Оқушы істей білуі тиіс:
- Пациенттің шағымын жинауды және обьективтік тексеру жүргізу;
- Осы ауруға тән симтомдарды анықтау;
- Қосымша тексеру нәтижелерін интерпретациялау;
- Болжамалы диагнозды негіздеу;
- Дифференциалды диагностиканы жүргізу;
- Тұншығу ұстамасы кезінде шұғыл көмек көрсету;
- Науқасты дұрыс тасымалдауды;
- Қалталы ингалятор, пикфлоуметр, спейсер, небулайзер
қолдануға науқасты үйрету (сурет 6);
- Ылғалды оттегі беруді білу;
- Тексерудің барлық түрінде қақырық жинауды;
- Емдік дәрі-дәрмектерді көктамырға тамшылатып
және тездетіп егуді;
- Емдік дәрі-дәрмектерге рецепт жазуды;
- Медициналық құжаттамаларды толтыруды.
Бақылау сұрақтары
1. Бронхиалды демікпе ауруы жөнінде түсінік?
2. Бронхиалды демікпе патогенезінің сатыларын атаңыз?
Бронхтарда қандай морфологиялық өзгерістер дамиды және неге?
Қалыпты бронхиола мен бронхиалды демікпе кезіндегі өзгерістерді
анықтаңыз (сурет 7).
3.Триггер дегеніміз не және оларға не жатады ( сурет 8 )?
4. Бронхиалды демікпе ұстамасының клиникалық белгілерін атаңыз?
5. Ауырлық дәрежесіне қарай бронхиалды демікпе өршуінің жіктелуі?
6. Асматикалық статус дегеніміз не және оның қандай сатыларын
білесіз?
7. Сатысына сәйкес бронхиалды демікпенің емдеу принциптері қандай?
8. Астматикалық статус кезінде ауруханаға дейінгі шұғыл көмек
көрсетудің негізгі принциптерін атаңыз?
Тапсырма № 1
Бір дұрыс жауапты таңдаңыз:
1. Бронхиалды демікпенің ең жиі кездесетін себебі:
А) интоксикация;
Б) аллергия;
В) кеуде клеткасының жарақаты;
Г) атеросклероз.
2. Бронхиалды демікпенің негізгі клиникалық көрінісі:
А) экспираторлы тұншығу ұстамасы;
Б) ұстама тәрізді ентігу;
В) ысқырықты сырыл;
Г) ұстама тәрізді жөтел;.
Д) жоғарыда аталғандардың барлығы.
3. Бронхиалды демікпенің ұстама механизмінің дамуына қатыспайтын факторлар:
А) альвеолярлы ісіну;
Б) бронхтардың кілегей қабатының ісінуі;
В) бронхоспазм;
Г) кілегей секрециясының жоғарылауы;
Д) қақырық бөлінуінің бұзылысы.
4) Бронхиалды демікпе кезіндегі науқастың мәжбүр қалпы:
А) кереуеттің аяқ жағын көтеру;
Б) төсекте етбетімен (ішімен) жату;
В) төсекте бір бүйірімен жату;
Г) жартылай отырған қалып;
Д) ортопноэ (қолын кереуетке тіреп отыру).
5) Бронхиалды демікпе ұстамасында аускультативтік тексеруде анықталады:
А) әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар;
Б) плевраның үйкеліс шуы;
В) крепитация;
Г) құрғақ ысқырықты сырылдар.
6) Бронхиалды демікпеде бөлінетін қақырық түрі:
А) көбікті;
Б) сұйық;
В) қоймалжың (жабысқақ) «шиша» тәрізді.
7. Бронхиалды демікпе ұстамасынан кейін алынған қақырық элементтерінің қай түрі
бронх тарамында аллергиялық процестің болуын білдіреді:
А) Куршман спиральдары;
Б) Шарко-Лейден кристалдары;
В) эозинофилдер;
Г) ешкайсысы емес;
Д) барлығы.
8) Бронхиалды демікпе ұстамасының бастапқы сатысында қолданылатын
препаратты атаңыз:
А) гидрокортизон;
Б) β2-адреномеметиктер;
В) эуфиллин;
Г) интал;
Д) беклометазон.
9) Бронхиалды демікпенің ұстамасында эуфиллин қалай енгізіледі?
А) бұлшықетке;
Б) көктамырға жай;
В) көктамырға тез.
10) Бронхиалды демікпенің емінде қолданылатын нәтижелі препараттарға барлығы
жатады, біреуінен басқа:
А) натрий кромогликаты;
Б) глюкокортикостероидтар;
В) β2-адреномеметиктер;
Г) бронхолитиктер;
Д) наркотикалық аналгетиктер.
11. Біреуінен басқасының барлығы бронхиалды демікпеге тән:
А) сальбутамол ингаляциасынан ұстаманың басылуы;
Б) қақырықта Шарко-Лейден кристаллдарының болуы;
В) ұзаққа созылған ұстамада ылғалды сырылдардың естілуі;
Г) аурудың кез келген жаста дамуы.
12. Асматикалық статус дегеніміз - ... ?
А) бронхиалды демікпенің өршуі бар науқасты физикальды
тексергенде анықталатын белгілер комплексі;
Б) гипоксия, гиперкапния, жедел тыныс жетіспеушілігімен жүретін, бронходилата-
торлардан басылмайтын бронхиалды демікпенің ауыр, ұзаққа созылған түрі;
В) β-адреномиметиктермен жасалған ингаляциядан басылмайтын
бронхиалды демікпенің ұстамасы;
Г) бронхиалды демікпе ұстамасының бірінен кейін бірінің қайталануы;
Д) қанның газдық құрылымының өзгеруімен жүрмейтін, емінде
глюкокортикостероидттарды қажет ететін тұншығу ұстамасының
ұзаққа созылған түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |