Тоо кызылорда оқу орталығЫ «аsu kz» «Ішкі аурулар» пәнінен



бет42/53
Дата11.02.2023
өлшемі1.75 Mb.
#469407
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   53
Методичка ДЫХ каз

Оқушы істей білуі тиіс:

- Пациенттің шағымын жинауды және обьективтік тексеру жүргізуді;


- Осы ауруға тән симптомдарды анықтауды;
- Болжамалы диагнозды негіздеуді;
- Қосымша тексеру әдістерінен алынған мағлуматтарға
интерпретация жасауды;
- Жургізілген тексеру нәтижесіне қарап, осы науқастың жағдайына
баға беруді;

  • Науқастың тексеру және емдеу жоспарын құруды.

  • Гипертермия, коллапс, өкпе ісінуі кезінде шұғыл көмек көрсетуді;

  • Антибиотиктерді дұрыс ерітіп, антибиотик дозасын есептей білуді;

  • Тері астына, көк тамырға, бұлшықетке инъекция жасауды;

  • Медициналық құжаттамаларды толтыруды;



Бақылау сұрақтары:

  1. Пневмония дегеніміз не?

  2. Пневмонияның жіктелуі қандай?

  3. Пневмонияның этиологиясы?

  4. Пневмония дамуына бейімдейтін қандай факторларды білесіз?

  5. Ошақты пневмония дегеніміз не?

  6. Бөліктік пневмонияның типтік түрі қалай басталады?

  7. Аурудың бастапқы сатысында бөліктік пневмонияның қандай

клиникалық түрлері туындайды және оны түсіндіріңіз (сурет 15)?




  1. Бөліктік пневмонияның өршу сатысында өкпенің перкуссиясы мен

аускультациясында не анықталады?

  1. Жедел пневмонияның асқынуларын атаңыз.

10. Қосымша қандай тексеру әдістерін білесіз?
11. Емдеу принциптерін атаңыз.
12. Ауруханадан тыс пневмониясы бар науқастарды
госпитализациялауға көрсеткіштерді атаңыз.
Тапсырма № 1


Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.



  1. Пневмония – бұл :

А) өкпенің қабыну процесі;
Б) өкпенің инфекциялық қабыну процесі;
В) этиологиясы мен патогенезі әртүрлі өкпенің инфекциялық қабыну
процесі;
Г) этиологиясы мен патогенезі әртүрлі өкпе интерстициясының және
майда бронхтардың инфекциялық қабыну процесі;
Д) этиологиясы мен патогенезі әртүрлі өкпе құрылымының
респираторлы бөлігінің инфекциялық қабыну процесі.

  1. Пневмония ауруханалық деп аталады егер ... дамыса:

А) ауруханаға түскен уақытқа байланыссыз ауруханада болған
мерзімде дамуы;
Б) стационардан шыққаннан кейін дамуы;
В) стационарда болған уақытқа байланыссыз белгілі бір шартты –
патогенді қоздырғыштардың штамптар тудыратын инфекциядан кейін
дамуы ;
Г) стационарға түскеннен кейін 48 сағаттан кейін дамуы;
Д) ағымы ауыр және госпитализацияны қажет ететін стационардан
тыс пневмония болған жағдайда.

  1. Ауруханадан тыс пневмонияның негізгі қоздырғышы:

А) пневмококк;
Б) стафилакокк;
В) гемофильді таяқша;
Г) көкіріңді таяқша;
Д) легионелла.



  1. Пневмониямен ауыратын науқастың өкпесінде аускультацияда анықталады:

А) әлсіз тыныс, бірақ сырыл естілмейді;
Б) құрғақ сырылдар;
В) ірі көпіршікті ылғалды сырылдар;
Г) майда көпіршікті ылғалды сырылдар;
Д) крепитация;
Е) барлық жауап дұрыс.

  1. Бөліктік пневмонияның негізгі рентгенологиялық белгісі:

А) бөлікке немесе сегментке сәйкес гомогенді қараю;
Б) ателектаз көрінісі;
В) асқынған өкпе суреті;
Г) ошақты қараюлар;
Д) өкпе суреті мөлдірлігінің диффузды төмендеуі.



  1. Пневмония диагнозын ... негіздеп қояды:

А) аурудың клиникалық симптомдарына;
Б) физикальды тексеруден алынған мәліметтерге;
В)өкпенің рентгенологиялық тексеру нәтижесіне;
Г) лабораторлы анализ көрсеткіштеріне;
Д) жоғарыда айтылғандардың барлығына.

  1. Жедел пневмонияның қандай қоздырғышында өкпе деструкциясы

жиі кездеседі:
А) пневмококты;
Б) стрептококты;
В) стафилококты;
Г) легионелладан;
Д) вирустардан.

  1. Бөліктік пневмонияда төмендегі асқынулардың барлығы болады, біреуінен басқа:

А) пневмосклероз;
Б) экссудативті плеврит;
В) өкпеден қан кету;
Г) абсцесс;
Д) рестриктивті тыныс жетіспеушілігі.

  1. Пневмония ағымы … анықталады:

А) пневмония қоздырғышына қарап;
Б) этиотропты емнің басталу уақытына қарап;
В) бронхтардың жағдайына қарап;
Г) ағза реактивтілігін төмендететін аурулардың болуына қарап;
Д) жоғарыдағылардың барлығына қарап.

  1. Бөліктік пневмонияның емінде тағайындалатын таңдаулы препарат:

А) азитромицин;
Б) стрептомицин;
В) цефалоспориндер;
Г) пенициллиндер;
Д) левомицетин.



  1. Пневмония емінде барлық топ препараттары қолданылады, біреуінен басқа:

А) этиотропты;
Б) қақырық түсіретін;
В) бронхоспазмолитикалық;
Г) иммуномодуляторлар;
Д) наркотиктер.



  1. Пневмония емінде антибиотик тағайындағанда бірінші кезекте

ескереді:
А) аурудың ұзақтылығын;
Б) пневмонияны шақырған инфекция қоздырғышының табиғатын;
В) науқастың қосымша ауруларын;
Г) антибактериальды препараттарға сезімталдылығын.



  1. Пневмонияда қосарланған антибиотикотерапия тағайындауына көрсеткіштер:

А) қоздырғыш табиғаты белгісіз пневмонияның ауыр ағымы;
Б) инфекцияның аралас сипаты;
В антибактериальды емді күшейту мақсатында;
Г) қоздырғыш табиғаты белгісіз, бірақ грамм теріс бактерия болуының
белгілерінде;
Д) жоғарыда айтылғандардың барлығында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет