Тоғызқұмалақты бірге үйренейік



бет1/3
Дата05.07.2016
өлшемі2.29 Mb.
#179234
  1   2   3
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті


Дене шынықтыру және спорт кафедрасы

Тоғызқұмалақты бірге үйренейік
Барлық мамандықтарының студенттеріне арналған

оқу-әдістемелік құралы

Павлодар

Кереку


2013

ӘОЖ 351.855.3

КБЖ 75.727

К 81
Баспаға С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылды


Пікірсарапшылар:

Ж. А. Усина – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, «Спорттың бұқаралық түрлері және дене шынықтыру» кафедрасының меңгерушісі;

С. Қ. Ксембаева – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Гуманитарлық педагогикалық факультетінің оқу ісі бойынша орынбасары.
Құрастырушылар: Д. И. Қапаев, С. К. Ақтаев, А. Ж. Куватов
К 81 Тоғызқұмалақты бірге үйренейік : барлық мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы / құраст. : Д. И. Қапаев, С. К. Ақтаев, А. Ж. Куватов. – Павлодар : Кереку, 2013. – 40 б.
Бұл оқу-әдістемелік құралы студенттерге, жаттықтырушыларға, спортшыларға және тоғызқұмалақсүйер қауымға арналады. Бұл оқу-әдістемелік құралында тоғызқұмалақ ойынының тарихы, ережелері, әдістері, стратегиялары және шеберлер ойнаған партия талдаулары қарастырылған. Жалпы ойын туралы мағлұматтар кеңінен ашылған.
ӘОЖ 351.855.3

КБЖ 75.727

© Қапаев Д. И., Ақтаев С. К., Куватов А. Ж., 2013

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2013


Материалдық дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты

Алғы сөз
Тоғызқұмалақ – ұлттық зияткерлік тақта ойын спорты. Бұл ойын түрі – ойыншылардың өзінің зияты мен білімдарлығын қолдануына негізделген.

Зият (латын тілінде «intelectus» – түсіну, пайымдау) жалпы пайымдау қабілеттілігі, түсіну мен мәселені шешу. Зият түсінігі пенденің барлық танымдық қабілеттілігін бірлестіру: сезіну, қабылдау, есте сақтау, елестету, ойлау, қиялдау. Тоғызқұмалақ ойыны – сонымен бірге, адамның рухани дүниесін еселеп, ми қабілетінің шарайна көлемін ұлғайтады.

Тоғызқұмалақ ойыны – күннен күнге жер шарында танымал және спорт сүйер қауым көлемі артуда. Кеше ғана Кеңес Одағы заманында, бұл ойынның тарихын сақтап қалған ата-бабаларымыздың арқасында ұлттық мәдени мұрамыз көкке қанатын жайған қырандай самғап, шетелдерде жалғасын табуда. Қазір тек Қазақстан Республикасында ғана емес: ТМД, Орта мен Шығыс Азия, Еуропа, Латын Америкасы мен Солтүстік Америка елдерінде танымал.

Біздің шетелдегі насихаттаушы достарымыз, өз елдерінде асыл мұрамызды өркендетіп, семинар мен жарыстар өткізуде.

2009 жылы Қазақстандық (Павлодар қ.) Серік Ақтаев, Германия тұрғыны Ральф Геринг пен Канада азаматы Арти Сандлер тоғызқұмалақ ойынының әлемдік деңгейде дамуы үшін тарихи инновациялық жаңалық енгізді. Ол 2009 жылдың қыркүйек айының 15 күні ақпарат пен пікір алмасуы арқасында www.iggamecenter.com сайтында тоғызқұмалақ ойының «on-line» жүйесінде ойнауға мүмкіндік пайда болды.

Қазір тоғызқұмалақ ойынының ережесі сайтта орыс, ағылшын, неміс, дат, португал және біразы басқа тілдерге аударылды. Ол шетел азаматтар үшін өте қолайлы және сәтті қадам.

Сол жылдары тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Мақсат Шотаев мырза мен тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының аға жаттықтырушысы Айнұр Жақапбаева ханым ойынымызды биік шыңдарға көтерілуіне мол еңбектеніп, аса қайраткерлігі мен жігерлігін көрсетіп жүрген азаматтарымыз. Тоғызқұмалақтан – Халықаралық семинарлар мен жарыстарды ұйымдастыруынына (Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия, Түркия, Македония және т.б.); Бүкіләлемдік Зияткерлік Олимпиада ойындарына енуініне (Ұлыбритания, Чехия, Франция); Азия мен Әлем Чемпионаттарының өтуініне көз жеткіздіруге болады.

Тұңғыш Азия Чемпионатында ерлер арасында І орынға Айдос Сейтжанов (Қазақстан Республикасы, Астана қ.), ІІ орынға Серік Ақтаев (Қазақстан Республикасы, Павлодар қ.), ІІІ орынға Ғалымжан Темірбаев (Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.) иеленді. Әйелдер арасында тұңғыш Азия чемпионы болып Диана Кенина (Қазақстан Республикасы, Павлодар қ.), ІІ орынға Әсел Далиева (Қазақстан Республикасы, Қызылорда қ.), ІІІ орынға Салтанат Сапарбекова (Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.) иеленді.

Тұңғыш Әлем Чемпионатында ерлер арасында І орынға Ғалымжан Темірбаев (Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.), ІІ орынға Айдос Сейтжанов (Қазақстан Республикасы, Астана қ.), ІІІ орынға Батырхан Әбілбеков (Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.) иеленді. Әйелдер арасында тұңғыш Әлем чемпионы болып Әсел Далиева (Қазақстан Республикасы, Қызылорда қ.), ІІ орынға Салтанат Сапарбекова (Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.), ІІІ орынға Диана Кенина (Қазақстан Республикасы, Павлодар қ.) иеленді.

Тоғызқұмалақ ойыны бойынша тұңғыш Әлем Чемпионатында блиц жарысы түрінен ерлер арасында І орынға Ғалымжан Темірбаев (Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.), ІІ орынға Мақсат Шотаев (Қазақстан Республикасы, Астана қ.), ІІІ орынға Нұрбек Қабиев (Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ.) иеленді. Әйелдер арасында блицтен тұңғыш чемпионы болып Әсел Далиева (Қазақстан Республикасы, Қызылорда қ.), ІІ орынға Диана Кенина (Қазақстан Республикасы, Павлодар қ.), ІІІ орынға Салтанат Сапарбекова (Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.) иеленді.

Бұл оқу-әдістемелік құралына тоғызқұмалақ туралы әлемдік зерттеулер және танымдық ерекшеліктері; ережелерінің қалыптасу кезеңдері; ойын ережелері; ойының мақсаты мен нәтижесін қорытындылауы; ойынды арнайы қағазда жазып ойнау тәртібі; шеберлер ойнаған партияларды талдауы енген.

Белгілі өзекті мәселерді қарастыру мен жіңішке жақтарын тереңдей талдау, осы оқу-әдістемелік құралдың құндылығын арттырады.


Д. И. Қапаев

Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының

еңбек сіңірген жаттықтырушысы

1 Тоғызқұмалақ туралы әлемдік зерттеулер және танымдық ерекшеліктері
Тоғызқұмалақ – бүгінгі күні дүниежүзінде танылған, әлемдік мәдениеттің кез-келген үлгілерімен бой теңестіре алатын 4 мың жылдық тарихы бар зияткерлік ойын, озық рухани мұра. Қазақ халқының ілкі тектерінен бастап, сақтар, ғұндар, көктүріктерден қазіргі күнге дейін жалғасып келе жатқан ұрпақтар үндестігінің рухани көрінісі. Сондықтан болса керек, ойынның дүние танымдық ерекшеліктері, ережелері, нұсқалары зерттеушілерге халықтың рухани тұрмыс-тіршілігін білу үшін құнды этнографиялық қайнар көздердің бірі мәлімет берген. Бұл ретте жарияланған еңбектерді географиясына қарай, Ресей, Еуропа, Америка мен Орта Азиялық зерттеулер деп жүйелеуге болады [1].

Ресей зертеушілердің ішінде алғаш рет тоғызқұмалақ туралы жазылған еңбектің авторы этнограф Н. Пантусов еді. Оның «Киргизская игра тогузкумалак» атты мақаласы 1906 жылы Қазан қаласында жарыққа шықты [3]. Бұл еңбек туралы түркітанушы С. Аманжолов: «Пантусовтың жазған ойыны тым жабайы, кей жері дұрыс емес, сондықтан да ол бұрын жұрттың көңілін тартпаған, тарта алмаған болуы керек» – дейді [4]. Әрине Пантусовты этнограф ретінде ойынның өзі емес, оның ережелерінің нұсқасы қызықтырған болуы да мүмкін. Сондықтан бұл жерде ғалымның ұлттық ойынды таныстырушылық сипаттағы әрекетіне мән беруіміз керек. Бұдан кейінгі ресейлік этнографтардың ішінде тоғызқұмалақты зерттеген Асия Попова болды. Ол Монголияның шығысындағы Баянөлгейдегі қазақ ауылдарын аралап, Қазақстанға беймәлім Унеетугулаах, есенкоргоол және тоғызқұмалақ ойындары туралы материалдарды жинақтады. Еңбек кейін Францияда жарияланды. Ғалым аталған ойындардың барлығын қазақтардың мұрасы деп есептеген [5]. Сонымен қатар зерттеуші тоғызқұмалақты Ауғанстанда да ойналады деп, ойынның таралу аймағын кеңейтіп көрсетеді. Тағы бір назар аударатын еңбек И. Зелинскаяның 2004 жылы Мәскеуде шыққан «Домино, нарды, кости» атты кітабы [6]. Мұнда зерттеуші тоғызқұмалақты египеттік калах ойынынан тараған деп тұжырымдап, оның төлтума мәдениет екендігіне күдік келтіретін пікірлер айтады.

Ресейлік И. Зелинскаяның күмәнді пікірі Америкада шығып жатқан зерттеулерде де қайталанады. Мәселен, К. Скоттың тұжырымдарын ғылыми-фантастикалық десе де болады. Зерттеуші тоғызқұмалақты Африкадағы овари ойынының бір нұсқасы, ислам Орта Азияға келгеннен кейін осы мәдениет арқылы Қазақстанға таралған түрі ретінде қарастырады. К. Скотт ұлттық ойын туралы: «Бұл қызықты географиялық және антропологиялық ерекшелік. Овариге ұқсас дәстүрлі ойындардың негізгі құралы дәнек және галкалар болатын. Олар Африкадағы барлық ойындарға тән. Орта Азия дала мен құмдардың мекені. Кейбір көптеген жерлер топырақ пен құмдардан тұрады, кейбір жерлерінде ғана өсімдіктер өседі. Дәстүрлі қазақ мәдениеті негізінен мал шаруашылығына негізделген, мәселен қой бағу. Бұл секілді түліктер зиянсыз құмалақтар шығарады. Дән, галкалардың жетіспеушілігі салдарынан осы құмалақтар тоғызқұмалақ ойнауға пайдаланылған» – дейді [7]. Бұл зертеушінің тұжырымдарынан көшпелі өркениеттен, Қазақстан мәдениетінен хабары жоқ екені көрініп тұр. Сондай-ақ Америкада тағы бір таныстырушылық сипаттағы еңбегі, авторы L. Russ «The Complete Mankala Games Book: How to Play the World’s Oldest Board Games» атты кітабы. Мұнда да тоғызқұмалақ туралы құнды мәліметтер бар.

Тоғызқұмалақ – ең алдымен халықтың дүниетанымы, одан кейін ой шығармашылығы, спорт, ғылым. Ресейлік және американдық зерттеушілер тоғызқұмалақты этнографиялық ерекшелік ретінде қарастырса, еуропалықтар ұлттық мұраны ой шығармашылығының бір түрі ретінде, ешбір халыққа бұрмаламай, әділ бағасын беріп отырған. Бұл ретте зертеуші X. Machastchek 1972 жылы «Zug um Zug: Die Zauberwelt der Brettspiele» және 1984 жылы «Stein um Stein: Exotik der Brettspiele» («Тас тас үшін: тақта ойындарының экзотикалық әлемі») атты кітаптарындағы тоғызқұмалаққа арналған тауарлары құнды, әрі нақты мәлімет береді. Кітаптың ұлттық өнер туралы бөлімінде: «Қазақстан мен Қырғызстанда «боб» ойындары – «тоғызқұмалақ» деген ұлттық атаумен танылған және республикада ресми тіркелген. Бұл ұлттық ойынды осы жерді мекендеген тұрғындар осыдан 4 мың жыл бұрын да ойнаған» – деп айтылған [8]. Яғни жоғарыдағы И. Зелинская, К. Скоттың дәлелсіз пікірлерін жоққа шығарады. Тоғызқұмалақтың қазақ халқының төл мұрасы екендігіне нақтылы дәлелдер бар және ешқандай африкалық, арабтық мәдениеттің қатысынсыз жасалғаны баяндалады.

А. Алмашидің «Азия жүрегіне саяхатым» атты кітабындағы тогузкоргоол туралы деректері тоғызқұмалақтың табиғатын түсінуге көмектесетін құнды тарихи еңбек ретінде бағалы. Мұнда ғалым қырғыздардың бос уақыттарында көңіл көтеретін сауық түрлері мен ермектеріне жеке-жеке тоқталады. Ғалым тогузкоргоол тақтасының суретін келтіріп, оның ережелерін жазады. Бұл кітаптағы ойын ережелері тоғызқұмалақ пен тогузкоргоол ойындарының аты да, заты да бөлек ойын болғанын көрсетеді.

Орта Азия көлеміндегі алғашқы құнды еңбекті жазған даңқты түркітанушы С. Аманжолов еді. 1936 жылы шыққан «Тоғызқұмалақ» кітабында ғалым ойынның қазақ пен қырғыз халықтарының арасында көп ұшырасқанын, көшпенділердің салт-дәстүрінің негізінде шыққанына тұжырымды деректер келтіреді. Одан кейінгі уақытта Т. Сұлтанбеков, Б. Төтенаев, Ә. Ақшораев, С. Төлеубаев, Е. Иманбаев, Е. Қазбеков, М. Ноғайбаев секілді зерттеушілер тоғызқұмалақтың ерекшеліктерін жазып, қазақ халқының төлтума мұрасы екендігін дәлелдеп көрсетті. Қырғыз зертеушілерінен К. Айдаркулов, Ә. Чылымов, М. Киизбаев, Т. Орозбаковтар бірнеше еңбектер жазып, ойынның ежелгі көшпенділерге тән екендігін, баға жетпес зияткерлік мұра екендігіне нақтылы деректер келтіреді.

Өзбекстан ҰҒА академигі, қарақалпақ ғалымы А. Даулетов тоғызқұмалақты түркі халықтарында, оның ішінде қазақ, қарақалпақ, қырғыз, тыва, алтай елдерінде түрік қағанаты дәуірінен сақталып қалған ойын деп есептейді. Яғни көшпенді өмір салтын ұстанған түркі тектес халықтарда ғана таралған. «Тоғызқұмалақ ойыны арқылы түркі халықтары өздерінің дүниетану түсініктерін, тұрмыстағы есептеу, өлшеу тәжірибелерін жетілдіріп отырған» – дейді ғалым [9].

Жоғарыдағы аталған еңбектерді саралап, зерделей қарасақ, зерттеушілердің басым көпшілігі тоғызқұмалақты – Еуразияның кең даласын жайлаған ежелгі көшпенділердің зияткерлік мұрасы ретінде қарастыратының байқауға болады [1].


2 Тоғызқұмалақ ережелерінің қалыптасу кезеңдері
Тоғызқұмалақ ережелерінің қалыптасуы көптеген дәуірлерді басынан кешіріп, бірнеше кезеңдерді қамтиды. Бұл ретте ойын ережелерінің шығу тегі және тақта құрылысының эволюциялық дамуын қарастыру орынды болмақ. Сондай-ақ құмалақ ойындарының қалыптасу сырларын қарастырумен қатар, қазақ халқының тарихы мен дүниетанымы, салт-дәстүрін де зерделеуіміз керек [1].

«Әр алуан дәуірлерде, әрқилы кезеңдерді басынан өткізсе де, қазақ халқы өздерінің көшпелі тұрмысында қалыптасқан әдеттерін рухани азық ете алды. Халық өмірдің қандай қиыншылығына да, қуанышына да төзе отырып, осы әдеп-ғұрыптары, толғау жырлар мен әсем әндер, сарынды күйлері – көңіл ашар қуанышы, қайғы шерін тарқатар алданышы етіп, ауыр күндерде ой тербететін жұбанышы етіп отырған. Сондықтан да қазақтың ойын-сауықтарының, әдет-ғұрыптарының түпкі негізі мал өсіру мен экономикалық қарым-қатынастың дамуына байланысты болған» [2]. Ұлттық ойындарды зерттеуші Б. Төтенаевтың бұл тұжырымы тоғызқұмалақ ойынының шығу тегіне де қатысты.

Ағылшын ғалымы Э. Маккей ұлт ойындарының ішіндегі әр түрлі құмалақ ойындарын, бестас, асық және басқаларын 5 мың жыл бұрын да Азия елдеріндегі түрлі тайпалық одақтарда ойналғандығын жазады. Ал африкалық овари ойынын зерттеушілер тоғызқұмалақ тектес мұндай ойындардың 6 мың жыл бұрын болғанын сөз етеді. Бұл деректердің барлығы мұндай ойындардың көне замандарда қалыптасқандығына куә болып отыр. Бірақ біз үшін маңыздысы тоғызқұмалақ және осы тектес ойындар қалай қалыптасты, алғашқы кезде қандай қызмет атқарды? Бұл жөнінде қырғыз зерттеушісі К. Айдаркулов: «Ал, адегенде эле оюн болуп жаралганбы, же алгаш, басына да өзүнче бир функцияны аткарганбы деген сурак туулат» – дейді [10]. Яғни бүгінгі күнге жеткен мұралар өз кезеңінде басқаша бір мәнге ие болуы да мүмкін.

Тоғызқұмалақтың қалыптасу ерекшелігін білу үшін, ең алдымен балалардың, оның ішінде «қой бағу» ойының қарастырудың маңызы зор. Бұл туралы Б. Төтенаев: «Сәби ойындарының келесі бірі – ата-анасының күнделікті тұрмыстағы өмірінің қалай өтетіндігін, таң атқаннан, күн батқанша қалай еңбектенетіндігін, тіпті қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндайтын, «қой бағу», яғни құмалақ ойындары.

Жаңа қонысқа келіп, көліктен түскен балалар бірден үй тігетін қоныстың орнын айнала қарап, түйенің кепкен құмалағын молырақ етіп жинап алуға тырысады. Бұл – біреуі емес, жалпы қонысқа келген ауылдың барлық балаларының әдеті. Себебі түйе құмалақтары ауылдың екінші бір жерге қоныс ауыстырғанға дейінгі жеті жасқа дейінгі балалардың ермек-еңбегі немесе күнделікті кәсібі, шаруасы. Қалайша бұл түйе мен қойдың құмалақтары балалардың күнделікті өмірдегі ермек-еңбегі болды?

Түйе құмалағынан (қой құмалағы – қозылары) қой жайып, қораға қамап, түнде күзетіп, қоздатып көшіп-қонып, тағысы тағы, үлкендердің күнделікті өмірдегі болып жатқан уақиғаларымен тығыз байланыстырып отырады. Бұл ойынның сәбилер үшін құндылығы осынша, тіпті ойын үстінде құмалақтары бірінікіне бірінікі қосылып кетсе, қайтадан бермеуге тырысады, сол үшін дауласады, себебі ауылдың қонған жерінде, түйенің кепкен құмалағы көп бола бермейді. Мұнда да халықтың экономикалық тіршілігінің нышаны байқалады.

Құмалақ ойындары қоғам өмірінің дамуына сәйкес, халық тіршілігінің саяси-әлеуметтік өзгеруіне байланысты дамып, өзгеріп отырғандығы өз алдына. Демек далада ойнайтын ойынды сәби құмалақ ойындарынан бастайды және ата-ананың ескерту тәрбиесінсіз-ақ, олардың күнделікті тіршіліктегі өмірін қайталауды да осы құмалақ ойынымен елестетеді» [2]. Яғни осы құмалақ ойыны тоғызқұмалақтың қалыптасуына тікелей әсер етуі де мүмкін. Өйткені «қой бағу» ойыны кезінде сәбилердің әр құмалақ үшін таласуы, қой мен қозыны ажыратып қарастыруы, ата-аналарға сай ой салып, осы ойыннан да күрделірек, дау-жанжалдарды азайту үшін белгілі бір ережеге бағынған танымдық мұра қалыптастыруына негіз қалаған деп жорамалдауға болады.

Ежелгі көшпенділердің тұрмыс тіршілігі көшпелі мал шаруашылығына негізделгендіктен, төрт түлікті бағу, оны ерекше күтімге алу басты еңбек болып табылады. Өйткені малының арқасында жеке тұлға еш нәрседен мұқтаждық көрмей, бақуатты өмір сүреді. Сондықтан малдың аман-есен төлдеуі – ол үшін табыс болса, төрт түлігінің қысыр қалуы, қоздамауы шығын болып саналады. Міне, осы тұрмыс-салт ерекшелігі унее тугулаах зияткерлік ойынынан көрінеді. Ойын тақтасында әр ойыншыда 3 отаудан, 18 құмалақ болады. Унее – монғол тілінде сиыр, тугулаах – бұзаулау деген мағына береді. Бұл ойынды алғаш рет «Namzhildorzh» атты 1963 жылы Монғолияның батысындағы Қытаймен шектесетін жеріндегі қазақ ауылдарынан тапты. Ойынды одан кейін Ресей этнографы А. Попова интернетте жариялаған. Ал Унее тугулаах терминологиясында отаудағы 1 құмалақты – сиыр, 2 құмалақты – сиыр мен өгіз, 3 құмалақты – «буаз сиыр», ал 4 құмалақты – «бұзаулаған сиыр» деп атайды. Жүріс жасағанда орнына құмалақ қалдырмай, сағат тілімен сәйкес жүріледі. Тек өз жағында ғана соңғы құмалақ отауға төртінші болып түссе, сол құмалақтарды ұта аласың. «Бұзаулаған сиыр» ережесі С. Аманжоловтың 1936 жылы жазылған «Тоғызқұмалақ» кітабында «қойым қоздады» ережесі түрінде ұшырасады. Яғни ежелгі көшпенділердің табыс туралы ұғымы унее тугулаах ойынында ереже түрінде кездеседі. Отаудың саны көп болғанымен, бұл ойында да айна-тәсілдер жетерлік.

Одан кейінгі уақытта 5 отау, 25 құмалағы бар бестемше (әр ойыншыда), 7 отау, 49 құмалағы бар қоздату ойындары қалыптасқан. Сонымен қатар А. Попова Баянөлгейден тапқан 6 отау, 54 құмалағы бар есонкоргоол ойыны да тоғызқұмалақ тақтасы мен ережелерінің қалыптасуындағы бір саты болып табылады. Аталған ойындардың барлығы бақташылық дәуірде қалыптасқан болу керек. Осы ойындардың жетілген түрі – тоғызқұмалақ болса керек. Бестемше және есонкоргоол ойындарында тұздық ережесі кездеспейді. Соған қарағанда тұздық бақташылық дәуірден батырлық дәуірге ауысы кезінде пайда болған болу керек және ол ғұндардың дүниетанымымен тығыз байланысты.

Ә. Марғұлан: «Ғұндардың әдет-ғұрып, рухани салты қазақтардікімен бірдей. Қазақ сияқты олар да ата рухын қастерлеген. Атаның басына тастан, ағаштан, балшықтан кешен тұрғызып, оған ас беру дәстүрін шығарған. Сол сияқты ғұндар да аспанға (тәңірі), күнге, айға, жерге табынған (жер ұйық). Ғұндардың басшылары ерте тұрып, шығып келе жатқан күнге бас иген, қолын көкке көтеріп дуа оқыған. Үйге келіп, аспанға, күнге, айға, ата рухына арнап, іргеге қымыз құйған. Бұл салт қазақтарда ХХ ғасырға дейін сақталып келген» – дейді [11].

Ғұндар туралы жазба деректер б.з.д. XVII ғасырдан бастап қытай жазбаларында сақталған. Қазіргі кезде ертедегі «ғұн» сөзін – «күн» мағынасымен сабақтас қарастырып жүр. Ғұндардың өмірі аттың үстінде өткен және Гоби шөлін алғаш кесіп өтіп, Сібірде де өзіндік мәдениетін қалыптастырған. Оларда жауынгерлік рух өте күшті болған. Жорыққа шығар алдында ғұндар тәңірге құрбандық шалып отырған. Құрбандық шалатын орын далалық жерде орналасқан. Міне, осы ерекшелік тоғызқұмалақта ереже түрінде жүр. Тоғызқұмалақта – «тұздық» деген ереже бар. Қырғыз бауырларымыз – «Туз» дейді. Орта ғасырда тұздықты – «тұзды үй» деп аталған. Ал одан тереңдей берсек, бұл сөздің түбірін – «тұз» емес «түз» деген сөзден шығаруға болады. Яғни «түз үй». Сонда түздегі үй не болуы мүмкін? Бұл әрине далалық жердегі көпшіліктің құрбандық шалатын орны екендігін байқауға болады. Сонда тоғызқұмалақтағы ойын кезінде жүріс жасалған сәтте тұздық алынған отауға бір құмалақ тастап отыру (атты шалып отыру) ережесі, ғұндардың құрбандық шалу салтын елестетеді. Бүгінгі күні бұл ғұрып сахаларда «тюселге» деген атпен сақталған. Сондай-ақ оларда құрбандық шалу сәтінде айтылатын салттық өлеңдер де бар.

Ғұндарды Мөде басқарған кезде 24 тайпаны біріктіріп, үлкен күшке айналады. Тіпті Хань империясының өзі салық төлеп тұрған. Қай кезде түркі халықтары бір мықты басқарушының астына бірікті, сол кезде олар дүниеге үстемдік жүргізіп отырды. Ә. Марғұлан: «Мөденің билеген кезінде оның үкіметі орасан күшті болды. Оның саяси мұрасы Қанғай, Алтай тауынан бастап, біздің заманымыздан 177 жыл бұрын Каспий теңізіне дейін жетті. Мөденің дәуірі – ғұн тарихында ерлік жыр шығарудың бір жарқын дәуірі» – дейді [11].

Күлтегін ескерткіші «Аспанда көк тәңірі жаралғанда, ортасында адам баласы жаралған» – деп басталады. Ғұндардың тікелей жалғасы болып есептелетін көктүріктердің бұл сөзінде тоғызқұмалақ тақтасының құрылысына және жүріс бағытына қатысты да үлкен мән бар.

Тоғызқұмалақ тақтасында екі қарсыластың отаулары қарама-қарсы орналасқанымен, шахмат, дойбыдағыдай жоғары не төмен жүре алмайсың, тек қана ортада оңға ғана жүруге мүмкіншілік бар. Өйткені жоғары тәңірдің мекені, төмен аруақтарға тиесілі, адамдарға тиесілі жер тек орта. Яғни тоғызқұмалақта жүріс бағытқа негізделгендіктен, шындап келгенде бетпе-бет соғысу жоқ. Ойын ережелеріне көнедегі ғұндардың сенімі әсер еткен. Сондай-ақ тоғызқұмалақ ойынында ғұндардың таңдап алған соғысу стратегиясына сәйкес, тактикалары да көрініс тапқан. Мәселен, шабылдау, қорғану, торуылдау, негізгі күштерді артқы күштерден бөліп тастау, жауларын өз жеріне тереңдей енгізу арқылы тұтқиылдан шабуыл жасау және т.б.

Әр түрлі құмалақ ойындарынан бастау алып, унее тугулаах, бестемше, есенкоргоол, қоздатумен жалғасып тоғызқұмалаққа ұласқан ойын біздің дәуірімізге жетті. Яғни бұл негізі Үндістанда «чатранш» деген атпен қаланған, бүгінгі шахмат ойынының әр түрлі кезеңдерді басынан кешіргені секілді құбылыс. Бір ерекшелігі шахмат ережелерінің жасалуына азиялықтар да, еуропалықтар да атсалысса, тоғызқұмалақ ережелерінің жүйеленуі тікелей көшпенділердің өздерінің қатысуымен жасалған [1].
3 Тоғызқұмалақ ойынының ережелері
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасында – 2 қазан, 18 отау және жалпы 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі. Электрондық, не диаграммалық үлгідегі тақта құрылысы төмендегідей (отау номері мен ондағы құмалақ саны; қазандардың орналасуы) көрсетілген:











Қостаушы

қазаны











9

8

7

6

5

4

3

2

1

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Бастаушы

қазаны










Кейін диаграмма осындай түрінде көрсетіледі:
















0













9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9













0












Алғашқы жүрісті жасаған ойыншы – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншы – қостаушы деп аталады. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы синоним тіркесін, ал костаушы үшін – қара жағы синонимін қолданамыз. Диаграммаларда әрқашан төменгі жағында бастаушының отаулары және ондағы құмалақ мөлшері орналасады [1].




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет