Тобы: 4 б кшо орындаған: Қ. С. Шамарова Қабылдаған


Геометрия  және  алгебра  элементтерін оқыту теориясы мен технологиясы



бет8/17
Дата26.10.2022
өлшемі0.52 Mb.
#463359
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
1.6.Геометрия  және  алгебра  элементтерін оқыту теориясы мен технологиясы  
Бастауыш сыныптарда геометрия элементтерін оқытудың негізгі міндеттері:

  • оқушылардың геометриялық фигура туралы айқын түсініктерін және 

алғашқы ұғымдарын қалыптастыру; 

  • кеңістік ұғымының, бақылау, салыстыру, абстракциялау, жалпылау 

біліктерінің дамуына ықпал жасау;

  • оқушыларда сызба және өлшеуіш аспаптарының көмегімен және оларды (көзмөлшерімен өлшеу және тағы басқа) өлшеуде және геометриялық фигураларды салуда практикалық біліктерін қалыптастыру.

Бастауыш мектепте геометриядан кеңістік туралы түсінік, нақты фигура туралы
ұғым, геометриялық фигуралармен байланысты қарапайым ұғымдар, оларды ажырату, геометриялық шамаларды өлшеу, фигураларды салудың алғашқы білігін қалыптастыру, әртүрлі геометриялық шамалармен таныстыру және тағы басқаларды қалыптастыру 
көзделеді.
1-сыныпта оқушылар нүктемен, қисық және түзу сызықпен, сәулемен, бұрыш
ұғымымен танысады. Балалар мұғалімнің үлгісі бойынша тор көзге нүктелерді салып үйренеді және нүктеден түзу сызық жүргізіп, оның сәуле деп аталатын фигура екендігімен танысады және бір нүктеден шыққан екі түзуден бұрыш жасалатыны түсіндірі-леді. Оқушының түзу сызық туралы түсінігі олардың әртүрлі практикалық жаттығуларды орындау барысында қалыптастырады. Мұнда түзу сызықты, қисық сызықтысалыстыру жүзеге асады. Мысалы: жіпті керіп, одан кейін оны сәл босатуға болады немесе түзу жалғыз аяқ қисық жол кескінделген суреттер пайдаланылады.
Кесіндімен таныстыру үшін түзу сызықта екі нүкте белгілейді де, мұғалім түзудің бір нүктесінен екінші нүктесінен бөлігін түзудің кесіндісі деп немесе кесінді деп, ал нүктелер кесіндінің ұштары деп аталатынын атап көрсетеді. Балалар тақтаға сызылған басқа түзулерге нүктелер түртіп қояды да, алынған кесінділерді және кесінділердің ұштарынкөрсетеді. Содан кейін мұғалім сызбада қалай кескінделетінін көрсетеді. Түзумен салыстырылады. Оқушылар түзулерді және кесінділерді сызбадан көрсетеді және өздері детүзулер сызады, сөйтіп түзу шектелмегендігін, ал кесінді шектелгендігін, қағаз бетінде түзудің бір бөлігі ғана кескінделетінін түсіне бастайды. Көпбұрыш, бұрыш, шеңбер,дөңгелек туралы ұғым балаларда бүкіл бастауыш оқу кезеңінде және одан кейінгі 
сыныптарда қалыптасады.
Алғашқыда 1-ші ондықты оқып-үйренгенде геометриялық фигуралар дидакти-
калық материалдар түрінде пайдаланылады. Одан әрі қарай көпбұрыштардың жеке
түрлерін оқып-үйренуге кіріседі. Бұл кезеңде көпбұрыштардың элементтері, қабыр-
ғалары, төбелері бөліп қарастырылады. Мысалы: 3 санын өткен кезде әртүрлі Δ-р 
қарастырылады. Түрлі-түсті қағаздан, пластмассадан, тағы басқа материалдан
әзірленген Δ-ң моделдеріне оқушылар әр фигурадағы 3 қабырғаны, 3 Δты және 
3 төбені көрсетеді. Осыдан кейін тура осы тұрғыдан 4-бұрыштар, 5-бұрыштар, тағы
басқалар қарастырылады. Мұнда бұл жұмысты 1-ші ондық көлемінде сәйкес сандарды
оқумен байланыстырады. Көпбұрыштардың элемнеттерін бөліп көрсете отырып, оқушылар элементтер санымен фигураның аталуы арасындағы байланысты (3–қабырға, 3-төбе, 3 бұрыш, т.б.) аңғарады. Сонымен қатар балалар көпбұрыштың бұрыштарының төбелері мен қабырғаларының саны бірдей болатынын түсінеді. Көпбұрыштармен
жұмыс істеген кезде оқушының бұрыш туралы ұғымдары кеңейе түседі. Көпбұрыш-тарының бір төбесінен шыққан 2 қабырғаны бұрыш деп атайды. Көпбұрыштардың 
бұрыштарын құруға үйренеді. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен тік төртбұрыштытабуды үйренеді. Олар кез келген формадағы қағазды екіге бүктеп, онда пайда болған
қиылысатын екі түзу сызықтан бірдей 4 бұрыш жасайды. Мұғалім мұндай бұрыштар тік бұрыштар деп аталатын түсіндіреді. Тік бұрыш туралы ұғымды пысықтау үшін арнайы тапсырмалар беріледі:
1. Бірнеше әртүрлі бұрыштардың ішінен тік бұрыштар табу.
2. Берілген көпбүрыштардан тік бұрыштарды табу.
3. Дәптердің жолдарын пайдаланып, оған тік бұрыш сызу.
4. Тік бұрышы бар фигуралар сызу.
Бұрыш ұғымы оқушыларда көпбұрыштарды, мысалы тік төртбұрышты оқып-үйреткенде пысықталады. Бірнеше тікбұрыштардың ішінен оқушылар тіктөртбұрыш-
тың моделінің көмегімен 1,2 тікбұрышы бар фигураларды, сондайақ барлық бұрыштарытік төртбұрыштытабады.[11] Оқушылар қоршаған ортадан тік төртбұрышты формалы нәрселерді табады. Тақтаға сызылған немесе папкаға қыстырып қойған басқа геометриялық фигураның ішінен тік төртбұрыштарды көрсетеді. Оларды торкөз қағаздан қиып
алады және нүктелер бойынша дәптерлеріне сызады. Жұмыстың келесі кезеңінде
оқушылар тік төртбұрыштың негізгі қасиеттерінің бірі - қарама-қарсы қабырғаларының
өзара тең болатынымен танысады. Мұғалім алдымен балалардың тіктөртбұрыштың қандай қабырғаларын қарама-қарсы қабырғалар деп атауға болатынын қаншалықты 
түсінгенін анықтап алып, оқушыларға тік төртбұрыштардың қағаздан жасалған 
моделін пайдаланып, оны беттестіру арқылы қарама- қарсы қабырғаларын салысты-руды ұсынады. Оқушылар тік төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғаларының қасиетін 
меңгерген соң, тік төртбұрыштар жиынына тартылады, яғни шаршымен танысады. 
Сабақта жұмысты шаршы дегеніміз тік төртбұрыштардың дербес түрі 
екендігін оқушылар түсінетіндей етіп ұйымдастыру керек. Шаршылар қабырғалары 
тең тік төртбұрыштар екендігін баса көрсету үшін мынадай жаттығулар ұсынылады:
1-ші: Шаршы деп атауға болмайтын тік төртбұрыштарды көрсетіңдер.
2-ші: Берілген бұрыштардың ішінен тік төртбұрыштарды табыңдар.
3-ші: Көрсетілген тік төртбұрыштардың ішінен 2 шаршыны табыңдар.
Бастауыш сыныпта оқушылар шеңбермен танысады. Дөңгелекті көп бұрышпен
салыстыра отырып, оқушылар көпбұрыштың шекарасы тұйық сынық сызық, ал дөңге-лектің шекарасы тұйық қисық сызық, яғни шеңбер екендігін тағайындайды. Бастауыш
сынып оқушыларына геометриялық фигуралар туралы түсiнiк беруде сәндiк-қолданбалы 
өнер материалдарын пайдаланудың мүмкiндiгi зор, өйткенi халық шеберлерi өздерiнiң 
барлыққиялын, өмiрден жинаған бай тәжiрибесiн, терең бiлiмiн геометриялық ою-өрнектер арқылы сәндiк-қолданбалы өнер туындыларын безендiруге жұмсады. Ою-өрнектiң барлығының негiзiнде геометриялық ұғым элементтерi бар, әсiресе, геоме
триялық оюөрнектiң негiзi геомериялық фигуралардан тұрады, атаулары да солардың
пiшiнiне сәйкес. Ең қарапайым оюлар нүкте мен сызықтар туралы түсiнiк беруге, ал олардың күрделi формаға айналуының нәтижесiнде пайда болған үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, шеңбер, т.б. тәрiздес өрнектер көпбұрыштар туралы ұғымды қалыптастыруға мүмкiндiк туғызады.
Мәселен, «Шеңбер» ою-өрнегiн шеңбер туралы ұғымды қалыптастыруда қолдана
отырып, өмiр сүрiп отырған жерiмiз, күнiмiз, киiз үй, оның шаңырағы бәрi дөңгелеекендiгiн, шеңбер осыларды бейнелейтiндiгiн айту қажет. «Тұмарша» оюы ұшбұрыш
үлгiлес болып келедi. Осындай тұмарлар тiлкөзден сақтау үшiн үй жануарларының,
бойтұмар ретiнде балалардың мойнына тағылатындығы туралы әңгiмелеу оқушылар-дың дүниетанымын кеңейтедi. Қолөнер үлгiлерiн оқытудың құралы ретiнде қолданғанда оның элементтерi қолданылған тапсырмалар жүйесiн пайдалану оқушылардың белсендiлiгiн арттырады. Кез келген геометриялық материалды оқыту байқаудан, оны әр
түрлi жағдайларда қарастырудан басталатыны анық. Осы қағидаға сәйкес оқушылар-
ға мынадай тапсырмалар жүйесiн ұсынуға болады:
1. Байқау тапсырмалары. Оқушылар сәндiк-қолданбалы өнер туындыларынан, ою-өрнектерден геометриялық фигураларды табады, олардың қасиеттерiн анықтайды, орналасу тәртiбiн көрсетедi, өзара салыстырады, яғни мұғалiмнiң басшылығымен қолөнер
материалдарына геометриялық талдау жасайды.
2Өлшеуге берiлген тапсырмалар. Мұнда оқушыларға қолөнер үлгiлерiндегi геометриялық фигураларды салыстыру үшiн олардың ұзындықтарын, бұрыштарын, аудандарын өлшеу ұсынылады.
3. Салуға берiлген тапсырмаларды оқушылар сызба құралдарының көмегiмен не олардың көмегiнсiз орындайды. Мысалы, геометриялық фигуралардан ұлттық ою-өрнектердi құрастырады, оюдың элементтерiн өрнекке дейiн толықтырып салады,
геометриялық ою-өрнектердi бұйымдардың, заттардың iшiн әшекейлеу үшін
қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет