Томпақ ауылдық кітапханасы



Дата25.02.2016
өлшемі13.5 Kb.
#21265
Томпақ ауылдық кітапханасы
Томпақ ауылдық кітапханасы ОКЖ-нің баланстық есебіндегі кітапхана ғимаратында орналасқан.Жалпы көлемі. 56 кв.м

Томпақ ауылы 1937-1938 жылдары «ПУТЬ К СОЦИАЛИЗМУ» колхозы деп аталды.

Краснояр селолық кітапханасы 1963 жылы ауыл село еңбеккерлеріне мәдени рухани қызмет көрсету бағытында аудандық мәдениет бөлімінің бұйрығы негізінде ашылды. Ол кезде кітапханада 120 оқырман мен 2094 кітап қоры болды.

1975-1976 жылға дейін кітапхана қызметін Оралбаева Күляш атқарды.

1977 жылы ауыл клубымен бірге жаңа орынға көшірілді.

1976-1979 жылы кітапхана қызметін Жауымбаева Сәуле атқарды.

1979-1982 жыл аралығында кітапхана қызметін Маменова Гүлсара атқарды.

1982-1983 жыл аралығында кітапханашы қызметін Ақтанова Раушан атқарды.

1982-2002 жыл аралығында кітапхана қызметін Саркенова Қайша атқарды.

2003 жылдың 3 науырызынан Краснояр ауыл атауының өзгеруіне байланысты Томпақ ауыл кітапханасы деп өзгертілді.

2003 жылдан бастап А.Тажғалиева кітапхана қызмет атқаруда.

Ұрпақтан–ұрапаққа мұра болып келе жатқан салт-дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді, көркем әдебиеттерді дәріптеу мақсатында « Асыл мұра » балалар клубы 2003 жылдан жұмыс жасап келеді. Клуб мүшелері ай сайын кездесіп, түрлі дүниетанымдылық, сондай-ақ балалардың ой-өрісін, ізденістерін дамытуға тиімділігі мол шаралар өткізіледі.

Клубтың ұраны: «Егемендік еңсемізді көтерсін,

Еңбегіміз ел болумен өтелсін»



Клубтың мақсаты:

  1. Жасөспірімдердің мәдени демалуын ұйымдастыру;

  2. Өзін-өзі тәрбиелеу, өз бетімен білім алу;

  3. Туған ел, тарихи тұлғалар, мәдени құндылықтарға ұқыптылықпен қарап, білуге құштар жасөспірімдердің ынтасын арттыру;

Қазіргі таңда Мухамбетова Дина уақытша кітапханашы қызметін атқаруда.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет