Бақылау сұрақтары:
Плеврит дегеніміз не?
Қазіргі уақыттағы плевриттің жіктелуі?
Қандай плеврит құрғақ деп аталады?
Қандай плеврит экссудативті деп аталады?
Плеврит дамуының этиологиялық факторларын атаңыз?
Құрғақ плевриттің клиникалық көрінісін сипаттаңыз?
Экссудативті плевриттің клиникалық көрінісін сипаттаңыз?
Плеврит диагностикасында қолданылатын қосымша тексеру әдістерін атаңыз?
9. Плевральды пункцияны қандай мақсатта жүргізеді?
10. Плевриттердің негізгі емдеу принциптерін атап шығыңыз?
Тапсырма № 1
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз.
Өкпе рагімен аурушаңдық күрт көтеріледі:
А) 30 жаста;
Б) 40 жаста;
В) 50 жаста.
2. Өкпе рагімен жиі ауырады?
А) ерлер;
Б) әйелдер;
В) ерлер мен әйелдер бірдей.
3. Өкпе рагіне бейімдейді:
А) маскүнемдік;
Б) шылым шегу;
В) нашақорлық, токсикомания;
Г) жоғарыда аталғандардың барлығы.
4. Өкпе рагі жиі мына науқастарда байқалады:
А) қант диабеті бар;
Б) асқазан мен он екі елі ішектің жара ауруы бар;
В) өкпенің созылмалы спецификалық емес ауруы бар;
Г) бронхиалды демікпесі бар.
5. Ісік ыдыраған кезде өкпе рагі бар науқастың қақырығының түсі:
А) жасыл;
Б) «тотық» түстес;
В) сары;
Г) «малина желесі» тәрізді.
6. Құрғақ плевритте қабыну процесінің нәтижесінде болады:
А) плевра қуысында сұйықтықтың жиналуы;
Б) плевра жапырақтарының қабынуы;
В) өкпе тінінің қабынуы.
7. Құрғақ плевритте төмендегі симптомдардың біреуінен басқасының
барлығы болады:
А) кеудедегі ауырсыну;
Б) құрғақ жөтел;
В) тершеңдік;
Г) субфибрильді температура;
Д) акроцианоз.
8. Құрғақ плевритте кеудедегі ауырсыну күшейетін төсектегі қалып:
А) сау жағына жатқанда;
Б) ауру жағына жатқанда;
В) шалқасынан жатқанда;
Г) ішімен жатқанда;
Д) алдына қарай еңкейгенде.
9. Құрғақ плевриттің аускультативтік белгісі:
А) крепитация;
Б) құрғақ ысқырықты сырылдар;
В) плевраның үйкеліс шуы;
Г) бронхофонияның күшеюі.
10. Бөліктік пневмониядан айыратын экссудативті плевриттің белгісі:
А) зақымдану аймағында перкуторлы дыбыстың тұйықталуы;
Б) бронхиалды тыныс;
В) зақымдану аймағында тыныс пен бронхофонияның әлсіреуі;
Г) крепитация
Д) тыныс алуда кеуденің зақымданған бөлігінің қалып отыруы.
11. Экссудативті плевриттің негізгі белгілері:
А) плевральды экссудаттың орналасқан аймағында перкуторлы өкпе
дыбысының тұйықталуы;
Б) перкуторлы дыбыстың тұйықталу зонасында аускультацияда
тыныстың әлсіреуі;
В) кеуде аралықта (средостение)орналасқан мүшелердің зақымдалған өкпеге
қарама қарсы жаққа ығысуы;
Г) жоғарыда айтылғандардың барлығы.
12. Экссудативті плевриттің себебін анықтау үшін бірінші кезекте жүргізеді:
А) экссудатты тексеруге плевральды пункция;
Б) қақырықты туберкулез микобактериясына тексеру;
В) өкпені радиоизотопты тексеру;
Г) торакоскопия өкпе биопсиясымен бірге;
Д) Манту сынамасы.
13. Диагностикалық мақсатта жүргізілетін плевральды пункцияға көрсеткіш:
А) сұйықтықтың көп көлемде жиналуы;
Б) плевра эмпиемасына күдік туғанда;
В) өкпе рагына күдік туғанда;
Г) себебі анықталмаған (белгісіз) жағдайда;
Д) жоғарыда аталғандардың барлығында.
Достарыңызбен бөлісу: |