятып,әсершілдігін дамыту ,сезімді тәрбиелеу-баланы қоғамдық мәні бар,адамдарға жақсылық әкелетін қылық-қасиеттерден рахат,қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз-адамзатқа қызмет ету»,-деп жазылған.
Бала тәрбиесі ең алдымен,аға ұрпақтың жас жеткіншекке деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығынан,ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды.Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, іс-қимылынан танылып, сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор.Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар,тәрбиеші мен мұғалімнің ролі зор.Яғни,мұғалім мамандығының иелеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Ф.М.Достоевскийдің «Өзіңнен өзіңді ізде,өзіңе өзің бағын,өзіңді өзің тани біл»,-дегеніндей,әр мұғалім өзінің бала болғанын,өзінің ата-ана екенін,өзінің оқытушы болып қалыптасып келе жатқанын ой елегінен жйі-жиі өткізіп отырса,өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Н.А.Добролюбовтің «Мұғалім өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есінде сақтаса,оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады, соншалықты оның әрбір мақтауы балаларды шаттандырады,оның әрбір ескертуі баланың жүрегіне терең орнығады.демек барлық тәрбие жұмысы игілікті болады»,-деп айтқанындай,баламен кездескен сәттен бастап,оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде баламен тікелей қарым-қатынаста екенін,онымен ішкі сезімі байланыста болатынын бір сәт естен шығармағаны абзал.Сонда ғана ел білікті,парасатты,жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едәуір табыстарға қол жеткізе алады.[5]
Тәрбие кезеңдеріндегі оның өзіне тән заңдылықтарын сәтті пайдалану ұрпақ тәрбиесінің жемісті болуының ең үлкен кепілі болмақ.
Қазақстан Республикасының баянды да тәуелсіз мемлекет болу үшін ұлттық құндылықтар тәрбие арқылы халық педагогикасынан нәр алып,адами құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген,таза елжанды азамат керек.Қазақ мемлекеті үшін бар білімі мен қабілетін сарп ететін,елін,туып-өскен жерін,тілін,халқының тарихын,дінін,мәдениетін біліп,құрметтейтін жеке тұлға тәрбиелеу,жалпы жұртшылық,әкімшіліктер мен білім беру мекемелерінің басты міндеті. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: « Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндетіміздің бірі» деген сөзін басшылыққа ала отырып, « Менің Отаным-Қазақстан» деп ойлайтын әрбір азамат ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіретін тәрбие жұмысын жүргізуі міндетті.
Ал ұлттық тәрбиеге тікелей ықпал жасайтын білім ордасы,мектептер мен жоғары оқу орындары.Олар жас мамандар мен ұстаздарға мемлекет пен халықтың мүддесін ойлайтын, «елім, туып-өскен жерім, мен Қазақстан Республикасының азаматымын» деп жүрегі соғатын ұрпақ тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін үйретуге міндетті. Ал тәрбиеге байланысты мұғалімдердің білімін жетілдіріп,қайта даярлау мемлекеттің ұсынған қаулы-қарарлары мен заңдарына сай келуі керек.[4]
Ұлтжанды,адами құндылықтарды бойына жиған,қиыншылықтан жол табатын,экономикалық бәсекелестікке қабілетті,ары таза.иман жүзді,біреудің қолдауынсыз өз еңбегімен білім алған,елі мен жерін сүйетінін атқарған ісімен дәлелдеген жастарды көргіміз келеді.Ұлттық тәрбие дегеніміз сана-сезім мен сенім қалыптастыру.Ол үшін жастарға ұлттық тәрбиені ел-жұрт, қоғамдық орын, ата-ана болып,жан-жақты ойлана отырып берсек,біздің де,мемлекеттің де көркейетіні даусыз.
Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата-бабамыздың мол мұрасымен яғни ұлттық құндылықтарымен сусындату-біздің басты парызымыз. Демек,ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып тәрбиелеу арқылы сынып жетекші ұлттық тұлғаны қалыптастырмақ.
Адамды адам ететін қоршаған орта және тәлім-тәрбие десек,мектеп жасы балаларының тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуына отбасы мен бірге сынып жетекшінің де ролі ерекше .
Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу дегеніміз-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын,дүниетанымын,өнерге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.
Бүгінгі жаһандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық мүдде,ұлттық тәрбие,ұлттық рухты сақтап қалу-үлкен міндет.
Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі бар екені даусыз.Сондықтан сол мол тәжірибені пайдалануға тырысып,ең бірінші жаны таза,рухани биік,адамгершілігі мол,халқына пайдасын тигізетін адам тәрбиелеу-сынып жетекшінің міндеті.
Ғұлама Абай баланың бойына алты қасиет пен үш асыл мінез-құлық сіңіру парыз деген.
Міне ,осы алты қасиетпен бірге үш асыл мінез-құлық.
1.Елімен туған-туыс,жұрағат,жекжат,дос-жолдасқа адал болу.
2.Өте әділетті болу
3.Шындықты тура бетке айту сияқты асыл мінезді атап көрсеткен.
Сынып жетекші тәрбие жұмысын ұйымдастырғанда мынадай ұлттық құндылықтар тақырыбында тәрбиені тәрбиеленуші бойына дарытады.
Қазақ халқының салт-дәстүрі
Тәрбие түрлері
Туған жер,Отан Қазақ халқының тұрмысы мен
мәдениеті
Тарихи тұлғалар Әдеби мұралар Ел тарихы
Осылардың ішінен қазақ халқының салт-дәстүрін алатын болсақ,әрі қарай бірнеше тақырыптарға жіктеледі.ОЛАР:
Отау көтеру дәстүрлері:қыз айттыру,қыз көру,шеге шапан, құда түсу,бата аяқ,құда тартар,қалың мал,балдыз қалың,киім тігу,киіт,құйрық бауыр,өлі-тірі,қынаменде(ұрын келу),қыз қашар,сәукеле кигізу,күйеу киімі,той малы,қапқа салар,жігіт түйе,сүт ақы,қыз танысу,сыңсу,қыз ұзату,неке қияр,жар-жар,аушадияр,ау-жар,қоштасу,жасау,қыз көші,түймемұрындық,шаңырақ түйе,келін түсіру,беташар,бие қысырмас,күйеуаяқ,жолдық,отау көтеру,шаңырақ көтеру,атбайлар,құттық,үй көрсету,есік ашар,өңір салу,ілу,дәмету, итаяғына салу,кимешек кигізу,құрсақ шашу,жарыс қазан.
Тәрбие дәстүрлері:шілдехана,шілде қаққан,сүйіндір,кіндік кесер,қалжа,ат қою,бесікке салу, бесік жыры,тыштырма,тымаққа салу,қырқынан шығару, иткөйлек,бауырына салу,сатып алу, асырап алу,тұсаукесер,базарлық,байғазы,бастаңғы,бәсіре,тілашар,ашамайға мінгізу,жеті ата, енші, көгентүп,айдар,кекіл,тұлым,асату,ұйқыашар,селт еткізер,сүндет той,құлақ тесу,аузына түкірту,алтыбақан,тыйым,тобық жұту,тобық тығу,қызойнақ,қыз қуу,мүше алу,біз шаншар,қыз алар,босаға майлау,келін көңілі.[1]
Отбасы ,тұрмыс дәстүрлері:ақ үй аманат,аманат,ант,ақ алып шығу,ақ құйып шығару,ақ жол,ат мінгізіп, шапан жабу, ат тергеу,айтыс,айып,айрылысар көже,ауызбастырық,ауыз тию, ат құйрығын кесу, ат майы, артынан топырақ шашу, ақтық, абысын асы, араша,аяғына жығылу, әмеңгерлік, әдеп, әдет, бата, теріс бата, байлау, баутағар, барымта, бармағын жалау, бал басы, белкөтерер,бес жақсы,бетке түкіру,бәс,бүйрек,бет айғақ, бұйымтай, бәйге, дау, дауыс, дәстүр, деңгене, дүре, дерт көшіру, емге сұрау, ен, емшегін көкке сауу,есекке теріс мінгізу, ерулік, жаза, жекпежек, жиенқұйрық, жолаяқ, жолдасу, жылу, жұртшылық, жыртыс, кәде, кек алу, көрімдік, көрісу, көз тию, көрші хақы, көкпар, көңіл сұрау, күн санау, ай санау, жыл санау, жыл қайыру, қалау, қазан шегелеу, қарғыс, қарғану, қарашаңырақ, қап қағар, қонақасы, қонақ кәде, қорықтық құю, құмалақ салу, құн, жарқын құн, қарыз, пайғамбар қарызы, құтты болсын айту, құрдастық қалжың, салт, сал-серілік, сауға, саумалық, сауын алу, сауын айту, сарқыт, сайыс, соғым басы, сүйек жаңғырту, сәлем беру, сәлем ету, сәлемдеме, сүйінші, сыбаға, өлі сыбаға, табақ тарту, таңба, туған күн, мүшел, мүшелтой, алтын той, күміс той, той, тойхана, тойбастар, тойтарқатар, тоғыз, туған жерге аунату, туырлығын тілу, тәбәрік, тіл кестіру, тізе бүгу, тоқымқағар, төркіндеу, түс жору, от басын сабау, отпен аластау, отқа май құю, уәде, үй сынығы, ұран, шашу, шарғы салу, шүлен тарату, хан сырқаты, хан талау, ым, ишара, ырым, іргеден шығару.
Еңбек дәстүрлері:асар,биебау,жылқы күзеу,күзем шай,кеусен,келі түбі,көген той,қол ұшын беру,қол үздік,қолкесер,қазық майлау,қой басты,тулақ шашу,таңсерік,нәзір,үме,сірге мөлдіретер, сабан той,сал бурын,сыралғы,лау,аңшылық,саятшылық,шашыратқы.
Наурыз дәстүрлері:наурызнама,наурыз күні,қыдыр ата,наурыз көже,наурыз жыры,наурыз бата,наурыз жұмбақ,наурыз тілек,наурыз төл,наурызкөк,наурыз есім,наурыз шешек, наурызша, саумалық, мұхаррам, самарқанның көк тасы.
Ислам тағылымдары:айт,айттық,құрбан шалу,ақсарбас,аластау,ақтық байлау,айналмақ,жан беру,жарапазан,жарапазанның батасы,жұмалық,зекет,зікір,құдайы,құран ұстау,ораза,ауыз ашар, намаз, пітір, садақа, сыйыну, талақ, талақ, табыну, тасборан, тұмар, ұшықтау, үшкіру, ішірткі, мойнына бұршақ салу.
Қаза ғұрыптары:арыздасу,өсиет,иман айту,естірту,көңіл айту,жоқтау,ақтай жоқтау,шашын жаю,қара тігу,көрісу,жаназа,дәуір,жаназа,дәуір айналдыру,сүйекке кіру,сыйыт,аманат қою, мұра, топырақ салу,бата оқыр,дұға,підия,тұлдау,аруақты еске алу,шек беру,жерошақ майлау, ас, тұл аудару, қара жығу.
Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті,өз Отанының азаматы болу керегі екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс.Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі,Солар арқылы ол жалпы азаматтық әлемге аяқ басып,өз халқының игілігін басқа халықтарға жақын да,түсінікті ете алады.Сондықтан әрбір ұстаз өз кезі мен өткеннің талаптары,объективті факторлар негізінде жеткіншек ұрпақты өмірге даярлап,оны жинақталған тәжірибе арқылы тәрбиелеп отырып,өзінің ата-бабаларының рухани мұрасын игерте түсуі керек.
Ұлы педагог К.Ушинский « Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген.Ешқандай жарғы да,бағдарлама да оның орнын баса алмайды»-деп текке айтпаған.
Ендеше еліміз тәуелсіздікке қолы жеткен қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі негізгі міндет-ұлтымыздың таным құндылықтарын бойына сіңіріп,салт-дәстүр,әдет-ғұрып мәйегін ұрпақ санасына егу арқылы тәләм-тәрбие беру.
Ұстаз қолында адам тағдыры,болашақ ел тағдыры тұрады.Заман талабына сай тәрбие беру-мұғалімнің басты міндеті.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Авторы: Сейіт Кенжеахметұлы. Алматы 2006ж.
«Қазақстан мектебі» журналы. №6, 2005 жыл.
«Қазақстан мектебі» журналы. №3, 2007 жыл.
«Қазақстан мектебі» журналы. №4, 2008 жыл.
«Сынып жетекші» журналы. №9, 2007 жыл.
Оқушылардың шығармащылық қабілетін дамыта оқыту
Қарабекова Эльмира-№240мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылы
Ел ертеңі бүгіннен басталатынын терең түсінген дана халқымыз ежелден «Бала – өмір жалғасы» деп біліп бала тәрбиесін жақсы көңіл бөлген.
Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасы мен ішкі және сыртқы саясатын дамытатын да бүгінгі жас ұрпақ.
Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа түрлері жасалып, әлемдік білім беру кеңістігін бағыт алуда. Педагогикалық теориямен жеткілікті түрде қаруланған мұғалімнің іс-әрекеті тиімді болатыны әркезден-ақ мәлім. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім беру парадигмасы өзгеруде. Оқытудың жаңа технологиялары енгізілуде. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуда. АҚШ-та, Ұлыбританияда, Ресейде т.б. елдерде жүргізілген зерттеулерде оқытудың технологиялық тәсілінің тиімділігі дәлелденген.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында оқыту формасын, әдістерін, қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгіменен құруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күн бәсекелестік пен жоғарғы технологияның, ғылым мен білімнің заманы.
Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді. Оқыту процесі басқарылатын процесс болғандықтан, жеке оқушының ерекшелігін ескеру – мұғалімнің міндеті.
Оқушылармен жұмыс жасағанда:
- Еркін ойлауға мүмкіндік беру;
- Ақыл-ойын дамыту;
- Шығармашылық белсенділігін арттыру;
- Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелеу;
- Тіл байлығын жетілдіру;
- Жан-жақты ізденушілік арттыру керек.
Жаңа технологияны жүзеге асырудағы міндеттеріміз:
- Әр сабақта оқытудың интерактивті әдістерін қолдану.
- Әр оқушының психологиялық, физиологиялық, жеке-дара ерекшеліктерін ескеру.
- Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу.
- Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп жағдайына бейімдеу.
Мазмұнына қарай мен өз іс-тәжірибемде қарым-қатынастарды ізгілендіру мен демократияландыру негізіндегі, оқушылардың іс-әрекеттерінің белсенділігі мен тиімділігін арттыруды, халық педагогикасының буындарын қолданамын. Сабақтарымда оқушылардың тілін дамытуда, өзіндік жұмыс жасауда, ел-дағдыларын қалыптастыруда өз ойларын еркін жеткізуге баулимын. Сабақтарда Эльконин Давыдовтың дамыта оқыту технологиясын, оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолданамын, балалармен шығармашылық жұмыстар жүргіземін.
Баланың шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту бағытындағы іс-әрекетке көшу – заман талабы.
Шығармашылық – бұл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі, өмірден дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлілді шешімдер қабылдай білуге үйрену қажет.
Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болады. Біздің міндетіміз оқушы бойында жасырын жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.
Шығармашылық қабілетті дамыта оқытатын мұғалім де шығармашылықпен жұмыс істеу керек. Шығармашыл мұғалім үшін шығармашылық деңгейдің белгілері:
- Жаңа әдіс-тәсілдерді, білімді меңгеруі;
- Жаңа білім аумағында өз еңбегін ой елегінен өткізу;
- Жаңа форма, әдіс-тәсілдерді құрастыру;
- Озық іс-тәжірибені пайдалана білу;
- Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай білу;
- Нақты жағдайда бағыт-бағдарды, шешімді өзгерте білуі;
- Ең жоғары деңгейдегі жаңа оқу-тәрбие жүйесін құрау.
Ұлы педагог Я.А.Коменский «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі» деп ұстаздың еңбегіне ерекше баға беріп, үнемі ізденісте, шығармашылық әрекетте болатын, жалындап жүретін тұлға екенін айтқан. Ал, шығармашыл мұғалімнің шәкірті де шығармашыл болуы керек. Дарынды балаға дарынды ұстаз қажет. Олай болса, оған білімнің нұрын құйып, шығармашылық ынтымақтастықта әрекет етсе, шығармашыл дарынды тұлға шығары сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Педагогика». Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев – 2006 жыл
«Дамыта оқыту технологиялары». Б.А.Тұрғынбаева – 2000 жыл
«Білім кілті» - №3, 2006 жыл
Қазақстан Республикасында мемлекеттік рәміздерін оқыту арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу
Қайымова Жанар-№221мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» жолдауының «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде: «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әрі сыйлы өз елінің патриотары болады» деп үміт артып отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты- ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» деп көрсетілген.
Қазіргі таңда тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтарына жан-жақты өнегелі тәрбие беру- қоғамымыздың алға қойып отырған басты мақсаттарының бірі.
«Отан- от басынан басталады» дейді халық даналығы. Демек, бала тәрбиесі – Отан мен ел мүддесі. Бүгінгі өскелең ұрпаққа ғаламдастыру дәуірінде өз халқының төл мәдениеті, тілі мен салт- дәстүрін әр оқушының бойына сіңіре отырып, отансүйгіштікке баулу қазіргі тәрбие жүйесінің өзекті мәселесі.
Егеменді еліміздің болашағы жас ұрпақты шыңдап өсіру, білікті азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ету – бүгінгі таңда ең басты мақсат болып табылады. Өйткені еліміздің болашағы жас ұрпақ-ұлттық сана- сезімі оянған, адамгершілігі және рухани ойлау дәрежесі жоғары дамыған, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, салауатты, бойында жоғары патриоттық санасы, өз елі үшін мақтаныш сезімі қалыптасқан азамат етіп тәрбиеленуі тиіс.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру- қазіргі міндеттердің бірі. Имандылық, ізгілік, адамгершілік, елжандылық және де толып жатқан кісілік қасиеттер мектеп қабырғасында қалыптасады.
Мектептегі өскелең ұрпақтар – болашақ Қазақстан азаматы. Олар ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып XXI ғасыр есігінен еркін еніп жүре алатын дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзін сыйлата алатын рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті әрі саналы, парасатты, жан-жақты мәдениетті, еліміздің еңсесін өркениетке жетелейтін патриот азаматтарымыздың көп болуы әбден керек-ақ..
Отан – бұл сөз адамның ең қымбатты, терең және күшті сезімін білдіреді. Отанға деген сүйіспеншілік, Отан үшін барлық қиындыққа дайын болу, қоғамның дамуын да рухтандыратын қайнар бұлақ. «Патриотизм» - ғасырлар бойы жинақталған ең терең сезімдердің бірі. Отанға деген сезім болмаса, патриот болу мүмкін емес. Біздің ата-бабаларымыз Отанын сондай сүйіп, оны барлық жаулардан қорғап, бүгінгі ұрпаққа сый ретінде ұсынды десек болардай. Отанның гүлденуіне және оны қорғауға деген патриоттық сезім адам жүрегінде өмір сүрген, өмір сүре бермек. Бірақ патриоттық сезім адамда өзінен өзі не болмаса туа пайда болмайды. Ол ерте жастан адамға әсер ететін, ұзақ мақсатты түрде бағытталған тәрбиенің, мектептің, мектепке дейінгі мекеменің және түрлі қоғамдық ой пікірлердің әсер етуімен қалыптасады.
Патриоттық тәрбие берудің басты бағыты – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мен еліміздің мемлекеттік нышандарын: Әнұранын, Туын, Елтаңбасын оқушыларға үйрету және орындату мәселелері. Еліміздің Конституциясын бұлжытпай орындау, мемлекеттік нышандарға құрметпен қарап орындау, құқықтық – саяси және этикалық әдет-ғұрып мәдениетін тәрбие беруді оқушы бойына сіңіруді қалыптастырады.
Мектепте оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негізгі міндеттері төмендегілер болуы тиіс:
- Қазақстан Конституциясын, Мемлекеттік Рәміздерін (Елтаңба, Әнұран, Туы) құрметтеуге тәрбиелеу;
- Жас ұрпақты Қазақстандық патриотизм мен интернационализм рухында тәрбиелеу;
- Адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік пен халықтар достығын құрметтеуге тәрбиелеу;
- Оқушылар бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына,
басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту;
- Мемлекетіміздің ұлттық тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін білу;
- Өз өлкесінің (облыс, аудан, ауыл, мектеп) тарихын насихаттау мақсатында мұражай жұмыстарын жандандыру;
- Оқушылар арасында мемлекет пен заңдарға құрметпен қарау сезімдерін қалыптастыру;
- Мемлекет пен құқық жайлы білімдерін меңгерту;
- Құқық білімдерінің алғашқы негіздеріне сай мектеп Жарғысына оқушылардың мінез-құлық ережелерін енгізу;
- Құқықтық жаппай оқуды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу;
- Оқушылардың мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын заң талабына сай қалыптастырып, адамгершілікті әдет-ғұрыпқа тәрбиелеу;
- Азаматтық белсенділігін қалыптастырып, заңды және тәртіпті бұзушылыққа қарсы күресу;
- Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне басшылық жасау.
Әр мектепте оқушыларға азаматтық және әлеуметтік жауапкершілікті арттыратын, патриоттық тәрбие беретін іс-шаралар жоспарлы түрде болуы тиіс.
Сонымен қатар оқушылармен тәуелсіз еліміздің жаңа Конституциясы мен мемлекеттік нышандарын оқыту кезеңдерінде адамдардың құқықтарға заңды түрде баянды ету, өз елінің толыққанды азаматы екендігін, олардың алған құқықтық білімдерін қолдану тұрақты өмірлік принциппен идеялық – сенім бағытында тәрбиелеу – мектеп мұғалімдерінің басты міндеті.
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің бастапқы қадамы – ол оқушылардың Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін ояту болып табылады. Әр елдің тәуелсіз ел, Мемлекет екенін білдіретін ең басты үш белгісі бар. Олар Елтаңба, Туы және Әнұраны. Өз еліне ғана тән мұндай белгілері жоқ Мемлекет дербес бола алмайды. Мемлекеттік белгілерде Республикамыздағы ел-жұрттың, алдымен тұрғын халықтың төл тарихының ұшқындары мен мемлекеттің, барлық халықтың мүддесіне сай келетін бейбітшілікке деген ұмтылысы бейнеленген. Сонымен қатар әлемдік өркенниетке қол созған ақ пейіліміз аңғарылған.
Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,
Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ен-таңба?!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негізі – шаңырақ. Шаңырақ – мемлекеттің түп негізі, отбасының бейнесі. Шаңырақ – Күн шеңбері. Айналған Күн шеңберінің қозғалыстағы суреті тәріздес. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар – дала дүлдүлі, ер-азаматтыңсәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты,жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясында кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың,асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол - өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп-өркендеуін, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесін паш етеді. Бес бұрыш жұлдыз елтаңбаның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жұлдызы бар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің белгісі. Әнұран – тек салтанатты музыка мен сөз ғана емес, бұл ерекше музыка және дана сөз. Әнұран сөздері мен әні айтушыны жігерлендіріп, өз Отанына деген мақтаныш сезімін ұялатады. әнұранда қазақхалқының ерлігі, даңқы, намысы,еліміздің кеңдігі, бірлігі, достығы туралы айтылған.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – Қазақстан Республикасының мемлкеттік рәміздерінің бірі. Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабы бекітілген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек алтын түсті. Тудың ені ұзындығының жартысына тең. Тудың түсі аспан тәріздес көк түсті болып келеді. Көк түсті құрметтеу халқымыздың көне тарихынан белгілі. Тілімізде «көгеру», «көктеу», «көк шықты» деген сөздер мен сөз тіркестері бар. Олар өмір сүру, жаңарып жасару, гүлдену, мақсатқа, мұратқа жету дегенді білдіреді. Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Тудан қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған. Бұлармен қатар тудан қазақтың ою-өрнегін байқаймыз. Мұның өзі Тудың ерекшелігін, қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді. Осының бәрі жаңа даму жолына түскен тәуелсіз Қазақстанның оның халықтарының барлық жағынан гүлденіп, өркендеп, мақсатқа жетуіне көк түсті Ел Туы сәттілік тілеп тұрғандай сезімге бөлейді.
Мемлекеттік рәміз ұлттың мәдени эмблемалар кешені болып табылады. Мемлекеттік рәмізді дұрыс пайдалану азаматтық сана-сезімді және қауымдық сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Тіл дамыту пәнінен «Туған өлкем» тақырыбында өтілген сабақта оқулықтағы берілген сұрақтарға балалардан жауап алып, балалардың ойын қорытындылау үшін «Туған жерді гүлдендір» ойынын ойнаттым.
Балалар алдын ала суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып, әуен ырғағымен жүріп Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады.
- Балалар туған жерді гүлдендірер ұл-қызы міне, сендерсіздер.
Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендер. Ол үшін терең әрі
жан-жақты білімді болу – міндеттерің.
«Туған жер – алтын бесік» демекші, балалар бүгінгі сабақта айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік- сабақты аяқтаймын.
«Менің Қазақстаным» тақырыбында өтілген сабақта мен бала бойына ертеңге деген сенім ұялату. Отанын сүйе білуге, ұлттық патриотизмге тәрбиелеу. Отанға, мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін тұлға қалыптастыру. Сөздік қорын молайту.
Көрнекілігі: Қазақстан аумағы картасы, Қазақстан Республикасының Рәміздері, шөлді, көлді, таулы аймағының фотобейнесі.
Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері. Балалар шеңбер құрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді, қонақтармен сәлемдесіп Әнұранды орындайды.
Мұғалім: - Балалар қазір қай мезгіл?
-Аптаның қай күні?
-Балалар тақтадағы ілулі тұрған «Қазақстан картасы» деп аталады.
-Біз қай мемлекетте тұрамыз?
-Қазақстан!
-Қазақстан, мына жерде орналасқан (аймағын көрсетемін)
Қазақстан картасы арқылы еліміздің қалаларына саяхат жасағыларың келе ме? деп сұрадым. Ендеше «Кім жылдам?» ойынын ойнайық.
- Елбасымыз кім?
- Н.Ә.Назарбаев.
Біздің Туымыздың түсі қандай?
- Балалар көк түсті деп жауап береді.
- Туымызда не бейнеленген?
- Қыран құстың суреті бейнеленген.
- Елордамыз қай қала?
- Астана.
- Ал біз қай ауылда тұрамыз?
- Аққұм ауылында.
- Міне, саяхатымыз аяқталып мектебімізге қайта оралдық.
- Біз қай тілде сөйлейміз?
- Қазақ тілінде.
- Дұрыс айтасыңдар, мемлекеттік тіліміз: қазақ тілі.
Сергіту сәті:
Жоғары қарап күн көрдім
Төмен қарап жер көрдім,
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
- Балалар, біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол - тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің рәміздері дүниеге келді.
Олар: Ту, Елтаңба және жаңағы өздеріңмен бірге қолымызды төсімізге қойып бірге орындаған Әнұран.
Қорытынды.
- Отан дегеніміз не? - деген сұраққа балалардан жауап алу.
SHAPE \* MERGEFORMAT
Отан
- Отан туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
1. Отан-елдің анасы.
2. Отан от басынан басталады.
3. Отан оттан да ыстық.
- Отан туралы қандай өлең білеміз?
Отан –менің ата-анам,
Отан-досым, бауырым,
Отан өлкем Астанам
Отан – туған ауылым.
Жас ұрпақты ұлттық бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық тәуелсіз мемлекетті нығайтуға өз үлесін қосуға тәрбиелеуде және жоғарыда аталған
іс- шараларды өткізуде көркем шығарманың маңызы зор. Көркем шығармаларда патриоттық сезімді ардақтап, ерлікке мадақтаған, ақылдылық, парасаттылық, достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттер дәріптелген. Бұл тақырыпта әңгіме, ертегі, өлең жырларды атап өтуге болады. Сонымен қатар халық ауыз әдебиетінің
бір саласы болып табылатын ел қорғау, батырлық істер жайында туған мақал-мәтелдер халықтың ой-тілегі, арман-мүддесі, патриоттық сезімі, ұлттық мақтанышы қандай екенін көрсетіп отырады. Бір сәт «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген даналық сөздің мәніне үңілсек, бала тәрбиесіне балалық шағынан-ақ
көңіл бөлу міндеті тұрғанын аңғару қиын емес.
К.Д.Ушинский айтқандай, «Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін ол халықтық болуы тиіс»-дейді, яғни әрбір ұлттың өзіндік дәстүрін, салтын сақтап, сол рухта тәрбиелеуге баса назар аудару қажеттігін ескерткен. Сондықтан да осы айтылғанды ескере отырып жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге, елжандылық пен ерлікке тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз болмақ.
Әр оқушы бойына намыс, ар, сүйіспеншілік сезімдерін ұялатып, туған жер табиғаты, ана тілі, салт дәстүрі, тарихи ата-бабаларымыздың ерлігі – Отанға деген
сезімнің шынайы қайнар көзі екеніне өз іс-әрекеттеріміз, іс-шараларымыз арқылы көз жеткізуіміз қажет.
Тәрбие мәселесіне байланысты жас ұрпаққа ұлы ғалымдар мен педагогтар мынадай ұлы сөздерін қалдырған Я.А. Коменский: «Тәрбиені мойындамау-адамдардың, жанұяның, мемлекеттің және бүкіл әлемнің құруы» деген болатын. Мектепте тәрбие жүйесін қалыптастыруда оқушыларға тәрбие арқылы білім беруде қоғамдық пәндерге атқаратын ролі ерекше орын берілген. Ол шәкірттерге Отансүйгіштік, елжандылық, ұлтжандылық рухани сенімін қалыптастырады.
Қазақстан мемлекетінің ертеңгі болашағы- бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей тәуелді.
Өскелең ұрпақтың рухани жан дүниесін білім нәрімен сусындатып, халқының ерте заманнан жинақталған асыл мұрасымен байытып, ұлттық дәстүрлердің озық үлгілерін санасына сіңіріп «көкірек көзін оята тәрбиелеу» - ата-анадан
басталып, мектепте жалғасып, бүкіл қоғам болып атсалысатын жауапты міндеттердің ең бастысы. «Егер баланы тәрбиеленген дәрежеге жеткізудің сәті
түссе, адамгершілік, патриоттық тәрбие жеке адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды»-дей отырып, «Егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала
дәл сондай бола алады»-деген В.А. Сухомлинский сөзін басшылыққа алуымыз керек.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтің «болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде
болады, яғни тәрбиенің түпкі мақсаты-қоғамның нарықтық қарым – қатынасқа көшу кезінде рухани дағдарыстарын жеңіп шыға алатын елін, жерін
қорғай алатын, Отанын, халқын сүйетін өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті дара тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деп тұжырым жасаған болатын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
ҚР-дағы білім беру мекемелерінің 2006-2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы.
Н. Ә Назарбаев «Қазақстан -2030» Алматы «Білім» 1997жыл 176 бет
«Бастауыш мектеп» республикалық ғылыми әдістемелік және педагогикалық журнал №09, № 10, 2005жыл
«Сыр мектебі» №18, 2008жыл
Б.И. Иманбекова. Тұлғаны тәрбиелеуде тәрбие субъектілерінің мүмкіндігін кіріктіру.
Интернет беттерінен
Білім берудегі ағылшын тілін оқытудың мәселері
Искакова Мира Ағайдарқызы - №163 орта мектептің ағылшын тілі пән мұғалімі.Қызылорда облысы,Жаңақорған қонысы
Бүгінгі күні орта мектептерде білім алып жатқан оқушылардың барлығымен тілдесуге мүмкіндік беріп отыр. «Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ» – деп атап өткен Елбасы оқушы жастарды ғұмыр бойы білімнің тұңғиығына терең үңілуіне шақырды. Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекеттік тіл – мемлекет құрушы ұлттық тіл, ал орыс тілін білу ұлы байлық . Ағылшын ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз деді.
Оқушылардың тілін қалыптастыру мен дамыту –педагогикалық өзекті мәселерлің бірі. Ағылшын тілін меңгертуде оқушылар өмірінде сөйлеу тілімен бірге жазба тілі де ерекше орын алады. Оқушының жазба тілінің қалыптасып дамуында оқулықтардың, оқу құралдарының ықпалы айрықша. Алайда, оқушының сөйеу тілінің де қалыптасуы мен дамуы назардан тыс қалмауы тиіс. Өйткені , оқуышың сөйлеу тілі мен жазба тілін қатар дамытудың қажет екендігі белгілі. Оқушы айтайын деген ойын жазба тілі, сөйлеу тілі арқылы да дұрыс, емін –еркін, еш қиындықсыз, әсерлі түрде жеткізе білуі тиіс.
Оқушылар өзге тілді үйренуде қазақ ақын-жазуылары шығармаларының атқаратын қызметі ерекше. Сабақта қазақ ақын- жазушылардың шығармаларын қолдану, атап айтқанда, оқушылардың оқу-танымдық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін ұйымдастырылатын шараларды жоспарлағанда оқушыларға саналы еңбек етуге, бір-бірімен қарым-қаынас жасай білуге, өзін қоршаған ортаны тани білуге үйрету қажет. Мұғалімнің сабакта қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын пайдаланып өткізген сабағы оқушылардың ойлау қабілеті мен зейінін дамытып, өзі үйреніп жүрген тілдің құдіретін түсінуіне мүмкіндік береді.
Қазақ ақын- жазушылардың шығармаларын сабақта қолдану, жоспарлау оқушының тілге деген ынтасын арттыруды, қызықтыруды көздейді. Дегенмен көркем шығармаларды пайдаланудың мақсаты тек қызықтыру ғана емес, сонымен бірге оларды оқи отырып тілден алған білімдерін бекітіп тереңдетеді, ауызша және жазбаша сөйлеулерін дамытады.
Оқушының ағылшынша сөйлеуге төселдіретін жаттығулардың құрамына мазмұндама мен шығарма да жатады. Өйкені, олар оқушының ой-өрісін кеңейтеді, тілін дамытады. Мазмұндама жаздыру үшін алдын –ала жұмыстар жүргізіледі. Оқушыға жаздыратын мазмұндаманы арнайы тақырыптарға байланысты ( сөздік қорларды қамтитын тақырыптар аясында) қазақ ақын- жазушыларының шығармаларынан үзінділер, өлеңдер, мәтіндерді іріктеу арқылы алуға болады.
Мысалы: «Жыл мезгілдері »тақырыбын өткенде мұғалім атақты ақын-философ Абай атамыздың өлеңдеріндегі немесе Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларындағы қыс, қүз, жаз, көктемдегі табиғат құбылыстарын суреттеген өлеңдері туралы әңгіме өткізіп, мазмұндама жазуға дайындалып, арнайы жаттықтырады. Мәтіннің мазмұнын түсінуге дайындайды, арнайы жаттықтырады. Мәтінің мазмұнын түсінуге дайындайды, оқушыға түсніксіз сөздердің, сөз тіркестердің аудармасын түсіндіреді. Мұғалім мәтінді асықпай оқып, түсінгенін, түсінбегенін анықтауы қажет. Содан қейін мазмұндаманың жоспарын жасап , әр оқушы өздігінше мазмұндама жазады.
Мазмұндама ауызша түрде де, жазбаша түрде де жүргізіледі. Мәселен, оқушыға мәтінді оқытып, оның мазмұнын ауызша айтып беруіне де, жазбаша жазуға да болады. Бұл оқушылардың сөйлеу тілі мен жазбаша тілін дамытады. Мазмұндама жазу арқылы оқушыларда төмендегідей дағды қалыптасады тыңдау, тыңдағанын қайта айтып беру, ойын белгілі қисынды жүйеде жеткізу, мәтінде берілген негізгі ойды, оның дәлелі мен қорытындысын ажырата білу, сөздерді дұрыс жаза білу, , дұрыс айту, сөйлемді дұрыс құруға жаттығу.
Оқушылардың сөйлеу тілін шыңдауға, шығармашылық ізденуге, ой белсенділігін арттыруға қажетті жұмыстардың бірі –шығарма. Шығарма жазу барысында оқушылардың өз ойын анық, айқын, түсінікті етіп жеткізуге жаттығады. Шығарма жазудың әр түрлі мақсаты болады және оған қойылатын талапттарда сан алуан.
Бейнелеу шығарманың идеалық мазмұрын ашу, шығарманың я жазушының орнын айқындау, идеялық-көркемдік элементтерін, құрлысын талдау, тілі мен стилін көрсету, сын тұрғысынан баяндау,т.б
Шығарма сипаттама, суреттеме, баяндау, әңгімелеу, мінездеу сияқты сан қилы тәсілдерімен жазылуының өзі оған жан-жақты қарауды талап етеді.
Бір шығарманы бүкіл топ болып не берілетін тақырыпқа қарай әр оқушы өзіне жеке шығарма жазады.
Шығарманы үйрету үшін, не бақылау жаздыру.
Бағдарламаға сәйкес немесе еркін тақырыпта шығарма жаздыру.
Шығарма жазу барысында оқушыларда мынандай басты дағдылар қалыптасады оқушыларды белгілі бір тақырып бойынша ойын жүйелі, дұрыс жеткізуге жаттығады, тақырыпқа байланысты ойын өз сөздерімен еркін жазады, оқушылар өз білгендерін , оқиға туралы әсерлерін, өз көзқарасын білдіреді. Ол оқушылардың түрлі тақырыпқа сөйлеу дағдысын қалыптастырады, шығарма материал жинай білуге, оны бір жүйеге келтіруге үйретеді, оқушылар өз ойларын ағылшынша дұрыс және түсінікті білдіруге үйренеді, жазғандарын тексеру, түзеу дағдысы да қалыптасады.
Сонымен тіл үйрету, тіл дамыту жұмыстарының жолдары алуан түрлі. Оқушы тілін дамыту екі бағытта: ауызша не жазбаша түрде жүргізіледі. Жалпы алғанда, тілді үйретуде бұл екі бағыт қатар, бір-бірімен тығыз байланыста жүргізілуі тиіс.
Алдында атап өткендей ағылшын тілін оқытуда сабақта ақын- жазушылардың шығармаларынан үзінділерді пайдаланып отырудың пайдасы мол. Осының нәтижесінеде оқушы сөз байлығын дамытып, әдеби тілде сөйлеуге үйреніп, шығармашылық іске дағдыланады. Көркем шығармаларды тілмен байланыстыру оқушылардың ұғымын дамытады , дүниеге көсқарасын қалыптастырып , соған қызығуы мен сүйіспеншілігін күшейтеді. Сабақта пайдаланатын тақырыптар қазақ ақын- жаушыларының шығармаларынан таңдап алынады.
Сонымен қоса тіл үйренуде фразеологиялық бірліктердің орны ерекше. Тілдің лексико- фразеологиялық жүйесін бірліктерін осындай бағытта сипаттау үшін ғана қалыптасып келе жатқан кешенді когнативті парадигмаға сүйену қажет. Танымдық және ғалымдар тоғысында құрылған бұл әдіснамалық парадигманы қолдану нәтижесінде тілдік тұлғалардың халықтың танымдық тұлғалардың халықтың, танымдық қағидаларына ұласып, ұлттық сипаттама сомдалып, этностардың өзгешелік болмысымен, күнделікті іс-әрекетімен, менталитетімен байланысты дамитынын дәлелдеуге болады.
Фразеология деген термин грек тілінен шыққан. Сөйлемше туралы ұғым, ілім деген мағына білдіретіні белгілі. Фразеологиялық тіркестер кемінде екі сөзден, бірнеше сөз тіркесінен, кейде бір, тіпті бірнеше сөйлемнен құралуы мүмкін. Фразеологиялық тіркестер құрамында келген екі немесе одан да көп сөз, кейде бүтіндей сөйлем үнемі бір мағынада, негізінен келтірілді, ауыспалы мағынада қолданылады. Олардың ішінде әсіресе мақал ─ мәтелдер, афоризмдер, нақыл сөздер ойды көркем де көрікті түрде жеткізудің ежелгі құралдарының бірі. Қазақ тіліндегі фразеологиялық тұрақты тіркестер лексиканың айрықша бай саласы . Бұлар өзінің экспрессивті- эмоциялық әсерлігімен көзге түседі. Көркем туындыдағы фразеологиялық басқа да қөркемдеу тәсілімен салыстыра талдатып оқыту оқушылардың тіл байлығын арттыруға, ойын өрістеуге, көркемдік талғамын ұштауға жәрдемін тигізеді. Ағылшын тілі пәні бойынша «8-11» сыныптарда лексика бөлімінде өтеміз. Мұнда тұрақты сөз тіркесі мен еркін тіркес салыстырылып, олардың басты айырмасы жөнінде мағлұмат беріледі.
Тіл бейнелігінің бірден-бір көрсеткіші тұрақты сөз тіркестері. Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері халықтың ой-санасы, дүниеге көз қарасы , ақыл өнегесі мол көрініс тапқан. Фразаеологиялар ой-дәлдігімен, мазмұн тереңдігімен, түр жағынан ықшамдығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан-саналы құбылыстарын баға беріліп, ой түйінделіп, халықтың ғасырлар бойғы тәжірбесі негізінде пікір айтылады. Халық терең ойды аядай қалыпқа сиғызып, шебер беруге тырысады. Яғни, фразаеологиялар –бір жағынан тіл көркемдігінің сипаты.
Ә. Қайдар : «кез-келген этностың , ұлттың, ұлыстың тілінде оның басынан өткен бүкіл өмірінің өрнегі жатыр . Халықтың яғни этностың шын мәніндегі болмысы мен дүниетанымы оның тілінде ғана сақталады . Әр түрлі заттың, құбылыстың аты-жөні, сыр-сипаты, қоғамдық қатынастар әдет-ғұрып, салт-санамен дәстүрлер жайлы мағлұматтардың бәрі де кейінгі буындарға тек фактілері арқылы ғана, яғни тілдегі сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер арқылы жетіп келуі мүмкін»,- деп өз тұжырымын айтқан болатын. Қазіргі таңда еліміздің басшысы
Н. Ә. Назарбаев алдымыздағы үш тұғырлы тіл: қазақ тілі –мемлекеттік тіл. Орыс тілі –қарым- қатынас тіл, ағылшын тілі- халықаралық тілді меңгеу жөнінде мақсат қойып отыр. Осыған байланысты қай тілді менгерсек те оны әдемі, таза шебер сөйлей білуіміз керек. Ал фразаеология тіліміздің көркемдігін, нышанын беретін шұрайы. Сол себепті ағылшын тілінде сөйлеуді менгеріп қана қоймай тілді әдемі, шебер, көркем сөйлеуіміз керек. Тыңдаушыға ойымызды әсерлі жеткізе білуіміз қажет. Менің қарастырып отырған тақырыбым осыған байланысты. Ол үшін ана тіліміздегі фразеологияарды мағнасын жақсы түсінуіміз қажет. Себебі қазақ тіліндегі фразеологияны ағылшын тіліндегі аудармасын ауызекі сөйлеуде қолдану керек.
Қазақ тіліндегі фразеологиялық сөз тіркестер тақырыптары әр алуан . Халықтың әлуметтік шаруашылық рухани өмірінің бар саласын қамтиды. Жақсы қасиеттерін марапаттауға, адамгершілікке тәрбиелеуге арналған
Адам және оның қасиеттеріне арналған фразеологиялық тіркестер:
Ағып тұр ( сөзшең, білгір)-talkative
Ақ жарқын ( ашық мінезді адам )- cheerful, kind
Ақ көңіл ( пейілі адал адам )- good- nature, kind
Алып денелі ( денелі ) – bodybuilder
Бейпіл ауыз ( дөрекі сөйлейтін адам ) – rudeness, asperity , crudity
Даусы мірдің оғындай ( күшті) – strong
Темірден түйме түйеді ( шебер ) – master, expert
Тас бауыр (мейірімсіз) – unkind
Қашанда адам баласы үшін денсаулық байлықтың ең негізгісі екеніне мән береді. Соған байланысты фразеологиялық тіркестер. Денсаулық, бақыттылық, бақытсыздық туралы .
Төрт құбыласы сай ( бақытты) – happy
Басына қара бұлт төну ( бақытсыздық) - unhappiness
Тасы өрге домалау ( бақыты асу )- happily
Құлағының мүкісі бар ( шала есту)-hard of hearing
Тепсе темір үзеді ( мықты, күшті ) – strong, powerful
Сонымен бірге сұлулыққа байланысты тұрақты сөз тіркестері бар.
Тал шыбықтай бұралу ( сымбатты)- well-shaped
Жер жаннаты ( әсем, сұлу )- beautiful nature
Жүзіктің көзінен өткендей ( әдемі , сұлу )-nice, beautiful
Үріп ауызға салғандай ( сонша әдемі)- very nice
Ана тіліміздегі көркем әдебиеттерде фразеологиялар өте көп кездеседі . Оқушыларға және тіл үйренушілерге оны ағылшын тіліне аудару және түсіну, мағынасын табу қиынға соғады. Мысалы:
М. Әуезов, Ғ. Мұстафин, С. Мұқановтың шығармаларында кездесетін фразеологиялық тіркестерді семантикалық, кейбір граматикалық , стилистикалық ерекшеліктерін сақтай отырып аударуға болады. Казақ тіліндегі фразеологизмдердің ағылшын тілінде аудармалары мектеп мұғалімдерімен оқушыларға өте қажет. Сондай-ақ олар өз бетімен жұмыс істеуіне үлгі ретінде жаттығу жұмыстарына мысалдар алуына да көп көмектеседі. Содықтан , қазақ тіліндегі көркем әдебиетте кездесетін фразеологизмдердің бірнеше аудармаларын ұсынып отырмын . Мысалы:
Тәң сәрі ( ерте)- early
Тeлегей теңіз ( мол, ұлан ғайыр)- abundant
Тас жүрек ( мейіріміз )- unkind
Терісіне сыймау (ашулану )- to be angry
Кіндік кескен жер ( туған жер)-motherland
Тұяқ серпіту ( йықтау)- to sleep
Үйді басына көтеру ( айқайлау)- shout, cry
Шығарда жаны басқа ( өте жақсы көру)- to love very much
Іші жібімеу ( жек көру )- hate
Айды аспанға шығару ( таңқалдыру) – to surprise
Айы оңынан туды ( сәтті болды ) – to successful
Алақанға салу ( катты сыйлау )- respect, look up to
Алтын асықтай ( таза )- clean, fresh
Алдына мал салып беру ( қаражатпен көмектесу) –to help about financial
Ала жаздай ( жаз бойы) – all summer
Ала жіпті кесіп кету ( араласпай кету) – to stop communicate with
Алып қаш мінез ( жеңілтек ) – light- minded
Арманға берілу ( армандау )- to dream
Аспанмен тілдескен ( биік заңғар) –high
Ат төбеліндей ( кішкентай шағын ) – little, small
Ат мінгізу ( ат беру) – to give a horse
Аты жер жару ( танымал) – well- known
Аты шулы ( атақты , даңқты )- famouce
Аузы – аузына жұқпау ( )
Беті торғайдай, мойны ырғайдай ( арық ) -thing
Екі езуі екі құлағында (қуану) – to be glad
Еңсесі құру ( сағыну ) –to miss
Бас сұғу ( келу )- to come
Бас қосу ( кездесу) – meeting
Басқан жеріне шөп шықпау ( тентек) – stupit
Бәрін айт та , бірін айт (қысқасы) – in short
Бет моншағы түсу ( ұялу) - hesitate
Даусы мірдің оғындай ( қүшті , қатты )-
Бетінен оты шықты ( ашулану )- to be angry
Жерден жеті қоян табу ( қуану )- to be glad
Сүттей ұйыған ( бірлік , тату)- friendly , unity
Қазіргі кезде қазақ тілінде кездесетін фразеологилар саны өте көп. Алайда, оларды аударылуының көптеген теориялық және тәжірбелік сұрақтары жүйелі жетілдірілмеген. Іс жүзінде фразеологиялық сөз тіркестерін аудару тәсілдеріне арналған оқулықтардың және әдістемелік оқу құралдарының саны жоқпен тең . Осы себептен оқушылар оларды аударған кезде көптеген қиындықтарға тап болады. Солай болғандықтан фразеологиялардын мәнін түсініп, олардың соншалық неге қиындық туғызатынын айқындау- өзекті мәселердің бірі болып табылады.
Осындай жағдайда тіл мамандары фразеологияларға арналған оқу -әдістемелік құралдарын жазып шығаруы абзал . Фразеологиялық сөз тіркестері енгізген кезде , осы сөз тіркестерді меңгеруге ықпалын тигізетін жаттығулар жиынтығын құрастырғанда аталмыш қиындықтарды ескеру қажет. Біз қолданып жүрген оқу - әдістемелік құралдарда бірнешесі ғана айтылған . Фразеологиялық сәз тіркестеріне арнайы оқу –құралы немесе сөздігі басылып шықса тіл үйренушілерге, оқушыларға және ағылшын тіл пәні мұғалімдеріне көп жәрдемі тиеді. Өйткені, оқушыларға қолайлы жағдай туады . Осындай жағдай қалыптасқан кезде еркін сөйлеп, өз ойларын еркін айтуына мүмкіндік туады.
Қорыта келгенде,ағылшын тілін қатынас құралы ретінде қолдану үшін тіл материалынан.... Лексикаға келетін болсақ ағылшын тілін оқу процессінде ең маңыздысы. Өткені, сөздік қорын игермей, шетел тілін қатынас құрал ретінде меңгеу мүмкін емес. Мысалы: деген сөйлемде нені айтып тұрғанын түсінбейді. Сондықтан ағылшын тілін оқытуда қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестеріне (фразеологизмдерге), ағылшын тілін сөйлеу тілін дамытуға көп көңіл бөлу қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.І. І. Кеңесбаев казақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы. Ғылым. 1977
2. Қазақстан мектебі 2010
3. J. Povey. Phrasal Verb and how to use them. M.1990
4. Ғылыми-әдістемелік журнал «Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері» 2004
5. «Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы» Х. Қожахметова Алматы 1972 «мектеп»
Әдептілік – әдемілік
Камалова Рахима-160орта мектептің мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Манап ауылы
Әдептілік - әр түрлі жағдайда мінез-құлық ережелеріне сәйкес өзіңді ұстай білу. Әдепті адам өзін, өзгелерді ыңғайсыздық жағдайға қалдырмайды. Өзгелердің ісіне жөнсіз араласпайды, дөрекі түрде, намысқа тие немесе мысқылдай сөйлемейді, біреудің дене кемістігін бетіне басып айтпайды. Әдепті адам өз мінез –құлқы мен іс-әрекетіне сын көзбен қарап, өзін-өзі тәрбиелей алады. Жақсы мәнер мен жақсы талғам адамды сыпайы әрі көрікті етеді.
Адамның жақсы көңіл-күймен, шын ниетпен, адал сезіммен амандасуы, оның ізеттілігі мен әдептілігін көрсетеді.Айналасындағы адамдардың барлығына да күлімдей қарап, ақ ниетімен сәлем беретін балаларды үлкендер «әдепті бала» деп атайды. Балалардың сәлемдесуіне қарап-ақ, олардың әдептілігін байқауға болады.Халық даналығында «Сәлемдесу - әдептілік бастауы » деп тегін айтылмаған.
Табиғаттың бар жаратылысы, құбылысы адамға тән теңеулермен айтылады. Себебі адамның көп мінезі табиғаттағы құбылыстарға ұқсайды.Тіпті жаздың жарықтығы, ыстықтығы ашық жарқын адамға ұқсайды.Әдемі, сұлу жандарды гүлге, көктемге балайды. Қыстың кең тынысын, ақ қарын абзал адамға, самалымен желпіп еркелететін күзді ерке балаларға ұқсатады. Табиғаттағы сұлулық адам жүрегінен орын алса, сол адамның жаны сұлу болады. Табиғат адамдар әдемі болсын деп сан алуан гүлдерін сыйға ұсынады, ұлдарының емендей мықты болуын ойласа, қыздарының қайыңдай нәзік майысқанын қалайды. Ал табиғаттың әсемдігі адам жанын тазалыққа, сұлулыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Қазақ халқы ұл дүниеге келгенде ел қорғайтын азамат туды деп мақтанады. Сондықтан да ұл баланы асқар тауға,алынбас қамалға, алмас қылышқа, қайратты бүркітке теңейді. Ал қыз дүниеге келгенде өмірге, елге көрік берер қыз туды деп, мәз-мейрам болады.Сондықтан да қыз бала тән сұлулығымен ғана емес, жан сұлулығының байлығымен өмірді мәнді де сәнді етеді. Оларды гүлге, күнге, айға теңейді. Адам табиғаттан сұлулықты, әдемілікті үйренеді. Біздің бүгінде әдеп - инабат нормалары деп жүргеніміз, сайып келгенде, адамдар арасындағы осынау күрделі өзара қарым-қатынастарды жарасымдылық, сыйымдылық, қолайлылық, жағымдылық, ұнамдылық, бір сөзбен айтқанда, адамгершілік-имандылық тұрғыдан реттеудің шартты қағидалары болып табылады. Әр адамның қоғамдық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілікті және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсінуге байланысты оның қоғамдағы тәртібі айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек. Қазіргі кезде әсемдікке көзқарасты тәрбиелеу-тәрбие барысының зейін салуды, көн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің емес еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған әлеуметтік орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. Әсемдік құбылыстары адамның шындыққа қатынасын анықтайтын пайдалы істердің шын факторына айналып отыр. Адам өмірінде әсемдікке көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңнен бастап, әсемдікке ұмтылу тән нәрсе. Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс-әрекетінің белсенді және тиімді дем берушісі де болады. Оқушы өнегелігінің әсемдігі, оның жан дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа адамдарға тартымды етеді, олардың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыра алады. Оқушылар алдында ашық көрініс берген еңбек әсемдігі ол еңбекті тартымды етеді және еңбек іс-әрекетінің барысын жеңілдетеді. Ерлік пен шын азаматтық тәртіп әсемдігі адамдарды қоғамдық тәртіп және құқық тәртіптерін орындауға жетелейді.
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың әсемдікке көзқарасы тез, үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын нәрсе-оқу, қоғамдық пайдалы және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге түсуі. Әсемдікке көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы-өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Әсемдікті оқуда, еңбекте, күнделікті өмірде көруге, сезінуге және жасауға оқушыларды бірте-бірте үйрету керек. Әсемдікке көзқарасты тәрбиелеп дамытуда барлық пәндер, әсіресе ана тілі, әуез, бейнелеу өнері сабақтары ерекше орын алады. Ана тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамыта отырып, мұғалім суретке қарап әңгіме құрауды, әсер алған оқиғаларды айтып беруді, қиялында жаңа белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда болып, олардың рухани күші дамиды. Әуез сабақтары өте әсерлі сезімдерді оятып, әуез мұраттарын қалыптастырып, бала жүріс-тұрысына ықпал етеді. Әуез таңдау, ән салу балалар үшін өнегелік-әсемдік мәні бар, себебі көтеріңкі, ержүректік сезімдерден ортақ әсер алу оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді және топтастырады. Әсемдікке көзқарас тәрбиелігінің әлеуметтік мөлшерлеу шартына өнерге, өнер мен өмірдің әсемдік құбылыстарына қатынасу қажеттігін айқындауды жатқызу керек. Тек бұл ғана емес, әсемдікке көзқарас тәрбиелігі баланың бүкіл тәртіп және қатынастарының жиынтығымен айқындалады. Баланың қылықтары, еңбек іс-әрекеттері, қоғамдық және күнделікті өмірдегі адамдармен қатынасы, өзінің киімі мен сыртқы түріне қатынасы адамның әсемдік тәрбиелігі дәрежесінің, сөз жоқ, сенімді куәсі.
Әдептілік әліппесі адамның бойына қандайда бір іске бейімдік белгілерін егуді емес, оны кісілігі тұтас тұлға етіп тәрбиелеуді, тұрақты ізгі қасиеттерін қалыптастыруды көздейді. Мұның өзі-әдеп-инабаттылықтың қаншалықты қажеттігін, оның адамның болмысымен біте қайнасып жататынын, оның өмірлік маңызын түсіну деген сөз. Әдептілік: турашылдық, азғыруға қарсы тұру, ізеттілік талаптарының бұзылуына, өзін-өзі орынсыз ақтауға, адамдарға қайырымдылық, мейірбандылық көрсету, қанағатшылдық, адамдарды жақсы көріп қана қоймай, оларға қызмет қылу тілегі, қайырлы іс істеуге, жамандыққа қарсы тұруға ұмтылу, кішіпейілділік, кешірімділік, өзінің ғана емес, өзгелердің де тілектерін құрметтеу, ұқыптылық, тазалық сияқты ұғымдарды қамтиды. Әдептанудың негізгі мақсаты-адамға жамандықтың зияндылығын түсіндіріп, одан бойын аулақ салуға үйретіп, әдептілік, адамгершілік жолын үйрету. Әдепті адамдар-қоғамның баға жетпес байлығы әрі мәртебесі. Қай қоғамда да әдеп жолға қойылса, сол қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы да бақуатты.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Р.М.Қоянбаев. Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы 2005 ж.
Әдептану Алматы «Мектеп» 2003 ж.
Ел рәмізіне құрмет- елге құрмет
Ильясова Ажаркүл-№196мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Машбек ауылы
Рәміз дегеніміз – белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге, жанама сипаттап көрсетуден туатын сыр-таңба. Қазақтардың жалауы, туы ежелде “Байрақ” деп аталған. Туымыздың түсінің аспан текті зеңгір көк түсті болуы кездейсоқ емес.Әйгілі Ансельм кестесі бойынша ол-адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен пәктіктің нышаны.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздердің бірі. Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабы бекітілген тұста-ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек-алтын түсті. Тудың ені ұзындығының жартысына тең. Тудың түсі аспан тәріздес көк түсті болып келеді. Көк түсті құрметтеу халқымыздың көне тарихынан белгілі. Тілімізде «көгеру», «көктеу», «көк шықты» деген сөздер мен сөз тіркестері бар. Олар өмір сүру, жаңарып-жасару, гүлдену, мақсатқа, мұратқа жету дегенді білдіреді. Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс есептеген. Тудан қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған. Бұлармен қатар, тудан қазақтың ою-өрнегін байқаймыз. Мұның өзі Тудың ерекшелігін – қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді. Осының бәрі жаңа даму жолына түскен тәуелсіз Қазақстанның оның халықтарының барлық жағынан гүлденіп, өркендеп, мақсатқа жетуіне көк түсті Ел Туы сәттілік тілеп тұрғандай сезімге бөлейді.
Қолданылу сипаты – ту ҚР Президенті резиденциясының, Парламент пен Үкіметтің, министрліктер мен басқа да орталық атқару органдарының, мемлекеттік органдардың, Жоғарғы соттың, дүниеге келген нәрестелерді және некені салтанатты түрде тіркейтін орындарда, Қарулы Күштер және Республикалық Ұланның әскери құрамалары мен бөлімшелерінде – ант қабылдау кезінде, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ғимараттарында – ұлттық мереке және басқа мереке күндері ту көтерілуі керек. Оны қалауына қарай жеке адамдар да өз жекеменшік үйлерінде іліп қоя алады.
Рәміз дегеніміз – белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге, жанама сипаттап көрсетуден туатын сыр-таңба. Қазақтардың жалауы, туы ежелде “Байрақ” деп аталған. Туымыздың түсінің аспан текті зеңгір көк түсті болуы кездейсоқ емес.Әйгілі Ансельм кестесі бойынша ол-адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен пәктіктің нышаны.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздердің бірі. Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабы бекітілген тұста-ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек-алтын түсті. Тудың ені ұзындығының жартысына тең. Тудың түсі аспан тәріздес көк түсті болып келеді. Көк түсті құрметтеу халқымыздың көне тарихынан белгілі. Тілімізде «көгеру», «көктеу», «көк шықты» деген сөздер мен сөз тіркестері бар. Олар өмір сүру, жаңарып-жасару, гүлдену, мақсатқа, мұратқа жету дегенді білдіреді. Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс есептеген. Тудан қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған. Бұлармен қатар, тудан қазақтың ою-өрнегін байқаймыз. Мұның өзі Тудың ерекшелігін – қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді. Осының бәрі жаңа даму жолына түскен тәуелсіз Қазақстанның оның халықтарының барлық жағынан гүлденіп, өркендеп, мақсатқа жетуіне көк түсті Ел Туы сәттілік тілеп тұрғандай сезімге бөлейді.
Қолданылу сипаты – ту ҚР Президенті резиденциясының, Парламент пен Үкіметтің, министрліктер мен басқа да орталық атқару органдарының, мемлекеттік органдардың, Жоғарғы соттың, дүниеге келген нәрестелерді және некені салтанатты түрде тіркейтін орындарда, Қарулы Күштер және Республикалық Ұланның әскери құрамалары мен бөлімшелерінде – ант қабылдау кезінде, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ғимараттарында – ұлттық мереке және басқа мереке күндері ту көтерілуі керек. Оны қалауына қарай жеке адамдар да өз жекеменшік үйлерінде іліп қоя алады.
Как преодолеть ошибки в устной и письменной речи
Кошкарова Гулнара-средняя школа №55 имени С.Кожанова учительница русского языка Кызылординская область Жанакорганский район, аул.Бирлик
В преподавании русского языка нерусским учащимся важное место занимает расширение и закрепление активного словарного запаса. В своей практике я осуществляю это прежде всего путем введения и объяснения на уроке новых слов с последующим их закреплением. Другой путь – самостоятельная лексическая работа ученика, когда он с помощью двуязычного словаря постигает значение новых слов, составляет с ними предложения.
Активное усвоение новых слов и словосочетаний, предусмотренных программой, происходит в процессе беседы учащихся с учителем, во время чтения текста, при выполнении грамматических упражнений. И складывается оно в основном из следующих предварительных этапов:
1.Объяснение значения слов.
2.Выработка навыков правильного произношения.
3.Тренировка в правильном употреблении слов.
Во время чтения текста я добиваюсь, чтобы запоминание значений новых слов сочеталось с отработкой правильного их произношения. Если ошибки читающего незначительны, тут же по ходу чтения исправляю и предлагаю повторно произнести слово правильно. Если встречаются трудные слова, включаю в работу весь класс, добиваясь, чтобы ошибки исправили сами учащиеся. Это развивает зрительно - слуховую память, орфографическую зоркость, что способствует повышению грамотности.
Наибольший интерес у учащихся вызывает чтение по ролям. Но оно требует тщательной, всесторонней подготовки. Тут каждое предложение диалога рассматривается со стороны правильного произношения, интонирования, со стороны грамматического и синтаксического строя.
Например, в VІІІ классе после предварительной работы над содержанием стихотворения Н.А.Некрасова «Школьник» трижды выразительно прочитанный в классе и сделав анализ по всем правилам текст я предложила для домашнего чтения в лицах и заучивания найзусть. На следующем уроке удалось провести инсценировку с участием лучших чтецов. Но и тут не обошлось без ошибок в произношении отдельных слов и интонировании вопросительных и восклицательных предложений.
Чтобы уяснить, насколько глубоко и прочно учащиеся усвоили правописание отдельных слов из этого стихотворения. Одно из эффективных средств повышения культуры устной и письменной речи учащихся. Конечно, это довольно трудоемкая и кропотливая работа. Поэтому, чтобы учащиеся не утратили к ней интереса, я стараюсь ею не злоупотреблять. Чтобы предупредить возможные ошибки, облегчить работу над их исправлением, подвергаю текст тщательному анализу, привлекая к разбору весь класс. К примеру, в тексте «Песни о Буревестнике» А.М.Горького выделили сравнительные, причастные и деепричастные обороты, однородные члены, сложные предложения, заодно повторили их пунктуацию.
Преодолению речевых ошибок учителю во многом помогает диалог с учащимися на русском языке. Придавая большое значение этому приему, я систематически начинаю урок с беседы примерно такого содержания:
- Кто сегодня дежурный?
- Кого нет в классе? Почему?
- Какое сегодня число? Какой день недели?
- Какую тему мы изучали на предыдущем уроке?
- Что было задано на дом?
В такую беседу вовлекаются многие ученики. Неправильные ответы коллективно исправляем. Повторяются и запоминаются только правильные ответы.
Постепенно этот вид работы усложняю. С учащимися провожу беседу:
- Как тебя зовут?
- Сколько тебе лет?
- Где и в каком классе и какой школе ты учишься?
- Где ты живешь?
Или же:
- Кто твои родители? (папа, мама).
- Где работает твой папа?
- Где работает твоя мама?
- Как они работают?
- Есть ли у тебя братья и сестры?
В ходе беседы отрабатываются правильные ответы, которые записываются на доске и в тетрадях, проводится работа над ошибками.
Речевые ошибки старшеклассников при чтении стихотворения найзусть или пересказе содержания прочитанного, при ответах на вопросы обычно исправляются попутно – повторением в правильном виде.
Систематическое исправление ошибок, где бы они ни проявлялись, делает учащихся внимательными к своей речи, к письму, вдумчивыми при самостоятельной творческой работе. Все это способствует прочному усвоению правильного произношения, правильному употреблению слов в речи.
На число ошибок в письменных работах по русскому языку у учащихся казахских школ влияют следующие факторы:
1.Ограниченность словарного запаса.
2.Незнание норм правильного произношения и написания.
3.Отсутствие навыков написания, не совпадающего с произношением.
4.Неумение применить на практике грамматические правила.
5.Смещение звуков ы-и, е-и, в-б, ф-п, ш-ч-щ в произношении и на письме.
6.Воздействие родного языка.
Для учащихся-казахов многие ошибки как в устной, так и письменной речи связаны с употреблением звука и буквы ы. Русское ы отличается от казахского ы в произношении, но в обоих языках этот звук заднеязычный. Казахское ы в произношении уподобляется русскому о в послеударных слогах (голос, город), но их буквенное изображение различно. Поэтому, учитывая трудности в усвоении этого звука и буквы, обучение детей их правильному произношению и письму. При проведении письменных работ в старших классах особое внимание обращаю на правописание окончаний существительных и прилагательных с твердой основой.
Для прочного усвоения правильного произношения и письма трудных слов большое значение имеет практическая тренировочная работа на уроках – составление предложений с отдельными словами, вставка пропущенных букв, письмо по диктовку и т.д.
У старшеклассников часто наблюдается ошибки в написании глаголов прошедшего времени мужского рода единственного числа. Они склонны писать их с мягким знаком на конце: читаль, писаль, видель (вместо – читал, писал, видел). При таких ошибках особенно нужны сопоставление слов с мягким и твердым согласным в конце и выработка правильного произношения: сталь – стал, был – быль, дал – даль, падал – падаль.
При исправлении ошибок в письменных работах большое внимание уделяю практической стороне тренировочных упражнений, исходя из того, что учащимся очень помогает умение разбирать предложения по частям речи, по членам предложения, слова по составу. Ученики, которые хорошо владеют различными видами разбора, допускают меньше ошибок.
Привитие учащимся навыков грамотного письма занимает важное место в методике. И здесь большую роль играет работа над ошибками. Она постоянно должна быть в поле зрения учителя, стать составной частью каждого урока.
Использованные литературы:
1.Русский язык в национальной школе.
2.В.С.Бондаренко. О современном русском языке. М.,
3.Статья Владимирского Е.Ю. в сб.:Вопросы теории и методики преподавания русского языка. МГУ.
4.Чернышев В.И. Правильность и чистота русской речи.
Әлеуметтік – психологиялық тренинг арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы ретінде
Қошқарбаев Рүстем-№55 С.Қожанов атындағы орта мектеп мұғалімі, Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы
Қазіргі қоғамда қарым-қатынас сауаттылығы маңызды сипат алып отыр.Күннен-күнге қарым-қатынас пен өмір,ойын тәрізді қарастырылады.Біз ойын арқылы ақиқатты танып білеміз,сондықтан берілген оқу-әдістемелік құралда психологиялық тренинг және шағын психологиялық жаттығулар,оның мақсаты мен ережелері және түрлері,жүргізу жолдары, бір сөзбен айтқанда әлеуметтік-сихологиялық тренингтерге шолу жасалған.
ХХІ ғасырда әлемдік өркениет жаңа даму сатысына көтерілді.Қазақстан Республикасының қазіргі білім жүйесінің стратегиялық мақсаты-жоғары білімді бәсекелестік қабілеті мол,шығармашыл тұлға қалыптастыру үшінқолайлы жағдайлар жасау болып табылады.Қазіргі мектептерде балалар белгілі білім ғана алып,біліктілікке үйреніп қана қоймай,сондай-ақ алған үлгі өнегені өмір бойы пайдалана білуі тиіс.
Әлеуметтік- экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу-тәрбие жұмысының жаңару заманында ағарту саласының барлық білім беру буынында шешімін күткен келелі мәселелер тұр.
Бүгінгі таңда қарым-қатынастың мазмұнды дамуы әлеуметтік психологиялық тренинг аясында ойдағыдай шешілуде. Соңғы 30-40жыл ішінде қарым-қатынас механизмін дамытуда белсенді,жедел әдіс-тренингтер ұйымдастырылып,қолданылуда.Психологиялық тренинг (немесе әлеуметтік психологиялық тренинг) жанұялық қарым-қатынастардағы түзету тәжірибесінде ,жасөспірімдерді бейімдеуде, мінез-құлықты түзетуде,адамның өзіне қарап сынмен түзетілуінде т.б. жағдайларда өзін жақсы жағынан көрсетті.Нақты және зертханалық эксперименттердің бөліктерін өзіне біріктіре отырып, қарым-қатынас біліктілігінің салсында кең көлемдегі міндеттерді шешетін тренингтер психологиялық ықпалдың тиімді құралы болып табылады.Тренингтердің мақсаты:
Өзін-өзі тану, түсіну,тұлғалық даму тәсілдерін таба білу;
Ойдың икемділігін,тапқырлығын талап ету,өзгешелігін дамыту;
Ойлаудың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру;
Қиялды,шығармашылыққабілетті дамыту;
Өзінің және өзгенің даралығын бағалау,өзін-өзі құрметтеу;
Коммуникативтік дағдыны дамыту,қарым-қатынастың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгерту:
Өзі,өз құқығы мен міндеттері туралы ойларын дамыту;
Көңіл-күйді өөтеру,сезім мен эмоцияны реттеу
Бүгінгі топта әрекет ету қабілеттілігі қажетті кәсіби және жеке қасиеттердің бірі болып табылады. Психологиялық ойындар мен жаттығулар ынтымақтастыққа тәрбиелеуге бағытталған.Топ жетекшілері бұларды әр түрлі жағдайларда: топпен өтетін тренинг пен қарым-қатынас тренингтерін,тұлғалық өсу тренингтерін мектепте,бала –бақшада және түрлі мекемелерде қолдануға болады. Жалпы білім беретін мектептер тәжірибесінде лекция-семинар сабақтары,шығармашылық шеберлік,пікірталастық (дискуссиялық)клуб сияқты жұмыстардың жаңа формалары белсенді түрде енуде.Сонымен әлеуметтік психологиялық тренинг дегеніміз не? Мамандар оны топтық жұмыстың белсенді әдістеріне негізделген психологиялық әсер ету деп есептейді.Бұл-тұлға дамуына коммуникативті дағдының қалыптасуына,психологиялық көмек көрсетуге,топтаурындарды (стереотиптерді)жоюға және қатысушының жеке проблемаларын шешуге байланысты сұрақтар қарастырылатын арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы.
Тренингті оқытудың бір формасы,әдісі деп қарастырғанда,оның тиімділігі бірлескен пікірлік ,танымдық іс-әрекеттерінің қалыптасуымен анықталады.
Психологиялық тренинг –басқа адамдарды терең түсінуге көмектеседі; өз бейнесін басқалардың қалай көретіндігімен салыстыруға мүмкіндік береді; өз мумкіндіктерін көруге ,өзіндік санасын жетілдіруге жағдай жасайды. Тренинг терминін ғылыми пайдалануды кезінде ГДР-да М.Форверг енгізген.Ол алғаш оқытудың бұл формасы ерлі-зайыптылар арасындағы қарым қатынаста,балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты түзетуде пайдаланған.
Тренингтің мақсаты мынадай:
- Өзін-өзі тану,түсіну,тұлғалық даму тәсілдерін таба білу;
- Ойдың икемділігін,тапқырлығын талап ету,өзгешелігін дамыту;
- ойлаудың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру;
- қиялды,шығармашылық қаблетті дамыту;
- өзінің және өзгенің даралығын бағалау,өзін-өзі құрметтеу;
-Коммуникативтік дағдыны дамыту,қарым-қатынастың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеру;
-өзі жайында,өз құқығы мен міндеттері туралы ойларын дамыту;
- көңіл-күйді көтеру,сезім мен эмоцияны реттеу;
Басқаларды қабылдау,олармен әртүрлі қатынастар жасау кезінде адамдар бәрән-бәрә бағалап,бірімен-біріне жағымды,не жағымсыз эмоциялық қатынастар іскерлік,ұжымдық,рөлдік қатынастарға өз әсерін тигізеді.Мұндай жағдайда мәдениаралық өзара тренинг жаттығу жұмыстарын ұйымдастыруға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Педагогика және психология.(2005ж)
Әлеуметтік-психологиялық тренингтер,әдістемелер,жаттығулар.(2008 ж)
Тренинг развития жизненных целей.(2007 г)
Психология делового общения.(2001 г)
Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.(2006 ж)
Өнегелі болса – бала көрікті.
Қожантаева Айгүл-№169 «Н.Илялетдинов» орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған қонысы
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Н. Назарбаев
Тәрбие – отбасынан басталады. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын – тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы., ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отырады. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген қарым-қатынасына байланысты болады. Босағасы берік отбасында әрбір адам өзара қамқорлық пен татулыққа, үй іші жұмыстарын жұмыла кірісіп орындауға, жақсы мен жаман туралы пікірлерін ортаға салып ұштастыруға, қаражатты дұрыс бөліп тұтынуға, еңбекпен табылған ақша құнын бағалап, қадірлеуге үйренеді. Отбасындағы тіршіліктің дұрыс ұйымдастырылуы балалардың еңбекқор болуы, әр нәрсеге жоғары жауапкершілік сезіммен қарау, адамды құрметтеу сияқты адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы мен қалыптасуы процесіндегі ролі де ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалады, мәдени орта қалыптасады, сезімдік күйлер орнығады.
Тәрбие басы – тал бесік» деп қазақ халқымыз бекер айтпаған. Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Әл-Фараби атамыз айтқандай «тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы, апаты», халқымыз қашанда бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Сәби дүниеге келгенен бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл-ойының жетілуіне назар аударған. Шыр етіп туған күннен бастап, тәрбиенің негізін қалаған халық, ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Сәбидің жүріп, сөйлей бастағаннан әдепке, мәдениетке баулу, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу отбасынан басталар мақсатты, халықтық педагогиканың даналығы.
Балаға үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылы оларды дұрыс жола бағыттау – өмір заңы. Бала өсе келе көп нәрсеге үйренеді, халқының, ұлтының кім екендігін айқын түсіне бастайды, отаншылдық сезімі арта түседі. Кіндік қаны тамып, туып өскен мекенін, табаны тиіп тұрған топырағын аялай бастайды. Қазақ жері – қазақ даласы! Қандай керемет, қандай ыстық...
Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиеле, өз ұлтының тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу отбасынан басталады. Қазақ халқы балаға тәрбие берудің өзіндік әдет-ғұрып дәстүрлерін жинақтады. Әділдік, адалдық, имандылық, адамшылдық, бауырмалдық, шыдамдылық, парасаттылық, қамқорлық, кеңпейілділік. т.б. адамның рухани-моральдық нормаларын бала жанына сіңіре білді. Біздің халқымыздың отбасылық тәрбие дәстүрлерінде ежелден бері қалыптасқан тәлімді үлгілері, оңды салттары аз емес. Әр отбасы ұл-қызына атадан түйгенін үйретеді. «Ұядан не көрсен ұшқанада соны ілерсің», «Ата көрген оқ жанар», «Ұлың өссе – ұлы жақсымен көрші бол, қызың өссе – қызы жақсымен көрші бол», «Қызға қырық үйден тиым» деген мақалдар соның дәлелі. Біздің тәрбиеміздің ерекшелігі – қыз балаға қамқорлықпен қарау. Себебі халқымыз қыз тәрбиеіне баса назар аударған. «Ел боламын десең бесігінді түзе» дегендей, тәрбие бесіктен басталатыны бәрімізге белгілі. Ал бесік иесі – ана. Ал қазірге заманда қыз баланы, яғни болашақ бесік иесін тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлуіміз керек. Өйткені қыз бала – ертеңгі бойжеткен, ана, халқымыздың болашағы. Сондықтан да отбасының берекесі болмай, отанның мықты болуы мүмкін емес. Ұл бала тәрбиесіне де халқымыз зор көңіл бөлген. Мысалы: «Жігітке жеті өнер де аз», «Нағыз жігіт берік болар антына», «Нағыз жігіт қорған болар халқына» сынды ұлағатты сөздер осының айғағы. Халқымыздың ұлттық тәрбиесі негізінен жүйелі болған. Өйткені тәрбиеге әке-шеше, отбасынан бастап, ағайын-туыс, көрші-қоланың бәрі қамқорлық жасаған.
Сол себепті ұлтымыз: «Балаң өзіңе тартса – жұбан, қоғамға тартса – қуан» деп бекер айтпаған. «Кәріге құрмет – үлкенге міндет» демекші, үлкендерді, қарттарды, ақсақалдарды сыйлау, тәрбиеміздің ең басты ерекшелігі деп санауға болады. Себебі, халқымыздың тарихына үңілсек, ұлттық танымды қалыптастырушы ата-анаға деген көзқарас пен құрмет ерекше болған. Яғни, халқымыздың ұрпақ тәрбиелеу үрдісі, отбасындағы қарым-қатынас үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету тәрізді ұлттық дәстүрлерді әрқашан сақталған және оның ұрпақ тәрбиелеудегі маңызы айрықша, халықтық мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық пен әділдік сияқты қошеметтеріміз ұлттық дәстүр ретінде қалыптасқан. Бұған дәлел «Үлкенді ұлықтап өскен ел ойсырамайды», «Атасыз үй – бассыз, анасыз үй – панасыз» деген ұлағатты сөздеріміз бекер айтылмаған болуы керек
Қорыта келе, отбасының басты қазығы, алтын тіреуі, діңгегі – бала, ал баланы тәрбиелеу отбасынан басталады .Ендеше, егеменді ел болып, еліміздің көсегесін көгертетігін, қазақ ғылымын дамытып, дүниежүзілік аренаға көтере білетін терең білімді жігіттер мен қыздарды тәрбиелей білгеніміз жөн.
Пайдаланған әдебиеттер.
1.Ұ., Нұсқабайұлы Ж. Әдеп: инабаттылық дәрістері. – Алматы: Рауан, 1998. ж
2.Асылбеков А. Бала тәрбесіндегі семьяның рөлі. – Алматы: Мектеп, 1986. ж
3.Ахметова З. Шуақты күндер: Естелік, эссе. – Алматы: Жалын, 1987..
5.Қоянбаев Ж. Балаларды семьяда тәрбиелеу. – Алматы: Білім, 1997
Жаңа мектепке – жаңа мұғалім
Кеншімбаева Нағипа- №54 мектептің мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылы
Кез келген маман иесінің құзырлығына баға берерде «Мұғалім кім болған екен» деп жатамыз. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген халық даналығында да осы бір қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар ерекше орнын аңғару қиын емес.
Кешегі болған бөбектен Адам деген жаратылысты трбиелеп шығудан абыройлы іс жоқ шығар. Бұл ойымызға ұлы жазушы С.Мұқановтың:
Мұғалім! Бұл адамның ардақты аты
Білімділік бір биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады сол адамнан
Сүйеді сондықтан да жақын, жаты
Деген өлең жолдары дәлел бола алады.
Тәуелсіз еліміздің мемлекеттігін нығайту өлшеусіз үлес қосып жүрген, республикамыздың білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың табыстары мен жетістіктері үшін өздерінің кәсіби шеберлігін, патриоттық пен имандылығын арнаған мұғалімдер қауымының бүгінгі педагогикалық оқулары тарландарды танытатын, болашаққа бағдар беретін игілікті іс-шара, көптен күткен бас қосу.
Білім қызметкерлерінің I-құрылтайында елбасымыз Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер –бүгінгі мектеп оқушылыарын мұғалімдер қалай тәрбиелесе, Қазақыстан сол деңгейде болады»-деген еді. Ия, бұл сөздерде қарапайым мектеп мұғалімдеріне бүтін бір елдің болашағына жол салар, жас ұрпағын нұрлы аспанға көз тіктіріп, ұлы армандарға қанаттандырар құдірет иесіне деген үлкен сенім, жауапкершілік жатыр.
Әр адамның өзінің алғашқы ұстазының бейнесі әрқашан көз алдында, жүрегінде сақталады. Оларға ілтипатпен бас ие отырып, бүгінгі, өркениетке бет бұрған еліміздің мұғалімінің бейнесі жайлы сыр қозғағым келеді.
Сөз басын мұғалімнің жеке бас мәдениеті, адам тұлғасы, парасаттылығы мен азаматтық биіктігінен бастауды жөн деп есептеймін. Өйткені мұғалімнің адамгершілік бет-бейнйсі-оның мәртебесін анықтайтын өлшемдердің бірі. «Жақсы мұғалім алдымен жақсы адам»-деп айтатындығымызда осыдан ары таза, байсалды да төзімді, кешірімді, әділетті мұғалім әрқашан басқадан айрықша тұрады. Ал әсемдікті, әдемілікті бағалай білетін ұстаз алдынан өткен ұрпақтың қиянатқа, жаман іске бармасы аян.
Мұғалімдік мамандықты биікке көтеретін екінші күш-оның кәсіби құзырлығында
Білім сапасы- мұғалімдер қызметінің сапасы. Оқушыларға нені үйрету керекекенін мемлекеттік стасндарттар, бағдарламалар белгілейді. Ал, «қалай оқыту керек?» деген сауалға жауапты тек мұғалімнің кәсіби даярлығынан, өз ісін жоспарлай, өзінің нақты мақсаттарын болжап, көре алуын, баланың әрекетін ұйымдастыра білетін шеберлігінен іздеу керек.
Қазақтың XX ғасырдың белгілі ағартушысы Ж.Аймауытов «Қазіргі қазақ мектебіне қажеттісі –тек білім беруші мұғалім ғана емес,....баланы өмір сүруге үйретуші ұстаз!»-деген еді. Бұл сөздердің бүгінгі күні де мәні өте жоғары. XXI ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры болады деп күтілуде. Сондықтан бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер бнріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, еңбек етуге дайындайды. Бұл істе нәтижеге қол жеткізу мұғалімнің өзінің жан-жақты білімдарлығымен, тұтас дүниетанымының болуымен, ой-өрісінің кеңдігімен тікелей байланысты. Өз пәнінің шеңберінде қалып қойған мұғалім балаға білім, тәрбие берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны анық. «Сабақ беру- үйреншікті, жай шеберлік емес, ол-үнемі жаңаны табатын өнер»-деген Ж.Аймауытовтың тағы бір сөзін келтіре отырып, қазіргі мұғалім бейнесін бедерлей түсетін ұстаз шығармашылығына тоқталғым келеді. Әр оқушының бойындағы бар шығармашылық көздерін ашу, жаңалық деген ұмтылыстарына дем беріп отыру арқылы біз өзіміздің қоғамдағы негізгі миссиямыз-адамзат баласын жаңа сапаға көтерудітабысты шеше аламыз.
Мұғалім кәсіби шығармашылық деңгейге өзінің жаңашылдығы, өз ісіне сергек қарауы, өзін-өзі өзгерте, іске қоса алуы арқылы қол жеткізеді. Әсіресе оқытудың жаңа технологияларын меңгеру, оны күнделікті әрекетте қолдану жаңашылдыққа жақындатары сөзсіз. Технология қолданылған сабақ ескі мен жаңаның арасындағы байланыс негізінде құрылады. Өйткені жаңа білім ешқайдан келмейді, оның қандай да болмасын біл белгісі өткен білімнен туындайды. Мұндай сабақтарды мұғалім оқушының шығармашылық қабілеттерін жетілдіре отырып, өзінің де ішкі күш-қуатын дамытуға мүмкіндік алады.
Мұғалімдік мамандық-адамтану, адамның күрделі де қызықты, шытырманы мол рухани жан дүниесіне үңілу, баланы түсіну. Мұнсыз дамыта оқыту мүмкін емес. Бұдан бүгінгі мұғалімді айшықтайтын тағы бір сапа –оның психологиялық білімінің тереңдігі мәселесі туындайды.
Баланы түсіну дегеніміз –олардың позициясында болу, сезімдерін бағалап, әрекетін, ісін елеулі түрде қабылдау, ілтипат көрсету. Баланың көңіл құбылысын, жүрек тебіренісін, сезімі мен талпынысын түсінген мұғалім баянды тәрбиеге ие болып, білімді жетістікке қол жеткізеді. Оқытудың оқушылардың ішкі күштері мен потенциалдық мүмкіндіктерін жандандыратындай, олардың дамуын жеделдететіндей етіп ұйымдастыру үшін де психологиялық білім қажет. Осы орайда соңғы уақыттары мектеп психологы, әлеуметтік психолог мамандарының қайта қызмет жасай бастауы көп мәселені шешеді деп ойлаймын. Дегенмен әрбір мұғалімнің, әр деңгейдегі басшылардың психология ғылымының теориясына қайта ден қойып, жантануға байланысты жаңадан шығып жатқан еңбектерді оқып үйренуі тиіс деп есептеймін.
Мұғалім кәсіби педагогикалық шығармашылық деңгейге өзінің ішкі ой белсенділігі мен ізденуі арқылы жететіні белгілі. Білім беру саласындағы инновациялық үрдістердің күрделілігі мен қайшылықтары жаңа құбылыстармен әрекеттесу және жалпы орта білімді ізгілендірудің сапалы кезеңіне қатысуы үшін мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Педагогикалық процестің субьектісі ретінде ол мектептегі барлық өзгерістердің негізгі кейіпкері. Бұл одан тұрақты ізденісті, ғылымның жетістігін тәжірибнде тиімді пайдалануды қажететеді. Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттегі танымдық үрдістердің дамуы, педагогикалық –психологиялық, әдістемелік әдебиеттерді талдап, зерттеп отыру –ғылымға бағытталудың негізгі факторы. Ғылыммен айналысуды міндетті түрде диссертация қорғау деп түсінбей, өз педагогикалық –психологиялық білімін тереңдету, оқытудың жаңа теориялары негізінде өз тәжірибесін қайта қарау, оған өзгерістер енгізу деп ұққан дұрыс.
Педагогтардың жеке тұлғасын дамытып, бейнесін сомдауға үздіксіз білімнің алар орны ерекше. Ғылым жетістіктеріне негізделген, тәжірибемен толықтырылған мұғалімдердің нақты талап-мүдделеріне жауап беретін, жаңаша ұйымдастырылған әртүрлі деңгейдегі әдістемелік жұмыстар мұғалімдерді кәсіби дамуға, жаңаша ойлауға, өзін- өзі іске қосып, еңбегінен қанағат табуға ынталандырады.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу- қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым –қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланыста жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамассыз етуі тиіс. Орта мектептен –ақ баланың өзіндік бағдарын айқындауына, 11-12-сыныптарда қабілетіне қарай болашақ мамандығына бағыт алатынына жағдай туғызуды көздейтін 12 жылдық білім беру жүйесін еліміздің өркендеуіне еркін атсалысуды көздейтін жастарды тәрбиелеп, ақылына білімі сай тұлға етіп өсіруді көздейді. Жастардың ақыл-ой әлеуметін барынша дамыту үшін білім беру жүйесін тиімді құра білген ұлттың еңсесі биік, абыройы жоғары болмақ. Сондықтан да бүгінгі күннің негізгі міндеті –білім беру жүйесін дамыту парадигмасының «баошаға білім беру-таңдау бойынша білім беруге» ауысу болып табылады. Ол Қазақыстан Республикасы жариялаған білім беру басымдылығында, «Жалпыға білім беру» моделінің «әр адамға білім беру» моделіне көшуге негізделген.
Білім берудің қай түрі болмасын –тәрбие. Бүгінгі күгі білім мен тәрбиенің біртұтастығын сақтауда әлі де нақты шешім табылмай, негізгі жолдары айқындалмай отырған жағдайлардың орын алып отырғанын ескеруіміз керек. Тәрбие саласындағы қордаланған мәселелердің қатарында өскелең ұрпақ тәрбиесіне тигізер қоғам мен мектеп байланысының ықпалы-ерекше ден қояр мәселелердің бірі.
Әдетте жиі қолданып жүретін «қоғам мен мектеп» байланысы деген сөз тіркестерінің астарында- отбасы, баланың денсаулығы мен әлеуметтік ахуалы, оның өз өмірінде басшылыққа алатын адамгершілік құндылықтары жатыр. Осы орайда 12 жылдық мектеп қабырғасындағы тәрбие мәселесін дұрыс жолға қоямыз десек мектеп өміріне қоғам ықпалының арта түсуіне ұмтылуымыз керек. Өйткені біздің қарқынды даму үстіндегі қоғамға адамның барлық өмір сүру ортасын тұтас қамтитын, олардың іс-әрекетін үйлестіруге тікелей ықпалы бар, тәрбие мен білімнің әлемдік және тарихи тәжірибелеріне негізделген біртұтас жүйе қажет.
Сондықтан да 12 жылдық білім беру жүйесін педагог ғалымға осы мәселені жан-жақты қарастыратын, зерттейтін маңызды міндеттер мен үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқу тәрбие процесін жаңартумен қатар, оны жүзеге асыратын әрбір педагогтың көз қарасын, оқушымен қарым- қатынасын түбегейлі өзгерту, әр баланың жеке және жас ерекшелігіне қарай дербес дамуын қамтамассыз ету, оларға білімнің өз мүддесін үшін қажеттігін сезіндіру, құзырлылығын айқындау- бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі.
Мұғалім кәсібінің мән –мағынасы елеулі өзгерген шақта, жаңа тұрпатты педагог пеагогикалық прцестің бір ізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқыту модулін жобалай білуі шарт. Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің зертттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден, оқушы мен ата-анамен тығыз ынтымақтастықта тұрады.
Ахмет байтұрсынов ағамыз кезінде «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» деген ғой. Ол үшін әрбір педагог әрбір баланың ойынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс. Өйткені қазіргі менктеп жасындағы балалар қай сыныпта оқыса да, қай жаста болса да өзінің кім болатынын, қандай адам болатынын армандайтын және өмірден өз орнын табуды басты максат деп санайды, сондай- ақ өзінің айналасына дұрыс бағдар беретін ақыл- кеңес күтеді
Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үдесінен шыға алады.
Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қлыптастыра алады.
Егер өткен уақыттардағыдай мұғалім әдістемелік кеңестерді, нұсқауларды тек тыңдау арқылы ғана қабылдайтын болса, дайын үлгілерге, сабақ жоспарларына, әдістемелік құралдарға тәуелді болудан басқа жол жоқ. Ал проблемаға өзі «жақын барып», «қолымен ұстап көріп», санасына саралауды меңгерсе, оған үйреншікті жағдайдан ауытқу жаңаша жол іздеу, шешім қабылдау қиынға түсе қоймайды. «Біз біреудің ақылымен ақылды болмаймыз»,- деген белгілі ойшылдың сөзін жандандырар болсақ, орайын тауып ойлындыруға үйрету, мұғалімнің жандүниесін, ішкі құрылымдарын жаңа деңгейге көтеріп, келбетін кескіндейтіндігінде дау жоқ. Талантын тыңдауға, шығармашылығын шындауға үйренген ұстаздың қоғамға берері де мол болмақ.
Білім,тәрбие жолы ұзақ жол. Мұғалімнің қателігі қоғам үшін өте қауіпті, ал,керісінше, оның нәтижелі еңбегі бүкіл ұлттың, Отанымыздың, өркениеттің тағдыры, оның ізгілікті істері ұзақ жылдар жемісін берері сөзсіз.
XXIғ.-бәсеке ғасыры, олай болса, кемелденген азаматтарды тәрбиелеудегі біліміміз бен білігімізді, қажыр –қайратымызды «Ұстаз» деген атқа лайықты қызмет ете берейік.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.12 жылдық білім журналы №5 2005ж
2.Бастауыш мектеп 2007ж
3.ХХІ ғасырдағы Республикалық педогогикалық оқулардың озық тәжірбиелер
Ойын технологиясын тиімді пайдалану
Кембілбекова Гүлзина - №55С.Қожанов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Орыс педагогы К.Д.Ушинский айтқандай,қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп , ескі бір сарындардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті сабақта пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды,тиімді болары сөзсіз.Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі- оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
Педагогикалық технология-мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету.
Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе- білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы-мектеп,ал мектептің жаны-мұғалімдердің басты міндеті-өз ұлтының тарихын, мәдениетәәін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу. «Сабақ беру-үйреншікті жай шеберлік емес, ол-үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытов.
Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі- тіл байлығы, өз ойын нақты ,терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей білетін, Абайша сөйлегенде сөзі жүрекке жылы тиетін, сөз құдіретін игерген адамдарда да тұлғалық қасиет болады. Рухани адамгершілікке тәрбиелеудің басты мақсаты оқушылардың белсенді өмірлік жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады. К.Д.Ушинский айтқандай , «Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші ,адал, әділетті шыншыл адам болуы керек» Олай болса, әр мұғалім сабаққа қойған үш мақсатының үшеуіне жетіп, білім мен тәрбиені ұштастыруымыз керек.
Сондықтан да оғушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелейді.Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге сай оқытудың сапасын арттыру мәселесі жаңа оқыту технологияларын өз дәрежесіне сай қолдануға да тікелей байланысты. Мұны Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасындағы мынадай жолдар «...білім беруді дамыту үшін оқытудың озық жүйелері мен технологияларын әзірлеу мен енгізу» талап етіп отыр. «Адам ұрпағымен мың жасайды»-дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні- қараң,келешегі-тұман»,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мұғалімдердің алдында тұрған басты міндет-оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі-жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақты ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн.Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісссін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдалану тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.Ұстаздардың алдындағы міндет- жеке тұлғаның дамуына жағдай жасап, шәкірттерді жан-жақты даярланған азамат етіп шығару. Өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке , мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, мемлекеттік тілді сауатты меңгеруге қалыптастыру. Жалпы білім аймағында тілдерді оқыту ең басты орын алады. Олоқушының қарым-қатынастық мәдениетін қалыптастырады, танымдық, инабаттылық, эстетикалық мәдениетін дамытады.Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде оқыту үрдісін технологияландыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Технология мен әдіс –тәсілдің ара-жігін ажырату да қарапайым мұғалім үшін кейде қиын болып жатады.
Бүгінгі күннің талабы- сабақтың сапасын арттыра отырып , сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу. Осы мақсатта қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері сабақ өту әдістерін толықтырып, әр уақытта ізденісте болады. Қазіргі уақыт талабына сай мен де өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынып отырамын.Қазіргі кезде жалпы орта білім берудің мақсаты мен міндеттері, іс мазмұны едәуір өзгерістерге ұшырап, жаңаша мәнгше ие болады.
Сабақ-мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқу-оқушылардың пәнге қызығушылығын жояды. Сондықтан сабақты ыңғайына қарай түрлендіріп өтсе, сабақтың мазмұнын аша түседі.Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырудың бір жолы сабақты жаңа тәсілмен өткізу болып табылады.Қазақ тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ойлау қабілетін дамытып,білім танымын кеңейтеді.
Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне қызығушылығына, еркін шығармашылығына, өздігінен ізденушілігіне ойындардың тигізетін үлесі зор. Ең бастысы оқушының ой-ниеті мен сапасын ынталандырып, әр тарауды оқып аяқтаған соң, сабақтан тыс ойын сабақтар ұйымдастырудың маңызы зор. Әсіресе,ойын сабақтарды пысықтау сабақтарында қолдану тиімді. Сабаққа дайындық барысында оқушылар әр түрлі газет-журналдарды, көмекші құралдар мен анықтама кітаптарды пайдаланады, яғни бір сөзбен айтқанда оқушылардың өз бетінше шығармашылық ізденіспен жұмыс жасау қабілетін арттырады. Ең бастысыойындар оқушылардың көңілін өз бетінше ізденушілікке аударып, қабілетін арттырады. Ойынның әлеуметтік бейнесін зерттеуші белгілі психолог Д.Б.Элькониннің сөзімен айтсақ: «Ойын –ол адамдардың арасындағы әлеуметтік арақатынас, практикалық білімдері мен қызметі».Ойын –бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін ойын-өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді,олардың іс-әрекеттерін,қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады. Ойын оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысы технологиясы ретінде қолдануға болады. Сонымен қатар, қазақ тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны қолданудың маңызы өте зор.
Жаңа технология жүйесінде проблемалық, іскерлік ойын арқылы оқытудың маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Оөушылардың ойын кезіндегі белсенділігі көбінесе жарыс нәтижесін дұрыс есепке алуға байланысты. Оқушылар ойындағы өзжетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс.
Педагогикалық ғылым тарихына көз салсақ, балалар ойынына қатысты мәселелерге соқпай кеткен ағартушы, педагог болмаған екен. Тұлғалы, кезіндегі прогрессивті ұлы педагогтар Я.А.Коменский,Ж.Ж.Руссо,И.Г.Песталоцций халықтық ойынға назар аударып, қолданып, халықтық ойындардың теориялық негізін жасауға талпынған. Ойынның балалардың денін сауықтыратынын, ақыл-ойын белсенді ететін және барлық ағзаларын икемді қозғалуға баулитын мәнін Я.А.Коменский дәріптеген. Ж.Ж.Руссо пікірінше білім алу ойынның балалар өмірінде кезектесіп, алмасып отыруы бір-бірімен сабақтаса байланысуы бала дамуындағы қажетті шарт болады.
Қорыта келгенде, ойын балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп-өркендей алмайды. Бұл-өмірдің заңдылығы. Қазіргі Қазақстан мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке-дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» Жолдау.
2.Қазақстан Республикасының Білім Заңы.
3.Ж.З.Әділбекова «Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды белсенді енгізу»
4.Г.Б.Уразаева «Білім берудегі жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану»
5.Білімдегі жаңалықтар. 2007ж.№4.26-28б.
6.Т.Әбдікәрімова, Т.Әбдіғалиева,К.Шаймерденова
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» Алматы. 1999ж.
7.С.К.Мұхамбетова. «Педагогика» . Ақтөбе 2002ж.
.
.Баланы тәрбиелеудің басты қағидалары
Қасымбекова Қалима-№164 орта мектебінің бастауыш пән мұғалімі, Қызылорда облысы ,Жаңақорған ауданы, Құттықожа ауылы
Жаратылысынан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол халықтың бірі - қазақ. Бала тәрбиесіне деген немқұрайлық оның табиғатына мүлдем жат. Өйткені, қазақтың ел алдындағы абырой беделі, қадір-қасиеті тек жеке басының жақсылығы немесе дәулетімен ғана емес, бауырынан өрген ұрпақтарының салауаттылығы, жарақтылығымен де өлшенген.
Ата-бабаларымыздың сондай-ақ тектілік деген киелі ұғымды ежелден қастерлеп, оны атадан балаға мирас қып қалдыруында да терең сыр жатқандай. Туа бітті тектілігін, табиғи қадір-қасиетін сақтап қалу үшін олар мүмкіндігінше тәрбиелі отбасылармен құдалы-жекжат болуға ұмтылған. Тарих қойнауына үңіліп, ұлттық тәрбие сырларына тоқталып отырғанымыз да тегін емес. Өркениетті ел қатарына қосыламыз, келешекте көш бастайтындай көшелі ұрпақ өсіреміз дейтін болсақ, ұлттық тәрбие сырларын, тағылымдарын еш уақытша да естен шығармауымыз керек. Шығыстың ғұламасы
әл-Фараби: "Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін" - деген. Адам өмірге бәрі бірдей болып келеді, бірақ та өсе бара олардың тағдыры әртүрлі болып қалыптасады. Адамның құдіреті санасында, сондықтанда әрбір адам саналы өмір сүрсе және бәрін ақылға салып, ойлап істесе, оның алдына қойған мақсатына да, байлыққа да, бақытқа да қол жеткізуіне болады. Адамзат баласының осы кезге дейін құрған қоғамы, жасаған рухани және материалдық байлығы, осының бәрі сананың жемісі. Ендеше біз адамды адамгершілік әдетке баулығанда оның санасына салмақ салуымыз керек. Сана арқылы адамның дүниетанымы, өмірге көзқарасы, рухани мәдениеті қалыптасады. Адамның ғұмыры жан мен тәнге негізделген. Яғни адам жан мен тәннен тұрады. Жан жайбарақат болуы үшін тәннің жайбарақат болуы шарт. Олай болса, адам бақытты болу үшін жаны мен тәнін қоса тәрбиелеуі керек. Яғни салауаттылық өмір қағидасын ұстануға тиіс. Бұл орайда бабаларымыз: "Тәні саудың - жаны сау" - деп, салауаттылық өмірді игерудің жолын көрсетіп берген. Баланың жастайынан дені сау азамат болуын аңсаған халқымыз келіндерге жаңа туған нәрестені қалай күту жөнінде ақыл-кеңес берген, сәбиді тұзды сумен шомылдырып, денесін маймен сылаған, қол-аяғын созып, "өс-өс" - деп буындарын бекіткен. Дене сұлулығына, әсіресе, қыз баланың көрікті болуына ерекше көңіл бөлген "Аттың көркі - жал, қыздың көркі - шаш" деп ұққан.
"Денсаулық - зор байлық" деп қазақ халқы дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның құралы. Құралы мықты болса, иесі де мықты. "Сау жан сау денеде ғана болады" деген мәтел ескіден қалған. Адам бақытты өмір сүру үшін ең әуелі рухани саулығына көңіл бөлуі тиіс. Рухани саулыққа көңіл қойылған жағдайда адам елмен сыйласымды, ойлау қабілеті жоғары, шама-шарқын білетін, ақылмен іс істейтін, өте сезімтал, ұстамды да байсалды, қоғамдағы өз орнын білетін, жауапкершілігіне ұқыптылықпен қарайтын, адамдармен тез тіл табыса алатын, табиғатты сүйетін, қоршаған ортадан хабардар, бақыт дегеннің не екенін түсінетін жан болады. Ал, рухани саулығы жоқ адам аталған барлық қасиеттен жұрдай болмақ. Қазіргі кезеңде қазақ халқының өмірінде бұрын-соңды болмаған оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар саны күннен күнге артуда. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді.
Бұл мәселені тудыратын себептердің бірі - отбасы тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілікті туғызады. Ал, тарихқа көз жүгіртетін болсақ, кең байтақ өлкемізде буыннан-буынға жалғасып ұяттылық, әдептілік, көргенділік, мейірімділік салтанат құрып үйлесімін тауып жатты. Міне, сол қымбат қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаяды.
Екінші себеп - бұл отбасындағы маскүнемдік, ұрыс-керіс, ата-аналарының және басқа жанұя мүшелерінің жеңілтек мінез-құлқы, ал бәрінен жаманы ажырасу яғни неке бұзу. Балалар тәрбиесінде ата-аналардың мінез-құлқы шешуші рөл атқарады. "Сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңз... Сіздің жеке мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе... Ата-аналардың өздеріне талап қоюы, олардың өз үйелменін қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы - тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі" деген болатын А.С.Макаренко.
Ал, ұлы ата-бабаларымыз "Ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің іргетасы", "Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі" деп түсіндіреді. Сондықтан балаға өмірінің алғашқы жылдарында адамгершілік сезімдерін егудің орны бөлек. Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан, жиі қояншық ұстамадан азап шегеді. Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң келеді.
Үшінші себеп - ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін , тілектерін, ойларын, қайғысын, қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді. Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдығы, кішіпейілдігі, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек.
Ұрпақ тағдыры дегеніміз - ұлт тағдыры. Әрбір ұлттың болашағы, оның білімді де іскер, талантты да мәдениетті, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтарының қолында.
Халықтық педагогика құндылықтарына үңіле отырып жастарды салауаттылыққа тәрбиелеуде оның озық үлгілерін оқу-тәрбие барысында кеңінен пайдалануымыз керек.
Қазақ халқы өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихында өмірінің жалғасы, мұрагер балаға тәрбие берудің өзіндік әдеп-ғұрпын жинақтады. Оларға бұқаралық жасампаз тәжірибесі, рухани бай орнықты қазыналары, санқилы қағидалар топтастырылды.
Халықтың әлеуметтік-экономикалық, тарихи-географиялық жағдайлары мен көшпелі өмір салтының өзіндік ерекшелігіне сәйкес балаға жан-жақты тәрбие берудің өзгеге ұқсай бермейтін өзіне тән ерекше талаптары қалыптасты.
Бала тәрбиесі көшпелі малшы отбасының күнделікті тұрмыс тіршілігімен тығыз байланыста болды. Содан да олар баланы жұбатса да, жақсы көрсе де, оның жақсы қасиеттерін бағалағысы келсе де өз тіршілігінің негізі болған малдың ерекше жақсы қасиеттеріне, сұлу тұлғасы мен әсем бейнесіне теңеп "қошақаным, құлыным, ботам, қозым" деп еркелетті.
"Қанағат қарын тойғызар" деп қанағатшылдыққа, үнемшілдікке пайымдаса, "бұлақ көзін аш" деп табиғатқа деген аяушылықты үйретті, бес уақыт намаз арқылы гигиеналық тазалыққа баулыса, қырық парыздың бірі - ілім деп енерге, ілімге үйретті.
Әрбір адам ол қандай мамандық иесі, қандай дәрежедегі қызметкер болмасын, ең алдымен, шаңырағы аясында ұл-қыз өсіріп, мәпелеп, солардың жемісін- күтуші ата-ана. Оның қоғам алдындағы қайраткерлік тұлғасы, адамдық-азаматтық болмысы, тіпті өмірінің бар мәні мен сәні бірінші кезекте перзенттерін қалай тәрбиелеп жетілдірумен өлшенбек. Бұл әрбір ата-ананың ең жауапты, ең сындарлы қоғамдық қызметі деп түсінеміз. Ата-ана балаға тәрбие берумен бірге өзі де тәрбиелі болуға тиіс.
Адам тәрбиесі - үдемелі қозғалыспен жүріп отыратын мәңгілік үрдіс.
Қазақтың тәлім-тәрбиесі - теңдесі жоқ даналық, қасиетті мектеп десек, артық емес.
Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттердің сіңісуі, өнер білімді игеруі тәрбиеге, салауатты өмірге, өскен ортаға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз - "Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы", "Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қуар" деп ұлағатты ұстаздың еңбегінің текке кетпейтінін өсиет еткен.
Жас ұрпақ тәрбиесінде үйлесімділік заңы салтанат құруы шарт, яғни ол өзінің өсу есею кезінде ақ сүт беріп асыраған ата-анасымен де, көкірек көзін ашқан ұстаздарымен де, қоршаған ортасы - табиғатпен де өзара үйлесім таба білуі тиіс. Әдетте, нәресте дүниеге келерде жақсы не жаман болып келмейді. Және де ол мүмкін емес. Жат қылық өсе келе жабысады. Ата-аналардың да, ұстаздардың да, қоғамдық ұйымдардың да басты міндеті - жас өскіндердің мөлдір шықтай таза, періштедей пәк жан дүниесін келеңсіз қылықтардан қызғыштай қорғай білуі дер едік. Көсегемізді көркейтіп, көрпемізді ұлғайтар, ел абыройын асқақтатар азаматтарымыз да өзіміз шыңдап жатқан бүгінгі балғындар. Салауатты өмір салтын орнықтырудың қазіргі таңда еркеше мән-мағынаға, зор мәртебеге ие болып отырғаны да осыдан. Адам баласын еңбекке, кәсіпке үйрету және оның еңбегін өнімді, жемісті ету адамзат қоғамы тарихымен бірге жасасып келе жатқан тәрбиенің нысанасы. Бүгінгі адамзат ие болып, мақтаныш тұтып отырған нәрсесінің бәрін ғасырдан-ғасырға ұласып, бірін-бірі ауыстырып келе жатқан ұрпақтар жасаған. Бұл орайда қоғам дамуының әрбір кезеңіндегі тиімді тәжірибеден үйреніп, оны дамыта беру керек.
Жаңа технологияны енгізу - білім сапасының кепілі
Құрбанбекова Эльмира Жұмабекқызы -№55 С. Қожанов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана. Қай ел болсын өсіп-өркендеуі, әлемде өзіндік лайық орын алуы сол мемлекеттің білім сапасына байланысты екенін Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты халыққа жолдауында білімнің сапасын арттыру туралы ерекше айтылуы да сондықтан. Соған байланысты оқу-тәрбие үрдісін жақсартып, оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен қолдана отырып, білімді терең игерудің жолдарын әр пәннің ғылыми негіздерін меңгерту мәселелерін оқушының ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін дамыту сияқты ұтымды түрлеріне сенгеніміз жөн. Сонымен қатар оқытылатын пәнге нақты да жүйелі жасалынған бағдарлама, кәсіби сапасы жоғары маман, сапалы мазмұндағы оқулық керек. Білім сапасын көтеретін оқыту технологияларымен және жаңашыл, ізденімпаз мұғалімдермен толықтырып, насихаттап отырған жөн секілді.
Мектептерде жаңа технологиялық оқытудың тиімді жолдарын іздестіру жалғасуда. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, сабақта пікір таластырып, өз ойларын ортаға емін –еркін сала отырып, ашық айтуының да маңызы зор. Оқушылармен шығармашылық бағытта жұмыс жасаудың ұтымды жағы:
Бала оқулық көлемінен шығып ойланады.
Ойлағаны мен оқығанын саралап, салыстыра біледі.
Көпшілік алдында шығармашылық жұмысын қорғап, пікір айта біледі.
Оқуға, білімге, ғылымға қызығушылығы артып, одан әрі дами береді.
Жаңаша педагогикалық технология- ғылым жетістігі. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Жаңа технологияны күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагог мақсат-мүддесін өз шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруды, мұғалім белсенділігін, шығармашылық ізденісін, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін әділ бағалауы ерекше орын алады.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы әр сабақта баланың танымдылық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, сабақты қызықты, жеңіл өтетіндігіне, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігіне, бірін-бірі тыңдауға әдеттенетін жақтары тиімді. Сабақта ДЖИГСО -1,2, эссе жазу, бес жолды өлең, болжау, идеялар жинау т.б. стратегияларын сабақта пайдаланудың тиімділігі көп деп ойлаймын.
Жалпы оқытудың мақсаты – бір ғана міндетті нәтижеге жету емес, ол әрбір оқушының іскерлігі мен мүмкіндігі дамытуға жағдай жасау. Оқуғңа қызықтырудың басты мақсаты нәтижеге жетуге ынталандыру.
Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімді болуына негізгі пәндерді игеріп, сапалы білім алып, сауатты да қабілетті азамат болып шығуына ұстаздар жауапты. Олай болса мұғалім үздіксіз білім жетілдіріп, ізденіспен жұмыс жасауы қажет. Қазіргі кезде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану адам қоғамының барлық саласына еркін кіріп, кең қолданыс табуда. Әр мұғалім өз пәнінде ақпараттандыру технологиясын пайдалануы: Мультимедия, электронды оқулықтармен жұмыс істеу, керекті ақпараттарды интернеттен шығарып алып пайдалануды іс жүзінде үйренуі керек. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде «Жаңа ғасыр – адамгершілік ғасыры, ал адамгершілік бастауы – мектеп. Ауыл баласының білімі мен тәрбиесі жаһандану аясында ұлтты рухани мәңгүрттіктен сақтандыру ұлттық тәрбие мен білімнің қайнар бұлағы» - деген еді. Ал, әлемдік өркениетке жету, мектепті компьютерлендіру, интернет желісіне енгізу және қолданудан көрінбек. Жаңа технологияларды қолдануда мұғалімнің нәтижесі не болмақ?
Мұғалім нәтижесі.
Жеке шығармашылық оқушылардың білім ғылыми
ізденісі сапасының көрсеткіштік зерттеу жұмыстары
деңгейі
Осы нәтижелерге жету үшін мұғалім мынадай бағыттарды өз назарында ұстауы тиіс.
Мұғалімнің білімін ұдайы жетілдіріп отыруы.
Оқушысының білімі мен қабілетіне сеніммен қарауы
Оқушыны ақпарат- жаңалықпен қамтамасыз етуге тырысуы.
Ата-анамен жағымды қарым-қатынас орнатуы.
Баланың жеке ерекшелігіне баса көңіл бөлуі.
Оқушысының бағдарын дәл анықтап, дұрыс бағыт беруі.
Жеке тұлғаның білім алуға деген қызығушылығын ояту, оның шығармашылық қабілетін ояту екендігін білуі.
Әр оқушының өзіндік іс-әрекетіне, ісіне қарай бағалай білуі, жақсы көре білуі болып табылады.
ХІ ғасыр Тәуелсіз еліміздің Дүниежүзілік өркениетке өрлеу ғасыры. Мектепті дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер қажет. Сондықтан жаңаша көзқарас қажеттілігі өмір талабы. Жаңа технология әдістері азаматтарды жан-жақты білімді етіп шаығару үшін өте қолайлы әдіс деп ойлаймын және тәжірибеде қолданамын. Жаңа педагогикалық технологияны пайдалану мұғалімді де үнемі ізденіске, шығармашылықпен еңбек етуге жетелейді. Іздену арқылы басты мәселелерді жете біліп зерттеу, жинақтау, оны насихаттау, іске асыру, оқу және тәрбие жұмысын одан әрі жақсарта берудің сарқылмас көзі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Білім технологиялары. 2010 жыл
Дауыс пен көрініс журналы №4 2006 жыл
Дамыта оқыту технологиялары. Тұрғынбаева Алматы. 2000 жыл
Бастауыш мектеп. 2008 жыл
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан
Білім мазмұнын арттырудағы ақпарат технологиялардың тәжірибедегі тиімділігі
Күнтөреева Макира-№54 мектептің мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылы
«ХХ1 ғасырда білімді дамыта алмаған мемлекет оқырауға ұшырайтыны сөзсіз... Барлық нәрсе мектептен басталады. Сондықтан 2008жылдан бастап, біз 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшіп, мұғалімдердің кәсіби деңгейін, оқулықтар мен оқыту бағдарламаларының сапасынкөтеруіміз қажет.Н.Ә. НАЗАРБАЕВ.
Ақпараттандыру жүйесінде оқыту- прогресшіл саясат жүргізу. «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық – деген Қазақстан Республикасы Призиденті Н.Ә. Назарбаевтың ұлықты сөзі-оны іске асырушы болашақ мамандарға бағдарламалық сілтеме.
Қазіргі Қазақстан мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін, тәжірибесін пайдалана отырып, баланың жеке дара күйінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа ақпараттық технологияларды
Іздестіруге және оларды қолдануға бағытталған.
Жаңа ақпараттық технология білім берудің стратегиясы мақсаттарына қызмет етеді, атап айтқанда, проблемаларды қызмет Етеді, атап, айтқанда, проблемаларды сараптай алатын, жүйелі байланысты құра білетін қайшылықтарды ашуға мейлінше жетілген, шешім қабылдауға, оны түрлі дамыта білуге қабілетті,ойлаушы шығармашылық түрде қалыптасқан жеке тұлғаның интеллектуалдық-психологиялық дамуын қамтамассыз ететін болуға тиіс.
Уақыттың өзіндей ұшқыр ақпараттар ағыны сәт сайын жаңаланып,толассыз тіршілікте күн сайын жаңа кітаптар мен баспасөз басылымдары жарық көріп жатыр.Бұған дейін шыққандары қаншама? Бұның бәрін кім,не үшін оқиды? Бұл үлкендер үшін тән құбылыс. Ал,өмір айдынына енді ғана шыққан,әлі оң-солын жете білмейтін,білмегенін білуге асығатын жас жеткіншекті білім нәрімен қалай сусындатуға болады? Бұл-болашағын ойлаған қоғамды,мұғалімді ойландыратын мәселе.
Қазақстан Республикасы Білім беру стандартына қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған әлеуметтік сұранысқа орай баланың тұлға ретінде қалыптасуына,ақыл-ойын дамытуға,интеллектуалдық және ерік пен сезім белсенділігін қалыптастыруға септігін тигізетін жаңа математикалық білім мазмұнын жасау және онымен үйлесімді оқытуды ұйымдастыру түрлерін анықтау қажеттілігі атап көрсетілген.
Алайда,ғылыми зеріттеулер және біздің тәжірибеміз көрсеткендей баланы тұлға ретінде қалыптастыру үшін,қазіргі дидактиканың көкейтесті мәселесі-мектеппәндерін соның ішінде математика мектеп курсын педагогика ғылымына сай әдістемелік жаңарту,білім беру жүйесін технологияландыру керек екендігін көрсетіп отыр.
Кез келген өндіріс саласы өз өнімін өндірер алдында «нені,қалай,кім үшін? деген сауалға жауап іздейді.Ол үшін өзінің бәсекелесіне,тұтынушыға жан-жақты зеріттеулер жүргізеді. Сонда ғана оның тауары өтімді бола алады.Математика пәнін оқытудағы тиімді жолды таңдап алу үшін эканомиканың осы қағидасын сүйгенді жөн көрдік.
Әрбір бала мектепке білім алуды мақсат етіп келетіні аян. Бірақ нарықтық қатынас жағдайында оқушының білім алуға деген ынтасының төмендеп кеткені бізді қатты алаңдатады. «Оқушының ынта-қызығушылығы,ұмтылысы неге төмен?» - деген сауал әрбір ұстаздың көкейінде тұратыны мәлім. Кәне кімде? Әлде ұстаз сабағын қызықты өткізе алмайды ма,әлде оқушы ынта қойып тыңдамайды ма? Қазіргі таңда мектепте математика пәнінен оқушының үлгерімі төмен.Неліктен пәннің өткізілуі деңгейі қандай? Сұрақ көп.
Ұстаздың алға қойған мақсаттарының бірі оқушы белсенділігін арттыру,олардың іс-әрекеттерін басқару арқылы іздестіру,олардың іс-әрекеттерін басқару арқылы іздестіру ой –таласын туғызу.
Оқушылардың қабылдау,түйсіну әрекеттерін дамытуда,қалыптастыруда математика,физика сабақтарының маңызы зор. Осы мақсатта өзімнің сабақтарымда «Сатылай комплексті талдау» технологиясын қолданамын.
Сатылай комплексті талдау дегеніміз- оқыту мақсаты,міндеттері,әдіс тәсілдері,өзіндік ерекшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай жүйелі,комплексті меңгертіп,оларға ұлттық құндылықтарда бағалай,қолдана білуге машықтандыратын оқыту.Бұл технологияның басты ерекшелігі-оқушы өз бетімен ізденіп,шығармашылықпен жұмыс жасайды,оның сабаққа деген ынтасы,қызығушылығы артады. Осы негізінде өткізілген сабағымды назарларыңызға ұсынып,тәжірибемді ортаға салғым келеді.
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық және геометриялық прогрессия
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Арифметикалық,геометриялық прогрессиялардың
қасиеттерін,ерекшеліктері мен ұқсастықтарын,
формулаларын сатылай, жүйелі, комплексті меңгерту.
Есептер шығаруда дұрыс қолдана алуға үйрету.
2. Дамытушылдық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, елестету
қабілеттерін, танымын дамыту
3. Тәрбиелік: Оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетінше
оқуға, ізденугетәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қорытындылау сабағы
Сабақтың әдісі: Сатылай комплексті талдау технологиясын,сұрақ-жауап ,
есептерді шығару, тест алуда деңгейлеп оқыту
технологиясын қолдану.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар,тест карточкалары, бағалау беттері
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Негізгі бөлім
2.Тану
2.1. 1,2 3 ......., n
Мысалы 2,5,8,....
2 - 1 =3-2 =…= n-1- n=d
2.2. ( n)- арифметикалық прогрессия
1- бірінші мүше
d-айырмасы
n-мүшелерінің саны
-n ші мүшесі
Sn-алғашқы n мүшесінің қосындысы
d1, d2, d3, …. dn
Мысалы 2,6,12......
d2: d1=d3: d2= …..=d n+1: d n= q
(bn)-геометриялық прогрессия
b1-бірінші мүше
q- еселік
n- мүшелерінің саны
bn- n ші мүшесі
Sn- алғашқы n мүшесінің қосындысы
2.3. Математикалық белгі Арифметикалық
Геометриялық прогрессия ÷
3.Қасиеті
Арифметикалық прогрессияның геометриялық
екінші мүшесінен бастап әрбір мүшесі көршілес мүшелерінің арифметикалық ортасына тең.
Мысалы :1, 5, 9, 13...
(1+9):2=5
Маңызды түйін
4.1. Рекурренттік формуласы
n+1= n+ d,n=N dn+1 =b n q, n=N
4.2.Қабылдай алатын мәтіндер
1 ^ d - сандар b# 0,q#0
d- айырымы q – еселігі
4.3. Жалпы мүшесінің формуласы
= 1+(n-1) d bn= b1 qn-1
Айырымын табу: Еселікті табу:
d= n+1- n q=
4.4. Алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы
S=
5.Түрге айыру
5.1. Арифметикалық прогрессия
D>0, өспелі
айырымы
d<0, кемімелі
5.2. Мүшелері тұрақты бір ғана сен болатын тізбек тұрақты геометриялық прогрессия деп аталады.
Мысалы: 4,4,4... тізбегі q= 1 болғанда тұрақты геометриялық прогрессия болады.
6.Түрлену
6.1. мүшесін табу
a1=3 b1=2
d = 4 q=2
a7-? b5 -?
a7 =a1+6d = 3+24=27 b5=b1 q4 = 2*24=2*16=32
6.2. Айырмасын табу 6.3. Еселігін табу
a1=6 b1=4
a2= 8 b2=12
d-? q-?
a2=a1+ d b2=b1q
d=а2-а1q=b2:b1=12:4=3
d=2 q=3
6.4. V мүшелерінің қосындысы есептеу
a1=10 b1=1
a2=12 q=2
S5-? S4-?
d= a2-a1=12-10=2 b4=b1q3=1 * 23=8
a5=a1+4d=10+8=18 S4=
S5=
Топ
Рет саны
Тапсырмалар
Жауаптар
Берілгені
Табу керек
А
В
С
А
1
2
3
а1= -3, a2 = 10
b1=3, q=2
a1=5, b=4
d
S5
a6
13
36
25
3
93
27
-13
30
30
Топ
Рет саны
Тапсырмалар
Жауаптар
Берілгені
Табу керек
А
В
С
B
1
2
3
а1= -3, d = 10
b1=7, q=4
a1=3, q=3
a30
d4
S6
65
448
1092
61
508
1016
67
334
1025
Топ
Рет саны
Тапсырмалар
Жауаптар
Берілгені
Табу керек
А
В
С
C
1
2
3
а1= -3,
b4=24, b6=96
a4 =10, a6=20
B5
q
a1
2
-5
-7
3
5
V. Шығармашылық жұмыс
Математика тарихынан
1-оқушы: Егер арифметикалық прогрессия туралы айтсақ,неміс математигі К.Гаусс (1777-1855)бастауыш класс оқып жүргенінде 1-ден 100-ге дейін натурал сандардың қосындысын тапқан.
2-оқушы: геометриялық прогрессияның ертедегі есебінің бірі «Үндінің патшасы Шерамның шахматты ойлап тапқан ғалым Сетаға бермек болған сыйлығын есептей келгенде»бүкіл дүние жүзінің астығы жетпейтін орасан көп сан шығады.
1-оқушы: мысырлықтардың Ринд папирусының кейбір есептерін прогрессия есебі деуге болады. Мысалы: «10өлшем арпаны 10адамға бөліп бер,әр адамға беретін арпа өлшемнің бір-бөлігінен айырмасы болсын».Папирусқа 7 санының дәрежелері 7,72,73,74,75 және оның жанына: үй,мысық,тышқан,арпа,өлшем деген сөздер жазылған.Мұны шешіп оқыған тарихшы «7үйдің әр қайсысында 7 мысық бар,әр мысық 7 тышқан жейді.Әр тышқан жеті арпаның масағын жейді,әр масақта жеті өлшем арпа өседі»деген болу керек дейді.Мұндай есептер түрлінше өзгеріп басқа халықтарға тарады.
2-оқушы: Прогрессиялар мен тізбектер жөніндегі ілімнің алғашқы нысандары мысырлықтар мен вавилондықтардан басталды.Олар бүгінгі біздің сабағымыздағы қорытып шығарған формулаларымызды пайдаланып есептер шығарған деп қорытындылағымыз келеді.
6.Үйге тапсырма №254,№284,№312
Бағалау .
Оқушыларға математикадан жүйелі білім беруде алдына қойылған проблемалық тақырыбым; «Математика сабағында өз бетімен әрекет ете алатын ізденгіш жеке тұлға қалыптастыру»
Педагогикалық жұмыстарының мақстаы:
1.Оқушылардың білім негіздеоін терең меңгеріп,өзіндік ойын қорытындылай білуге дағдыландыру.
2. Оқушыларды меңгерген білімдерін жүйелей білуге дағдыландыру,ізденгіш қасиеттерін жетілдіру.
3. Оқушылардың қабылдаған білімдерінің деңгейін анықтап,объективті бағалау.
Сабақта осы мақсаттарды іске асыруда түпкі нәтижеге жету үшін фонтальдық,жеке.жұптап,топтап оқыту әдістерін қолданған геометрия пәнінен «Пифагор теоремасынқолданып,үшбұрыштарды шешу»сабағын ұсынып отырмын.Мұндағы «Менің есебім тапсырмасы «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары арасындағы қатынастар»және «Тригонометрия ұғымы»тақырыптарымен беріліп ашық схема түрінде барлық оқушыларға таратылды.Ашық схемада есеп шартты түрде белгілеулермен А,В,С,деңгейіндегі сызба нұсқаулар берілді.Оқушы ойша талдай отырып қажетті теорема,қасиеттерді түрлендірулер арқылы ізделінді шаманы тапқан соң келесі деңгейге көшеді.Оқушы осы тор көздердегі шаманы анықтау есептеу жұмыстарындағы айырмашылық пен ұқсастықты ажыратып өз бетінше ойлауын дамыта отырып өз мүмкіндігіне сенімін арттырады.Сонымен оқытудың жеке тұлғаға бағыттау оқушының ерекшеліктерін ескер отыроып оқу материалын меңгшеруге мүмкіндіктер жасау,оқушының өз бетімен жұмыс істеу әдістерін жетілдіру болып табылады.
Тақырыбы: Үшбұрыштарды шешу
Мақсаты: Білімділік мақсаты: Үшбұрыштың берілген элементтері бойынша барлық белгісіз қабырғалары мен бұрыштарын табуда формулаларды тиімді қолдану.
Дамытушылдық мақсаты: Логикалық,ойлау қабілетімен есептеу дағдыларын жетілдіру.Оған материалды қорытындылай салыстыра білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік міндетті:Өз бетімен әрекет ете алатын,ізденгіш жеке тұлға қалыптастыру.
Сабақтың типі: Жинақтау,оқыта үйрету сабағы.
Сабақ әдісі: Оқу-практикалық
Көрнекілігі: Кластер «Үшбұрыштағы метрикалық қатынастар»
«Үшбұрыштарды шешу»мәтінді карточка,кестелер,бағалау парағы схемалар.
Сабақтың барысы:
1.Ұжымдық жұмыстар. Екі топқа бөліп,сыныптағы оқу-практикалық сабақтың жүргізілу кезеңдерін түсіндіру
«Синустар» тобы «Косинустар»тобы
2.Индукция кезеңі: Ойын жинақтау,пәнге деген қызығушылығын тереңдету үшін әр топқа оқулықпен жұмыс,теориялық материалды меңгерумен бірге қосымша мәтін берілді.
Үшбұрыштағы метрикалық қатынастар
Тік бұрышты үшбұрыш
Тең қабырғалы үшбұрыш
1.пішінін салу
2.Анықтама
3. элементтерін
1) кескі сан
2.анықтама
3.элементтерін
Үшбұрыштарды шешу
Синустар теоремасы
Косинустар теоремасы
1.Теорема
2. АВС сырттай сызылған шеңбердің радиусы R болса, синустар теоремасының 2 R тең болатынын дәлелде
1. теорема
2.А бұрышы сүйір бұрышты болғанда және доғал бұрыш болғанда таңбасын анықта
3.Деконструкция. Сурет,сызба,модель, схема даярлау. Материалмен жұмыс-фигураның геометриалық қасиетін ашу.
№1 Келесі үштіктердің қайсысы үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтары бола алады.
а) 25; 35; 60; ә) 20; 37;22;
№2 Түсті қағаздан тік бұрыштың тең бүйірлі үшбұрыш даярлау.
4. Рекокструккция
Әр топ мүшелерінің пайымдауы бойынша математикалық сөздік қорын жинақтап тақырыпты талдап түсіндіру,мәнісін ұғып айта білу,қолданысқа келтіру.
1. АВС үшбұрышында А= , В= В, С= , Ве = Ас = в АВ= с ден белгілеп,төмендегі мәліметтер бойынша үшбұрыштың белгісіз элементтерін анықтау.
а) а= 5 =600 = 450
AC=
= 0
ә) а = 4 в = 3 с = 2
5.Социализация
Топта жұмыс әрекетін қалыптастыру оқушылардың өз ойын басқалармен бөлісу. Сұрақ беру арқылы бірін-бірі толықтыру.
6. Жарнамалау. «Менің ешбім» әр оқушы өз жұмысын (сурет)өз шетінде үшбұрыштың белгілі элементтерін табу керек. Сурет,схема арқылы жарнамалап ойын ортаға салады.1 минут жобасын тақтаға ілуге,дауыстап оқып,өз пікірін айтуға мүмкіндігі бар. «Менің есебім». Оқушының ізденіс жұмысы
Тік бұрышты үшбұрыш
Sin d
Cos d
Tg d
A А
Sin A= ---
Cos A= ---
Tg A= ---
B
Sin B= ---
Sin A= ---
Cos B= ---
Cos A= ---
Tg B= ---
Tg A= ---
Sin d = -----
BC=
Cos B = ----
AC =
tgd = ---
AB =
Талдау:
Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір А бұрышының синусы ....
Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір А бұрышының косинусы ....
Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір А бұрышының тангенсі ....
Тік бұрышты үшбұрыштың бұрыштарын,қабырғаларын кіші әріппен белгілеудің қандай үйлесімділігі бар?
Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен бір сүйір бұрышы бойынша,сол бұрышқа қарсы жатқан катеттін табу үшін....
А= d болса, В бұрышының шамасы......
Берілген үшбұрыштың тік бұрышты үшбұрыш болуының шарты. (Кері теорема)
Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері мен сүйір бұрыштары арасында қандай тәуелділік бар?
6.
Үшбұрыш
Белгісіз элементін табу
қай
бур
В
30
А С
ВС = 4
А = 300
С = -----
а в
с
= 4
=6
=30
= -----
с
а в
ВС= 20
В =300
С = 1700
АВ= ----
Талдау:
Тік бұрышқа қарсы тұрған қабырға....
Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы....
Үш бұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы....
Үшбұрыштың үш қабырғасы бойынша үшбұрыштың бұрыштарын табатын теорема....
Үшбұрыштың қанша түрі бар....
Үшбұрыштың биіктігі деп.......
Үшбұрыштың бұрышының биссектрицасы........
.Практикалық жұмыс
№ 283. Үшбұрыштың бір қабырғасымен екі бұрышымен берілген. Оның үшінші бұрышын,өзге екі қабырғасын табыңыз
ВС= 8см В = 300 С = 450
С < А=1800-(450+300)=1800- 750=1050
450
8cv
А 300 5В
Үзіліс: оқушылар бір сәт ойын жинақтайды, бұрынғы алған білімін, жаңа сабақтағы қабылдаған білімдерімен салыстырады.
8. Рефорлекция (қорытындылау) бүгінгі сабақта нені үйрендік?
Сабақтың ерекшелігі неде?
« Маған бүгінгі –қиын болған тұстар бар»
Осы сұрақтар бойынша оқушылардың пікірі тыңдалады.
9.Үйге: Ә.Н. Шыныбеков. 67 бет № 281
Аты
Парталас оқушылардың білімдерін өзара бағалау кестесі
Қайталау
сабағы
Ізденіс жұмыстары
Менің есебім жобасын құру
Практикалық жұмыс
Рефлексия
1
2
Білім беру –оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі кәзіргі кездегі білім берудегі мақсат жан-жақты,білімді,өмір сүруге бейім,өзімдік ой –толғамы бар,қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.Оқушылардың дүниетанымын кеңейту,істеген ісіне тұжырым жасап,қорытындыға келу,ойлау көкжиектерін кеңейтіп,ой еркіндігіне жол ашу.
Ел басы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстаздарға жүктелетін міндет ауыр» деген болаты. Қазіргі заман мұғалімдерімен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес,тарихи танымдық,педогогикалық-психологиялық сауаттылық,саяси эканомикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,шығармашылықпен жұмыс істеп,оқу мен тәрбие ісіне еніп,оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.Орта білім беру жүиесін ақпараттандырудыңнегізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.Ақпараттық мәдениет бұл әңгімелесе білу,алынған мәліметті ой елегінен өткізіп талдай білу және өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігіңді шектей білу.
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзаттқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеру тиіс.
Пайдаланған әдебиеттер.
П.М. Эрдниев. Укрупнение дидактических единиц как технология обучения
В.Г. Болтянский. Лекции и задачи по элементарной математике
А.Н. Колмогаров. Алгебра және анализ бастамалары.
А.В. Погорелов. Геометрия, 7-11 кл.
Л.С Атанасиян және басқалар Геометрия оқулық. 1996 жыл
Математика және физикаи ғылыми әдістемелік журнал
А.Я Симонов и другие Система тренировочных задач и упражнений по математике. 1991 г.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру
Мусабекова Ботакөз Дабылқызы №54 мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы,Бесарық ауылы
Қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйесі үлкен орын алуда.Білімнің жаңа жүйесі педагогика теориясымен оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, оқушының шығармашылық қабілетін дамытуды талап етеді.
Мектепте білім беру ұстаз үшін жауапты іс. Өйткені, мектеп арқылы жеке тұлға тәрбиеленеді. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат.
Бастауыш сынып – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.
Бастауыш сынып ұстазының негізгі міндеті – жеке тұлғаға хат танытып,ойын дамытып,білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады.
Қазіргі заман талабына сай білім беру мақсатына байланысты елімізде оқытудың түрлі жаңа технологиясы енгізілуде.
Мұғалімнің міндеті – оқушының білім сапасын арттыру болып саналады.
Мен оқушыға сапалы білім беру мақсатында Сын тұрғысынан ойлау технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының маған ұнағаны, оқушының бір нәрсені ізденіп оны дәлелдеуі.
Дәстүрлі сабақта оқушы тек тыңдаушы болса,бұл сабақта
ізденуші ойланушы
оқушы
дәлелдеуші ұйымдастыру маман
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз- сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін зерттеуге талпындырып, тұжырым жасау.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасында
оқушы
Еркін сөйлеуге дос ойын тыңдауды Пікір таластыруына проблеманы шешуді үйренеді.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыpу мақсатында Сын тұрғысын ойлаудың әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.
Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Сын тұрғысынан ойлауда топтық жұмыс арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеті дамиды деуге болады.
1 сыныпта Ана тілі пәнінен мына әдістерді пайдаландым.
І. Қызығушылықты ояту
Жұмбақ жасыру
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
-Балалар жұмбақтың жауабы не?
-Қой
-Балалар төрт түліктің бірі қойды естігенде ойларыңа не түседі?
қой
Уақ мал еті,жүні
Аша тұяқты терісі
Оқулықпен жұмыс 38 бет
Оқулықтағы «Қой»мәтінін оқып беру,түсіндіру.
ІІ.Мағананы тану
Мәтінді оқушыларға оқыту.Сұраққа жауап алу.
Сөздік жұмыс:
Изен-жіңішке жапырақты алабұта тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік.Ажырық-ойпаң жерде өсетін көп жылдық өсімдік.Жусан-ащы дәмді,көкшіл бозғылт түсті аласа шөп.Уақ-ұсақ,майда.Аша -екі тармақты,екі айыр сай .
Араласып кету әдісі
Оқушылар араласып кеткен сөздерден дұрыс сөйлем құрайды.
І топ.Өріске,жайылды,мал.
ІІ топ.Шөп,қозы,жеді.
ІІІ топ.Ішті,құлын,су.
ІҮ топ.Тасқа,лақ,секірді.
Венн диаграммасы
Үй жануары мен жабайы жануарлардың айырмашылығын табыңдар.
Үй жануары Жабайы жануар
ІІІ.Ой толғаныс:
Бес жолды өлең құрастыру
1. Не? Қозы
2. Қандай? момын , жуас.
3. Не істеді? адасты , қорықты , құтылды.
4.Төрт сөзден тұратын сөйлем. Қозы өз енесімен табысты.
5.Мағыналы сөз. қошақан
Сиқырлы таяқша
-Қой қандай жануар?
-Қой қандай шөптерді сүйсініп жейді?
-Қой жүнінен нелер жасалады?
Бастауыш сыныпта сәтті сабақтың белгіленген мақсатқа, жетуге ұстаз бен оқушының өзара ынтымақтастығы негізінде жүзеге асады.
Сыни тұрғыдан оқу мен жазу бағдарламасының нәтижесі төмендегідей болды. СТО құрылымы бойынша ұйымдастырылған сабақтар баланың ізденімпаздық, зерттеушілік, дәлелдеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамытатынына көз жеткіздім.
Сабақта Сын тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және қиялын арттыруға ,өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді.
Күтілетін нәтиже
Белсенділік дәлелдеу ізденіс
пікірталас
ұсыныс
Сын тұрғысынан ойлау
салыстыру
шығармашылық
Өз ойын тұжырымдай алу
Басқаларды тыңдай білу Қызығушылық
Оқушы шығармашылығы.
Шығармашылық-сөзі «шығару», «ойлап табу»дегенді білдіреді.
Демек,оқушының жаңа нәрсе ойлап табуға ,өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі,сол арқылы қол жеткізуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.
Шығармашылық- ол таң қалу және танымдық қабілет, белгісіз жағдайда шешім таба алу іскерлігі, жаңалық аша білу және өзі ашқан тәжірибені ұғына білу қабілеті.
Сабақта қолданылған стратегиялар оқушыларыма өздерінің, бір- бірінің ойпікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа, тың идеялар туындауына жол ашты.Сонымен бірге ерекше белсенділік пен шығармашылық шабыттың шарықтауы нәтижесінде олар еркіндік әлемінде еркін шарлағандай болды.
Алдымызға қойған мақсатымыз,ой-санасы жан-жақты дамыған оқушы тәрбиелеу.
Күнделікті сабақтың сапалы өтуі,шығармашылық қабілетті шәкірт тәрбиелеу-әр ұстаздың қолында.
Қолданылған әдебиеттер
1.Бастауыш мектеп / №8, 2004ж, 2006ж. №9, /
2. Қазақстан мектебі /№2, 2003 ж/
3.С.Ахметов. «Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін арттыру
жолдары». Алматы «Рауан» 1994ж.
Бастауыш сыныптарда сабақты түрлендіріп өткізу жолдары
Манабаева Лаззат - № 125 С.Сапарбеков атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған қонысы
Мектептегі басты тұлға – мұғалім, ал оқу процесінің негізі сабақ. Демек, мұғалім әр сабақтың тиімді әрі қолайлы әдіс- тәсілдерін таба біліп, әр сабақтың білімділік , тәрбиелік мәнін жете түсініп, әдістемелік жағынан дұрыс ұйымдастыруға міндетті. Білім -негізі бастауышта болғандықтан бастауыш сынып мұғалімдеріннің жүгі өте ауыр. Алдымызға келген кішкене бүлдіршіннің ертеңгі азамат болып қалыптасуы, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қай пәнді болса да оқушыларға түсінікті, қызықты жіне тартымды, күнделікті өмірмен байланыстыра өткізу- әдістеменің басты талабы.
Мектепте әрбір сабақ өзіндік ерекшеліктермен өлшенеді. Әрбір сабақты сапалы әрі саналы меңгерту үшін оқушылармен шығармашылық жұмыс жүргізудің мәні зор. Материалды толық меңгертіп, пәрменді тәрбие беру мұғалімнің ынта – ықыласына, тіпті қабілетіне байланысты.Сабақтың сапасын арттыру – оқушының сабақ үлгеру сапасын арттыру болып табылады. Осыған орай оқыту мен білім беру жүйесінде жаңа тиімді тәсілдер , яғни дәстүрлі емес сабақтарды жүргізу кеңінен орын алуда. Дәстүрлі емес сабақтың оқушыларға тигізетін ықпалы зор. Сабақты дәстүрден тыс түрлендіру жолдары сан алуан. Ол әр мұғалімнің өзінің шығармашылығы мен ой- қиялына байланысты.
Қай пәнді болса да оқушыларға түсінікті ,қызықты әрі тартымды өткізу үшін сабақтарда ойын элементтерін пайдалану ерекше.
Ойын - баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды бастауыш сынып балаларының табиғаты кере к етеді. Балалардың еңбегі , оқуы ойынннан басталады. Ойын балалардың оқу әрекетін жандандырып, оқуға деген ынтасын арттыратын маңызды құрал. Бала өміріндегі ойынның м аңызы туралы В.А.Сухомлинский Былай деп жазады : « Ойын дегеніміз – орасан зор жарық терезе, осы терезе арқылы баланың рухани дүниесіне қоршаған дүние туралы түсініктерін, ұғымдардың ширақ тасқыны келіп құйылады. Ойын дегеніміз – бұл ынталық пен құм арлықтың отын жағатын ұшқын.» Сондықтан ойын арқылы балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам, дәл орындайтын болады. Ос ыған орай баланың сабаққа деген қызығушылығын , ынта жігерін арттырудағы өзімнің математика пәнінде қолданған ойындарымды ортаға салғым келеді.
Мысалы,математикадан бастауыш сыныптарда өтілетін ,бірақ қиын шығарылатын есептер мен тапқырлықты талап ететін логикалық есептер астарласып келуі тиіс.Есеп зерделікке,қиялдауға,логикалық ойлауға,тапқырлыққа байқампаздыққа, есепті шешу тәсілдерін меңгеруге тәрбиелейтіндей болу керек.Сондай-ақ есептің өмірден алынатынындығын танытатындай болы шарт.
Қызықты есептер өлең, әзіл, ертегі ,викторина түрінде жазыла береді.
Мысалы,әзіл есеп:Екі адам тоғыз құмалақты екі сағат ойнады.Әрқайсысы неше сағаттан ойнады? Жауабы:2 сағат
Математикалық викториналар
Қосындысы мен көбейтіндісі бірдей болатын сандарды табыңдар?
Жауабы:2*2=2+2 1*2*3??? 1+2+3
Өлең –есепте өлеңді жазу заңдылығын пайдалана отырып, математикалық есеп құрастырлады.Онда не белгілі, не белгісіз екендігі айтылады. Олар есепті шешуде байластырылады. Табылған жауапты дұрыстығы тексеріледі. Кейде есепті өлең түрінде тұжырымдау ,оқушы әдеттегіден тыс күйге түсіріп өзіне баурап алады. Өлең-есеп оқушыларды ұжымдыққа,адамгершілікке, математикалық заңдылықты байқауға, тыңдай білуге тәрбиелейді. Өйткені өлең –есепте оның математикалық мағынасы кеңірек ашылады. Мысалы, өлең –есеп: «Барлығы қанша қарға?».
Келеді ұшып екі қарға
Топ достарын ертіп талға.
Болды елу әлгі жиын,
Санағанда демей қиын.
Болмаңыздар әбігер
Табады енді шартын кім?
Теңдеу құру тәртібін.
Жауабы:2+х = 50х =48
Ал, логикалық есептер кеңірек ойлауды қажет етеді.Есеп жауабы бірнеше болуы мүмкін. Есептің бұл түрі мұғалімнің де, оқушының да аңғарымпаз болуын талап етеді.
Логикалық есепті шешу қатаң дәлелге сүйенеді.Сондықтан мұнда қысқа есептей салу, көрнекілікпен астарлас болуы ықтимал.Мұндай есептер логикалық ойлауға,қиялдауға, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді.
Тақырыпты атап өтетін логикалық есеп. «Тақияның түсі қандай?».
Ойын жүргізу: қызыл,көк, қара түсті үш тақия дайындалған. Ержан, Ермек,Ерсін үшеуі тақияларды ойынға қатысарда таңдап киеді.Ержан көк пен қараны кимейтіндігін, Ермек: «өзіне көк тақия жарасатындығын»,Ерсін: «таңдамай киетіндігін»айтты. Балалардың әрқайсысы қандай түсті тақия киеді?
Жауабы: Ержан- қызыл тақия, Емек-көк тақия, Ерсін-қара түсті тақия киді.
Математикалық эстафета
Сабақтың мақсаты:Берілген бір мысалдан есептер құрастыру.
2.Шапшаңдылыққа,есепті жылдам шығаруға,басқа жолдарын тез ойлап табуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:Сабақ ойын түрінде басталады. Тақтаға үш топқа бөлінген оқушылар арасынан 3 оқушы тақтаға шығады.Оларға мысалдар беріледі.
10+9 11+7 10+5
Осы мысалдан әрі қарай қосу, азайту амалымен есеп құрастыру керек.Ойын әр топтан шығарып орындаумен тізбектеліп жалғаса береді.
10+5=15 5+10=15 10+9=19
9+10=19 10+7=17 7+10=17
15=10+5 15=5+10 19=10+9
19=9+10 17=10+7 17=7+10
15-10=5 15-5=10 19-10=9
19-9=10 17-10=7 17-7=10
Дұрыс әрі жылдам орындаған топқа ұпай беріледі.Балалардың қызығушылығына қарай есеп әрі қарай жалғасады.
Ойын есептер (ауызша)
1.4және5 цифрларының көмегімен жазылатын барлық екі таңбалы санды ата.
(жауабы:44,45,54,55)
2.Дорбадағы 10 асықты 10бала бір-бірлеп алады. Сонда бір асық дорбада қалды.Бұл қалай?
(жауабы:Бір бала дорбасымен алды.)
3.Түнгі сағат 10-да жауын тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
(жауабы:жоқ,өйткені түнде күн жарқырап тұрмайды) .
Қызықты шаршылар мен үшбұрыштар.
Суреттегі шаршылардың және үшбұрыштардың боскөздеріне сандардытаңдап қою керек. Мұнда кез-келген бағытта орнласқан үш санның қосындысы қандай да бір алдын ала белгіленген сан болуы керек.
1.15 саны.
2. Айырмашылығы неде?
Жауабы:1.Шаршының қабырғалары тең, ал,бұрыштары тік.
1.Тіктөртбұрыштың 4 бұрышы тік, қарама –қарсы қабырғалары тең.
2.Ұзындығы енінен артық,ал шаршының қабырғалары бірдей.
Математикалық тақпақ
Тақпақты мәнелеп оқу керек. Оны мұғалімнің өзі оқушыларға көрсетеді. Мысалы,
Салтанат екіде,
Бақытжан жетіде.
Екеуін қосып шыққаның,
Сәулеттің жасын ұққаның.
Білгің келсе егер сен.
Сәулеттен үш жас шегерсең,
Қиын емес оншама,
Сағаттың жасы соншада.
Жауабы:Сәулет-9-да, ал,Сағат-6-да.
Тақпақ арқылы математиканың өмірден алатын орнын, ол арқылы оқушылардың мінез –құлқын ,оның жетістігі мен кемшілігін білеміз.Мұндай әдіс нәтижесі ұтымды келеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қазақ тілі мен әдебиетті оқытудың өзекті мәселелері.2000ж
2.Бастауыш сыныпта оқыту 2007 ж.
3. Бастауыш мектеп 2007 ж.
Мемлекеттік рәміздерді оқыту арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу
Мадиярова Надира-№125 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда облдысы,.Жаңақорған ауданы
Ұлттық рәміздер халқымыздың рухын, ұлттық санасын, ержүректілігін, даналығын айшықтайтын еліміздің жаңа тарихымыздың қастерлі беттері деуге болады.Тәуелсіздікке қол жеткізу ғасырлар бойы сағындырған халқымыздың арманы болды. Бостандықты аңсаған ел өз алдына отау тігіп, көк туымыз желбіреп, әнұранымыз әлем көгінде шырқалғанына биыл 20 жыл толды. Әлем сахнасында көк байрағымыздың желбіреуі қандай мақтаныш десеңші! Жеңімпаз атанған қаншама спортшыларымыз әнұранымызды шырқатып жүр. Әнші Роза Рымбаева : “Отанын сүйетін осындай патриоттары бар ел бақытты”, – деген еді. Расында да, бірі әсем әндерімен, бірі спорттағы жеңісімен елдің туын, рухын биік көтерген, енді бірі отанын қорғап батыр атанған патриоттар бүгінгі күні оқушыларға үлгі-өнеге болуда. Бүгінгі күні жас ұрпақ «Менің Отаным - Қазақстан» -деп жар салып, мақтанышпен айта алады.
Дегенмен де ең алдымен Отан үшін біздің сүйіспеншілігіміз қажет. Өз еліне деген терең сүйіспеншілік сезімінсіз және шынайы отансүйгіштіксіз нағыз азаматтың, нағыз адамның болуы мүмкін емес. Сондықтан бүгінгі күні елін, жерін сүйетін от жүрегі Отан деп соғатын азамат тәрбиелеу, оқушылардың бойына отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру қажет. Отансүйгіштік – бұл Отанға, елге, өзің туып өскен жеріңе деген сүйіспеншілік. Өзіңнің еліңнің өткені мен бүгіні үшін мақтаныш сезімі. Осындай отансүйгіштіктің жарқын мысалы өз елінің мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет болып табылады. Мемлекеттік рәміздер күні әрбір Қазақстандық отбасында, әрбір үйде аталып өтілетін жалпы халықтық маңызды мерекелердің бірі.
Қазақ халқының өткені мен бүгінін таразыға сала отырып, келешегіне отаншылдық туын арқау еткен оқушыларға ұлттық рәміздерді түсіндіру, болашаққа бағыт сілтеу әрбір ұстаздың міндеті. Ендеше, оқушыларды отансүйгіштік сезімге тәрбиелеуде оның мән-мағынасын түсіндіруіміз қажет. Ондағы мақсатымыз– әрбір баланың бойында өзінің Отанына деген, өз елінің рәміздеріне деген құрмет сезімін ояту. Иә, Отанның өзі осы желбіреген көк тудан, елтаңбадан, әнұраннан басталады екен. Бір мезетте бүкіл еліміздің жастары орындаған Әнұран біздің мектептерде де шырқалады. Біздің бүгінгі елтаңбамыз ұлттық рухымызды асқақтатып, шаңырағымыздың беріктігін паш етіп, еліміздің қанатты тұлпардай ұшқырлығын дәлелдеп келеді. Мемлекеттік рәміздер – біздің мақтанышымыз.Отанға, туған ел, қасиетті жерге деген сүйіспеншілік, намыс пен жігер, сезімнің қалыптасуына да дәл осы ұлттық рәміздердің әсері мол екендігіне сенімдімін. Ту, елтаңба, әнұран - әлемдегі әрбір мемлекеттің рәміздері болып табылады. Олар өзіндік түстері мен мазмұны жағынан ерекшеленіп отырады.
Біздің мемлекетіміздің рәміздерін жасау үшін де суретшілер арасында арнайы байқау ұйымдастырылды, комиссия ең таңдаулы деген жұмысты көріп, таңдады. Бұл өте жауапты жұмыс еді, өйткені Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің мазмұны ел тәуелсіздігін, оның бейбітшілік сүйгіштігін танытуы тиіс еді”.
Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков теледидарда тудың эскизің жасау үшін күнімен, түнімен жұмыс істегенін айтады. Жүз шақты эскиздер дайындалды. Автор жарысқа өз құжатын кешіктіріп береді. Сондықтан ол өзінің жұмысы қаралмайтын шығар деп ойлайды, бірақ оған қарамастан туындысы жеңіп шығады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында нелер бейнеленген? деген сұраққа жауап беруде, оқушылар туды қарастырып, оның түсіне, жиегіндегі оюды, өзге де бейнелер туралы айтады.Тудың көгілдір түсті болуы-бұл әлемнің,ашық аспанның түсі.Тудың ортасында-шұғылалы алтын күн. Ол тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күннің астында- шарықтаған дала бүркітінің бейнесі. Бүркіт- еркіндіктің, бірліктің үлкен арманның белгісі. Ту қазақтың ұлттық өрнегімен өрнектелген. Ою қазақ халқының тарихына, мәдениетіне және ұлттық салт-дәстүрге дегенқұрметті білдіреді. Күн, дала бүркіті, ұлттық ою-алтын түстес бұл көпұлтты Қазақстан Республикасының байлығы мен бақытын білдіреді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында нелер бейнеленген?деген сұраққа жауап іздеуде, оқушылар мемлекеттік елтаңбаны қарастырып,оның түсіне, шаңырақтың, уықтың, бес бұрышты жұлдыздың,қанатты тұлпардың бейнесіне көңіл бөліп,мәнін түсінуге тырысады. Елтаңбамызда шаңырақ ашық көгілдір түсті аспан фонында бейнеленген. Ортада киіз үйдің жоғарғы бөлігі болып табылатын-шаңырақ бейнесі орналасқан. Шаңырақ, отбасы ошағы ретінде біздің көпұлтты мемлекетіміздің, үлкен үйіміздің белгісі болып табылады.Шаңырақтан тараған алтын түстес уықтар-күн сәулесі сияқты. Қазақстан деп аталатын ортақ отбасы ошағынан барлық халықтар үшін бірдей тараған жылулықты білдіреді. Қанатты тұлпар- бұл болашаққа мәңгілік ұмтылысты білдіреді. Елтаңбадағы тұлпар бейнесі-дала Пырағы, оның ғажайып шапшаңдығы ер жігітті жеңіске, тәуелсіздікке,бостандыққа жетелейді. “Ат- ер қанаты” деген халықта нақыл сөз бар. Елтаңбаның маңдайшасына бесбұрышты жұлдыз –таңмен бірге туатын Шолпан жұлдызының белгісі. Халқымыздың “Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін”деген асыл арманынан туған. Елтаңба төбесіндегі бес бұрышты жұлдыз болашаққа бағыт көрсетеді.
Көптеген жылдар бойы халықтың жүрегінен орын алған “Менің Қазақстаным” деген құдіретті әуен біздерді болашаққа асқақтата бара жатқандай. Олардың бәрін « көру, есту, түсіну дегеніміз- табиғаттың ең тамаша сыйы»,- деген екен ұлы ғалым Альберт Энштейн. Әнұран – халық жүрегінің соғуы, армандардың тас-түйін қорытпасы. Әнұранымызды өз жанымыздай қастерлеу, оған зор құрметпен қарап, тұмардай сақтау- бәріміздің абыройлы міндетіміз болып табылады. Әнұранның авторлары – Шәмші Қалдаяқов (әні), Жумекен Нәжімеденов және мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Бүгінгі таңда әнұран ресми рәміз ретінде, Қазақтанның болашағы мен өзінің болашағына сенетін қазастандықтардың ортақ рухани қазынасына айналып кетті.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы өз еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастаған. Кітап оқығанды жақсы көреді. Ән айтқанды, домбыра шерткенді ұнатады, тіпті өлең жазып, ән шығарады. .“Менің елім, менің Қазақстаным!” деген сөздер туған жерге деген сүйіспеншілікті асқақтатып, болашаққа деген сенімділікке шақырады. Отанға деген шексіз құрметті бір-а қ сөзге сыйғызып тұрғандай. Әнұран оқушылардың бойына зор патриоттық сезім ұялататын сыршыл әуен. Онда ел деп соққан жас жүректердің дүрсілі естіледі.
Қорыта келгенімде, Отанды сүю отбасынан басталады екен. Отан баланың үйі, өскен жері, ауылы, қыстағы яғни оның кіші отанынан бастау алған. Отанға деген, өз халқына деген махаббат біртіндеп оянады, ол өздігінен немесе үлкендердің сөзбен айтуымен қалыптасуы мүмкін емес. Мұндай сезімді қалыптастырушы алғашқы баспалдақ - баланың ең алдымен туған жанұясына, туыстары мен жақындарына деген сүйіспеншілігінен басталып, “Кіші Отанына” деген мақтанышпен ұласады. Бүгінгі күні біздің басты байлығымыз от жүрегі Отан деп соғатын азамат тәрбиелеу.
Ақын Мұқағали Мақатаевтің сөзімен айтқым келеді:
Самалы бол Отанның салқындаған,
Сандуғаш бол, сайратсын алтын далаң.
Семсері бол Отанның қынабында,
Сертке ұстаса, селт етпей жалтылдаған.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Бала тәрбиесі № 8 2011
2.Егеменді Қазақстан №5 2007
3.Әдістемелік құрал Нүсіпбекова М.И Арғымбаева Ә. Б 2007
4.Бастауыш мектеп №9 2005
Балаларды психологиялық тұрғыда мектепке даярлаудың бүгінгі жағдайы мен болашағы
Мәдібекова Мирамкүл-№125 мектептің мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған қонысы
Б.БАЙМҰРАТОВАНЫҢ «БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАУ ЖӨНІНДЕ» ЕҢБЕГІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАУ – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢНІҢ БАСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ БІРІ ДЕГЕН БАҒЫТТЫ ҰСТАНА ОТЫРЫП, ОСЫ НЕГІЗГІ МІНДЕТТІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕР ҚЫЗМЕТІ ДЕП ТАУЫП, ОНЫ БАЛА БАҚШАДАҒЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІ АРҚЫЛЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ҰСЫНЫЛАДЫ: БАЛАНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ; САУАТ АШУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАНДАНДЫРУ; БАЛАЛАРҒА ОҚЫП БЕРУ ҮШІН ҚОСЫМША МӘТІНДЕР ЖАСАУ.
МЕКТЕПКЕ БАРУ–БАЛА ӨМІРІНДЕГІ ҮЛКЕН ЖАҢАЛЫҚ, ШЕШУШІ КЕЗЕҢ, ӨМІР МЕН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ЖАҢА КҮЙІНЕ, ҚОҒАМДАҒЫ ЖАҢА ОРЫНҒА КӨШУ ЖӘНЕ ӨСІП ЖЕТІЛУІНІҢ БІР САТЫСЫ . МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІЛЕРДІҢ ШҰҒЫЛДАНАТЫНЫ–ОЙЫН ӘРЕКЕТІ. ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҚҰРДАСТАРЫМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАЙДЫ, АЛҒАШҚЫ БІЛІМ ДАҒДЫЛАРЫНА БОЙ ҰРАДЫ. АЛ МЕКТЕПКЕ БАРЫСЫМЕН ОЛ ҰҚЫПТЫЛЫҚ ПЕН ЗЕЙІНДІЛІКТІ ТАЛАП ЕТЕТІН ЖҮЙЕЛІ ОҚУ, ЕҢБЕКТЕНУ ІС-ӘРЕКЕТІН МЕҢГЕРЕТІН БОЛАДЫ. ОСЫНДАЙ ЕЛЕУЛІ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ҚИНАЛМАЙ, ЕРКІН ІС-ӘРЕКЕТТЕР ЖАСАЙ БІЛУ ҮШІН БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ АЛҒАШҚЫ ДАЯРЛЫҒЫ БОЛУЫ ТИІС.
БАЛАЛАРДЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҚТАН ОҚУШЫЛЫҚ ӨМІРГЕ КӨШУІ- ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДА КЕҢІНЕН ҚАРАСТЫРЫЛҒАН КЕШЕНДІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ БІРІ. ӘСІРЕСЕ, БҰЛ ЖАҒДАЙ МЕКТЕПКЕ АЛТЫ ЖАСТАН ҚАБЫЛДАУҒА КӨШУ КЕЗІНДЕ ӨТКІР ҚОЙЫЛҒАНДЫ. ОСЫ ТАҚЫРЫП ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРІЗІП, ОНЫҢ НӘТИЖЕСІН КӨПШІЛІК ТАЛҚЫСЫНА ҰСЫНҒАН РЕСЕЙЛІК ҒАЛЫМДАР – МУХИНА В.С., КРАВЦОВА Е.Е., ИВАНОВА Г.М., ГУТКИНА Н.И., ВЕНГЕР А.Л., НЕПОМНЯЩАЯ Н.И. ЖӘНЕ Т.Б
МЕКТЕПКЕ ОҚУҒА ДАЙЫНДЫҚ – ТҰТАС ҚҰРЫЛЫМ. БІР КОМПОНЕНТТІҢ ДАМУЫНДАҒЫ АРТТА ҚАЛУШЫЛЫҚ ЕРТЕ МЕ, КЕШ ПЕ БАСҚАЛАРЫНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ АРТТА ҚАЛУ МЕН БҰРМАЛАНУҒА ӘКЕЛЕДІ. КЕШЕНДІК АУЫТҚУЛАР МЕКТЕПТЕ ОҚУҒА БАСТАПҚЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ЖЕТКІЛІКТІ ТҮРДЕ ЖОҒАРЫ БОЛУЫ МҮМКІН ЖАҒДАЙЛАРДА ДА БАЙҚАЛАДЫ, БІРАҚ ТА КЕЙБІР ЖЕКЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ САЛДАРЫНАН БАЛАЛАР ОҚУДА АЙТАРЛЫҚТАЙ ҚИЫНДЫҚТАРДЫ БАСТАН КЕШІРЕДІ.
МЕКТЕПКЕ 6 ЖАСТАН БАЛАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУДАҒЫ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ, ОЛ БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ОҚУҒА ДЕГЕН ЗОР ҚҰЛШЫНЫСЫН, ҚҰШТАРЛЫҒЫН, ӘРІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ, ТҰЛҒАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК ДАЙЫНДЫҚТАРЫН, ӘРІ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН АНЫҚТАУ БОЛЫП ТАБЫЛДЫ. БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУДА ТӨМЕНДЕГІДЕЙ ЖҰМЫСТАР ҚАМТЫЛУЫ ҚАЖЕТ ЕКЕНДІГІ, ӘРІ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҚАЖЕТТІГІН ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ЕҢБЕКТЕРДЕ АТАП КӨРСЕТІЛГЕН, АТАП АЙТАР БОЛСАҚ
«БАЛАНЫ ЖАН-ЖАҚТЫ БІЛУ КЕРЕК» ДЕГЕН БЕЛГІЛІ ПЕДАГОГ К.Д.УШИНСКИЙДІҢ ҚАҒИДАСЫН БАСШЫЛЫҚҚА АЛА ОТЫРЫП ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТПЕН ТЫҒЫЗ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА БОЛАДЫ.ОҚУШЫНЫҢ ҚАБІЛЕТІН, ДЕҢГЕЙІН, ЗЕРЕКТІГІН, ЗЕЙІНІН, ҚАСИЕТІН АНЫҚТАУ НӘТИЖЕСІНДЕ ПСИХОЛОГ МҰҒАЛІМ ҚОЛЫНА ОҚУШЫНЫҢ МҮМКІНДІГІ ТУРАЛЫ ҚҰНДЫ ДЕРЕКТЕР БЕРЕДІ, ОҚУШЫЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЙДЫ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫМДАҒЫ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТИПТЕРІ: МҰҒАЛІМ-ОҚУШЫ; ОҚУШЫ-ОҚУШЫ; ОҚУШЫ-БАСШЫ; БАСШЫ-МҰҒАЛІМ РЕТТЕЙДІ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫМДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛДЫҢ ЖАҚСЫ БОЛУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ.КЕЛЕҢСІЗ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ, БАЛА ДАМУЫНДАҒЫ АУЫТҚУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ, БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ АДАМДАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМІН КӨТЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗЕДІ
БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҚТЫ БАЛАБАҚША МЕН МЕКТЕПТЕГІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ ҰШТАСТЫРУ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА БОЛАДЫ,БІРАҚ ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН МІНДЕТТІЛІК,РЕТТІЛІК,ОЙЫН-ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ,ӨЗ КЕЗЕГІМЕН БІР-БІРДЕН ЖАУАП БЕРУ СИЯҚТЫ ТАЛАПТАР БІРДЕЙ БОЛУҒА ТИІСТІ.
АРНАУЛЫ ДАЙЫНДЫҚ-МЕКТЕПКЕ БАРАТЫН БАЛАЛАР САНАУДЫ,ӘРІПТЕРДІ ТАНЫП,БІЛІП ҚАНА ҚОЙМАЙ,ҚОРШАҒАН ОРТА ТУРАЛЫ ДА ТОЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРІ БОЛУЫ КЕРЕК. СОНЫМЕН БІРГЕ ТАНЫМ ПРОЦЕСТЕРІН (ЕС,ЗЕЙІН,ОЙ-ҚИЯЛ,ҚАБЫЛДАУ)ДЕ ДАМЫТЫП ОТЫРУ ҚАЖЕТ.
МЕКТЕПКЕ БАРҒАНДА МҰҒАЛІМ ТАНЫМ ПРОЦЕСТЕРІНЕ КӨҢІЛ БӨЛІП,ӘР БАЛАНЫҢ ЖЕКЕ ЕРЕКЕШЕЛІКТЕРІНЕ МӘН БЕРУГЕ ТИІС. ЕГЕР БАЛАНЫҢ ЕСІ ЖАҚСЫ ДАМЫҒАН БОЛСА,ОЛ ТЕЗ ҚАБЫЛДАП ЕСІНЕ САҚТАЙДЫ. БАЛА ЕСТЕ САҚТАУ ПРОЦЕСІНЕН БАСҚА ДА САЛЫСТЫРЫП,ЖАЛПЫЛАП ТАЛДАУ ЖАСАУҒА ТИІСТІ. СОНДА ҒАНА ІСТЕГЕН ІСКЕ ТОЛЫҚ ҚОРТЫНДЫ БЕРЕ АЛАДЫ. ОСЫ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ КӨРГЕН НӘРСЛЕРІН МАҒЫНАЛЫ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАУҒА,БІЛУГЕ ҚҰМАРЛЫҚТАРЫ АРТАДЫ.
МЕКТЕПАЛДЫ КЕЗЕҢНІҢ СОҢЫНДА БАЛАНЫҢ МІНЕЗІ ЕРІКТІ БОЛАДЫ. ҮЛКЕНДЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНДА БАЛАЛАР ОЛАРДЫҢ БЕРГЕН БІЛІМДЕРІН БАР ЗЕЙІНМЕН ҚАБЫЛДАЙДЫ. БАЛАДА ЕРІКТІҢ ДАМУЫ ТӨМЕН БОЛСА,БЕРГЕН ТАПСЫРМАНЫ ТҮСІНБЕЙ,ӨЗ ЕРКІМЕН ЖАСАЙ АЛМАЙДЫ. СОНДЫҚТАН ДА МЕКТЕПКЕ БАРАТЫН БАЛАЛАРДЫҢ ҮЛКЕНДЕРМЕН , ҚҰРДАСТАРЫМЕН ЖАҚСЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА БОЛУЫНЫҢ ЗОР МАҢЫЗЫ БАР.
СОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ АТА-АНАЛАРҒА ЖАДЫНАМА
БАЛАНЫҢ ОҚУШЫ БОЛУҒА ҰМТЫЛЫСЫН ҚОЛДАҢЫЗ. ОНЫҢ МЕКТЕПТЕГІ ІСТЕРІНЕ СІЗДІҢ ШЫНАЙЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ҚИЫНДЫҚТАРЫНА ШЫНАЙЫ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСЫҢЫЗ ЖАҢА ОРНЫ МЕН ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ТҮСІНУІНЕ КӨМЕКТЕСЕДІ.
БАЛАМЕН БАЛАҢЫЗ МЕКТЕПКЕ ОҚУ ҮШІН КЕЛЕДІ. БАЛАНЫҢ ҚАТЕЛІК ЖАСАУҒА ҚҰҚЫ БАР.
БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫСЫМЕН БІРГЕ КҮН ТӘРТІБІН ЖАСАҢЫЗ, ОНЫ ОРЫНДАУЫН ҚАДАҒАЛАҢЫЗ.
ОҚУ МАШЫҚТАРЫН МЕҢГЕРУДІҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІНДЕ БАЙҚАЛАТЫН КЕМШІЛІКТЕРДІ ЕЛЕУСІЗ ҚАЛДЫРМАҢЫЗ. БАЛАДА, МЫСАЛЫ, ТІЛ КЕМІСТІГІ БОЛСА, ОҚУДЫҢ БІРІНШІ ЖЫЛЫНДА ҚОЛҒА АЛЫҢЫЗ.
БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНДА МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МАДАҚТАУҒА БОЛАТЫН НӘРСЕНІ ІЗДЕҢІЗ. ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН, МАДАҚТАУ МЕН ЭМОЦИЯЛЫ ҚОЛДАУ («КЕРЕМЕТ», «СЕН ӨТЕ ЖАҚСЫ ОРЫНДАДЫҢ») АДАМНЫҢ АҚЫЛ-ОЙ ЖЕТІСТІГІН КӨТЕРЕДІ.
ЕГЕР СІЗДІ БАЛАНЫҢ ЖҮРІС-ТҰРЫСЫНДА, ОҚУ ІСТЕРІНЕ БІР НӘРСЕЛЕР АЛАҢДАТАТЫН БОЛСА, МҰҒАЛІММЕН НЕМЕСЕ МЕКТЕП ПСИХОЛОГІНЕН АҚЫЛ-КЕҢЕС СҰРАУҒА ҰЯЛМАҢЫЗ.
МЕКТЕПКЕ КЕЛГЕННЕН КЕЙІН БАЛАҢЫЗДЫҢ ӨМІРІНДЕ СІЗДЕН ГӨРІ БЕДЕЛДІ АДАМ ПАЙДА БОЛАДЫ. БҰЛ-МҰҒАЛІМ. БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ ӨЗ МҰҒАЛІМІ ТУРАЛЫ ПІКІРІН СЫЙЛАҢЫЗ.
ОҚУ ОҢАЙ ЕМЕС, ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ЕҢБЕК. МЕКТЕПКЕ КЕЛУ БАЛА ӨМІРІН ӨЗГЕРТЕДІ, БІРАҚ ОНЫ ОЙЫННАН БӨЛМЕУ ҚАЖЕТ. ОЙЫН ЖАТТЫҒУЫНА КЕРЕКТІ УАҚЫТ ҚАЛУЫ КЕРЕК.
БҮГІНГІ ТАҢДА №125 С.САПАРБЕКОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ: 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН БАСШЫЛЫҚҚА АЛА ОТЫРЫП, МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ, ІЗДЕНУШІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ОЛ ҮШІН ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЖӘНЕ ПСИХОФИЗИОЛОГИЯНЫҢ ЖАЛПЫ ЗАҢДАРЫН КІРІКТІРЕ, ҮЙЛЕСТІРЕ ҚОЛДАНУҒА ТУРА КЕЛЕДІ.СЕБЕБІ, ОҚЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН БІЛУ ӘРБІР ОҚУШЫНЫҢ ТАНЫМ ДЕҢГЕЙІН ДҰРЫС САРАЛАУҒА ДА КӨМЕКТЕСЕДІ.
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ӨЗЕКТІ ЖӘНЕ БОЛАШАҚТЫ БАҒЫТТА ЖҰМЫС АТҚАРАДЫ.
ӨЗЕКТІ БАҒЫТ БАЛАНЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ БҮГІНГІ КҮНГІ ҚИЫНДЫҚТАР МЕН АУЫТҚУШЫЛЫҚТАРДЫ ШЕШУГЕ АРНАЛАДЫ.
БОЛАШАҚТЫҚ БАҒЫТЫ ӘР БАЛАНЫҢ ДАРАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІН ДАМЫТУҒА, ҚОҒАМДА ӨМІР СҮРУГЕ, ТАҢДАҒАН МАМАНДЫҒЫН ИГЕРУГЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ДАЯРЛАУҒА ЖӘНЕ БАЛАНЫҢ ҚАБІЛЕТІН, БАРЫНША ӘРІ МҮМКІНДІГІНШЕ ДАМЫТУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТУҒЫЗУҒА БАҒЫТТАЛҒАН.
Балаларды психологиялық тұрғыда мектепке дайындау жолдары
Нұрділлаева Гүлнар Бекстұрсынқызы-№52 Б.Аралбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылы
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет. Демек, қазіргі талап бойынша мектептің бірінші сыныбына келетін балалардың физиологиялық жағынан мықты, адамгершілік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттері мол, ерік-жігері күшті, жұмыс қабілеттеріне ие, білімге қызығушылық сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан да мектеп пен мектепке дейінгі мекеменің, ата-аналардың басты міндеті - баланы мектептегі оқуға, мектеп өміріне даярлау.
Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.
Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қиын кезең.Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды.Бүгінгі күнгі баланың мектепке дайындығын анықтауда оның психологиялық және физиологиялық дамуы басты назарда болып отыр.(5,7).
Психологиялық дайындықтың құрылымы мынадай бөліктерге бөлінеді:
А.Жеке дайындық (5,6).Баланың жаңа қоғамдық ортаға дайындығының қалыптасуы бірнеше құқықтар мен міндеттерді қамтитын мектеп ережесінен тұрады.Мектепте оқуға дайын оқушы-мектепке қажетті оқу құралдарын (портфель,оқулық,дәптер, және т.б) түгелдеп қана қоймай, сондай-ақ жаңа білім алу мүмкіндігі мен таным қабілеті жеткілікті дәрежеде дамыған бала болып табылады.Болашақ мектеп оқушысы қызығушылығының қалыптасу жүйесіне қарай өзінің мінез – құлқын, танымдық іс-әрекетін басқара алуы керек.Сонда ғана оның оқуға деген құлшынысы пайда болады.Сонымен қатар, жеке дайындық баланың эмоциялық жай – күйінің даму деңгейін де көрсетеді.Мектепке барар алдында баланың көңіл-күйінің көтеріңкі болғаны жөн.
Ә.Зияткерлік дайындық.Дайындықтың бұл түрі баланың нақты білімі мен ой – өрісінің ауқымын көрсетеді. Баланың танысып отырған материалына деген көзқарасы мен материалды жекелей әрі жоспарлы түрде қабылдау жүйесінің қалыптасуы маңызды.Сондай-ақ жалпылай ойлау формасы мен негізгі логикалық операцияларды атқарып,есте сақтай алуы да міндетті.
Б.Әлеуметтік-психологиялық дайындық. Дайындықтың бұл компоненті балада басқа балалармен, мұғаліммен қарым-қатынас жасай алатын сапаларды қалыптастыруды көздейді.Бала топ болып, бірге жасап жатқан жұмыс үстінен түседі.Осы кезде балада өзін ортаға бейімдеу қабілеті өте қажет болады.Ол үшін балалармен араласып кетуге, олармен бірге әрекет етуге, олардың қызығушылығына ортақтасуына, оқу процесіндегі түрлі жағдайларға икемделуіне ықпал ету керек.
В.Физиологиялық дайындық. Бұл дайындық бала ағзасының қызметі мен денсаулық жағдайының даму деңгейімен анықталады. Баланың мектепке дайындығын дәрігерлер арнайы өлшемдермен белгілейді.Баланың мектепте оқуға психологиялық және физиологиялық дайындығын анықтау кезінде денсаулық жағдайы басты назарда болуы шарт.
Белгілі орыс психологтары А.Н. Леонтьев, А.В. Запорожец, А.А. Люблинская мектепке даярлау ұғымына баланың оқу тапсырмаларын түсінуін,әрекеттерді орындау тәсілдерін меңгеруін, ерік қасиеттерінің дамуын, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларын, мұғалімді тыңдау, материалды еске сақтау біліктілігін жатқызады.
Мектепке даярлау мәселесі Қазақстан ғалымдары Б. Баймұратова, Қ. Сейсенбаев, Н. Айғабылов, Б. Дабылова еңбектерінде біршама зерттелгені белгілі.
И. Шванцар, Л.И. Божович зерттеулеріне сүйене отырып, мектепке даярлықты жүзеге асыру ісін үш бағытта жүргізу қажет деп тұжырымдайды. Ал Е.Е. Кравцова мектепке даярлықтың төрт бағытын қарастырды:
1 бағыт - балаларды мектептегі оқуға қажетті нақты іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
2 бағыт – мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында байқалатын жаңа құрылымдар мен бала психикасындағы өзгерістерді зерттеу;
3 бағыт - оқу әрекеттерінің алғы шарттары;
4 бағыт - баланың берілген ережелер мен ересектер талабына саналы түрде бағыну іскерлігі
Баланың мектепте табысқа жетуінде бұл бағыттар аса маңызды болғандықтан, әрбір бағыт жайлы ақпаратпен қамтамасыз етуді жөн көрдім.
Жалпы, тәжірибеге сүйенетін болсақ, баланың оқығысы келмеуі мына жағдайларға байланысты болады:
1. Мектеп алдындағы қорқыныш. Бұл баланы бағындыру, әрекеттерді орындату мақсатымен қорқынышты үйде қалыптастырады; («Мектепке барасың сонда саған көрсетеді»);
2. Оқу үрдісінде және қарым-қатынаста қиындыққа кезігуі;
3. Мектептің өміріне бейімделе алмауы;
4. Мектептің өмірінің шынайылық қиындығымен кезіккенде, баланың көңілінде мектепке деген жағымсыз қатынастың пайда болуы;
5. Мұғалімнің өзіне тән психологиясына үйрене алмау.
Яғни, осы кезде әрбір ата-ана өзінің баласына мектеп туралы қажетті мағұлматтарды айтып, баланың мектепке деген жағымды қатынас және сенімділік сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу керек. Ең бастысы баланы жолдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, басқа баланың ойымен санасуға үйрету болып табылады.
Мектеп өмірі баладан эмоциональдық тұрақтылықты талап етеді Оқушылар арасында келіспеушіліктер, реніштер және конфликтік жағдайлар жиі кездеседі.
Әсіресе ерке балалар мұғалімнің ескертулерін ауыр қабылдайды, яғни мектепке барудан бас тартады, жылайды және т.б. әрекеттер арқылы көрінеді. Баланың өз бетімен шешім қабылдай алатындай және еріктілікті дамытуға жағдайлар жасап және бір жұмысты аяқтамай келесі жұмысқа кірісуіне рұқсат етпей, кез-келген істі аяғына дейін жеткізуге үйрету керек.
Швейцар психологы Ж. Пиаженің пікірінше «Баланың мектептегі оқуға дайындығының ең жоғары деңгейі бұл баланың кеңістікті және уақытты бағдарлай алып, өзін басқа адамның позициясында сезіну біліктілігінің қалыптасуы», - деген. Яғни, мектепке дейінгі баланың кеңістікті және уақытты қабылдай алуы, оның оқу материалын меңгерудің жолын жеңілдетеді.
Баланы оқуға дайындауда үлкен және кіші моторикасына ерекше мән берген жөн. Ғалымдардың айтуынша баланың саусақтарының дамуы ақыл-ойы мен сөйлеуінің қалыптасуында маңызды роль атқарады.
М.М. Кольцова өзінің еңбектерінде «Бала мектепке барар алдында көру-моторлы координациясы біршама дамыған болуы тиіс және қолдың саусақтары мидың сөйлеу аймағы болып табылады» деген. Яғни, бала жүгіріп, секіріп допты лақтырып және ұстап алу әрекеттерін еркін орындап, қайшымен, қарындашпен, қыл-қаламмен жұмыс істеу біліктілігі дамыған болуы керек. Балаға сурет салғызу, әртүрлі заттардан құрастыру, пластилинді илеу баланың саусақтарын дамытып қана қоймай, ойлау қабілетін де дамытады. Сурет сала алмайтын және пластилинмен жұмыс істей алмайтын баланың жазуға икемі болмайды. Кез-келген 5-6 жастағы бала 3 минуттан артық жаза алмайды тез шаршап қате көп жіберетін болады және 2-3 минут сайын баланың қолын демалдырып отыруды қатал есте сақтағаныңыз жөн. Бала жазу дағдыларын меңгеруде әрбір жетістігін мақтап «Сенің қолыңнан келеді,біз көмектесеміз», «Сен істей аласың» деген сенімділік сөздерді жиі айтуыңыз қажет, өйткені қуатты сөздер баланың табысқа жетуіне әсерін тигізеді.
Бала жазу жазуда қарындашты немесе қаламды дұрыс ұстап үйретуіңізді ұмытпаңыз. Сонымен бірге баланың сөйлеуін дамытуда сурет бойынша сөйлем құрастыртып, ертегілерді немесе әңгімелерді оқып, кітаптағы суреттерге зейін қойып қарауына аса мән беріңіз және «Мына суретте не бейнеленген? Адамдардың аты кім? Олар не істеп жатыр?» деген сұрақтарды қою арқылы кітапқа қызығушылығын арттыруға болады. Ата-ана баласын санауға үйретуде «Үстелде неше кесе? Суретте неше доп? Киімде неше түйме?», - деген сұрақтар қойып баланы санауға жаттықтыруға болады. Мектепке дейінгі баланың оқу материалын меңгеруде, кеңістікті және уақытты қабылдай алуы маңызды рөл атқарады. Сөйтіп, бала мектепте оқудың жаңа жағдайларына еркін ене алатындай дайындықтан өтеді. Мектепке дайындық баланың үйлесімпаздылығынан туындайтын кезде оңтайлы мүмкіндіктері арқылы жан-жақты тәрбиеленуі мен дамуын талап етуі бала оқу және тәжірибе мәселесін шешу үшін өзіндік білімін пайдалануы, танымдық әрекеттері мен ойлануы жеткілікті даму деңгейіне көтерілуі тиіс.
Сонымен балаларды мектепке психологиялық даярлау бағыттарын тәжірибеде жүзеге асыратындар - ата-аналар, мұғалімдер және мектеп және балабақша психологтері.
Баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығын анықтау диагностикасын практик- психолог немесе педагогикалық және даму психология саласындағы маман өз мойнына алады. Өйткені психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыстарды жүргізудің қыр-сырын тек психолог қана біледі. Психологтың міндеті психодиагностиканың әдістемелерін қолдану арқылы және зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, 6 жастағы баланың оқуға дайындығын анықтайды. Яғни, баланың оқуға дайын немесе әлі дайын еместігі жайлы қорытынды жасалынып, оқуға дайын емес балалармен таным үрдістерін дамыту мақсатында индивидуалдық және топтық сабақтар ұйымдастырылады. Сонымен бірге коррекциялық – дамыту жұмыстарын жүзеге асыруда бағдарлама құрылады. Ал педагогтарды оқу жылдың басында болашақ бірінші сыныптағы балалардың мектептегі оқуға психологиялық зерттеуде алынған нәтижелермен таныстырады. Әсіресе мектептегі оқуға дайын емес балалардың жағдайларына ерекше көңіл бөліп, қандай оқушылармен жұмыс істеу керектігі жайлы ақпарат алып және оқу-тәрбие үрдісінде жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін өзбетімен немесе психологтың көмегімен таңдауға болады. Мектепке дайын емес балаларды оқытуда оқушыларды жиі мадақтап,оқуда баланың табысқа жетудің жағдайларын тудыру керек. Сабақ барысында оқушылар бір орында отырудан әбден жалығады. Оларға эмоциялық бәсеңдеу қажет болған соң айғалайды. Сондықтан сабақта қозғалыс ойындарды тиімді қолданып және сергіту сәттерін жиі өткізіп тұрған дұрыс. Егер баланың сабақта көп қозғалуына мүмкіндік жасаса, ағзаның барлық жүйесінің қызметін және физиологиялық күш қуатын жақсартуға мүмкіндік жасайды. Бұл сабақты тез игеруіне көмектесіп, баланың жұмысқа қабілеттілігі жоғарылайды.
Кез-келген ата-ана баласының өсіп-жетілуінде, рухани күшті етіп тәрбиелеу жолында алуан түрлі қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан өткізе отырып, оның рухани және ақыл-ойы мен дене құрлысы жағынан жан-жақты даму дәрежесіне жеткізуге баулиды. Мұғалім баланы оқуға дайындауда ата-анасымен бірлесе отыра жүргізеді. Оларға іс-әрекеттің мазмұны өзгерген кезде баланың мінез-құлқы да, ішкі психикалық өмірі де өзгеретінін және осы кезде баласына аса қажет екендігі түсіндірілуі керек.
Баланың мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс және бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден бір жолы - ата-ананың, мұғалімнің және психологтың бірігіп жұмыс істеуі. Бала балалық шақтан өзіне белгісіз, таныс емес дүниенің есігін ашқаннан кейін, баланың өмір сүру тіршілігін түбегейлі өзгертеді. Яғни, баланың мектеп өміріне еніп және өзінің әлеуметтік ортада «МЕН» дегенін қалыптастыра алып, жоғарыдан көріне алуы, баланың білімді, табысты және нәтижені игеріп кетуіне ықпал жасайды. Түйіндей келе, бұл баланың жеке тұлғасының қалыптасуы және ақыл-ойының, таным үрдістерінің дамуы болып табылады. Демек, баланы мектепке даярлау мәселесі өз өзектілігін жоғалтпайтын әлі де зерттеуді қажет ететін міндетті мәселелердің бірі болып қала бермек.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Нижегородцева Н.В.Шадриков В.Д. Оқушының оқуға психологиялық-педагогикалық дайындығы. – М.: Гуманит ВЛАДОС орталығы, 2001
2.Мектеп оқушысының белсенді шығармашылығын дамыту. А.М.Матюшкинаның редакциялық басшылығымен; - М.: Педагогика, 1991
3.Коломинский Я.Л., Панько Е.А Алты жасар балалардың психологиясы туралы мұғалімге көмек М.: Просвещение, 1988.
4.Бастауыш мектеп 2003ж, №11
Мектеп пен үйелменнің ынтымақтастығы
Нұралиева Эльмира-№240 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылы
Баланың – балылығын қидым дегенше,Даналығын қиясың.АБАЙ
Мектеп – өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі ролі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп еш уақытта үйелменнен, қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке автономиялық мәселе болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті үйелменмен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен табиғи байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік функциясы осында.
Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады.
Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формулалары көптеп саналады. Олар: ата-аналармен жұмыс; сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің үйелменмен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осы жұмыстардың барлығына мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.
Тәрбие жүйесінде, әсіресе, жеке адамның жоғары моральдық қасиеттерін қалыптастыруда, адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын дамытуда қоғамдық тәрбие институттарының алатын орны ерекше. Олардың ынтымақтасып істейтін жұмыстарының негізгі бағыттары: педагогикалық ұжым, ата-аналар комитеті тәрбие жұмысының жоспарын жасап, оны басшылыққа алады.
Үйелмен бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Үйелмен белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан үйелмендік өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.
Үйелмен тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Өкімет үйелменге үнемі қамқорлық жасауда.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына 2005 жылы 18 ақпан күнгі Жолдауында былай делінген:
Биылғы жылдан бастап, біз іс жүзінде әрбір отбасының мүддесіне игі ықпалын тигізетін 2005-2007 жылдарға арналған әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету бағдарламасын іске асыра бастадық.
2006 жылдан бастап, диспансерлік есепте тұратын және амбулаториялық деңгейде жеңілдік шарттары қолданылатын балалар мен жасөспірімдерді дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етуге көшуіміз керек.
2006 жылдан бастап асыраушысынан айырылған 247 мың отбасына 300-ден 1000 теңгеге дейінгі сомада қосымша қолдау жасау қажет.
Үйелменде басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн тәртібі, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Балалардың күн тәртібі И.П.Павловтың іліміне негізделеді. Ол жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуінің қажет ететіндігін көрсетті.
Күн тәртібін сақтау негізінде мидың үлкен жарты шарының қабында шартты рефлекстер жүйесі (динамикалық стереотип) пайда болады.
Сонымен, дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді, дағды әдетке айналады, ол әдет келешекте бала қажетін қанағаттандырады.
Үйелменде балалардың тәрбие процесін табысты ықпал жасауда басқа да жағдайларды сипаттайтын белгілерді атауға болады. Оларға мына мәселелер жатады.
Үйелменнің этикалық құрамы және құрылым: толық емес үйелмен, бір ұлттық, көп ұлттық үйелмен.
Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: үйелмен мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл-ауқаты, селолық және қалалық үйелмен.
Үйелменнің мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті.
Ішкі үйелмендік қатынастар микроклиматының сипаттамасы, үйелменде көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, үйелмен мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы.
Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы.
Үйелменнің тәрбиелік потенциялы: үйелмендік тәрбие, қолданылатын әдістер, ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі.
Біздің халқымыздың үйелмен жағдайында жас ұрпақ тәрбиесіндегі жетекші буын ата мен әже іс-әрекетінің төңірегіне шоғарланған. Себебі, үйелменде әке-шеше негізгі еңбек иелері, үйелмен, қажеттілігін қамтамасыз етушілер. Ал, ата мен әженің өмір тәжірибесі өз дәрежесінде даналық ақыл-ойдың, орынды дүниетанымының, талғамның, денсаулық бағбанының, орынды тәртіп пен мінез-құлықтық мектебі болып табылады.
Қорыта айтқанда, күнделікті ертемен маңдайынан ата иіскемеген, әже бауырының жылылығын сезбей өскен бөбектің рухани жан дүниесіне нұқсан келе береді.
Өскелең жас ұрпақ қазақ шаңырағаның берік болғандығын өмірінің арқауы еткені, аға ұрпақ дәстүрінен аттамағаны жөн.
Сорос - Қазақстан қоры – қоғамдық, үкіметтік емес, қайырымдылық ұйым. 1995 жылы 28 шілдеде Қазақстан Республикасының қоғамдық қорларын тіркеу заңдарына сәйкес ҚР Әділет министрлігінде тіркелген. Сорос-Қазақстан қоры Ашық қоғам институты қайырымдылық ұйымының ұйғаруымен құрылған. Басқарушы атақты халықаралық қаржыгер және филантроп Джордж Сорос.
Соростың білім беру орталығы Отбасының оқу-тәрбие ісіне қатысы жайында тоқталайын.
- Ата-аналар – өз балаларының алғашқы ұстаздары мен адвокаттары.
- Олардың педагогикалық процестерді жоспарлау мен ұйымдастыруға қатысулары балалар мен ата-аналардың өздері үшін де айрықша маңызды.
- Сабақ, бірлесіп өткізілген семинарлар, сұхбаттасу, үйлеріне бару, ақпараттармен алмасу арқылы тығыз қарым-қатынас орнатуға атсалысады.
Егер оқушы баламен барынша тығыз байланысы бар адамдар тарапынан қолдау табатын болса, сабақтар, тәрбие жұмыстары әлдеқайда зор құндылықтарға ие болады. Әңгімеде баяндалатын қандай да бір өмірлік оқиғаны талдау кезінде оны туыстарымен, көршілерімен, таныстарымен өзара қарым-қатынасы бар біреудің отбасына апарған жөн. Оқушыларға тақырыпты ата-аналарымен немесе достарымен талқылауға ұсынуға болады.
Қоршаған шынайы өмірмен тығыз байланыс жасамайынша сабақтың тақырыбы тек теориялық тұрғыда қалып, өмірдегі өзгерістерді шынайы жеткізе алмайды.
Мектеп пен үйелменнің ынтымақтастығы мектеп пен оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата-аналарды, барлық жұртшылықты қатыстырады.
Мектеп пен үйелмен ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Мектеп пен үйелмен байланысының басты формасы ата-аналар жиналысы.
-Ата-аналар жиналысын түрлендіру.
-Күн тәртібін плакатқа жазып қою.
-Жиналыста сұрақтар қойып, папкаға тігу
-Пән мұғалімдерін қатыстыру.
-Балалардың папкаларын ата-аналар жиналысында көрме етіп қою.
Байланыс формаларының бірі – мұғалімдердің оқушылар үйіне баруы. Мақсат: оқушылардың үй жағдайымен, күнделікті өмірімен, тұрмысымен танысу.
Мектеп пен үйелмен ынтымақтастығының тағы бір формасы – педагогикалық насихат, яғни ата-анаға педагогикалық білім беру.
Ата-аналармен пікірлесу.
1.Биылғы оқу жылы сіз балаңыздан қандай нәтиже күтесіз?
2.Балаңызбен бірге көбінесе немен шұғылданғанды ұнатасыз?
3.Сіздің балаңыздың өмірінде ерекше толқулар, қобалжулар болды ма? Ол туралы не айтқыңыз келеді?
4.Балаңыздың қандай қасиетін мақтан етесіз?
5.Балаңыз қандай ойындарды,қайда ойнағанды ұнатады?
6.Балаңыз қатты ашуланып, қатты ызаланғанда қандай болады және қалай жұбатасыз?
7.Сынып және мектеп өміріне қалай қатысқанды қалайсыз, оқу-тәрбие процесіне қандай өзгеріс енгізер едіңіз?
Ата-аналарға өсиет:
-Өзіңіздің балаңыздың дәл өзіңіздей немесе дәл ойыңыздағыдай болғанын күтпеңіз.
-Баладан жасаған еңбектеріңіз бен қызметтеріңіздің барлығына ақысын талап етпеңіз. Сіз оған өмір бердіңіз, ол басқаға өмір сыйлайды, келесі кейінгі ұрпаққа, солай өмірдің қайырымдылық заңы жалғаса бермек.
-Ашу-ызаңыздың барлығын балаларыңыздан алмаңыз, қаталдық пен қатыгездіктің арасын дұрыс түсініңіз. Не ексең соны орасың – мақалын үнемі жадыңызда ұстаңыз.
-Оның проблемаларына жоғарыдан қарама: өмір ауыртпалығы әркімге өз деңгейінде берілген, бала ауыртпалығы өз шамасына лайық.
-Ешқашан кемсітушілікке жол берме
-Баланың жағдайын толық жасау қажеттілігін естен шығармаңыз
-Балаңыздың жағдайын жан-жақты қамтамасыз ете алмаған жағдайда өз-өзіңізді кінәламаңыз, қатты мұңаймаңыз.
-Өзгелердің балаларын жақсы көре біл, оларға өз балаңызға тілемейтін және жасамайтын қылықтарды жасамаңыз.
-Өз балаңызды қандай болса да сүйе біліңіз: талантты-талантсыз, ақылды-қыңыр, сүйкімді-сүйкімсіз, пысық-бос т.с.с. баламен қарым-қатынаста қуана біл, өйткені бала-сіздің өміріңіздегі үлкен мереке.
Біріккен Ұлттар Ұйымында 1959 жылы 20 қарашада өткен Бас Ассамблеясы баланы қорғау және әл-ауқатын жақсартудың 10 негіздеуші қағидасынан тұратын Баланың құқықтары туралы Декларацияны жариялады. Бірақ, уақыт өте келе қоғамның дамуы Конвенция жобасын дайындау қажеттілігіне көз жеткізді.
Баланың құқықтары туралы Конвенцияның, негізгі ережелердің қысқа бейресми мазмұндамасынан үзінді келтірейін.
-Мемлекет ата-аналар мен кеңейтілген отбасының баланы дамушы қабілеттеріне сай тәрбиелеудегі құқықтары мен жауапкершілігін құрметтеуі тиіс.
-Ата-аналар бала тәрбиесінде негізгі жауапкершілікті бірлесіп атқарады, ал мемлекет оларды қолдап отыруы тиіс. Мемлекет ата-аналарға бала тәрбиесінде тиісті көмегімен көрсетіп отыруға міндетті.
-Білім беру жеке тұлғаның дара, ой және дене қабілеттерін барынша дамытуға бағытталуы тиіс. Білім беру баланы еркін қоғамдағы белсенді өмірге дайындап, өз ата-анасын, мәдени өзгешеліктерін, тілін және мәдени құндылықтар, дәстүрлерді және т.б. құрметтеуге тәрбиелеу қажет.
Қорыта айтқанда, мектептің, үйелменнің, бүкіл халықтың және мемлекеттің негізгі мақсаты қазіргі заманның талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу.
Міне, осы тұрғыдан тәрбие бүкіл жұртшылықтың және мектеп, ата-ана, мемлекет ісі болып отыр.
Пайдаланылған әдебиет:
«Педагогика» Ж.Қоянбаев , Р.Қоянбаев 2000ж Алматы
«Тәй-тәй Қызылордада» Ұ.Есмаганбетова 2004ж Қызылорда
Мектеп және ата-ана
Нәлдібекова Ұлжан №193 мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Байкенже ауылы
Оқушының оқу еңбегі – оңай әрекет емес. Оның оқығанының көңілге тоқылуы, көп жағдайда, көмекке байланысты. Көмектің де көмегі бар. Мәселе оның оқу еңбегін дұрыс, ғылыми негізде ұйымдастырып, өз бетімен оқи білуге төселдіруде.
Әрбір шәкірт 1 сыныптан бастап өзіне тән, тұрақты оқу орнына дағдылануы қажет. Мұны ешбір басқа қажеттіліктермен салыстыруға да болмас. Әрине, осы орында аумай, бір мезгілде, сабақтан басқа ешнәрсеге алаңдамай, оқуы үшін барлық қолайлы жағдайларды жасау – үй ішіндегі үлкендер үшін жауапты міндет.
Бастауыш сынып шәкірттері үшін оның сабаққа даярланатын бөлмесінде әріп үлгілері, көбейту кестесі, өлшем кестелері, тиісті кітапшалар сияқты құралдар көрнекі орындарда болуы шарт, ал ортаңғы сынып оқушылары үшін – жер шары карталары, глобус, әр сыныптың бағдарламаларына сай көркем әдебиет басқа да көрнекі, көмекші құралдар артық емес.
Әдетте, адам өміріне үйде де, түзде де өзіне қажетті нәрселері белгілі жерде сақталуы тиіс. Керегі дер кезінде іздептей табылуы – үлкеннің де, кішінің де көңіл күйінің күйлі болуының шарты.
Бастауыш сынып оқушысының сабаққа даярланатын белгілі орны, үстел, орындығы, кітап сөресі, оқығанда, жазғанда сол жағынан түсіп тұратын жарығы болуы – айнымайтын қажеттілік. Белгілі бөлмесі, бұрышы, орны бар оқушы күн тәртібін көрсетілген уақытта өзі келіп, оқуымен алаңсыз айналысады. Ол өзіне керегін басқа жақтан іздестіріп, әуре болмайды, бар құралы қол астында, көз алдында болғаннан кейін уақытын үнемдейді.
Мұндай жағдай оқушыны тәртіптілікке, еңбекке, инабатқа үйретеді. Өйткені ол өзінің оқу орнын тәртіпті, таза ұстауға тырысады, сол үшін еңбектенеді.
Әрине, балаға белгілі орын арналса да ол тұрақтылыққа бірден бастыға қоймайды. Ол үшін алғашқы шақтарда ата-ана, үй ішіндегі үлкендердің бақылап, басқаруын қажет етеді. Сабақ оқитын бөлме маңында у-шу болдырмау, оқушыны алаңдататын басқа да әрекеттер жасатпау қажет. Баланы жатып оқудан, түрегеліп тұрып жазудан, сабақты ойына келген уақытта даярлаудан, оқып отырып ойына түсіп кеткен ермекпен айналысудан, тағы басқа сондайлардан сақтандыру керек.
Оқушының оқу еңбегіне төселуіне кітапқұмар болуының орны өзгеше, осыған орай оқушының шағын да болса, өз кітапханасы болуына зер сала көмектесу қажет. Әр сыныптың өз дәрежесіне сай оқуға тиісті кітаптары бар. Ол жөнінде сол сыныптың мұғалімімен пікірлесіп, алатын кітаптардың авторын, атын біліп алған жөн. Балаға өзі сүйетін кітабын сыйға тарту да қандай ғанибет.
Оқушыны кітап оқуға төселдірудің алғашқы адымы – оқып шыққан кітап туралы, мазмұны, басты кейіпкерлері, олардың арасындағы қайшылықтар мен сүйсінер қарым-қатынастар ата-ана әңгімесінде өз орнын табар болар.
Жасыратыны жоқ, бірталай бастауыш мектептерде оқушылардың оқу мәдениеті өте төмен – ежелеп оқу, дауыс, үн ырғағын сақтау, тыныс белгілерін елемеу, буындарын анық айтпай, жалғауларды «жеп» қою, жаңа жолға қарамау, тыңдаушыларды жалықтыру жиі кездеседі. Ондай «оқырмандар» не оқып шыққанын өзі де түсінбейді, өзінің де, өзгенің де қымбат уақытын зая кетіреді, не айтып, не жазып мандытпайды. Ондайды болдырмау үшін әдебиетті алғаш оқуға кіріскеннен бастап үйде де, мектепте де оқу мәдениеті үшін бірыңғай талап қойылуы тиіс.
Жазуға, сөйлеуге, оқу мәдениетіне дағдыландыруда үйірмелер, қол еңбегі, ерікті көркемөнерпаздар топтары, бұқаралық жұмыстар атқарар істерде шек жоқ. Бастауыш сынып оқушылары үшін әсіресе, ертегі айту, өлең, тақпақ жаттау, көркем шығармаларды рөлдерге бөліп айтқызу, саяхат, экскурсиялардан қайтқаннан кейін, көрген-білгендерін әңгімелеу, хат, мақала жаздыру, өз ойларынан шығарған әңгімелерін жаздырту сияқты жұмыстардың ықпалы болатынын көптеген озат мектеп өмірі көрсетіп келеді.
Оқушы жүрегіне ұшқын тастау, биікке талпындыру, қияға қанат қақтыру, асқақ арманға баулу – мұғалімнің міндеті. Оны ата-аналардың қатысуынсыз жүзеге асыру қиын. Өйткені, оқушылар өздерінің күнделікті уақыттың 4-5 сағатын ғана мектепте өткізеді. Ал қалған мезгілде жанұядағы ата-аналарымен бірге болады. Сондықтан тәжірибелі мұғалімдер оқу жылының алғашқы күнінен бастап, оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыс жасайды.
Ата-аналармен мұғалім жүргізетін педагогикалық жұмыстарының тәсілдері көп. Соның ішіндегі жиі қолданылатыны ата-аналармен сынып жиналысын өткізу. Онда жасалатын баяндаманың тақырыбын мектеп басшыларымен, бастауыш сынып бірлестігі жетекшілерімен, ата-аналар комитеті төрайымымен алдын ала ақылдасып алады. Баяндаманы өзі жасайды немесе ата-аналар арасынан тәжірибесі мол біреуге жүктейді. Ата-аналар жиналысын өздерінің балалары оқитын сынып бөлмесінде өткізеді. Парталарға оқушылардың дәптерлерін және басқа жазу жұмыстарын қояды. Ата-аналар өз балаларының күнделікті жұмыс орны – партаны қалай ұстайтындығын көреді, дәптерлеріндегі жазу жұмыстарымен танысады.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың түрлері туралы әңгімелескенімізде, ата-аналар комитетінің төрайымы А.Мәмбеталиева мынадай пікір айтты: «Ата-аналарға аса қажетті екінші бір әдіс – оларды мектепке шақыру. Мұғалім ата-анасын шақырғанда оқушыны жазалау мақсатында емес, оған көмектесуді көздейді. Біздегі ата-аналар мектепке баласының сабақ үлгерімі, оқуда кездескен қиыншылықтар, денсаулығы, тәртібі жөнінде кеңесуге келіп тұрады».
Мұғалім оқушының үйіне барғанда байқағандарын көңілге түйіп, оның жанұядағы жай-жағдайын біледі. Оқушының үйіне барғандағы мақсат – ата-анасына шағым айту үшін емес, керісінше оның жақсы оқып, үлгілі тәрбиеленуіне көмекшіні молайту. Әңгіме желісі сұрақ пен жауап түрінде емес, сырласу, ашық-жарқын жағдайда өтеді. Екі жақты тығыз байланысты шыңдауда оқушының күнделік дәптері пайдаланылады.
Жұртшылықтың мектеппен байланысын қалыптастыруда оларды кезекшілікке тартудың да үлкен маңызы бар. Мұндай жағдайда ата-аналар мұғалім еңбегінің қаншалықты ауыр екенін көреді. Жастарды оқытып, тәрбиелеудегі мұғалімдердің абыройлы жұмыстарымен танысады. Сөйтіп, ата-аналар мектеп ұжымының еңбегін қадірлеп, оларға әрқашан көмектесуге ынталанады.
Бұлар – мұғалім мен ата-аналар арасындағы байланыстың алғашқы түрі. Ол, шын мәнісінде, сан-салалы, жан-жақты жұмыс.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Тәлім-тәрбие хрестоматиясы» (С.Қалиев)
2. «Ата-ана педагогикасы» (В.А.Сухомлинский)
3. «Бастауыш мектеп» журналы 2005ж
4. «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» журналы 2009ж
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ
ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ
ӘКІМДІГІ
АУДАНДЫҚ БІЛІМ
БӨЛІМІ
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КЫЗЫЛОРДИНСКАЯ ОБЛАСТЬ
АКИМАТ
ЖАНАКОРГАНСКОГО РАЙОНА
ГОСУДАРСТВЕННОЕУЧРЕЖДЕНИЕ
РАЙОННЫЙ ОТДЕЛ
ОБРАЗОВАНИЯ
120300,Жаңақорған ауданы,Аманкелді көшесі н/с
Тел.: 8 (72435) 22-3-36
________ № _______
__________ № _______
120300,Жанакорганский район, улица Аманкелді б/н
Тел.: 8 (72435) 22-3-36
Облыстық білім басқармасына
Аудандық білім бөлімі «Нұр Отан» ХДП-ның марапаттауына мына төмендегі мұғалімдерді ұсынады:
р/с
Аты-жөні
мектебі
Еңбек өтілі
Пәні
санаты
жетістіктері
1
Мұсабекова Ботакөз Дабылқызы
№54
11
Бастауыш сынып
І
Республикалық «Мектептегі мерекелер», «Бастауыш білім» ,»Бастауыш сыныпта оқыту» жуналдары, облыстық «Оқушылар шығармашылығы» кітабына оқушыларының бірнеше өлеңдері жарияланды.
2
Төлегенова Гүлжаухар
Берденқызы
№168
10
Қазақ тілі мен әдебиеті
ІІ
Республикалық «Зерде» ғылыми жоба—2012 байқауы Алғыс хат, сертификат
Бөлім бастығының міндетін атқарушы С.Айтбаев
Оқу – танымдық әрекетінде қызығушылығы төмен оқушыларменжұмыс бағдарламасы
Мырзахметова Шайкүл-№256 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылы
Әрбір күні өзгеріске толы қазіргі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай болу, ертеңгі болашағымыз - жас ұрпақты саналы, білімді азамат етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор міндет жүктейді.
Білімді шәкірт бойына дарытатын бірден-бір тұлға - ұстаз. Ұстаз - ұрпақ тәрбиелеп өсіруші, қоғам сенген өкіл. Ұстаздық қызметтің қыры мен сыры мол, сан қилы және әр тарапты. Осындай жолды таңдаған әрбір ұстаздың алдына қойған мақсаты болады. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениетін арттыру - ХХІ ғасырдың басты міндеті.
Бүгінгі жас ұрпақ - ертеңгі ұлт болашағы. Ал, болашақ – ғылым мен техниканың шарықтау шыңы болса, сол болашақ қазіргі жас ұрпақ қолында. «Әрбір бала – бір жұлдыз , өзіндік жеке тұлға. Сол тұлғаны қалай қалыптастырсаң , қалай жарқыратсаң не өшірсең, ол сенің қолыңда . Сондықтан мүмкіндігінше , мұғалім әрбір оқушының жүрек кілтін тауып , аша білуі керек» - Ы.Алтынсарин Демек , мектептегі оқу үрдісіндегі қызығушылығы төмен оқушының оқу белсенділігін арттырып, білімге деген қызығушылығына жол ашу қажет.
Егеменді еліміздің жас ұрпағын ойлы да іскер , жігерлі де батыл, өзіне – өзі сенімді , интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен , әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.
Мектептегі басты тұлға-мұғалім, ал оқу процесінің негізі-сабақ. Демек, мұғалім әр сабақтың тиімді әрі қолайлы әдіс-тәсілдерін таба біліп, әр сабақтың білімділік, тәрбиелік,мәнін жете түсініп, әдістемелік жағынан дұрыс ұйымдастыруға міндетті.
Білім негізі бастауышта болғандықтан, бастауыш сынып мұғалімдерінің жүгі өте ауыр. Алдымызға келген кішкене бүлдіршіннің ертеңгі азамат болып қалыптасуы- үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Қай пәнді болса да оқушыларға түсінікті, қызықты және тартымды, күнделікті өмірмен байланыстыра өткізу -әдістеменің басты талабы.
Қазіргі оқыту мен тәрбие жұмысының негізгі міндеті- ұлттық мұраны мектеп өміріне кеңірек енгізу және келешектің нәрлі қайнарына айналдыру.
Мектепте әрбір сабақ өзіндік ерекшеліктерімен өлшенеді. Әрбір сабақты сапалы әрі саналы меңгерту үшін оқушылармен шығармашылық жұмыс жүргізудің мәні зор.
Материалды толық меңгертіп, пәрменді тәрбие беру мұғалімнің ынта ықыласына, тіпті қабілетіне байланысты. Сабақтың сапасын арттыру-оқушының сабақ үлгеру сапасын арттыру болып табылады.
Бала мектеп өміріне алғаш ене бастағанда онда мәнді психологиялық қайта өзгеріс болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарымен сенімді қарым-қатынас орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ұнталардың одан әрі дамуы және төменгі сынып оқушыларының оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты.Білім, іскерлік пен дағды ата-аналармен, құрбы-құрдастармен қарым-қатынаста, ойындар үстінде, кітаптар оқығанда және т.б игеріледі.
Оқушылардың кіріспе оқу-танымдық іс-әрекеті белсенділігін қалыптастыруда олардың қабілеттерін дамытуға, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етіп, ізденіс, талабын ұштауға білім деңгейін жетілдіәрудің маңызы ерекше. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті-күрделі прцесс. Ол іс-әрекет мақсатын , мазмұны мен қорытындысын, түрлері мен әдістерін , мотивтерін, деңгейлерін қамтиды.
Оқу-танымдық іс-әрекеті- шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттілікпен, мақсаттан таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл –амалдарынан тұрады.
Оқу үрдісі оқушылардың оқу-танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады, ал оқу-танымдық әрекеті негізінде балалардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенді танымдық іс- әрекеттің көздейтін мүддесі білімнің қоғамға қызмет ету қарқыныны үдету қажеттілігі негізде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуі болып табылады.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы мен қажетсінуін , белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдық, еріктік, сезімталдық, үрдістер мен мотивтері бірліәгі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалды , жеке қасиеттерін және кәсіби маңызды біліктерін дамытатын оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көздейтін жан-жақты оқу жұмысы.
Оқу-танымдық іс-әрекет күрделі үрдіс болғандықтан, мұғалім мен оқушының бірлесіп жасайтын тиімді, сапалы әрекетін керек етеді. Оқу-танымдық белсенділік оқушының оқуға , білуге деген ынта-ықыласының , құштарлығының ерекше көрінісі.
Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса , сонда оқушыларда ақыл-ой қабілеттерінің мынандай элементтері дамиды: зеректік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі
Алған білімін өмірде қолдану , таным қабілетін арттыру , дүниетанымын кеңейту,
ішкі белсенділікке тәрбиелеу, өздігінен іздену, ой- қиялын дамыту,
Оқу-танымдық іс-әрекет оқушылардың негізгі іс-әрекеті болып табылатын күрделі үрдіс бола отырып, ол оқушы міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік, мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап , күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермекн сипатталады.
Мысалыға: Оқуға деген қызығушылығын жойып алмау, оқушының
талап-тілектері, сұраныс-мұқтаждықтары, оқушының бойында күш қуатына сендіру , ықыласын ояту, таңқалдыра білу, даналыққа ұмтылу, эстетикалық жетілдіру
Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оны үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасының ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделді.
Балаларға оқу- іс-әрекетінің белгілі бір жүйелігін егжей-тегжейлі және асқпай көрсету, олардың арасынан заттың сыртқы тілдік немесе ақыл-ой шеңберінде орындалатындарын ерекше бөліп көрсету керек. Бұл жерде заттың әрекеттер тиісті дәрежеде қорытындыланып, қысқартылып және игерілу ақыл-ой формасына келетіндей жағдай жасау маңызды. Егер тапсырманы орындауда оқушылар бәрібір қате жіберсе, онда ол не оларға көрсетілген оқу- әрекеттерін бақылау және бағалаудың толық еместігінің , не осы әрекеттердің нашар жүргізілгендігінің дәлелі.
Оқушының танымдық қызметін бағалап қолдау көрсету оңай жұмыс емес. Өйткені , бұл жерде мұғалім өзі білген нәрсені тек хабарлап , түсіндіріп қана қоймайды. Түсіндірілетін оқу нысанына оқушы болмысының селт етуін, яғни , оның қызығуын оятуға тырысады.
Егер оқушы қызықса, бұл не екен деп ерекше көңілін аударса
Оқылатын нысан оның алдында ерекше танымдық құндылық болып көрінеді. Өзі оған ұмтылады, барлық мүмкіндігін қолдануға тырысады.
Қызығу оқыту мен тәрбиелеу нәтижесі мына жағдайларда қалыптасады.
Кез-келген қатынастық тұлға сапаларын дамытуға бағыттау
Тұлғаның өзіндік болмысын мойындау
Ілтипатпен зейін аудару
Өз қателігін мойындауды оптимальді тәсілін меңгерту.
Сабақта жағымды ахуалды жоғалтпау
Тұлғаға сенімді сезінуіне мүмкіндіктер туғызу
Тепе-теңдік қатынаста сақтау
Тұлға пікірімен санасу
Мұғалім мен ата-ана арасындағы байланыс
Адалдық пен мейірімді сезіну
Оқушылардыфң таным әрекетін ұйымдастыру формалары , құралдарын және әдістерін жетілдіру.
Оқу материалын сапалы түрде меңгерту
Қызығушылықты арттырудағы артықшылықтар
Сабақтың тұлға тіршілігімен үндестігін орнықтыруы
Дене және гигиена талаптарын орындалуы
Сабақтың пән аралық байланысы
Уақытты тиімді пайдалану
Үй тапсырмасын беруде бейіндік талаптардың орындалуы
Дидақтикалық қызметі
Жас ерекшелігін ескеру
Сабақты оқыту және дамыту
Оқушының оқу үрдісіндегі іс-әрекетті оқу –танымдық сипаттама болады. Оқытудың нәтижелілігі мұғаліммін оқу үрдісін оқушының танымдық іс-әрекеттің негізгі заңдылықтары сәйкес ұйымдастыруы негізінде анықталады.
Сабақтың теориялық және практикалық міндеттерінің орындалуы
Оқыту әдістерінің бірегейлі орындалуы
Сабақтың оқыту , дамыту жолдары
Тұлғаның жас ерекшеліктерін ескеру
Қарым-қатынастың шынайылылығы
Оқушылардың электронды біліктілігі
Сабаққа дайындығы
Оқу материалдарын саналы түрде меңгерту
Көрнекіліктердің тұлға дамуына негізделіп жасалуы, эстетикалық әсер
Қызығушылықты арттырудағы артықшылықтар
Сабақтың тұлға тіршілігі мен үндестігін орындауы
Дене және гигиеналық талаптардың орындалуы
Сабақтың пәнаралық байланысы
Уақытты тиімді пайдалану
Үй тапсырмасын беруде бейімдік талаптардың орындалуы
Басқа мамандықтағы қызметкерлерге қарағанда , мұғалімнің өз білімі мен жұмыс істеу әдістемесін жиі жаңғыртып отыруына тура келеді. Сондықтан ол түрлі жұмыстарын орындалуын әдіс-тәсілдермен және әдістемесімен таныс болу керек. Мұғалімнің басты міндеті - балаға тек білім беріп қана қоймай , олардың жаңа қалыптасып келе жатқан ой санасын дамыту арқылы ойы алғыр , танымы жоғары ізденімпаз оқушыны даярлау.
Тұлға мен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынас
Кез-келген қатынастық тұлға сапаларын дамытуға бағытталуы
Адалдық пен мейірім , көңіл мен таза сезім иесі болуға ұмтылу
Тұлғаның өзіндік болмысын мойындау
Тұлғаға құрметпен қараау
Тұлғаға ілтипатпен зейін аударатындығын сезіндіру
Өз қателігін мойындаудың оптимальды тәсілін меңгерту
Сабақтың өне бойында жағымды ахуалды жоғалтып алмау
Тұлғаға сенімді сезінуіне мүмкіндіктер тудыру
Тепе-теңдік қатынасты сақтау
Тұлға пікірімен санасу
Тұлғаның өзіне емес , кәсібіне ескерту
Қателігін жұқалап жеткізу
Ойын дәлелдеуге мүмкіндіктер тудыру
Тұлғаға сенімсіздікпен , күмәнмен қарамау
Әзілді ұтымды пайдаланып отыру , тұлғаны да соған үйрету
Баланы салыстырмау, Елемегендей кейіп танытпау
Жекірмеу
Айғайлап құтын қашырмау
Сыныптастардың алдында беделін өсіруге тырысу
Өзгені сыйлы , өзін сыйлата білетіндей ету
Жеке тұлғаға қатысты білім беру әлеуметтік орта және қоршаған орта кеңістігі нәрселердің ықпалы арқылы ұйымдастырылады. Оқу -танымдық әрекетте мына жоба бойынша жұмыстар жүргізу тиімді.
Р/с
Тұлға әрекетінің даму сапалары
бағасы
1
Тұлғаның сабаққа іштей дайындығы
2
Көңіл-күй , ерік-жігері , ықылас- ынтасы , пәнге көзқарасы
3
Сабаққа белгіленген міндеттерді орындауы
4
Мұғалім ақпаратын қабылдауы , өз бетінше іздену
5
Берілген тапсырманы орындау ынтасы
6
Пәндік қиындықтарды шешуі
7
Өмір сүруге қажетті ақпаратты білуге ұмтылысы
8
Жазу, ойлау, сөйлеу мәдениеті
9
Алған ақпараттарын қорытынды түюі, әсерленуі
10
Дүниетаным мен жан саулығы, Өзіне сенімі , жағдаяттан шыға білуі
11
Өзіне және айналасына пайдалы шешім қабылдауы
12
Жан-жақты мүмкіндігі
13
Өз ойын іске асыру талабы
14
Саналы шешімді қабылдау тездігі
15
Өз іс-әрекетіне басшылық пен талдау жасау
16
Сыныптастарымен , мұғаліммен қарым-қатынасы
17
Көзқарасымен пікірін дәлелдеулері , табандылығы
18
Нәтижеге байланысты қорытынды жинақ бағасы
Оқушы педагогикалық үрдісте өзін-өзі тани білетін, өз бетімен білім алып дамитын тұлға ретінде , ал ұстаз тек нұсқауларды іске асырушы және басқарушы субьект ретінде қарастырылады.
Ұстаз оқушының білім алуға ұмтылысын қолдаушы , демеуші рөлін атқарады. Оқушыға ыстық ықылас танытып, оның жүрегіне сүйіспеншілік нұрын себеді. Білім алуға деген талпыныс ешбір зорлықсыз , сыртқы әрекетсіз жүзеге асады. Өзінің оқып меңгеруге тиісті нысандарын зерделеуге құлшыныспен ұмтылдырады. Зорлықтың орнын қажеттілік басқандықтан , ол оқушыны белгілі бір нәтиже үшін алға жетелейді.
Өзіне қатты әсер еткен ұстазға деген сүйіспеншілік пен мақтану сезімі оқушыны рухани байытады , өзін мектеп аясында еркін сезініп, өз сыныбының дәстүріне беріліп, оны сыйлау, құрметтеу сезімін білдіреді.
Педагогика ғылымының кандитаты К.Құдайбергенова « жеке тұлғаға бағытталған технология мақсаты барынша баланың өзіндік тәжірибесін анықтау, жетелеу, пайдалану, баланың танымдық қабіәлетін дамыту, алдын-ала белгіленген қасиеттерді қалыптастыру емес, өзін-өзі тануға, анықтауға , жүзеге асыруға жағдай туғызу» ждеп атап көрсетеді. Әрине, бұл келісуге болатын пікір. Оны іске асыратын жаңа типте дамыған, заманның өскелең талабына сай ұстаздар. Яғни, ол тар аядағы кәсіптік, бағдарламаны орындаушы ғана емес, сол кәсіптік, , пәндік бағдарламаны бүкіл білім жүйесіндегі дүниетанымдық тұлғалық , психологиялық орнына сай жарқырату, оны оқушының сана-сезіміне бүкіләлемдік бір тұтастықтың маңызды бөлшегі ретінде жеткізу.
Ақпараттар мен әр түрлі мәдени үрдістің куәсі болып отырған ХХІ ғасырдың балалары - өте ақылды балалар. Өйткені , олардың бітім болмысында адамзат жүріп өткен ұзақ тарихи жолдың құнарлы дәстүрлері мен осы заманның озық технологиялары өзара ұштасып, бір-бірі мен терең қабысқан. Сондықтан қазіргі балалардың талап-*тілегі жоғары, талғамы биік, сол биік деңгейден әруақытта өз қадір-қасиетімізбен көріне білуіміз қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер
Құдайбергенова К.С «Жеке тұлғаға бағытталған білім парадигаммасына практикалық көз қарас. Білім берудегі менеджмент» (2005 )
Бастауыш сыныпта оқыту (2010 №1,8)
Бастауыш мектеп (2007 №5,6)
Қазақ тілі мен әдебиеті (2009 №1)
Қазақстан мектебі (№12 2006)
Ел рәміздері құрметтеуге тәрбиелеу жолдары
Мырзаметова Ақмарал-№110мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған қонысы
Ұрпақ тәрбиесі қашаннан әз мәнін биік ұстайды. Сондықтан қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу -білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты.
Қазіргі таңда тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстап азаматтарына жан-жақты өнегелі тәрбие беру қоғамымыздың алға қойып отырған басты мақсаттарының бірі.
«Отан – отбасынан басталады» дейді халық даналығы. Демек, бала тәрбиесі – отан мен ел мүддесі. Бүгінгі өскелең ұрпаққа ғаламдастыру дәуірінде өз халқының төл мәдениеті тілі мен салт-дәстүрін әр оқушының бойына сіңіре отырып, отансүйгіштікке баулу қазіргі тәрбие жүйесінің өзекті мәселесі.
Егеменді еліміздің болашағы жас ұрпақты шыңдап өсіру, білікті азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ету – бүгінгі таңда ең басты мақсат болып табылады.
Өйткені еліміздің болшағы жас ұрпақ – ұлттық сана-сезімі оянған, адамгершілігі және рухани ойлау дәрежесі жоғары дамыған, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол салауатты бойында патриоттық санасы, өз елі үшін мақтаныш сезімі қалыптасқан азамат болып тәрбиеленуі тиіс.
Осы мақсатты іске асыруда «Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің 2006-2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешінді бағдарламасы», «Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» және Қызылорда облысының білім беру ұйымдарында 2010-2015 жылдарға арналған «Тәрбие берудің стратегиялық бағыттары» кешенді бағдарламасын басшылыққа аламыз. Бұл бағдарламаларда саналы таңдау жасайтын және Отан, қоғам, өз отбасы игілігіне, жеке басына бағытталған дербес шешім қабылдай алу қабілетінен көрінетін азаматты тәрбиелеуді, берік адамгершілікке ие, солай бола тұра өзгермелі жағдайларға бейімделуге қабілетті және жаңа идеяларға зерек, үнемі жетіліп отыратын тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
Отан – бұл адамның ең қымбатты терең және күшті сезімін білдіреді. Отанға деген сүйіспеншілік, отан үшін барлық қиындыққа дайын болу, қоғамның дамуын да рухтандыратын қайнар бұлақ.
«Патриотизм – ғасырлар бойы жинақталған ең терең сезімдердің бірі. Отанға деген сезім болмаса патриот болу мүмкін емес. Біздің ата-бабаларымыз отанын сондай сүйіп, оны барлық жаулардан қорғап, бүгінгі ұрпаққа сый ретінде ұсынды десек болардай. Отанның гүлденуіне және оны қорғауға деген патриоттық сезім адам жүрегінде өмір сүрген, өмір сүре бермек. Бірақ патриоттық сезім адамда өзінен өзі не болмаса туа пайда болмайды.
ҚР азаматтары сондай ақ елімізде тұрып жатқан кез–келген адам мемлекеттік туды, Елтаңбаны, Әнұранды құрмет тұтуға міндетті.
Әнұран күн сайын мемлекеттік телерадио бағдарламалары басталғанда және аяқталғанда орындалады.
ҚР мемлекеттік Әнұранын көпшілік алдында орындалғанда міндетті түрде тұрып тыңдайды.Бұл–елімізге деген зор құрмет.
Әнұран мәтінін жаттап алып сол салтанатты жағдайларда қосылып айту әр бір азаматтың парызы.
ҚР Әнұраны бірлікке ынтымаққа достыққа қызмет етеді.Жастарды қайсарлыққа төзімділікке еліміздің тәуелсіздігін қорғауа шақырады.
Н.Назарбаев Біз тәуелсіздіке аңсап зорығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін ерекше қадірлеуіміз қастерлеуіміз керек деген.
Әрбір азамат Қазақстанның Туын Елтаңбасын Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет.Қазақ елінде тұратын және өз отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түкпірінде сақтап қашанда жадында ұстауы қажет.
Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.
ҚР туы ортасында шұғылалы күн оның ортасында қалықтап қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата туымыздың аспан көк болуы шексіз кеңдікті көрсетеді. тудың ортасында алтын күн халқымыздың азаматтық күні ол бүкіл әлемге нұрын шашып тұр.
Бүгінгі күні Мемлекеттік туымыз Біріккен Ұлттар Ұйымы ғимараттарының алдында, әр түрлі елдердегі елшіліктеріміздің маңдайшаларында желбіреп тұр. Оны ғарышкер ұшқышымыз Талғат Мұсабаев ғарыш кемесімен заңғар көкке көтерсе, ал альпенистеріміз 1995 жылы Эверест шыңына қадады және дене шынықтыру саласында көптеген спортшылар еліміздің туын көкке желбіретіп, қуантып жатқаны да белгілі.
Бәрі болған қазақ деген көне елде.
Ел белгі де, ерлік, өнер де.
Жаандағы ең жауынгер халықта.
Кім сенеді.
Ту болмады дегенге деп ақын Абзал Бекенов ағамыз айтқандай 1992 жылы 4 ші маусымда Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Туды сүйіп тұрып мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі сөнбесін деген. ҚР патриоттары мен азаматтарын тәрбиелеуде мемлекеттік рәміздерді, олардың маңызы мен мәнін, шығу және қабылдану тарихын жүйелі түрде және мақсатқа лайық насихатталу ісі ықпал етуі тиіс.Осы үрдісті оңтайландырудың құралы ретінде осы заманның тәрбиелеу технологиясын қолдануды көрсетуге болады.
Тәрбиелеу технолгияларын белгілі бір мінез– құлық дағдылары мен осы заманға сай ойлап түйсінуін қалыптастыру, әлеуметтік тәжірибе жинақтауды білім берудің сипаттамасы тұрғысынан қарастырар болсақ, ол педагог пен оқушылар қызметінің негізгі нәтижесі болып табылады.
Қазақстандық отан сүйгіштікке тәрбиелеу және біздің мемлекетіміздің рәміздеріне құрметпен қарау шараларының ерекшеліктерін ескере отырып,ойындар және лекция –әңгіме технологиясын пайдалану ұсынылады.
Ойын- бұл балалардың ерікті, табиғи қызметінің көрінісі. Мұнда қоршаған әлем жете түсініледі және зерттеледі, өзінің Менің, жеке шығармашылығы, белсенділігі, өзін-өзі тану, өзін-өзі таныту, өзін-өзі дамытуын айқындауға кеңістік ашылады.Ойын әлеуметтендірудің құралы ретінде қызмет атқарады: онда өзара жеке қатынастар, серіктестік, жолдастық мәселелері шешіледі.
«Ойын» және «дәріс-сұхбат» технолгияларын сабақтың келесі түрлерінде пайдалану ұсынылады:
Эстафета (бастауыш мектеп оқушылары үшін);
Диалог (орта буын оқушылары үшін);
Брейн-Ринг (орта буын оқушылар үшін);
Саяхат (орта буын оқушылар үшін);
Викторина (жоғары мектеп оқушылар үшін);
Әңгімелесу (жоғары мектеп оқушылары үшін);
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарымен таныстырудың өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызы өте зор. Мемлекеттік нышандардың көпмәдениетті Қазақстан халқының өмірі мен тығыз байланысты өз тарихы бар. Мемлекеттік нышандардың: әнұранның, елтаңбаның, тудың туу тарихын мәнін білу – балалардың, жасөспірімдер мен жастардың рухани-адамгершілік және патриоттық санасын қалыптастырады.
Соңғы онжылдықта жүзеге асырылған Қазақстандық білім беру жүйесін реформалау барысы азаматтық сана-сезімді, Қазақстанға борышкерлік сезімін дамытуға ықпал ететін жағымды қатынастар мен құндылықтарды, қоғамды жақсартуға өз үлесін қосуға дайын болуды қалыптастыруда Республиканың мемлекеттік нышандарының мәнін меңгерту жұмыстары мақсатты бағытталып, жүйелі жүргізілгендігін көрсетеді.
Жоғары азаматтылық және патриотизмді қалыптастыруды жүзеге асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында 2006-2011 жылдарға арнлаған тәрбиенің кешенді бағдарламасына» сәйкес көпмәдениетті жеке тұлғаны қалыптастырудың негізінде оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарымен терең таныстыру көзделеді.
Мектепке дейінгі мекемелерде және жалпы білім беретін мектептерде балалардың мемлекеттік нышандарды оқып үйрену жұмысын ғылымның негіздерін оқыту үрдісінде, бірінші кезекте гуманитарлық пәндер циклында, сондай-ақ сыныптан, мектептен тыс іс-шараларды өткізгенде жүзеге асырған жөн. Бұл жеке сыныппен, қатарлар сыныптармен мемлекеттік мерекелерге, айтулы даталарға, оқушыларды мектепті бітіруіне және т.б арналған жалпы мектептік іс-шаралар болуы мүмкін.
Салтанатты іс-шараларды өткізуде мемлекеттік нышандарды пайдалану ережесі заңдық күші бар, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Қазақстан Республикасы президенті бұйрығымен реттеледі.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік нышандарына құрмет сезімін тәрбиелеу, оның мәні мен маңызын түсіндіру мақсатты жан-жақты жұмыстарды білдіреді. Ол жұмыс оқу материалдарын балалардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, тиімді пайдалануды талап етеді.
Әсіресе, әр мектепте мемлекеттік нышандардың стандартқа сәйкес бейнелері болуы тиіс. Бұл атрибуттарды оны өндіруге рұқсат қағазы жоқ мекемелерден алуынуына жол бермейді.
Әрбір мектепке дейінгі мекемелерде, әр мектептегі оқу тәрбие үрдісін ұйымдастыру барысында тұрақты пайдалану үшін Әнұран жазылған аудио-бейне таспалар болуы тиіс.
Балалардың жас ерекшеліктері ескере отырып, Қазақстанның мемлекеттік нышандарын жүйелі түрде үйрету жұмыстары мектепке дейінгі мекемелерден басталады. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға мемлекеттік нышандар туралы алғашқы білімдер беріледі. Сабақтар ойын, ертеңгіліктер, бейнефильмдерді көру, байқаулар, т.б түрлерінде өткізіледі.
Әнұранның мәтіні мен әуенін ұжымдық үйрену, Қазақстан Республикасы Туы мен Елтаңбасының элементтерінің суреттерін салу әдістері тиімді болып саналады.
Мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың Қазақстанның мемлекеттік нышандары туралы білімі мен дайындық деңгецлерінің өлшемдері:
- Біздің елеміздің нышандарын көріп-тану дағдысы және оны басқа мемлекеттердің нышандарынан ажырата білуі;
- Әнұранның әнін естіп, тани білу дағдысы;
- Оның мәтінін мемлекеттік тілде білуі, топта және хорда айта білуі;
Бұл жас кезеңінде оқытудың аудиовизуальді құралдары: плакаттар, суреттер, кестелер, аудио-бейнетаспалар тиімді пайдалана білудің ролі үлкен.
Мектептке дейінгі жастағы балалармен жүргізілетін сабақтардың үлгі тақырыптары: «Сен Қазақсатан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білесің бе?», «Қазақстан Республикасы туының суретін салайық», «ҚР әнұранын жаттайық», «Қазақстан Республикасы елтаңбасы туралы айтып бер» және т.б
Бастауыш сыныптарда балаларды мемлекеттің нышандары туралы білімдері тереңдейді және кеңейтіледі. Оқу, тіл үйрену, бейнелеу өнері, музыка, және ән салу сабақтарында тақырапқа сәйкес материалдарды оқып үйренуде мемлекеттік нышандарға қажетті көңіл бөлінеді.
Бастауыш сыныптарда мемлекеттік нышандарды оқып үйренудің түрлері мен әдістері: әңгілемелер, тренингтер, сұрақ-жауаптар, байқаулар, ролдік ойындар, ертеңгіліктер, музыкалық мекемелер, жарыстар оңтайлы болып табылады.
Бұл жас кезеңінде төмендегілерге ерекше көңіл бөлінге жөн:
- Қазақстан Республикасы нышандарының суретін салу;
- Отан туралы, ҚР Ата Заңы, Қазақстанның мемлекеттік нышандары туралы әртүрлі әңгімелер өткізу;
- Шығармашылық байқаулар өткізу;
- Танымдық ролдік ойындар өткізу;
Бастауыш сынып оқушыларының дайындық деңгейлері және Қазақстанның мемлекеттік нышандары туралы білім деңгейлерінің өлшемдері:
- ҚР мемлекеттік нышандары авторларын білу;
- ҚР мемлекеттік нышандарының түсі, формасы, элементтерінің мәнін білуі;
- Қазақстан нышандары туралы білімдерін әртүрлі әңгімелер, сұрақ-жауаптар, ертеңгіліктер кезінде сенімді көрсете білу дағдысы;
- ҚР халқы үшін мемлекеттік нышандардың маңызын түсіне білуі.
Тақырыптардың үлгісі: «ҚР Елтаңбасы, Туы мен Әнұраны», «ҚР әнұранының авторлары туралы айт», «Елтаңбадағы бейнелеу элементтері нені білдіреді?», «Тәуелсіз Қазақстанның туы».
Аудиовизуальді құралдар: плакаттар, кестелер, суреттер, мемлекеттік нышандар бейнеленген аудио бейнетаспалар, әнұранның жазбалары және т.б
ҚР конституциясын және басқа да құжаттарды сабақтарда оқып үйрену келесі шарттардың орындалуына байланысты болады:
ҚР-ның конституциясын және басқа да ҚР мемлекеттік рәміздері туралы мемлекеттік құжаттарды оқыту арқылы оқушылар бойында мемлекеттік атрибуттар егемендік мемлекеттің әрі қарай бекуіне деген халықтың үмітін білдіреді деген қорытынды пікірлер қалыптастыру.
ҚР-ның мемлекеттік рәміздері туралы құжаттарды мұқият таңдау, мектеп бағдарламасына сәйкес олардың әр қайсысынан үзінді келтіру, берілген тақырыптың, сабақтың мазмұнымен байланысты болуы.
Оқушылардың ҚР-ның мемлекеттік нышандары мен байланысты негізгі ұғымдар «Ту», «Елтаңба», «Әнұран», қазақтың ұлттық рәміздер генезисінің пайда болуы тарихының маңызды беттерін оқып үйрету.
Геральдиканың тарихи, осы заманғы, болашақтағы қағидаларымен таныстыру.
Азамат патриоттың бойында жауапкершілік, құрметтеу, мақтаныш сияқты және т.б сапаларды тәрбиелеу.
Жалпы мәдени көзқарасын кеңейту, демократиялы қоғам өміріне саналы қатысуға ұмтылысын қалыптастыру.
ҚР-ның мемлекеттік рәміздері авторларының өмірі мен қызметін таныстыру.
Мемлекеттік рәміздермен таныстыру бойынша сыныптан тыс, мектептен тыс тәрбие жұмысының негізгі түрлері мен әдістеріне: әңгімелесу, сурет, плакат, шығармалар, рефераттар, эсселер, диспуттар, дебаттар және т.б жатады.
ҚР-ның рәміздерінің мәнін түсіндірудің мақсаттары мен міндеттері деп:
- Оқушыларды гуманизм заңдарымен өмір сүруге, ҚР мемлекеттік нышандарына құрметпен қарауға үйрету;
- Әңгімелесу, диспуттар, дебаттар барысында мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін қолдана білуге үйрету;
- Нышандарды дұрыс және сауатты суреттей білуге үйрету;
- Оқушыны рухани дамуы мен патриоттық қасиеттерінің дамуына ықпал ету;
- ҚР мемлекеттік рәміздерінің мәнін түсіндіру бойынша тренингтер өткізу;
- ҚР рәміздерінің мазмұны туралы білімдерін тереңдету саналады.
Өз тәжірибем туралы айтсам, күнделікті сабақ процесінде атап айтқанда, математика сабағында мемлекеттік рәміздерді насихаттау негізінде өткізілген ашық сабағымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың оқушыларға жазған хатын оқып өсиетімен танысып, елбасынан келген сый ретінде көк туды табыстадым. Бұл оқушылардың сабаққа деген ынта-ықыласын арттыра түсті. Мемлекеттік рәмізге деген сүйіспеншіліктерін оята отырып, әрі пәнге қызығушылықтары арта түсті. Ана тілі сабағында Елтаңбаның авторы жерлесіміз Ж.Мәлібекұлы мен сырттай «Сыр-сұхбат» бағдарламасын жүргізе отырып, оқушылардың елтаңба туралы, автор туралы түсініктерін бекіттім. Бұл жерде жеткен жетістігім, өз жерлестеріне деген мақтаныш сезімдерін оята білдім.
Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап өткізілген «Тәуелсіздігім - тірегім» атты сынып сағатында оқушылар мемлекеттік рәміздермен мемлекеттік нышандарды жатқа айтып, түсіндіріп, әр рәмізде берілген нышандарға түсінік бере отырып, өздерінің білімдерінің молдығын көрсете білді. Бұл оқушылардың өткен сабақтардан алған танымдық білімдерінің молдығын дәлелдей түскендей.
Қорыта келе, менің ұсынысым төмендегідей:
Оқушылардың Ата Заңымыз Қазақстан Республикасының Конституциясының негізгі бөлімдері мен, баптарымен таныстыру және білімдерін кеңейту, тереңдету мақсатында 1-4 сыныптарда 4 сағаттық, 5-9 сыныптарда 6 сағаттық, 10-11 сыныптарда 8 сағаттық жеке оқу пәндері негізінде «Конституция» сабақтары өткізілсе.
Оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімі мен оған деген құрметті күшейту, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді қалыптастыру және насихаттау мақсатында әртүрлі тақырыптарда сынып сағаттарын, сыныптан тыс жұмыстарды жиірек өткізсе. Атап айтсам, 1-4 сыныптарда «Еліміздік мемлекеттік нышандары», «Сен және сенің құқығың», «Біздің Ата Заңымыз», «Менің Отаным Қазақастан», «Мен тәуелсіз елдің азаматымен» атты пікір сайыс немесе ертеңгіліктер өткізіліп тұрса. «Менің ауданым. Менің көшем. Менің аулам» атты танымдық ойындар ұйымдастырылп өткізілсе, онда жас ұрпақтың қабілеті мен таланты ашылып шығармашылық ойлау қабілеті жетіледі, өзіне деген сенімі артады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің 2006-2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы. Астана 2006ж
ҚР азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана 2006
Білім беру ұйымдарында салтанатты іс-шаралар өткізу кезінде ҚР мемлекеттік нышандарын қолдану рәсімі туралы ереже.
Н. Назарбаев «Қазақстан – 2030» Алматы «Білім» 1997. 176 бет
Қазақстан мектебі ғылыми- педагогикалық журнал № 9 2003, №5-6, №9-10, №11-12 2005ж
Бастауыш мектеп – республикалық ғылыми – әдістемелік және педагогикалық журнал № 9,10 2005ж
Дамыта оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық құзыретін арттыру
Райымқұлова Индира Батырханқызы, -№51 М.Қаратаев атындағы орта мектеп мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауылы
Тәуелсіз еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Өркениет өзегі – білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – бастауыш мектеп. Ал бастауыш буынның негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін дамыту, адамзаттың асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру.
Мұндай жауапты міндеттің орындалуы, білім беру жүйесіне еніп отырған оқытудың жаңа технологияларын пайдалану арқылы жүзеге аспақ. Әрине жаңа педгогикалық технологиялардың түрлері өте көп, дегенмен де бастауыш мектептерде дамыта оқыту жүйесі ерекше маңызға ие болуда. Әсіресе Л.В.Занковтың, Д.Б.Элькониннің, В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы жан-жақты қолданылып жүр. Бұл жүйенің тиімділігі сол, оқушы белгіліден белгісізге қарай, жүйелі, сатылы түрде ілгерлей отырып дүниені тани бастайды.
Дамыта оқытудың басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы да ғылыми түрде жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, оның алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский. Ол алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
1. Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын
істері.
2. Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын
істері. Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады. Міне, осы кезде баланың бойындағы қабілеттерінің дамуы жүріп, танымдық белсенділігі артады.
Танымдық әрекет – шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл – ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады.
Танымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн Я.А. Коменский қалады. Ол: «Таным бастамасы – сезiмнен, бала сезiне бiлмесе, оның ой – өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек», - деп жазды.
«Мен өз шәкiртiмнiң әрқашанда өз бетiнше бақылауын, практикада өздiгiнен тұжырым жасауын дамытуды – бiлiм берудегi негiзгi жетiстiкке жету құралы ретiнде қарастырамын», - деген болатын.
Қазіргі заман талабына сай құзыреттілікке негізделген оқытуда мақсатқа жетудің жолы да осы танымдық белсенділіктен басталады.
Педагогикалық аспект тұрғысынан алғанда белсендiлiктiң үш түрiн көрсетуге болады:
ақыл – ой белсендiлiгi, интелектуалды және таным белсендiлiгi.
Ақыл – ой белсендiлiгi элементарлы iс – әрекеттен бастап шығармашылықтың күрделi түрiне дейiнгi барлық деңгейдегi нағыз әмбебап iс – әрекет шарты болып табылады. Ол түрлi модификацияларда көрiнуi мүмкiн:
- ынталандыру жаңалығынан туған зейiн белсендiлiгi және бағдарлы – зерттеу
iс – әрекетiне бағытталған зерттеу белсендiлiгi ретiнде;
- интелектуальды ынталандыру түрiндегi (Д.Б. Богоявленская) көрiнетiн тұлғалық
белсендiлiк ретiнде.
Ақыл – ой белсендiлiгiнiң орталық ядросын когнитивтi функциялар мен процесстер құрайды. Н.С.Лейтес «балалық шақтың әр кезеңi - белсендiлiк дамуының өзiндiк сапалы сатысы» деген қорытындыға келдi.
Интелектуальды белсендiлiк өзiндiк шарттарға сай ой әрекетi ретiнде түсiндiрiледi. Бұл терминнiң кең өрiс алуы, жиi қолданылуы Д.Б. Богоявленскаяның жұмыстарымен байланысты. оның пiкiрi бойынша, интелектуальды белсендiлiк интелектуальды және интелектуальды емес факторлардан көрiнетiн жүйенiң интегралды қасиетi болып табылады.
Танымдық белсендiлiк – жалпы танымдық белсендiлiк феноменiнiң маңызды саласы, оның негiзi ретiнде адамның ең маңызды қасиетi болып табылады: қоршаған әлемдi тек шындықтағы биологиялық және әлеуметтiк мақсатта ғана тану емес, сонымен қатар адамның әлемге деген ең мәндi қарым – қатынасымен, яғни оның алуан түрлiлiгiне енуге ұмтылуымен, санада мәндi жақтарын бейнелеуiмен, себеп – салдарлы байланыстар, заңдылықтар, қайшылықтармен түсiндiрiледi.
Осы белсенділіктің түрлеріне қарай отырып қорытындыласақ ақыл-ой, интелеллектуальды, танымдық белсенділік-шығармашылыққа жетелейді. Мұғалім осы үш белсендікті арттыруға ұмтылуы тиіс. Сонда ғана құзыретті тұлға қалыптасады. Менің ойымша «қүзыреттілік» пен «шығармашылық» ұғымы арасында көп алшақтық жоқ.
Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ бұл ББД-ның жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол оқушылардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ол, ең әуелі мектептегі оқыту үдерісінде қалыптасады.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрену керек. Шығармашылық жаңа-нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер денгейі. «Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару», «іздену», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Бұл оқушыларға дайын білім беруден гөрі оларды өзіндік жұмысқа тарту арқылы ашуға болады. Мен 1-сыныптың әліппе сабағында «Кім неден күшті?» деген тақырыпта төмендегідей тапсырмалар жүйесін жасап бардым.
1-тапсырма.
1. Қалып кеткен сөзді тап:
------------------------------ жүні қызыл екен,
2. Мәтіндегі ең еңбекқор
тіршілік иесі. -------------------------------------------------------------------
3. Сөйлем құра:
Күшті, сен, болдың,неден ? --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2-тапсырма
1. Қасқыр нені жейді?-----------------------------------------------------
2. Саған мәтіндегі әлсіздердің
қайсысы ұнайды?--------------------------------------------------------
3. Қатемді тап:
Қошақан қасқырдың құйрығын жеді:----------------------------------
-
3 –тапсырма
1. Мұзға барып құйрығын ауыртып
алған құс?-----------------------------------------------------------------
2. Тышқанның ала-жаздай жинаған
азығын таситын күшті кім?
--------------------------------------------------------------------------------
3. Қатемді тап:
Жалқау болғандықтан күштімін,- деген екен құмырсқа.
-----------------------------------------------------------------------------------
Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Бұл оқушының оқу-танымдық әрекетіндегі өзіндік қызметін анықтауына, өзінің бағдары мен өз іс-әрекетіне баға беруіне, іс-әрекет нәтижесін өзгемен салыстыруға мүмкіндік туғызады.
Әрине, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру, оған басшылық жасау – мұғалім үшін жауапты да, күрделі жұмыс. Оқушының өзіндік әрекетке белсенділігін арттыруға баулу әрбір мұғалімнің алғашқы міндеттерінің біріне айналуы тиіс.
Оқушылардың өзіндік әрекет дағдыларын қалыптастыруда бір-бірімен тығыз байланысты екі міндетті шешу қажет. Бірі – оқушылардың танымдық көзқарасын қалыптастыра отырып, дамыту, екіншісі - өзінің практикалық іс-әрекетін бағалауға, өзіндік қорытынды шығаруға, шешім қабылдауға баулу.
Өзіндік жұмыс терең де берік білім алу құралы бола отырып, оқушының азамат ретінде өмірден өз орнын табуға кепіл бола алады.
Әрине, оқу-тәрбие процесінде оқушы өзінің іс-әрекетін өз бетімен ұйымдастырып алып кете алмайтыны түсінікті. Бұл жағдай да мұғалім оқушының өзіндік жұмыс жасау кезінде бағыт-бағдар бере отырып, оқушыны мақсатына жеткізгені дұрыс. Жоғарыдағыдай тапсырмалар жүйесімен жұмыс жасауға дағдыланғаннан кейін, оқушылар өз бетімен ізденіске көшеді. Оның көрінісі:
- Оқушылар мұғалімге сұрақтар бере отырып шешуге тырысады.
- Бір-бірінен сұрайды.
Өз бетімен ойнап отырған бала өз бетінше ойлай да алады. Ендеше, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруды бастауыш сатыда-ақ қолға алуға болады. Өйткені баланың өзі шешкен , құрдастарымен біріге отырып шешкен мәселесі көбірек есте қалары сөзсіз.
Бұл үшін мұғалімге шығармашылық жұмыс керек. Жалпы «жақсы жоспар-жартылай біткен іс» дегендей мұғалім сабақта мақсат қоя отырып, мақсатқа жетуге ұмтылу керек. Өйткені мұғалім деңгейі оқушыларынаның бойынан көрініс табады.
1 . Сабақтың тақырыбы: «Қой» мәтіні. 32-33 жаттығулар.
2. Сабақтың мақсаты: БМ: Ассосиация әдісі, суреттерді пайдалана отырып
оқушылардың ойын қозғау арқылы сабаққа деген ынтасын
арттыру, оқу дағдысын қалыптастыра отырып, мәтінмен
жұмыс істей білуге баулу.
ТМ: Тапсырмалар арқылы оқушыларға жұмыс жасата отырып, алғырлыққа, тапқырлыққа, байқампаздыққа,көркем жазуға тәрбиелеу.
ДМ: Мәтін мазмұны арқылы оқушының ойлау,шығармашылық ойлау қабілеттерунін
дамыту, сана-сезіміне қозғау салу, шығармашылық жұмыс деңгейін көтеру.
3. Сабақтың көрнекілігі: суреттер,бүктемелер, сызбалар сызылған кесте.
4. Сабақтың әдісі: ой қозғау,кубизм,жетекші сұрақтар, проблемалық логикалық
тапсырмалар,
Дағ
ды.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Күтілетін
нәтиже.
Б
І
Л
І
М
Оқушыларды топтарға бөліп,тақтадағы сурет бойынша ойларын ортаға салуға,пікірлерін айтуға бағыттайды.
Мәтінді оқып береді,түсініксіз сөздерді
Оқушылармен біріге отырып белгілейді.
Түндік,уық,туырлық,
Оқушылар мәтінді тыңдайды, Түсініксіз сөздерді жазады.
Мұғаліммен біріге отырып сөздердің анықтамасын жазады.
Негізгі біліммен танысады.
Т
Ү
С
І
Н
У
Жетекші сұрақтар арқылы оқушыларды
әңгімеге тарту.
- Қой қандай мал?
- Қойдың сүйсініп жейтін шөбін ата?
- Қойдың қандай пайдасы бар?
- Жүнінен не жасалады?
- Киізді қайда пайдаланады?
Оқушылар мұғалімнің
сұрақтарына жауап береді,
ойлары мен білетіндерін айтады.
Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып,түсінеді.
Жаңа білімдермен танысады.
Қ
О
Л
Д
А
Н
У
32-жаттығу. Сөздерден сөйлем құрап жазу,сөйлемдегі сөздердің жуан дауысты дыбыстардың астын сызу.
33-жаттығу. Көп нүктенің орнына жуан дауыстылардың тиістісін қойып жазу.
Кубизм әдісі арқылы сұрақтарға жауап іздейді.
- Төрт түлік малды ата?
- Қойдың атаулары
- Қойдың жейтін шөптері
- Қойдың пайдасы
- Қой туралы мақалдар
1) Өріске ,мал ,жайылды
Мал өріске жайылды.
2) Шөп ,қозы ,жеді
Қозы шөп жеді
3.) Ішті,құлын,су.
Құлын су ішті.
4) Тасқа,лақ,секірді.
Лақ тасқа секірді
Ала қойым қоздады,
Ақ қошақан сүйкімді
Ол маған ұнады. Мен қозыға сүт бердім.
Оқушылар білетін білімін пайдалана отырып тапсырмаларға жауап береді. Білімін өмірде қолдануға үйренеді.
Т
А
Л
Д
А
У
Қойдың пайдасын талдау үшін сызбаны толтыру.
Қойдың пайдасы.
Оқушылар (топтар) қойдың пайдасы туралы ойларын жазып,
топ атынан біреуі қорғайды.
Қойдың адамзатқа пайдалы жақтарын топтарда бірлесе талдай отырып ойларын қорғай білу қабілеті қалыптасады.
Ж
И
Н
А
Қ
Т
А
У
Тақтаға ілінген плакат.
Не?
Қандай?
Қайтеді?
Не?
Қойдың жүнінен немесе сүтінен әлемде жоқ қандай зат жасап шығаруға болады?
Оқушылар түгел қатыса отырып бес жолды өлең құрайды.
Не? Қой
Қандай? Жуас
Қайтеді? Маңырайды,шөп жейді.
Не ? төрт түлік
Қой жуас.Қой шөп жейді. Ол төрт түлікке жатады.
Оқушылар өздерінің қиялдарын жазып,қорғайды.
Өздері білетін заттың жаңа қырларын іздейді және қиялдай отырып, жаңа нәрсе жасауға үйренеді.
Б
А
Ғ
А
Л
А
У
«Қой мәтініне» қандай баға бересіңдер?
Мәтін ұнады ма? Ұнаса несімен ұнады?
Қойға сипаттама беріңдер.Ұнайтын және ұнамайтын жақтарын жазыңдар.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, қойдың жақсы және жаман немесе өзіне ұнамайтын жақтарын жазады.
Өзері оқыған материалдағы айтылмаған ойларды іздеуге,шығарма
Шылық жұмысқа ұмтылады. Ізденімпаздыққа баулу.
5. Үйге тапсырма: «Қой » мәтінін оқып келу. Әлемде жоқ, әлі ешкім білмейтін қой мен
кәдімгі қойдың суретін салып келу және қорғау.
Оқушының танымдық құзыреттілігін қалыптастыру мұғалімнің жүйелі ұйымдастыруымен, нәтижеге бағыттауымен, тиімді жоспарлауымен, бірізділікпен орындалатын іс.
Бастауыш сыныптан бастап, оқушының өзіндік әрекетін ұйымдастыра білу дағдысын қалыптастыру ісінің бүгінгі күнгі білім беру мазмұнын жаңғырту процесінде мұғалімнің
іс-тәжірибесінен ерекше орын алатын анық.
Жаңа заман жаңа адамын талап ететін болса, ол адамның өмір сүру тәсілі өзіндік
іс-әрекетін ұйымдастыра білуінен бастау алады. Ол жас кезеңдеріне сәйкес өзгеріп, қалыптасып, жаңарып отырады. Сондықтан баланы өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыра білуге баулу өз бетімен өмір сүруге даярлаудың алғышарты болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Дербес оқу әрекетінің теориялық негіздері. Бастауыш мектеп. – 2001№4
2. Шығармашылық ізденістер. Бастауыш мектеп.-1996.- №2
3. Қ. М. Нағымжанова, Н.М. Нұрғазиева «Бастауыш білім берудегі жаңа технолгиялары»
Медия-Альянс 2005ж.
4.«Бастауыш мектеп» 2006ж. №3
5 . www.umnitsa.ru и www.karapuziki.kz
Оқу мен жазудың маңызы
Орынбасарова Ляззат -№247 орта мектептің мұғалімі, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бесарық бекеті
Менің негізгі алға қойған мақсатым сабақтың барлық кезеңдерінде оқушының белсенді танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, жаңаны қабылдауға оқушыны күні бұрын мақсатты даярлау, оқушының шығармашылық ойлауын дамыту, тірек, сөйлеу қорын байытуға көп көңіл бөліп жұмыс жасай отырып, баланы сауатты жазуға және оқуға қалыптастыру.
Мен «Оқу мен Жазу арқылы Сыни Тұрғысынан Ойлау» жобаға дейін оқытудың басқа әдістерін пайдаланып, сабақтар өткізгенімде көбіне өзім сөйлеп, берген сұрақтарына қысқаша сұрақтар алып, тіпті бір баланың жауабы дұрыс болмаса, екінші, үшінші баладан сұрап, кей бала елеусіз қалып, отыратын, уақытта жетпейтін. Бұл жобаның мені қызықтырғаны сол, баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Бұл бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім - өзі әрекетті ұйымдастырушы.
Бірінші сынып оқушылары біраз әріпті өткеннен кейін буындар жазылған көрнекілік қолданамын. Бұл жұмыстар әрі тез оқуға, әрі сөздік қорын молайтуға пайдасы көп немесе жеке сөздер суретімен неше әріптен тұратынын сөздер арқылы берілген заттың атын жазуға тапсырамын. Оқушының сөз байлығын, ой шапшаңдығын дамытып баулитын жұмыстар бірінші ертегі, әңгіме құрастыру, мақал-мәтелдермен сусындату. Аз сөзбен үлкен ой туғызатын, дүние танымын кеңейтіп, байқағыштығын арттыратын баланың ойын ұштар құрал-жұмбақ.
Тілі жақсы дамыған, бала ойын дәл жеткізеді, оқуды да ойдағыдай меңгереді. Тіл дамыту үш салаға бөлінеді.
А) Сөздік жұмысы
Ә) Сөз тіркесі
Б) Сөйлеммен жұмыс,байланыстыра сөйлеуге үйрету.
Енді осы бала тілін дамыта келе, жаңа жағдайға бейімдей оқыту қажеттілігі туындайды.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды меңгерту жолдары.
Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет-ақ. 1-4 сыныптарда қазақ тілін жаңа жағдайға бейімдей оқыту үш бөлікке бөлінеді.
1. Біріншісі-теориялық бөлік
2. Екіншісі-тәжірибелік бөлік
3. Үшіншісі-өзіндік жұмыс бөлігі.
SHAPE \* MERGEFORMAT
Бастауыш мектептегі оқытуды төменгі екі деңгей қамтамасыз етеді.
Оқушылардың жалпы білім беруге дайындығы ғылымдар негізін оқыту оқу жоспарының инвариантты бөлігінде анықталған оқу пәндер мен сағаттар көлеміне сәйкес жүзеге асырылады.
Оқушылардың жалпы даму дайындығы – ол үшін оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере отырып, шығармашылық дамыту мақсатында оқу жоспарының вариативті жүктемесін пайдалану ұсынылады.
Оқу қабілеттері жоғары дәрежеде болу үшін әуелі жазуға үйретеміз. Выготскийдің айтуынша балалар әріптерді алып олардан сөз құрауға, үйреткенмен, жазба тілге үйретілмейді.
Сонымен қатар бұл жерде айтып салу да ауқымды болып қалады.
Өкінішке орай, біз балаларды нағыз өмірді суреттеп сол туралы оқуға үйретпейміз, біз оларға оқу мен жазу ережелерін үйретеміз.
Сонымен қатар жазуға ерте кезде мектепке дейін үйрену керек. Мектепте үйрететін жазу өмірге қатысты, әрі мағынаға ие болып, арнайы бір жағдайларда үйретілуі керек.
Біздің жазу стратегиямыздың көпшілігі осы сипаттамаға сай келеді.
Кішкене бала тілі шықпай, қолына карандаш ұстайтын шаққа келгенде-ақ, түрлі сызықтар сыза бастайды. Ол бізге, яғни үлкендерге шимай сызық болғанымен бала үшін ішкі ойдың көрінісі, яғни бала ойын қолының қозғалысы арқылы көрсетеді.
Тілі шыға бастаған кезде бұл шимайлар мағыналы сызықтарға айнала бастайды. Бала ол сызықтарына ішкі ойлау арқылы мағына беріп, бара-бара ойын сыртқа тіл арқылы шығарып, сурет сала бастайды. Сурет сала отырып, сөйлеп отырады. Міне, осы ішкі психологиялық процесс арқылы балада табиғи тәсіл қалыптасады. Сонда табиғи тәсіл деп отырғанымыз әуелгі шимай, кейінгі суреттер салу – баланың ішкі ойының сыртқа шығу тәсілі. Бұл тәсілді бала мектепке дейін дамытып келеді. Осы тәсіл бала әріп танып, жазу дағдысын игергенге дейін, тіпті одан соң қолданылуы тиіс.
Әдетте, мектепке келгеннен кейін бұл табиғи тума тәсіл ескерілмей, жазуға үйретудің дәстүрлі әдістемелік жолы қолданылады. Балаға таныс емес, ол үшін жаңа тәсіл - әдістемелік жол оның даму динамикасын күрт басқа арнаға салып жібереді.
Бір ағаштың бұтағын кесіп, екінші ағашқа телігендегі жасандылықтың табиғи өсу қалпына түсіп кетуіне ұзақ уақыт пен күтім қажеттігіндей, жасанды шаралар, әдіс-тәсілдер баланың жазба тілін дамытуды кешуілдетеді. Баланың өзі білетін символикасын, яғни толық ойды білдіретін фразаларды суретпен бере алу қабілетін, басқа символдық (әріптік) жазуға бірқалыпты көшірмей, бірден көшіру бала дамуын тежеп тастайды. Әбден әріптерді үйреніп, сөздерді, сөйлемдерді жазып кеткенше, баланың табиғи тәсілін тоқтатып қойып, әңгіме жазар шақ келгенде, «ал енді әңгіме жаз» деген тапсырманың балаға қорқынышты болатыны осыдан.
Көп жылғы ресми экперимент нәтижелері «бұдан шығудың жолы – балаға жазба тіл дағдысын үйрету» деп тұжырым жасауға мүмкіндік берді.
Баланың табиғи тума тілін жетілдіре отырып, жазба тіл дағдысына үйрету.
Балаға жазба тіл дағдысын үйрету.
SHAPE \* MERGEFORMAT
Ішкі ойлау тәсілі Жазба тіл дағдысы 1. Символикалық жазу (заттың суретін салу арқылы жазу) Пиктограммалық 2. Символикалық жазу (сөздің, ойдың суретін алу арқылы жазу) Идеограммалық
«Баланы нағыз жазуға үйрету жазу дағдысын қалыптастырумен келмейді, заттардың суретін салудан сөз суретін салуға көшу кезеңі арқылы үйренеді».
Нәтиже сауат ашу кезеңі (1 – сынып) аяқталғанда, баланың сауатты жазумен, мәтінді саналы ауызша, жазбаша мазмұндай алатындығымен және кейінгі сыныпта шығарма жазуға психологиялық та, әдістемелік те жағынан жүйелі алғы шарттарды игерумен көрінеді.
Бүгінгі таңда әр баланы азамат етіп тәрбиелеу кім-кімнің де міндеті. Өсіп келе жатқан жас жеткіншектің бойында түйсік пен сезім сергек тартып, бұлаң қаққанда қанымызда бар намыс пен қайсарлықтың отын бала ойына жаға білсек, біздің азаматтығымыз сонда емес пе?
Бала бойында азаматтық пен адамгершілікті қалай ұштастырамыз? Оған қандай жолдармен жетуге болады?
Оған жетудің бірден-бір жолы және бала ойының дамуының ең маңызды бөлігінің бірі – жазу. «Жазу да оқытудың бір формасы, жазуды үйретуге оқумен бірдей назар аудару керек».
Осы орайда жазу дағдысын үйренгеннен соң оқудың үш түрі барын айтқым келеді.
1. Оқысада түсінбейтін.
2. Оқиды әрі түсінеді.
3. Оқу және тіпті жазылмағанның өзін түсіну.
Мұғалім ретінде біз жан-жақты тұлға тәрбиелеуді міндет етсек, қызығушылығы артқан оқырман тәрбиелеу. Оқу және тіпті жазылмағанның өзін түсінетін оқушылар дайындауымыз керек. Талдай отырып оқудың тәрбиелік мәні тереңдей түсетінін және де жеке оқыған бір бөлек, бір-бірінің пікірін тыңдай отырып оқу, оны толықтыру немесе қарсыласу арқылы өз пікірін дәлелдей отырып бірлесе оқу бір бөлек екенін балаға үнемі түсіндіріп отыру мұғалімнің міндеті.
Оқығанда қате түзеуге, оның немесе оның өзі қашан түзелетініне мән беру. Қайта-қайта түзетулер енгізумен өз қатесін түзегенін талдап сұрай отырып, оның келешекте дұрыс оқырман болуына жол көрсету. Сонымен қатар тіл мәдениетіне көңіл бөлеміз. Балалармен бірге дұрыс сөйлеуге дұрыс оқуға мән берсек деймін. Оқу процесін түсіну үшін және оны бала оқытуда қолдану үшін, оқушылардың әрі қарай дамуы немесе керемет оқырман дайындау үшін жұмысты күрделендіру керек!
Сонымен қорыта айтар болсам:
«Бала балқытылған алтын. Оны қандай қалыпқа құйып, нендей мүсін жасайтыны мұғалімнің қолында».
Ендеше бірден-бір тәрбиелейтін құрал кітап болғандықтан қалайда жеткіншектерімізге кітап оқытайық деген пікір айтқым келеді!
Осы жобада жұмыс істей жүріп менің зерттеулерім бойынша, оқушының мұғаліммен еркін сөйлесуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблемалық ситуациялардан шығу жолдарын ойлап, қиындықтарды шешуге бағытталады.
Жоба маған және оқушыларыма үлкен нәтиже берді.
SHAPE \* MERGEFORMAT
1. Балалар өз ойын еркін айтады. 2. Кітаппен толық жұмыс жүргізеді. 3. Әрбір сөзді, сөйлемді талдайды, өз ойын құрастырады. 4. Бір-бірімен араласады. 5. Көптің пікірін тыңдап, сыйлайды. 6. Салыстырады, талдайды, жинақтайды, пікір береді. 7. Шығармашылық қабілеті шыңдалады. 8. Танымдық белсенділігі артады. 9. Өз ойы, пікірі бар, өз ойын еркін айта білетін, кез-келген жағдайда сыни көзбен қарап, дұрыс шешім қабылдай алатын тұлға қалыптасады.
Пайдаланылған Әдебиеттер:
«Кәсіби даму мектебі» 2007ж.
Жұмабаев 1993 Педпгогика Алматы 1993ж
Елеукенов Ш Алматы 1990ж
Игенбаева Б, Жиенбаев Е 2000ж
Адамгершілік сабақтары Алматы.
12 жылдыққа көшу жағдайында мектепалды білім беруді жаңарту
Оңалбаева Дина –№51 М.Қаратаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда облысы,Жаңақорған кенті
Халқымыздың ежелден –ақ бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп,олардың парасаты мол,мейірімді,ақылды,еңбекшіл болып өсуіне бағыт-бағдар беріп отырған. «Бала балқыған қорғасындай ,қандай да қалыпқа құйюға болады»делінген,халықтың даналық сөздері де осыған байланысты туса керек.Тәуелсіз еліміздің еңсесін өркениетке жетелейтін ұрпақтың тәрбиесі бүгінгі күннің ең өзекті мәселерінің біріне айналып отыр.
Заман ілгері жылжыған,ғылым дамыған сайын бала тәрбиесі құрсақта жатқанынан басталатындығы анықталып отыр.Ендеше үзіліссіз тәлім-тәрбие үрдісінің түп тамыры,өзегі мектепке дейінгі тәрбиеден бастау алатынына ешкімнің де таласы жоқ.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арналған жолдауында « XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» дей келе кадрлар қорын жасақтаудың қажеттігін айтты.Сонымен қатар бұл мәселенің негізінің мектептен басталатынын , сондықтан да 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білімге көшудің керектігін айқын көрсетті .Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі – бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып,дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін,жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үлесімді дамуына ,жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына басталғаннан жаңа үлгіден мектеп құру болып отыр.
Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12жылдық мерзімге өтуімен ұштасып отыр.
Мәселен ,М.Жұмабаев мына пікірінде ой-тұжырымын кеңірек тарқатып көретін болсақ,бүгінгі күнгі көтеріліп отырған маңызды мәселенің түп-төркі осында деп ойлаймыз.Ол баланың өсіп,жетілуіндегі,жеке дамуындағы ортаның ықпалы мен айналасындағы жауапты адамдардың қызметін былайша түсіндіреді.
«Тәрбие төрт түрлі:дене тәрбиесі,ақыл тәрбиесі,сұлулық тәрбиесі,һәм құлық тәрбиесі.Егер адамға осы төрт тәрбие тегіс берілсе,оның тәрбиесі түгел болғаны »
Егер мектеп жасындағы бала өз өмірінде кімнің жанында көп уақыт болатынына көңіл аударсақ,әрине,ата-анасымен және мұғалімдермен бірге болатыны баршамызға аян.Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас күнделікті өмірде көрініс тапса,мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың бағыт-бағдары ортақ мақсатты көздейтін сабақта айқын байқалады.Сондықтан сабақтың ұйымдастырылуы мен өткізілуі мұғалімнен үлкен жауапкершілікті талап етеді.Сабақ үрдісіндегі өзара қарым-қатынаста мұғалім баланың ата-анасы рөліне де ,бауыры мен қарындасы ,туысы рөліне де және сырлас досы рөліне де ене алады.Яғни,мұғалім мен оқушы арасындағы байланыстың маңыздылығы күн өткен сайын арта түседі.
Оқытудың мазмұнын жаңартуды қажет етіп отырған қазіргі заман талабы да алдымен,осы екі тұлғаның арасындағы қарым-қатынасқа келіп тіреледі.Мұндағы мазмұн жаңарту деп отырғанымыз мұғалім мен оқушының бір-біріне деген жағымды қатынасының негізінде қалыптасатын жаңаша үрдіс болып отыр.
Ол өзіміз сынақтан өткізіліп жатқан 12 жылдық білім беру құрылымы мен мазмұнына кеңінен қарастырулуда.
12 жылдық мектептің негізгі ұстанған бағыты да сол өзектіліктің мәнін ашуды көздейді.Баланы кіші жастан өз денсаулығын күте білуге үйрете отырып дені сау,қайратты азамат етіп шығару еліміздің мектептеріндегі оқыту үрдісіндегі басты мақсатқа айналып отыр.
Ендеше сабақтың ұйымдастырылуы алдымен баланың денсаулығын сақтай оқытуға бағытталуы тиіс.
Мағжанша айтқанда,»Дене –жанның қабы.Қап берік болса,ішіндегі зат та берік болмақ.Дене- жанның құралы.Құралы мықты болса,иесі де мықты». « Сау жан,сау денеде ғана болады» деген адамзат дүниесінің ескі мәтелі шын дұрыс мәтел.Олай болса, әріптестіріміздің есіне салатын ең маңызды мәселе-сабақтың жоспарын құруда өзімен бірге айналасындағы адамдардың тікелей қарым-қатынаста болатын денсаулығы басты назарда болуы тиіс.
Мен де өз сабақтарымды балаларыммен ойын түрінде өткізуге тырысамын.Балалармен бірге саяхатқа шығамыз,жолдағы кезіккен кедергілерден өту үшін тапсырмалар орындаймыз.Ойнап отырып,балалар сабақтың мақсатына жетеді.Оқылған ертегілердің мазмұнын әңгімелетемін.Мұндай сабақтар да алға қоятын мақсат:балалардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру,оқылған шығарма мазмұнын дұрыс түсіндіру,грамматикалық жағынан дұрыс байланыстырып , жүйелі әңгімелеп беруге үйрету.
Қазіргі заманға сай сабақ құрылымын жаңаша құруды қалай жүзеге асыруға болады?
Ол үшін сабақты жаңаша құрудың қажеттілігіне көз жеткізе отырып оның жаңаша әдіс-тәсілдерін үйрену және қайта құрудың негізгі жолдарын талдап зерттеу керек.Ең бастысы,сабақты жаңаша қайта құрудың себебің анықтау қажет.Мұнда мұғалім өзі сабақ беру кезінде жіберіп алған кемшіліктерін анықтап,оны түзету жолдарын қарастыруы шарт.
Сабақтың жоспарын жасағанда мыналарға көңіл бөлуі керек:
1.оқу материалының негізгі тобын жеке бөліктерге бөліп алу,оны 30 минуттық уақытқа сәйкестендіре жүргізу.
2.сабақ үрдісінің ең маңызды белгілерін бөліп көрсету,немесе оқышының білім сапасын көтеруге септігін тигізетін анықтамалар мен ережелерді айқын атап көрсету.
3.жаңа материалды түсіндіру,оны өмірдегі күнделікті қоғамдық жаңалықтармен ұштастыра жан-жақты талдап түсіндіру.
4.оқушының білімін ,дағдысын ескере отырып,оқышыларпдың жас шамасына сәйкес сабақтың мазмұны мен мақсатын түрлендіріп,бір-бірімен байланыстыра білу.
5.сабақтың құрылымы мен мақсатын ашатын оқу материалымен сәйкес келуі.
Еліміздің болашығы бүгінгі жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді.
Сондықтан инновациялық түрлі тәсілдерін педогогикалық білімдерін үнемі жетілдіре отырып ,оны дер кезінде қабылдап, өңдеп,нәтижелі пайлана білу әрбір ұстаздың міндеті болуы керек.
Мен ізденіспен сабақтың әрбір бөлімдеріне ойынды алға қойған мақсатқа жету барысында ұтымды қолданамын.Ойын мен іс-әрекуеттің кезектесіп келуі, ойын арқылы хабарлама жасап,оқу іс-әрекетіне бағыт беріп бала тапсырманы жеткілікті түсініп,өздігінен әрекет ете отырыпшығармашылықпен орындап шығатындай мүмкіндік туғызамын.Баланның ойлануына өздігінен әрекет етуіне бағыт беріп ой еңбегіне де ,дене еңбңгңне де күш түсетіндей етіп ұйымдастырамын.
Мектепалды сынып балаларының белсенді сөйлеуін қамтамасыз етемін,ол үшін сабақтарды,тәрбие сағаттарында балаларға жұмбақ,санамақ айту,жаңылтпаш айта білу ойындарын ұйымдастырамын.
Жаңылтпаш сөздер баланы дұрыс сөйлеуге ,ойналуға үйретумен қатар достыққа, ынтымақ-бірлікке,өз әрекетін сынай қарауға үйретеді.Соның ішінде балаларға көбінесе ата-ана,жанұя туралы көптеген өлеңдер,мақал-мәтелдер айтқызамын.
Қорыта айтқанда,12 жылдық орта білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш буында жүзеге асатыны белгілі.Себебі бастауыш буында жоғары сыныптарда оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды,сонымен қатар білім алуға талпынушылық.Яғни балалардың оқу әрекеті,танымдық белсенділігі жеке бастың адами қасиеттері осы кезеңде қаланады.
Сондықтан барлық ұстаздарға зор денсаулық,творчествалық табыс тілей отырып 12жылдық орта білім жүйесіне өтуге жан-жақты дайындықпен баруға шақырамын.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Отбасы және балабақша .№3-2004(мамыр маусым)
2.Бастауыш мектеп.№2-2007 ж.
3.Қазақстан мектебі №3-2007ж.
4.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.
5.Отбасы және балабақша.Қаңтар-Ақпан 2000ж.
6.12 жылдық білім №7 2005ж.
Тэги: оналбаева дина, орынбасарова ляззат, раимкулова индира, мырзахметова акмарал, налдибекова улжан, мадярова надира, манабаева ляззат, мусабекова ботогоз, ильясова ажаркул, камалова рахима, каимова жанар, жаманбалаева ельмира
Mr_Kursabaev
29 наурыз, 12:51
0
0
7022
Пікірлер
Пікір қалдырыңыз
Yvision
Facebook
Twitter
Mail.ru
Одноклассники
ВКонтакте
Алдын ала қарау
Пікір қосу Кіру
Тіркелу Посттар
Бірлестіктер
Соңғы жазбалар
Жаңа бірлестік құру
Жеке блогтар Бөлімдер
Қоғам
Медиа
Мәдениет
Өнер
Технология
Саяхат
Спорт
Сайыстар Жобаның блогы
Ережелер
Көмек
Бізді басқа сайттардан оқыңыз Жарнама
Жоба туралы
Сайыстар
Баспасөз біз жайында
Байланыстар
© 2008-2012 ЖШС "Блог-платформа YourVision"
Достарыңызбен бөлісу: |