1.ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІ.
Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық қарыздар есебін жүргізу барысында мына төменде аталған құжаттарды қолданады:
нөмірі 7 – Журнал-ордер – «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың қарызы» деп аталатын шотының кредиты бойынша;
нөмірі 8 – Журнал-ордер – «Алынуға тиісті қосылған құн салығы, « Есептелген пайыздар», «Басқадай дебиторлық қарыздар» және «берілген аванстар» деп аталатын шоттардың кредиты бойынша;
нөмірі 9 – Журнал-ордерге қосымша тізімдеме – «Берілген аванстарә шотының дебиты бойынша;
нөмірі 10 – Журнал-ордер – «Күдікті қарыздар бойынша резерв», «Алдағы кезең шығындары» шоттарының несие (кредиті) бойынша;
нөмірі 11 – Журнал-ордер – «сатып алушылар және тапсырыс берушілер қарызы» шотының және «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық қарызы» шотының кредиті бойынша жүргізіледі.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айырылысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркелімдерден басқа дебиторлық қарыздардың есебіне талдамалық (аналитикалық) есептің карточкалары, ажырату парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп стандартында) ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барысында қолданатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, олар негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді. Дебиторлық қарыздар шоттарында есептелген сомалардың дұрыстығы мен олардың толығымен бақылау үшін түгендеу жүргізілуі қажет, ол құжаттар бойынша шоттарды корреспонденцияланатын шоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты мақсат - әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық қарызды есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушыларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың (жұиыстар, қызметтер) қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен сатып алуға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |