Ситуациялық есептер
Есеп № 1
Реанимация бөлімінде ауыр операциядан кейін жатқан 40 жастағы науқаста 3 –ші тәуліктен кейін дене қызуы 39 оС жоғарылап, сары түсті қақырықты жөтел бөлінді. ТАЖ минутына. 26 рет. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде перкуторлы дыбыс тұйықталған, аускультацияда осы жерде әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Пульс минутына 90 рет. Жүрек тондары бәсең, ырғақты. АҚҚ 100/60 мм. сын. бағ. Ішіне пальпация жасағанда іш перденің тітіркену синдромы жоқ.
Кеуде клеткасының рентгенограммасында оң жақ өкпенің 6-8 сегменттерінде ошақты қараю, гетерогенді инфильтрация анықталады.
Болжамалы диагноз қойып оны негіздеңіз.
Инфекцияның болуы мүмкін қоздырғышын атаңыз?
Осы науқасқа қандай диагностикалық тексерулер жүргізу керек?
Науқастың жалпы қан анализінің нәтижесіне баға беріңіз:
Жалпы қан анализі №1
Күні: 20.01.2008 жыл
Мекеме атауы: ГКБ. Бөлімі: 5 Дәрігер: Семенова
Науқас Каверин 40 жаста.
Көрсеткіштер
|
|
Бірлік СИ
|
|
Гемоглобин Ер
Әйел
|
105 г/л
|
130,0 –160,0
120,0- 140,0
|
г/л
|
Эритроциттер Ер
Әйел
|
3,4 *1012/ л
|
4,0 – 5,0
3,9 – 4,7
|
*1012/ л
|
Түсті көрсеткіш
|
|
0,85 – 1,05
|
|
Тромбоциттер
|
|
180,0 – 320,0
|
*109/ л
|
Лейкоциттер
|
9,0*109/ л
|
4,0 – 9,0
|
*109/ л
|
Таяқша ядролы нейтрофилдер.
|
9%
|
1 – 6
0,040– 0,300
|
%*109/ л
|
Сегмент ядролы нейтрофилдер.
|
60%
|
47 – 72
2,000 - 5500
|
%*109/ л
|
Эозинофилдер
|
2%
|
0,5 – 50
0,20 – 0,300
|
%*109/ л
|
Лимфоциттер
|
20%
|
19 – 371
200 – 3000
|
%*109/ л
|
Моноциттер
|
9%
|
3 – 11
0,090– 0,600
|
%*109/ л
|
ЭТЖ Ер
Әйел
|
38мм/сағ.
|
2 – 10
2 – 15
|
мм/ сағ.
| Емдеу схемасын құрыңыз.
Тағайындау қағазын рецепт түрінде толтырыңыз.
Есеп № 2
Науқас И, 18 жаста, қабылдау бөліміне құрғақ жөтел, айқын әлсіздік, дене қызуының 38,5 – 39,0 оС дейін жоғарлауына шағымданып жедел жәрдеммен түсті. Суықтанудан кейін жедел ауырған, кеудесінің оң жақ бөлігінде ауырсыну пайда болып, дем алғанда күшейген, кешке қарай температурасы көтеріліп, ентігу пайда болған. ТАЖ минутына. 28 рет., тері қабаты бозғылт, еріндеріне ұшық шыққан. Перкуссияда оң жақ өкпенің төменгі және бүйір бөліктерінде дыбыс тұйықталған, аускультацияда осы жерлерде бронхиалды тыныс естіледі, пульс минутына 100 рет, ырғақты, АҚҚ 90/60 мм. сын. бағ.бойынша.
Кеуде клеткасының рентгенограммасында оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігінің массивті инфильтрациясы анықталады.
Диагноз қойып оны негіздеңіз
Диагнозды нақтылау үшін қандай тексеру жоспарын жүргізу керек?
Берілген рентгенограмманы сипаттаңыз ( сурет 16).
3. Науқастың жалпы қан анализінің нәтижесіне баға беріңіз :
Жалпы қан анализі №5
Күні: 07.01.2007 жыл
Мекеме атауы: ГКБ. Бөлімі: 5 Дәрігер: Семенова
Науқас Ильин 18 жаста.
Көрсеткіштер
|
|
Бірлік СИ
|
|
Гемоглобин Ер
Әйел
|
120 г/л
|
130,0 –160,0
120,0- 140,0
|
г/л
|
Эритроциттер Ер
Әйел
|
3,5 *1012/ л
|
4,0 – 5,0
3,9 – 4,7
|
*1012/ л
|
Түсті көрсеткіш
|
0,88
|
0,85 – 1,05
|
|
1 Эритроцитте болатын гемоглобин орташа құрамы
|
|
30 – 35
|
пг
|
Ретикулоциттер
|
|
2 – 10
|
0/00
|
Тромбоциттер
|
280*1012/ л
|
180,0 – 320,0
|
*109/ л
|
Лейкоциттер
|
12,0*109/ л
|
4,0 – 9,0
|
*109/ л
|
Метамиелоциттер
|
|
|
%*109/ л
|
Таяқша ядролы нейтр.
|
15%
|
1 – 6
0,040– 0,300
|
%*109/ л
|
Сегмент ядролы нейтр.
|
65%
|
47 – 72
2,000 - 5500
|
%*109/ л
|
Эозинофилдар
|
1%
|
0,5 – 50
0,20 – 0,300
|
%*109/ л
|
Базофилдар
|
|
0 – 1
0 – 0,065
|
%*109/ л
|
Лимфоциттер
|
13%
|
19 – 371
200 – 3000
|
%*109/ л
|
Моноциттер
|
9%
|
3 – 11
0,090– 0,600
|
%*109/ л
|
Плазматикалық клеткалар
|
|
|
%*109/ л
|
ЭТЖ Ер
Әйел
|
41 мм/сағ.
|
2 – 10
2 – 15
|
мм/ сағ.
|
4. Осы науқасты жүргүзудің қай тактикасын таңдайсыз?
Емдеу принциптерін атаңыз?
5. Тағайындау қағазына рецепт толтырыңыз.
Есеп № 3
Науқас М., 32 жаста, ауруханаға «тотық түстес» қақырықты жөтелге, тыныс алуда кеудесінің оң жақ бүйірінің ауырсынуына, қалтырауға, дене қызуының 39 оС жоғарылауына, ентігуге шағымданып түсті. Суықтанудан кейін жедел ауырған.
Объективтік тексеруде: жағдайы ауыр, дене қызуы 38,8 С. ТАЖ минутына 40 рет, беті гиперемияланған, еріндерінде ұшық байқалады. Кеуде клеткасын қарағанда тыныс алуда оң жақ өкпе қалып отырады, дауыс дірілі оң жақ өкпенің төменгі бөліктерінде күшейген, перкуссияда оң жақ жауырын ортасы сызығы бойынша перкуторлы дыбыс тұйықталған, аускультацияда бронхиалды тыныс, оң жақ өкпенің төменгі бөліктерінде майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі және осы жерде бронхофония күшейген. Пульс минутына 96 рет, ырғақты. АҚҚ 90/60 мм. сын. бағ..
Сіздің болжамалы диагнозыңыз.
Диагноз нақтылау мақсатында қандай тексерулер жүргізу керек?
Бөліктік пневмонияның негізгі рентгенологиялық белгісі
( сурет 17).
Осы науқаста болуы мүмкін қоздырғышты атаңыз және оны
анықтау әдісі?
Науқастың негізгі емдеу принциптері?
Оқушылардың өзіндік жұмысының түрлері:
- Тақырыпқа сай ситуациялық есептерді құру.
- Аурудың графологиялық құрылымын құрыңыз.
- Фармакология курсынан «Антибиотиктер» және «Қақырық түсіретін
препараттар» тақырыптарын қайталау.
- Тест түрінде тапсырмалар құрастыру.
- Диагностика және емдеу жоспарын құру.
- Ситуациялық есептерді иллюстрациялармен бірге құрастыру
- Өзіндік жұмыс картасын толтыру.
ӨКПЕНІҢ ІРІҢДІ АУРУЛАРЫ:
АБСЦЕСС, ГАНГРЕНА, БРОНХОЭКТАЗ АУРУЫ.
Сабақтың мақсаты: теориялық білімді бекіту; оқушыларды ауру ағымының ерекшеліктерімен, тексеру әдістерімен, емдеу және алдын-алу принциптерімен таныстыру; алған мағлұматтарды талдай білу.
Оқушы білуі тиіс:
Өкпенің іріңді ауруларының анықтамасын;
Өкпенің іріңді ауруларының этиологиясын;
Өкпенің іріңді ауруларының клиникалық белгілерін;
Өкпенің іріңді ауруларының диагностикалық әдістерін;
Өкпенің іріңді ауруларының қазіргі емдеу принциптерін;
Қан қақыру және өкпеден қан кету кезінде шұғыл көмек көрсетуді;
Өкпенің іріңді ауруларының профилактикасын және болжамын.
Оқушы істей білуі тиіс:
- Пациенттің шағымын жинауды және обьективтік тексеру жүргізуді;
- Осы ауруға тән симптомдарды анықтауды;
- Болжамалы диагнозды негіздеуді;
- Қосымша тексеру әдістерінен алынған мағлуматтарға
интерпретация жасауды;
- Жургізілген тексеру нәтижесіне қарап, осы науқастың жағдайына
баға беруді;
Өкпенің іріңді ауруы бар науқастың тексеру және емдеу жоспарын құруды;
Науқастың дұрыс дренаждық жағдайын жасауды;
Қан қақыру және өкпеден қан кету кезінде шұғыл көмек көрсетуді;
Науқасты қалталық түкіргішті қолдану және оны зарарсыздандыру ережелеріне үйретуді;
Медициналық құжаттамаларды толтыруды.
Бақылау сұрақтары:
Іріңді ауруларға өкпенің қандай аурулары жатады?
Өкпе абсцесіне анықтама беріңіз?
Өкпе абсцесінің себептерін атаңыз?
Өкпе абсцесінің бірінші кезеңінің клиникалық белгілері?
Өкпе абсцесінің екінші кезеңінің клиникалық белгілері?
Өкпе абсцесінің қосымша тексеру әдістерін атаңыз?
Бронхоэктаз ауруына анықтама беріңіз?
Бронхоэктаз ауруының негізгі клиникалық белгілерін атаңыз?
Бронхоэктаз ауруының қосымша тексеру әдістерін атаңыз?
10.Өкпе абсцесі мен бронхоэктаз ауруларының негізгі емдеу
принциптерін атап шығыңыз?
Тапсырма № 1
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
Өкпенің жедел абсцесі мен гангренасын тудыратын қоздырғыш өкпе тініне енеді:
А) бронх арқылы;
Б) лимфа тамырлары арқылы;
В) қантамырлар арқылы;
Г) өкпенің жарақаттанған жері арқылы.
Төменде көрсетілген белгілердің барлығы өкпе абсцесінің ірі іріңдігінің жарылғаннан кейінгі кезеңіне тән біреуінен басқа:
А) қақырық көлемінің көбеюі;
Б) интоксикация белгілерінің азаюы;
В) зақымдану зонасында тыныстың әлсіреуі, тұйықталуы;
Г) зақымдану зонасында тимпанит, бронхиалды, амфоралық
тыныстың естілуі;
Д) дене қызуының жоғарылауы.
3. Жедел өкпе абсцесінің диагностикасы негізделеді:
А) Клиникалық белгілердің болуына ( көп көлемде сасық иісті іріңді
қақырықты жөтелдің, ... болуы );
Б) Қақырықтың лабораторлы тексеру нәтижелеріне ( көп көлемде
іріңді микрофлораның болуы );
В) Клинико-рентгенологиялық белгілеріне.
4. Жедел өкпе абсцесі бар науқасқа төмендегі тексерулердің барлығы жүргізіледі,
біреуінен басқа:
А) жалпы клиникалық тексеру әдістері;
Б) өкпе іріңдігінен алынған қақырықтың бактериологиялық тексеруі ;
В) бронхоскопия;
Г) өкпенің рентгенотомографиясы;
Д) бронхография.
5. Пневмонияның абсцеске асқынуына төмендегі факторлардың
барлығы бейімдейді біреуінен басқа:
А) ателектаздың дамуы; Б) қант диабеті;
В) атеросклероз; Г) алкоголизм.
6. Өкпе абсцесінің негізгі клиникалық белгісін көрсетіңіз:
А) шекарасы айқын дөңгелек қараю;
Б) қабырғасы жұқа, ішінде ауасы бар қуыс;
В) сұйықтықтың көлденең деңгейі (сызығы) бар қуыс;
Д) шекарасы айқын дөңгелек гомогенді емес қараю.
7. Төменде көрсетілген белгілердің барлығы, біреуінен басқасы
өкпенің жедел абсцесінің (іріңдігінің) бронхқа жарылғаннан кейінгі
кезеңіне тән:
А) рентгенограммада сұйықтықтың көлденең деңгейі (сызығы) бар
қуыс;
Б) дене қызуының >39 0С дейін жоғарылауы;
В) сасық иісті қақырықты жөтелдің бөлінуі;
Г) жалпы жағдайының жақсаруы;
Д) қан қақыру.
8. Өкпенің жедел абсцесі бар науқас емі жүргізілуі тиіс:
А) амбулаторлы;
Б) аурухананың терапия бөлімінде;
В) аурухананың пульмонология бөлімінде;
Г) торокальды хирургия бөлімінде.
9. Бронхоэктазы бар науқастардың шағымдарына жатады:
А) кеудедегі ауырсыну, қызба;
Б) әсіресе таңғы уақытта көп көлемде оңай бөлінетін қақырық;
В) қан қақыру, өкпеден қан кету;
Г) ентігу;
Д) жоғарыда айтылғандардың барлығы.
10. Бронхоэктаз ауруына тән белгілер:
А) орта көпіршікті тұрақсыз сырылдар;
Б) тәулігіне 100 мл-ден көп оңай бөлінетін қақырық;
В) перкуторлы дыбыстың қысқаруы;
Г) «барабан таяқшасы» тәрізді саусақтар мен «сағат әйнегі» тәрізді
тырнақтардың болуы;
11. Бронхоэктаз ауруының диагностикасында шешуші маңызы бар
тексеруге жатады:
А) клинико-рентгенологиялық әдіс;
Б) бронхоскопия;
В) бронхография;
Г) спирография;
12. Бронхоэктаз ауруының өршу кезеңінде науқасқа ем жүргізіледі:
А) амбулаторлы;
Б) аурухананың терапия бөлімінде;
В) аурухананың пульмонология немесе торокальды хирургия бөлімінде;
Тапсырма № 2
Төменде берілген тапсырмаларды толықтырыңыз.
Өкпенің іріңді ауруларына жатады:
А) …
Б) …
В) …
2. Өкпе абсцесінің даму кезеңдерін атаңыз:
А) …
Б) …
Науқас жауырынының төменгі бұрышынан 4 см төмендікте беткей
орналасқан жұмсақ қуыс анықталды. Осы аймақта естілетін тыныс
шуының сипатын атаңыз: …
4. Өкпе абсцесі мен гангренасының болуы мүмкін асқынуларын
атаңыз:
А) …
Б) …
В) …
5. Бронхоэктаз бұл - … (сурет 18)
6. Бронхоэктаз ауруының негізгі симптомдарын атаңыз: …
7. Бронхоэктаз ауруының негізгі диагностикалық әдісі: …
8. Өкпенің іріңді ауруларында антибиотикті енгізу жолдары: …
Тапсырма № 3
(1-9) сұрақтарға сәйкес дұрыс (А-И) жауаптарды белгілеңіз.
1. Өкпе абсцесі дегеніміз не?
2. Өкпе абсцесінің клиникасында қандай кезеңдері ажыратады?
3. Өкпе абсцесінің рентгенологиялық белгісін атаңыз?
4. «Бронхоэктаз» термині нені білдіреді?
5. Бронхоэктаз ауруы жиі қандай аурудың асқынуы болып табылады?
6. Бронхоэктаз ауруының негізгі клиникалық белгілері?
7. Бронхоэктаз ауруы диагностикасының негізгі аспаптық тексеру
әдісі қалай аталады?
8. Бронхоэктаз ауруында дәрілік препараттарды қалай енгізеді?
9. Постуральды дренаж дегеніміз не және оны қандай мақсатпен
жүргізеді?
А) Әсіресе таңертеңгілік уақытта көп көлемде бөлінетін іріңді
қақырықты жөтел, ентігу.
Объективті: кеуде клеткасы «бөшке» , саусақтары «барабан
таяқшасы», тырнақтары «сағат әйнегі» тәрізді.
Б) Бронхтардың патологиялық кеңеюі.
В) Қақырықтың оңай бөлінуі үшін аяқ жағын көтеріңкі ұстайтын
дененің арнайы жағдайы.
Г) Қабыну процесі шектелумен сипатталатын өкпенің іріңді аурулары.
Д) Сұйықтықтың горизонтальды деңгейі бар дөңгелек көлеңке.
Е) Абсцестің түзілуі және абсцестің (іріңдіктің) бронх ішіне жарылуы.
Ж)Созылмалы бронхит.
З) Бронхоскопия.
И) Бұлшықетке, көктамырға, интратрахеальды.
Достарыңызбен бөлісу: |