Тобы: 106 а мамандық: жалпы медицина



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата14.05.2024
өлшемі0.89 Mb.
#501053
  1   2   3
Dauren 2



РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ҚАЗАҚСТАН 
РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САНА МЕН 
ОЙЛАУДЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІНІҢ 
СТРАТЕГИЯСЫ
ОРЫНДАҒАН:АЛИМБАЕВ ДАУРЕН
ТОБЫ:106 А
МАМАНДЫҚ:ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА 


РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Рухани жаңғыру – ұлтымыздың ұлт болып ұйысуының, тарихымызды
сақтаудың, тұлғаларымызды танудың, өткенімізді білудің, 
болашаққабағдардың, келешекке кемел ғибратты із қалдырудың мәйегі
болатын бастама. Бұл бүгіннен бастау алмағандығының тарихи куәгері
ретінде Алаш зиялыларының «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» деп аңсауы
ұлт тәуелсіздігі, сана еркіндігі екендігін аңғарамыз. Себебі ХХІ ғасыр қазақ
халқы үшін, жаңа дәуірдің, еліміздің өркендеуі үшін жаңа белестің басталған
уақыты. Ақпараттар ағыны толассыз жаңарып, жаһандану заманында
өзгеніңжетегінде кетпес үшін еліміздің ертеңіне алаңдап, ұлт болашағының
жарқын өмір сүруі, сол үшін істеген бүгінгі қызметімізге байланысты.




«Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» – ол 2050 жылға
дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру бағытындағы
бірыңғай мақсатымызға жету жолындағы Қазақстанның
саяси, экономикалық және құқықтық түрленулерінің
логикалық жалғасы және өзегі болып
табылатынбағдарламалық мақала. Бұл мақсатқа бұрынғы
сана-сезім мен ойлау үлгісін сақтау арқылы жету мүмкін
емес. Әлемдегі заманауи экономикалық, әскери-саяси
ахуалды ескере отырып, қоғамдық сананы жаңғырту – бұл
өмірлік маңызы бар және қажетті қадам.



Тәуелсіздік алған жылдардан бастап мемлекетіміз саяси және экономикалық жаңғырудан
өткендігі елге айқын, алайда біртұтас ұлт ретінде қалыптасу үшін рухани жаңғырудың маңызды
екендігіне тарихи куә және де рухани жаңғыру алдыңғы жаңғырудың өзегі болмақ.Саяси, 
экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршаға
мәлім. Ол адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық
рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. 
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында 6 бағытқа басымдық
берілген
• 1. Бәсекеге қабілеттілік;

2. Прагматизм

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;

4. Білімнің салтанат құруы;

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;

6.Сананың ашықтығы.





Соның бірі - білім беру жүйесін жаңаша жетілдіру. Осы жүйе бойынша ауқымы кең жұмыстар
атқарылып келеді. Құндылықтар жүйесінде тек білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана зор табысқа жетеді. 
Жастар басымдық беретін межелердің қатарында білімнің үнемі бірінші орында тұруы шарт. Бұл –
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ой. Іргелі ілім үйрету арқылы
шәкірттерді шынайы патриот қылып қалыптастыруға болады, - дейді шара бастамашылары. Бүгінгі әлемдік
бәсекелестік заманында бізге сергектік пен серпіліс керек.Президент ұсынған тың идеялар - жаңа нәтижелі
көкжиектерге бастайтын серпіліс. Бұл ретте барлық оқу орындары қоғамдық сананы жаңғыртудың
қозғаушы күші болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының жаһандану, рухани жаңғыру сипатын дамыту жолында, қоғам алдында
ұрпақты заман талабына сай интеллектуалды, жоғары мәдениеттілігі имандылықпен ұштасқан ұлтжанды
етіп тәрбиелеу жолын дұрыс жолға қою міндеті тұр. Елбасы Н.Назарбаев «Кешегі бабамызбен ғана емес, 
бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуды ойлауымыз керек» - деп
нақтылағанындай, атабабамыздан қалған ұлттық тәлімтәрбиені болашақ ұрпаққа ұғындырып, түсіндіруді
мақсат тұтқанымыз жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет